400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері» қолданбалы курс бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері» қолданбалы курс бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері» қолданбалы курс бағдарламасы

Түсінік    хат

«Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері»  қолданбалы курс бағдарламасы оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін есеп арқылы кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде қолданумен бірге, химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың есеп шығаруы арқылы, олардың қызығушылығы артады, шабыттанады пәнге деген, білімді болуға деген

шабыты артады. Қазіргі таңда оқушының білімділігі мен тәрбиелілігі- оның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айнасы. Бұл курс бағдарламасы арқылы оқушылар химиялық теңдеулер, химиялық формулалар, газдардың көлемі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарға байланысты есептерді шығаруда дұрыс пайдалануға дағдыланады. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін тұстарын анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.

Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой-өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептер шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдалана отырып «Химия» пәніннің типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып әзірленген. Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа құрылған. 

  













Курстың мақсаты мен міндеттері:



Курстың мақсаты: Оқушылар мектептік программада қаралған және олимпиадалық тапсырмаларды шешуге үйрету.

Курстың міндеті:

  1. есептердің негізгі типін шешуге әртүрлі әдіс және тәсілдерді пайдалану, сандық шешу есептер, алгоритмдерді қолдану.

  2. Кейбір жаттығуларды шешу қосымша әдебиеттерді қажет етеді және терең теориялық материалдар қажет.

  3. Оқушылардың жаңа материалды игеруін тексеру және оны практикада қолдану.

  4. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.



Оқушылар анықтауға тиісті:

- заттардың химиялық формуласын;

- қосылыстардың, заттар қоспасын және құймалардың құрамын;

- химиялық реакциялардың типі;

Оқушылар есептеуге тиісті:

- химиялық формула бойынша;

- эквиваленттік қатынас заңының негізінде;

- реакциялардың жылу эффектілерін;

- еріген заттың концептрациясы;

- ерігіштік ұғымы;

- тепе-теңдік константасын, реакция өнімінің шығымын, өнімнің

шығуына реагенттердің концентрациясы және қысымның әсері.









Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

Оқу-әдістемелік жоспары



  1. Атомдағы электрондардың қозғалысы. (1 сағ)

Электрондардың қозғалысы, энергетикалық деңгейлер, қосылыстардың формулаларын құрастыру, атом модельдерін жасай алу.

  1. Химиялық теңдеулер бойынша есептеу (4 сағат)

Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы, оларды ажырату,химиялық теңдеулер түрінде жазу,оларды теңестіру. Бейорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Бейорганикалық және органикалық заттар өзгерістерін жүзеге асыру. Айналулар арқылы заттар алу. Химиялық қосылыстарды ажырату. Тотығу-тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу.

  1. Металдар белсенділігін салыстыру (2 сағат)

Металдардың оттекпен және сумен әрекетесу теңдеулері, металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі, металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары.


  1. Зат мөлшері. Моль.Авогадро саны бойынша есептеу. (4 сағат)

Зат мөлшері, газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер.

  1. Газдардың молярлық көлемі бойынша есептер (1 сағат)

Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер.

  1. Сутек, оттек, озон (3сағат)

Сутектің қасиеттері, болашақтың отыны жайлы түсінік беру. Аллотропия. Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттеу. Оттекті алу және оның қасиеттерін зерттеу.

  1. Құрамында қоспасы барзаттарға арналған есептер (5сағ).

Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер.



  1. Ерітінділер бойынша есептеулер. (4сағ).

Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға арналған есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған есептер. Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Ерігіштік көбейтіндісіне есептер шығару.


9. Химиялық формулаларды табу(1 сағ).


10. Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы (4 сағ).

Тотығу-тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу.Электрон баланс бойынша теңестіру.





























«Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері» курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары





Сағат саны

Тақырыбы



Мақсаты



Мерзімі




1

1

Атом құрылысы, атомда электрондардың таралуы, энергетикалық деңгейлерге есептеулер

Атом құрылысы, атомда электрондардың таралуы, энергетикалық деңгейлерге есептеулер жаза білу

3-8.09

2

1

Қосылыстардың формулаларын құрастыру

Қосылыстардың формулаларын құрастыру, есептер шығара білу

10-15.09

3

1

Қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін анықтау

Қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін анықтап түсіну

17-22.09

4

1

Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру

Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, оларды теңестіре білу

24-29.09

5

1

Химиялық рекакция теңдеулері бойынша есептеулер

Зат массасының сақталу заңы бойынша химиялық рекакция теңдеулері бойынша есептеулер

1-6.10

6

1

Металдардың әртүрлі заттармен әрекеттесу реакцияларын құрастыру

Металдардың әртүрлі заттармен әрекеттесу реакцияларын құрастыру

8-13.10

7

1

Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

15-20.10

8

1

Зат мөлшері, моль Авогадро заңы

Зат мөлшері, моль Авогадро заңын түсіну

22-27.10

9

1

Зат мөлшері, моль Авогадро заңы

Зат мөлшері, моль Авогадро заңына есептер шығару


10

1

Мольдік масса, мольдік көлем.

Мольдік масса, мольдік көлем ұғымдарын түсіну


11

1

Мольдік масса, мольдік көлем.

Мольдік масса, мольдік көлемге есептер шығару


12

1

Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары

Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастарын ұығынып ,септер шығара білу


13

1

Сутектің қасиеттері

Сутектің қасиеттеріне реакция теңдеулерін жазу.


14

1

Сутек – болашақтың отыны.

Сутек – болашақтың отыны.


15

1

Сутек пен оттекті алу

Сутек пен оттекті алу зертханалық тәжірибе арқылы реакция теңдеулерін жазу


16

1

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару


17

1

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару


18

1

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару

Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару


19

1

Химиялық байланыстың түрлері

Химиялық байланыстың түрлеріне схемаларын жазу


20

1

Кристалдық тор түрлері

Кристалдық тор түрлерін түсіну


21

1

Ерітінділерге байланысты есептеулер

Ерітінділерге байланысты есептеулер


22

1

Ерітінділерге байланысты есептеулер

Ерітінділерге байланысты есептер шығару


23

1

Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу

Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу


24

1

Ерігіштікке байланысты есептеулер

Ерігіштікке байланысты есептеулер


25

1

Химиялық формулаларды табу

Химиялық формулаларды табу


26

1

Тестпен жұмыс

Тестпен жұмыс


27

1

Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары

Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары, реакция теңдеулерін жазу


28

1

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың химиялық қасиеттері, реакция теңдеулері.


29

1

Негіздердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы

Негіздердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы


30

1

Тұздардың жіктелуі, алынуы,олардың химиялық қасиеттері

Тұздардың жіктелуі, алынуы,олардың химиялық қасиеттері


31

1

Тотығу дәрежелері.Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тотығу дәрежелерін анықтау.Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру


32

1

Тотығу дәрежелері.Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тотығу дәрежелері.Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру


33

1

Судың кермектілігі, оның ластану себептері

Судың кермектілігі, оның ластану себептерін анықтау


34

1

Судың кермектігін анықтау.

Судың кермектігін анықтау.



 


























Қосымша пайдаланылған әдебиеттер мен көмекші құралдар:

  1. «Химия есептер мен жаттығулар жинағы»Темірболатова

  2. «Химия анықтамалығы» журналы №5, 2013. №3, 2014.

2.     Аханбаев К . Химия.- Алматы. «Ана тілі» , 1993

3     «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008.

4.     Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 1990

5.     «Денсаулық журналы»№4,2005;  №11, 2006; №5, 2007.










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
18.05.2019
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі