Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Химия, физика, биология пәндерінде зертханалық жұмыстардың тексерілуі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Химия, физика, биология, география пәні бойынша оқушылардың тәжірибелік және практикалық дәптерлерін тексерудің қорытындысы және kundelik.kz ке практикалық жұмыстардың бағаларының уақытылы қойылуы туралы тексерілді.
Тексеру мақсаты:
Зертханалық және практикалық дәптерлерінің талапқа сай жүргізілуі. kundelik.kz ке практикалық жұмыстардың бағаларының уақытылы қойылуы туралы зерделеу.
2023 жылдың 06-10 ақпан аралығында химия пәні бойынша 7-11 сыныптарда дәптер тексеру жайы зерттелді. Тексеру мектеп әдіскері мен ӘБ жетекшілері тарпынан жүзеге асырылды. Оқушылардың жұмыс дәптерлерін тексеру барысында жинақталған ақпараттар және оларды талдау нәтижелері бойынша қорытынды пікірлер төмендегідей:
Химия пәнінің мұғалімдері (Тленчиева М.М; Орымбай С; Жаманбалинова К)
7-11 сыныптарында химия пәні бойынша зертханалық пен практикалық жұмыстары бағдарламалық материалға сәйкес жүргізілген. 7-11 сыныптарда зертханалық жұмысында жіберілген қателердің асты сызылып, қатені оқушының өзі жөндеуге мүмкіндік берілген. Оқушылардың көпшілігі берілген жұмысты тиянақты орындайды, алайда кейбір оқушылардың жазулары нашар, түсініксіз. тапсырмаларды толық орындамай өткізетіндігі анықталды. Кейбір оқушылар дәптерді нашар ұстайды. Қателерін бояп тастайды. Дәптері жоқ оқушыларда анықталды, жұмысты қос параққа орындаған оқушылар да бар. Оқушылардың жазуы нашар, дәптерді ұқыпсыз ұстайды.
Дәптерлер тұрақты түрде тексерілген, қатемен жұмыс жөнінде оқушылармен айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Мұғалім тексерген кезде бағаны бір жолдан асырмай дәптердің сол жағына қойып, қателер бойынша тиісті жұмыстар сабақ сайын жүргізілген. Жасаған жұмыстарына кері байланыс беріп отырған.
Жаманбалинова Кусункан Сыдыковна
Сыныптары: 9В, 10А, 10Ә, 11А
9В сыныпта жоспар бойынша 17 зертхана, 6 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 13 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 10 зертханалық жұмыс және 6 практикалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Бұл жұмыстардың барлығы бір дәптерде орындалған, 24 оқушының дәптері бар.
Дәптердің сыртында қызыл түсті қаламмен код қойылған. Орындалған жұмыстарға баға қойылған.
10А сыныпта жоспар бойынша 6 зертхана, 1практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 4 зертханалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 3 зертханалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық жұмыстар жоқ. Бұл жұмыстардың барлығы бір дәптерде орындалған, 19 оқушының дәптері бар.
Дәптердің сыртында қызыл түсті қаламмен код қойылған. Орындалған жұмыстарға баға қойылған.
10Ә сыныпта жоспар бойынша 6 зертхана, 1 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 4 зертханалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 3 зертханалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық жұмыстар жоқ. Бұл жұмыстардың барлығы бір дәптерде орындалған. Дәптердің сыртында қызыл түсті қаламмен код қойылған. Орындалған жұмыстарға баға қойылған.
11А сыныпта жоспар бойынша 6 зертхана, 2 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 6 зертханалық жұмыс, 2 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 4 зертханалық жұмыс және 2 практикалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Бұл жұмыстардың барлығы бір дәптерде орындалған, 16 оқушының дәптері бар.
Дәптердің сыртында қызыл түсті қаламмен код қойылған. Орындалған жұмыстарға баға қойылған.
Тленчиева Мадина Муратовна
Сыныптары: 7А,Ә,Б,В,Г, 8А,Ә, Б,В, 9А,Ә,Б, 10Б, 11Ә.
Kundelik.kz тен практикалық жұмыстардың бағалары сол күні толық қойылуы зерделенді: Тленчиева М. барлық сыныптарында толық баға практикалық жұмыс алған күні қойылған. Бірақ та КТП тақырыптарын кіріктіріп жазған кезде артық нөмірлер нөмірленген.
7 сыныптарда жоспар бойынша 11 зертхана, 4 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 10 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 10 зертханалық жұмыс және 3 практикалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Пән мұғалімінің курсқа кетуіне байланысты кейбір жұмыстар орындалмаған. Аталған сыныпта бастапқы 3 зертханалық жұмыстар дәптерге дайын кесте тапсырмалары жабыстырылған, себебі балалар зертханалық жұмысты жазып дағдыланбаған, уақытты үнемдеу мақсатында жасалған. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған. Практикалық жұмыстарға баға қойылған. Аталған жұмыста бөлек дәптерде орындалған.
8 сыныптарда жоспар бойынша 10 зертхана, 7 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 5 зертханалық жұмыс, 5 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 3 зертханалық жұмыс және 3 практикалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Пән мұғалімінің курсқа кетуіне байланысты кейбір жұмыстар орындалмаған. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған. Практикалық жұмыстарға баға қойылған. Аталған жұмыста бөлек дәптерде орындалған. Кейбір дәптерлердегі жұмыстар лас орындалған, балалар штрих қолданған.
9 сыныптарда жоспар бойынша 17 зертхана, 6 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 10 зертханалық жұмыс, 5 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 3 зертханалық жұмыс және практикалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Пән мұғалімінің курсқа кетуіне байланысты кейбір жұмыстар орындалмаған. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған. Практикалық жұмыстарға баға қойылған. Аталған жұмыстар бөлек дәптердер орындалған.
10 сыныпта жоспар бойынша 11 зертхана, 3 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 7 зертханалық жұмыс, 1 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 6 зертханалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Пән мұғалімінің курсқа кетуіне байланысты кейбір жұмыстар орындалмаған. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған. Кейбір жұмыстар қос парақта орындалған. Практикалық жұмыстарға баға қойылған. Аталған жұмыста бөлек дәптерде орындалған.
11 сыныпта жоспар бойынша 6 зертхана, 1 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 4 зертханалық жұмыс, 1 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 2 зертханалық жұмыс және 1 практикалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Пән мұғалімінің курсқа кетуіне байланысты кейбір жұмыстар орындалмаған. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған. Кейбір жұмыстар қос парақта орындалған. Практикалық жұмыстарға баға қойылған. Аталған жұмыста бөлек дәптерде орындалған.
Орымбай Сымбат
Сыныптары: 7Е,Г, 8Г,Д,Е, 9Г,Д, 10Г,В, 11Г,В
Kundelik.kz тен практикалық жұмыстардың бағалары сол күні толық қойылуы зерделенді: Орымбай С. барлық сыныптарында практикалық жұмыс алған күні жартылай оқушыға баға қойылған. КТП тақырыптарын қысқартып жазу керек, кей тақырыптары сыймай жартысы жазылмаған күйде қалған.
7 сыныптарда жоспар бойынша 11 зертхана, 4 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 10 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда зертханалық жұмыс, практикалық жұмыстарды оқушыладың көпшілігі қос парақта орындаған, толық емес. Кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ.. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған. Жұмыстар лас орындалған, кейбір жұмысқа кері байланыс берілмеген.
8 сыныптарда жоспар бойынша 10 зертхана, 7 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 5 зертханалық жұмыс, 5 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда зертханалық жұмыс ,практикалық жұмыстарды оқушыладың көпшілігі қос парақта орындаған, толық емес. Кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған. Кейбір дәптерлердегі жұмыстар лас орындалған, балалар штрих қолданған, кейбір жұмысқа кері байланыс берілмеген.
9 сыныптарда жоспар бойынша 17 зертхана, 6 практикалық жұмыс, соның ішінде бүгінге дейін 10 зертханалық жұмыс, 5 практикалық жұмыс орындалуы қажет болған. Аталған сыныпта қазіргі таңда 3 зертханалық жұмыс және практикалық жұмыс орындалған, кейбір оқушылардың сабақта болмауына байланысты кейбір зертханалық пен практикалық жұмыстар жоқ. Балалардың зертханалық жұмыстары бағаланбаған, тек кері байланыс жасалған.
Кейбір дәптерлердегі жұмыстар лас орындалған, балалар штрих қолданған, кейбір жұмысқа кері байланыс берілмеген. Орындалған жұмыстардың өткізілу күні қойылмаған.
10-11 сыныптарда жоғарыда аталған қателіктер орын алған, зертханалық жұмыстар толық емес, жұмыстарға кері байланыс берілген. Кейбір оқушылардың жұмыстары қос парақта орындалған.
Қорытынды: Химия пәні бойынша 7-11 сыныптарда дәптерлер жүргізу жалпы жағдайы, дәптерге қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуы қанағаттанарлық деп бағаланады.
Ұсыныс: дәптерлерді тексеру қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар ұсынылады.
а) пән мұғалімдері оқушыларды сауаттылыққа , жазу каллиграфиясын әдемі қалыптастыруды, тапсырмаларды тиянақты орындатуға баулу.
ә) дәптерге талап қоюды күшейту, штрихты қолдануға тиым салу, қатемен жұмыс жүргізуді басшылыққа алу.
б) Зертханалық немесе практикалық жұмысын орындаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту
Мектепішілік бақылау іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде, сондай-ақ 2022-2023 оқу жылының 06 ақпан мен 16 ақпан аралығында физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарға тексеру жүргізілді.
Физика пәнінен Курмангалиева С.А., Джанаева Н., Кожахметова А 7-8-9-10-11-қазақ- орыс сыныптарда сабақ береді.
Барлық физика мұғалімдерінің Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларында зертханалық сабақтар оқу бағдарламаларына сай жоспарланған.
Зертханалық жұмыс дәптерлері бар.
11Г сыныбында 2022-23 оқу жылына 3 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Барлық оқушы – 11
Тексеріс кезінде орындаған -8 оқушы
Оның ішінде:
4-оқушы 3 зертханалық жұмыс толық орындалған және бағаланған.
4-оқушы 2 зертханалық жұмыс орындаған (Жунисов Дамирдің 2-зертханалық жұмысына баға қойылмаған, Серего Омего 2-3 зертханалық жұмысты орындамаған)
11 В сыныбында 2022-23 оқу жылына 3 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Барлық оқушы – 9
Тексеріс кезінде орындаған -9 оқушы
Оның ішінде:
1-оқушы толық 3 зертханалық жұмысты орындаған және бағаланған. (Даушмаров Жанібек)
Қалған 8-оқушыда 3-зертханалық жұмыс жоқ
7 А сыныбында 2022-23 оқу жылына 4 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Пән мұғалімі:Джанаева Н
Барлық оқушы – 25
Тексеріс кезінде орындаған -24 оқушы
Оның ішінде:
4-оқушы 2- зертханалық жұмысты орындамаған. (Абдумажит Сабина, Бекен Ельназ, Нұржігіт Бақытбек, Балхаш Балауса)
7 Ә сыныбында 2022-23 оқу жылына 4 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Пән мұғалімі:Джанаева Н
Барлық оқушы – 25
Тексеріс кезінде орындаған -20 оқушы
Оның ішінде:
3-оқушы 2- зертханалық жұмысты орындамаған. (Ахан Ақерке, Тұрсынбай Кенесары, Байтуған Еркин)
7 Б сыныбында 2022-23 оқу жылына 4 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Пән мұғалімі:Джанаева Н
Барлық оқушы – 24
Тексеріс кезінде орындаған -23 оқушы
Оның ішінде:
4-оқушы бір ғана зертханалық жұмысты орындаған. (Қуанышұлы Бекарыс, Бейсен Аяулым, Белесбай Алихан, Мұса Асылбек)
7 В сыныбында 2022-23 оқу жылына 4 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Пән мұғалімі:Джанаева Н
Барлық оқушы – 24
Тексеріс кезінде орындаған -23 оқушы
Оның ішінде:
Қайратұлы Айсері 1- зертханалық жұмысты, Жанатқызы Дильназ 2-зертханалық жұмысты ғана орындаған. Басқа эертханалық жұмыстар жоқ.
7 Г сыныбында 2022-23 оқу жылына 4 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Пән мұғалімі:Джанаева Н
Барлық оқушы – 24
Тексеріс кезінде орындаған -22 оқушы
8 -сыныптарда 2022-23 оқу жылына 6 зертханалық жұмыс жоспарланған.
8 А сыныбында 2022-23 оқу жылына 6 зертханалық жұмыс жоспарланған.
Пән мұғалімі:Джанаева Н
Тексеріс кезінде орындаған -19 оқушы
Зертханалық жұмыстар орындалған, баға қойылған
Kundelik.kz тен зертханалық жұмыстардың бағалары сол күні толық қойылуы зерделенді: Қожахметова Асем беретін сыныптарда жоспарланған зертханалық жұмыстар талапқа сай орындалып, толық тексерілген, баға қойылған. Тәжірибелік дәптерлерін тексеру барысында жоспарланған әр сыныптағы зертханалық жұмыс саны толық дұрыс жолға қойылған.
Ал Джанаева Н. беретін барлық сыныптарында практикалық жұмыс алған күні жартылай оқушыға баға қойылған. КТП тақырыптарын қысқартып жазу керек, кей тақырыптары сыймай жартысы жазылмаған күйде қалған. Мереке күні кіріктірген кезде 2 тәжірибелік жұмысты бірге кіріктіріп қойған. Тәжірибелік дәптерлерін тексеру барысында жоспарланған әр сыныптағы зертханалық жұмыс саны толық еместігі анықталды.
Курмангалиева С. беретін барлық сыныптарында практикалық жұмыс алған күні баға қойылған, тәжірибелік дәптерлерін тексеру барысында жоспарланған әр сыныптағы зертханалық жұмыс саны толық еместігі анықталды.
Тексеру кезінде мұғалімдердің барлық күнтізбелік және тақырыптық жоспарлауы қамтамасыз етілді.
Ұсыныстар:
1. Жұмыс бағдарламалары бойынша ескерту алған мұғалімдер
кемшіліктерді түзетеді.
2. «Күнделік kz» қатаң түрде тақырыптық жоспарлауға сәйкес
толтырылсын.