Материалдар / Химия, биология пәндері апталығының ашылу кеші: «Жаратылыстану пәндерінің әлемінде» 5-9 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия, биология пәндері апталығының ашылу кеші: «Жаратылыстану пәндерінің әлемінде» 5-9 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаратылыстану пәндерінің әлемінде» атты химия, биология пәндері апталығының ашылу кеші жаратылыстану ғылымдарының апталығының ашылуына арналған. Бұл апталықтың мақсаты- «Биология және химия сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
16495
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аманкелді негізгі мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесі













Shape1


Биология және химия апталығының ашылу кеші

5 - 9 класс



























2017- 2018 оқу жылы


Химия, биология пәндері апталығының тақырыбы:

«Жаратылыстану пәндерінің әлемінде»


Мұғалім: Саламатсыздарма құрметті ұстаздар, білімді оқушылар! Бүгінгі жаратылыстану ғылымдарының апталығының ашылуына қош келдіңіздер! Бұл апталықтың мақсаты- «Биология және химия сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану  пәндеріне  деген  қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту».

Сабақ тақырыбы

Сыныбы Пәні

Күні

Жауапты

1

Апталықтың ашылуы:

«Жаратылыстану пәндерінің әлемінде»

5-9 класс

20.11.17

Б.С.Карасаева Г.М.Кенесова

2

«Күкірт қышқылы және оның тұздары» ашық сабақ

9 класс

Химия

21.11.17

Г.М.Кенесова

3

«Миллион кімге бұйырады?»

интеллектуалдық ойыны

5 класс Жаратылыстану

21.11.17

Г.М.Кенесова

4

«Жапырақтың құрылысы мен қызметі» ашық сабақ

7 класс

Биология

22.11.17

Г.М.Кенесова

5

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыс

6 класс

Биология

22.11.17

Б.С.Карасаева

6

«Логика қайда?» интеллектуалды –танымдық ойыны

8 - 9 класс

Химия

23.11.17

Г.М.Кенесова

7

«Биология әлемі» сыныптан тыс шара

8 класс

Биология

23.11.17

Б.С.Карасаева

8

«Ең білімді биолог» білім сайысы (Сыныптан тыс шара)

7 класс

Биология

24.11.17

Г.М.Кенесова

9

«Табиғатты қорғайық!» экологиялық сот сабағы

5- 9 класс

Биология

24.11.17

Г.М.Кенесова

10

Химия, биология пәндері бойынша жұмбақтар, викториналық сұрақтар және ребустар

5-11класс

Химия, биология

Апта бойы Қабырға газетінде кезінде

Б.С.Карасаева Г.М.Кенесова

11

«Ең үздік қабырға газеті» сайысы

5- 9 класс

Химия, биология

Апта бойы

Б.С.Карасаева

12

«Адам қабілеті мен саусақтағы папиллярлы өрнек арасындағы өзара байланыс»

ғылыми жоба қорғау

9 класс

Биология

25.11.17

Г.М.Кенесова

9 класс оқушысы Саныбай А

13

Жаратылыстану бірлестігі апталығының жабылуы

5- 9 класс

Химия, биология

25.11.17

Г.М.Кенесова Бірлестік мүшелері

Уа,халайық,халайық!
Бәріне жар салайық!
Бүгінгі апталық төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып...
Шабыттанып шалқысып.
Көңілді апталық жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай.

Бар өнерге басайық-дей отырып, келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр-сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарына берсек (ортаға биология, химия, пәндері шығады).

Биология пәні:
Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ,

Досың жер,су, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Жер ешкімге жазбайды деп арызды,

Барын сарқып сала беру парыз ба?

Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер.

Не берсе де беретіні қарызға.

Химия пәні:
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде,әр тілде

Химияныоқыңдар әр бөлімін.

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз-химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден,әр өңірден.

Жүрмейсің мұны білсең қате басып,

Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.

Бар элемент таңбасы осында тұр,

Сап құрап массаға сай қатарласып.

Кестеден түрлі- түстер көрінеді,

Бәрі де деңгейге сай өріледі,

Заң ортақ, период ортақ, топта ұқсас,

Заңдылық зарядтармен бөлінед


Мұғалім: Пәндерді бәрімізде білеміз, бұл пәндердің тіршілік пен тұрмыспен тікелей байланысты екені де белгілі. Апталығымызды мектебіміздің биші 7 класс аруларының "Химия" биімен ашсақ.

Мұғалім:
Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым

Қызыққа толы сұрақты
Алдарына тастаймыз,
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Химия және биология құрметтеуге лайық- деп кезекті мектеп 5-9 оқушыларны кезек береміз.

Мұғалім: "Элементтер айтысы"

Автор: Химик тәтті ұйқыға батады. Ол түсінде элементтердің жиналып, айтысып жатқанын көреді. Ол былай басталады:

Бір куні бар элемент жиналды
Кім біліпті,қайсысы сыйланбады,сыйланды?
Кімнің бірінші маңызды екеніне,
Жабылып жауап таппай қиналды.
Алғашқы боп сөз алған
сутегі:

Сутегі 1 (Сабина)
Таблицада бірінші тұрған кім?
Тегін тұрмағанымды біл
Отын да болам,ауа шары да,
Ұшқын келсе мін,
Тек ғалымға ғана бағынамын
Әйтпесе қара да тұр
Бомба болып жарыламын,

Оттегі 2 (Жанбота)
"Жақындасам жанып,
Су боларың анық"
"Шаманды білмейсің неғып?!
Мен болмасам тұншығып,
Қараң болар тіршілік
мен бар жерде мәз емес пе бәрі де,
Отыны жанып,күлі шығып"

Көміртек 3 (Фариза)
ха ха ха "Газдарсың-ау жеңілтек,
Мен алмаз,бриллиант емеспін бе?
Ұялмай маған теңестің бе?
Үйді жылытқанды қойғанда,
Болатты да балқытатынымды
Бекер демексің бе?"

Темір 4 (Абзал)
"Не деп тұрсын көпіріп,
Бірінші екенің өтірік,
Темірсіз техника болмайды,
Ол отанды да қорғайды,
Онсыз космос бағынбайды,
Айға да ешкім қонбайды!

Мыс 5 (Назылы)
"Әй телпегім темірім,
Жоқ-ау сенің негізін!"
Мен болмасам тоқ та келмес,
Моторына жан еңбес.
Телевизор,телефон үндемес.
Сен"қара",мен "түстімін",
Демек мен күштімін!

Алтын 6 (Аружан)
"Қойыңдар тартыс-таласты",
"Екеуі " де топырақ пен суда,
Үгітіліп ұнтақ болып қаласың.
Мысым сен әлі баласың,
Теміржан сен "қарасың".
Миллион жыл жатсам да су астында,
Өзгермеймін,өмірі таттанбаймын.
Ретсіз,сірә мақтанбаймын,
Банктегі ақша менімен өлшенеді,
Алтыны көп ел көркейеді,
Жер жүзіндегі банктерде жатырмын,
Алтынмын мен, сондықтан да батылмын!"

Уран 7 (Толғанай)
"Құмырсқа құрлы шамалары" жоқ.
бос сөз айтып бөсесіңдер,
Ретсіз көкисіңдер,
Ашуға мінсем шыңдап,
Қыр-р-р-амын мыңдап,

Қорғасын 8 (Нұрболат)

Қойдың сүтін мадақтап,
Теңейді халық біздерге,
Оқ жасайтын қасиетім,
Таныс бүгін сіздерге.
Сырым көп әлі ашпаған,
Жол табыңыз іздеуге

Алюминий 9 ( )
Құйма мен қазба байлықпын,
Тоқ жүретін бір ағыс.
Ыдыс-аяқ жағына,
Қосып жүрмін ұлан іс

Бром 10 (Ақбота)

Сасықтығы бромдай
Істері жүр бір оңбай.
Деген өлең жолы бар,
Айта берсең өкпе көп,
Кино,сурет аулында
Араласамын жарқылдап.
Органикалық синтезде
Жүремін ылғи салқындап.

Калий 11(Ақеркем)

Бірінші рет үлкен периодтан,

Кіші периодқа ауысушы

Бір электронды беріп,

Соңғы қабатты тасушы

Калий деген атым бар

Атыма сай затым бар

Жасанды каучук өршіткісі,

Мына менмін қараңдар!

Тыңайтқыш та, сабын да,

Боламын мен жараңдар!

Сынап 12 (Айым)

Сынаптай жылтыр екенсің,

Деген сөзге наныңыз,

Қажетімді санасаң,

Жетпей қалар саныңыз.

Фотограф, медиктер,

Электриктер достарым.

Улылығым тағы бар,

Қасиетімнің қос бәрін.

Платина 13 (Данияр)

Сүйрік тілді элемент көп

Сүйінетін кіл отына

Жеңіл ойлық мен емес, тек

Жеңілмейді платина.

Күміс 14 (Ақниет)

Мақтанасың сен ғана жер бетінде,

Ғажайып бор металдай келбетінде,

Түсің, түрің, қадірің, қасиетің

Келер ме екен менімен теңдесуге?!

Сабырлысың күмістей

Салмақты деп мақтайды

Мен тұрғанда аппақ боп.

Қарап саған жатпайды

Жарыста, топта озғанда,

Тағады мені төсіне

Алтыннан басқа алдыма

Түсетінің жоқ шығар

Мақтанбайын несіне

Кальций 15 (Ақбөбек)

Кальций деген күміс түсті металмын

Өмір бойы керегіңе жете алдым

Менмін-ақ бор, әктас, мәрмәр ғанамын

Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында жердің мен де кездесем.

Артық болмас "жер металы мен десем"

Ғарыштағы ракетада ұшақтан

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Жануардың бақалшағы, қаңқасы

Жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрылыстың сәулеті, негізі

Қаланады менен ғана ойланшы

Химик 16 (Ильхан)
"Сен бе алтын мақтанған,
Өзгермеймін-деп шаттанған".
Немене сонша кергисің,
"Патша арағына" ерисің.
Ал,элементтерім!
бос таласты қойыңдар,
Қысқасы бәріннің де өз орның бар.
Дүние түгел сендерден құралады,
Білімді ғана мұны ұға алады!(Бәрі қолдарын ұстап иіліледі)

Мұғалім:

Күміс көмей, жез таңдай,
Ән салса бейне бұлбұлдай.
Бұлбұлдай ән шырқаса,
Қалмайды ешкім таңданбай.
Қазір сіздердің назарларыңызға "BEST WAY TO LEARN THE ELEMENTS! - Periodic Table Song " әнін ұсынамыз.

Мұғалім: Бұл басы ғана достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар-жарыстар, сурет, сайыстар.... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!