жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Химия-біздің айналамызда" Химиядан сабақтан тыс жұмыс
Бұланды орта мектебі
8-11сынып оқушыларына арналған
сабақтан тыс жұмыс
Дайындаған: Адий Аманжол
САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫС
«ХИМИЯ- БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА»
Ғажайып нәрсе химия
Тұнғиық сыры әр алуан
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңалып бірі жаралған- деп Ғали Орманов ағамыз жырлаған екен.
Қызық думан өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап – дей келе «Химия- біздің айналамызда» атты сайысымызды бастайық. Бұл сайыста химияның басқа пәндермен байланысын көрсететін сұрақтарға жауап бересіңдер. Сайысымыз негізгі 8 бөлімнен тұрады. Егер бір бөлімнің 6 сұрағына жауап берсеңдер, онда сол номинацияны жеңіп аласыңдар. Сонымен сайысымызды бастайық.
І бөлім. Химия мен математика.
Металдар қайда орналасқан?
Химиялық таңбаның астына қойылған сан не деп аталады?
С2Н6 жану реакциясын теңестіріп, жауабын коэффиценттердің қосындысымен айтыңдар.
2С2Н6 + 7О2 = 4СО2 + 6Н2О (19)
54 г алюминий жанғанда түзілетін алюминий оксидінің зат мөлшері қанша? (1моль)
Күкірт (ІҮ) оксидінің құрамындағы күкірттің массалық үлесі?
W(S) = 50%
Күрделі зат құрамындағы барлық элементтердің тотығу дәрежелерінің қосындысы нешеге тең?
ІІ бөлім. Химия мен тілдер.
1. Тас деген мағынаны білдіретін элемент? (Литий)
2. Бір элемент инертті газдар текті,
Өзінше жеке топтан орын тепті.
Басқалары пысық па? Соны ғана,
Неліктен еріншек деп атап кетті. ( Аргон – грекше – жалқау)
3. Кейде тас тілген болаттан да,
Кейде жұмсақ қолға алсаң, қалады таңба
Бар ма элемент осындай табиғатта,
Аташы тағы ойланып ұзақ таңға. (Көміртегінің аллотропиясы
алмаз бен графит)
4. Немісше қасқыр ауызының көбігі деген мағынаны білдіретін
элемент? (вольфрам)
5. Алғаш болды белгілі
Күнде қандай элемент
Одан кейін біз оны,
Жерден зерттеп тауыпек. (Гелий)
Айтуға өзім қаймығам
Атым нашар қойылған
Сұйықпын иісім жағымсыз,
Сондықтан ғалымдар маған
“Сасық” деп ерекше ат берген. (грекше – бром)
ІІІ бөлім. Химия және физика.
1. Жылтыр, күмістей ақ түсті, 1539оС градуста балқитын металл? (темір)
2. Электр тоғын күмістен кейін жақсы өткізетін металл? (мыс)
3. Атом ядро құрамында 13 электрон болатын қандай элемент? (алюминий)
4. Меккедегі қара тас неден тұрады? Оның ауада тіреусіз қалқып тұруы неден? (темір, магниттік)
5. Нейтрон санын қалай есептейді? ( N=Аr – Z)
Оң және теріс зарядты ион мен электрод қалай аталады?
ІҮ бөлім Химия және география.
Жер қыртысында ең көп таралған металл. (алюминий)
Қазақстанда мыс қайда өндіріледі? (Балқаш және Жезқазған тау – металлургия комбинатында)
Темір рудасына бай облыс? (Қостанай)
Рубин, сапфир сияқты бағалы тастардың негізгі құрамдас бөлігі? (АІ2О3)
Не себептен темір “аспан тасы” деп аталған?
Сұрғылт түсті кәдімгі металмын
Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын
Мені егер іздесеңдер,
Кендерім Мұғалжарда, тауда жатамын. (хром)
Ү бөлім Химия және биология.
Адам ағзасында ақуыздар неге ыдырайды? (аминқышқыл)
Темір ионы қандай ақуыздын құрамында болады? (гемоглобин)
Өсімдіктерге ең қажетті элементтер? ( калий, фосфор, азот)
ДНҚ құрамында болатын бейорганикалық қышқыл? (фосфор қышқылы)
Адам асқазанында болатын қышқыл? (тұз қышқылы)
Өттің ортасы (рН) қандай? (сілтілік)
ҮІ бөлім Химия және әдебиет
Жыл сайын химиядан шығарма жазу дәстүрге айналған. Оқушылардың үздік шығармашылық жұмыстары оқылады. Осы жылғы ең үздік бірнеше жұмыстардың үлгілері төменде келтірілді:
Бір күні Ломоносов
Натрий мен Оттегіні қосып,
Реакция жүргізді бөсіп.
Шыға келді Nа2О2
Қуанған ел өзін - өзі көп сүйді.
Сол кезде біреу есік қағады.
Қараса Сутегі
Білді, келген жоқ ол тегі.
Шақыр деді оған. Фтор, Неон, Аргонды.
Ұмытпа, ерте келсін Криптон, Ксенон, Радонды.
Бес минуттан соң тағы біреу есік қағады.
Бұл кім? деп жалт етіп ол қарады.
Біз дейді Алюминий, Кремний, ОН (о – аш)
Есігіңді тез аш.
Ана жақта Цезий, Барий, Лантан
Соғып жатыр Гафний мен Танталды
Деп айғайлап олар бәріне жар салды.
Шақыртты олар сол кезде, Скандий, Ванадий, Висмутты.
Келмеді олар. Ломоносов бірақ, көп күтті.
Сол жиында Ксенон Теллурды
Асау жамбасқа алып ұрды.
Сол жерде болды үлкен жанжал
Айыра алмай әлек болды, Тантал
Оларды айырам деп Литий, Бериллий, Магний, Бор
Дауыстары қарлығып болды қор.
Бір кезде Кадмий, Франций, Барийге
Деді Сурьма «Бар үйге»
Ұшып тұрды Цирконий, Ниобий, Молибден.
Айтады: Әй, Сурьма!
Сен олай біздің миымызды қуырма!
Сол мезетте қылышын Алтынмен аптап,
Күміспен қаптап
Радий мен Актинийді ертіп
Шыға келді Астат.
Айтады, Рутений, Родий, Палладий
Мен кетейін, өздерің бәрін улади.
Көнбеді, оларға Калий, Азот, Углерод.
Жырғап тұрған жоқ, Кальций, Кадмий, Кислород.
Ортаға шығып ойқастады Алтын, Сынап, Серебро
Қане, қайсында бар артық ребро.
Қарсы шықты Кобальт, Никель, марганец
Олар бір жеке топ - «Горец».
Айтады Индий , Қалайы, Селен
Байырғы достарым сен ең!
Сендер қарсы шығардай
Мен сендерге не істеп ем!
Ломоносов көп ойланды, толғанды
Менделеевті шақыртуды қолға алды.
Жіберді ол Метан, этан, пропанды
Оларға қосып бутан гексан, гептанды.
Солтүстікке жіберді Октан, нонан, деканды.
Барлығы біріккенде «Алкандар» деген ат алды.
Менделеев келе асыға,
Ойлаған ойын жасыра,
Келе салып «периодтық жүйені» құрды.
Элементтердің бәрін бір – бір торкөзге атып ұрды.
Содан бері сутегі өзі жалғыз бір бұрышта
Ойлаңызшы, бұл дұрыс па? Мекеш Шынарбек.
Баяғы өткен заманда,
Химия деген шал бопты,
Осы шалдың өзінде
Жүздей баласы бар бопты.
Химия тіпті білмепті,
Баласының дәл санын
Санап оны жүрмепті
Қинамай – ақ өз жанын.
Сол көп бала ішінде
Жиырма шақты қыз екен.
Сенетін өз күшіне
Қалғандары ұл екен.
Сутегі мен оттегі
Құрбы екен екеуі
Бастары бірге қосылса
Айнала су боп кетеді.
Ашуланса, бұрқырап
Бу боп ұшып кетеді.
Платина, күміс, алтындар
Ұлдар екен тәкаппар
Ешкіммен де сөйлеспей
Жеке жүріп жарқылдар.
Литий деген бар бір ұл
Қасында калий, натрий тұр.
Әлжуаз – ақ бұлар бір
Дірілдеп, қалшылдап әзер жүр.
Сутегі ең үлкені балалардың
Бәріне жақсы әпке бола алады.
Литий, Калий, Барий, Кальций,
Натрий, Магний, Алюминий,
Марганец, Мырыш, Хром, Темір,
Никель, Қалайы, Қорғасын
Бәрі жақсы іні бұл.
Сутегі жұмыс істесе
Көмектесуге дайын тұр.
Мыс пен сынап, платина,
Күміс пенен алтындар
Өзін ғана бек ойлар.
Сутегі қанша жалынса
Көмектесуді ойламас.
Бірақ оның барлығын
Жаман деуге болмайды.
Бар баланың әрбірі
Адам қамын ойлайды. Мекеш Әбу-Асқар.
Ертеде бір Менделеев деген патша өмір сүріпті. Оның қарамағында көп элементтер болады. Патшаның қызы Сутегі Оттегіге ғашық болады екен. Оттегі кедей баласы болғандықтан, оның некесіне қарсы болады. Бір күні Менделеев бүкіл элементтердің алдына шығып, былай дейді:
- Құрметті элементтер! Барлықтарын бір ауылға жиналдыңдар. Бізге енді жетіспейтіні – асыл металдар. Кімде – кім менің алдыма осы металдарды тауып, алып келсе, сол менің қызыма үйленеді.
Барлық элементтер асыл металды іздеуге аттанады. Бір ай өтеді, екі ай өтеді, үш ай өткеннен кейін, Фтор дейтін бейметалл патшаға келіп:
- Тақсыр, мен бұл металдарды құдіретті сақ жерінен әкелдім. Олар: алтын, күміс және платина деп аталады. Сонда патша Фторға:
- Жарайсың, жігітім, айтқан өсиетімді орындадың. Енді сөз кезегін Сутегіге берейік. Сутегі:
- Әке, бұл элемент сөзіңізді орындады, бірақ менің айтар сөзім, тағы бірер сын өткізелік. Сынақ үш күн өтіледі. Оған өз қалауы бойынша әр элемент қатыса алады.
Сөйтіп, сынақ басталады. Қатысқан элементтердің барлығы өздерін барынша көрсетеді. Сайыстың ең соңғы күнінде үш ең батыл, ең күшті Оттегі, Азот және Фтор жеңіп шығады. Азот пен Сутегі қосылса, өте өткір иісті газ түзіледі. Фтор өте улы болғандықтан, Сутегі оны ұнатпайды. Ал өз ғашығы Оттегімен қосылса, суға айналып кетеді. Ары ойланып, бері ойланып, Сутегі әкесінің қарсылығына қарамастан Оттегімен қосылады.Дәл сол мезетте Менделеев оларды қамап, электр арқылы айыруға бел байлайды. Бірақ, Сутегі мен Оттегі бұны сезіп, қашып кетеді.
«Болсаң, судай мөлдір, таза бол» деген сөз осы екі ғашықтың мөлдір әрі таза махаббатынан қалса керек.
Утельбаева Айсұлу.
Барлық металдар жиылып
Сыр айтысып, сырласты.
Бізден сорлы жан жоқ деп
Барий жерден шығады.
Келісемін мен де деп,
Гелий күннен түседі.
Биосферада болсақ та
Бір жүйе құрайық!
Бөлек – бөлек жүргенше
Бір кестеде тұрайық!
Гелий осыны айтып
Өрмелеп кетті жоғары
Үлкен кіші баяғы
Қалмай тайлы – таяғы
Кетті фтор, хлор да
Қалыспай артынан жорғалап.
Қалды ренжіп астында
Барий, кадмий, радий де,
Бірге тағы олармен
Алтын, сынап, күміс те.
Келді сонда Менделеев
Бұл жүйені құрам деп.
Сонда барлығы қуанды
Пәтер бізде болады деп. Рысбек Өміргүл.
ҮІІ бөлім Химия және тарих.
Қай металл кен орындары болған аралдың атымен аталған?
Металдар патшасы?
Металдармен аталған тарихи дәуірлер?
1854 ж 1кг алюминий құны 1200 сом, яғни күмістен 270 есе қымбат, ал 1899 жылы 1 сом болған екен. Мұны немен түсіндіруге болады?
Көптеген ғалымдар зардап шеккен, 100 жылдан кейін ғана бос күйінде алу әдісін тапқан элемент аты және ашқан ғалым?
Атақты грек қолбасшысы А. Македонский орта Азияны жаулап алып, Үндістанға беттеді. Бірақ оның әскерлері жолда іш сүзегі ауруына ұшырап, кері қайтады. Бұл аурумен қолбасшыларға қарағанда әскерлер көп ауырды. Тіпті әскери басшылар бұл аурумен ауырмады. Бұл құпия құбылыстың сыры 2250 жылдан кейін ғана белгілі болды. Осының құпиясы неде?
ҮІІІ бөлім Химия және сурет.
Оқушылардың салған химияға байланысты суреттерден көрме ұйымдастырылып бағаланды.
Әділ – қазылар ұпайларыңды есептегенше көрермендер арасында ойын жүргізейік! Бұл ойын “Тізбектен шығып қалма” деп аталады. Оқушылар тізіліп отырады да, бірінші оқушы химияға байланысты сөз айтады. Ол сөздің аяқталған әріппен келесі ойыншы сөз айтып жалғастырады. Мысалы: Индикатор – радон – неон- нитрогениум – Менделеев – висмут...т.б. Өз кезегінде сөз айта алмай қалған оқушы тізбектен шығып отырады.
(Жеңімпаздар анықталып марапатталады.)
Осымен біздің сайысымызда аяқталды. Ақын Шәміл Мұхамеджанов жас кезінде химияны оқуға мән бермей кейін өкінгенін былай жырлайды:
“Химия қиын,
Ашиды миың”
Деуші едік оқып жүргенде,
Жар бермей, мойын құрыстап,
Мұндайын оның білгенде
Оқитын едік дұрыстап,- деп келіп,
Мен білсем, іні бауырым,
Химия сенің қолайың,
Жақсылап оқып жүріңдер
Келтіріп бірде орайын, - деген екен. Ендеше, менде сендерге осыны айтқым келеді.
Сау – саламат болыңдар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген