400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химиктер қатарына кіру,1 курс студенттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл іс шара студенттердің химия пәніне деген қызығушылықтарын арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

17.02.2021 жыл


Химия пәнінің оқытушысы Таштиева Ырысалды Жомартовна


«Химиктер қатарына қабылдау»

(1 курс студенттеріне арналған іс – шара)


https://drive.google.com/file/d/1WqgdfrO96i3n9pvcRtgiRTGZ-DWLL-vX/view?usp=sharing презентация



Мақсаты : Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтармен қарулануға ниеттерін қалыптастыру.Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау

Сайыс кезеңдері

1 кезең- Бәйге

2 кезең -Білім минуты

3 кезең-Ізден,ойлан,тап

4 кезең-Жұмбақ шешу

5 кезең-Теңдеуді теңестір

6 кезең-Менделеев өмірбаяны


Сонымен «Химиктер қатарына қабылдау» бастаймыз, барлықтарына сәттілік

1 кезең сұрақтары

1/Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі

Жауабы: атом

2/ Физикалық қасиеттері тұрақты заттар

Жауабы: таза заттар

3/ Отынның жануы қандай құбылыс

Жауабы: химиялық

4/ Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының

белгілі санын қосып алу қасиеті

Жауабы: валенттілік

5/ Қышқылдар мен сілтілер әсерінен түстерін өзгертетін заттар

Жауабы: индикаторлар


6. Тұз қышқылының тұздары

Жауабы: хлоридтер

7. Қышқылдармен де,сілтілермен де әрекеттесетін гидроксидтер

Жауабы: амфотерлі

8. Атомдардың қосылыстарындағы басқа элемент атомдарынан

өзіне қарай тартып алуы қалай аталады

Жауабы: теріс электрлік

9. Электрон жұбы арқылы байланысқан байланыс

Жауабы: ковалентті

10. Электрондарды қосып алу үрдісі

Жауабы: тотықсыздану


2 кезең сұрақтары

1.Химиялық таңбасы Жауабы: (AI)

2.Атом құрылысы Жауабы: +13; 2/8/3 )

3. Периодтық жүйедегі орны Жауабы:( ІІІ период,ІІІтоп )

4. Электрондық формуласы Жауабы: ( 1S2 2S2 2P6 3S2 3P1)

5. Табиғатта таралуы Жауабы: 8 пайыз,тек қосылыс түрінде

6.Алыну әдісі Жауабы : электролиз

7.Физикалық қасиеті Жауабы : жылтыр,күміс түсті,жылуды,электр тоғын жақсы өткізеді,созылғыш металл

8.Алюминийді бүлінуден сақтайтын қабаты: Жауабы : тотық қабыршағы

9.Алюминийдің тотығу дәрежесі Жауабы : +3

10. Алюминий оксиді,гидроксиді қандай қасиет көрсетед Жауабы : екідайлы

3 кезең сұрақтары

Темір,мырыш,қалайы,қорғасын,мыс,күміс,алтын

4 кезең сұрақтары

1/“Жеті жұрттың тілін біл, (химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады,тапқан химиялық элементтің атын қазақша ,орысша,латынша атау керек)

2/Өзім газбын менімен демаласың жоқ болсам ауа жетпей қиналасың

3/Осы затпен ескі үйді аластайды Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды

4/Ең жеңіл элемент саналады Перио

дтық жүйе осыдан бастау алады

5/ Өзі ауыр металға жатады Балалар осы металл құйған сақамен атады

6/ Машина мен трактордың жаны Қара металлургияның наны

7/Өзі жылтыр күмістей,Жұмсақтығы тағы бар,Жеңілдігін ескерсең,Пайдаланар жері табылар

5 кезең сұрақтары

2KOH + H2SO4 =K2SO4+H2O АЛМАСУ

4FE + 3O2 =2FE2O3 КОСЫЛУ

2KCIO3= 2KCL+3O2 АЙЫРЫЛУ

2FE3O4 + 2AI= AL2+3FE2O3 ОРЫНБАСУ


6 кезең сұрақтары

Д. И.Менделеев туралы студенттердің дайындаған ақпараты


 Сонымен,менің барлық сұрақтарыма мідірмей жауап бергендеріңіз үшін сіздерге химиялық элементтер кестесін беремін.Жолдарыңыз болсын!

Сіздердің химия еліне бірнеше жыл саяхат жасауға мүмкіндіктеріңіз бар.Болашақта көптеген жаңа және қызықты нәрселермен танысасыздар.

Химиктер қатарына қабылдау үшін сіздер ант(клятва химиков) берулеріңіз керек.

«Біз, 1 курс студенттері химия сабағында тәртіпті болуға ,қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі үй тапсырмасын орындап жүруге , барлық сұрақтарға жауап беруге ант етеміз!»

Өте жақсы! Сау болыңыздар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.04.2021
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі