жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Химия –ғажайып әлем" 9-10 сынып
Бекмуратова
Салтанат Есенгельдиевна
№ 40 А.Қыраубаева атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Химия –ғажайып әлем
Жүргізуші: - XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімдіде, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.
ХХІ ғасыр – химия ғасыры.
Ақын Құланбай Көпішев:
Химия – ырыс бұлағы
Шалқыған байлық, мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз – нұр сәулет.
Аялдама алға ұмтыл,
Құдыретті біздің ой!
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой, - деп жырлайды.
Бүгінгі «Химия-ғажайып әлем» атты сыныптан тыс іс шарамызға келген ХХІ ғасыр білгірлерін, құрметті ойыншыларымыызды ортаға шақырып, қарсы аламыз.
І топ – 10 сынып оқушылары
ІІ топ – 9 сынып оқушылары
Жүргізуші: -
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
________________________________________________________________
Жүргізуші:
Уа, халайық!
Бәріңе бірдей жар салайық
Химия тілін үйренем деушілерге
Химия тілін білмек ойлы балаларға
Химия құмарлығын арттыруға, талпынушыларға
Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.
2-жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін келесі бөлімге көшейік
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» (табан іздері арқылы тез сұрақтарға жауап беру керек)
1-топқа
1.
Алғашқы көмекке пайдаланылатын
бейметалл?
(
иод)
2.
Ең жеңіл металл
(
литий)
3.
Иодты қай жылы, кім ашты?
(
1811 ж. Крутуа)
4.
Отынның жануы қандай құбылыс?
(
химиялық)
5.
Тұз қышқылының формуласы
(HCI)
6.
Фторды қай жылы, кім ашты?
(1886ж.
Муассан)
7.
Сұйық металл
(сынап)
8.
Электртерістілігі ең төмен элемент
(Цезий)
2
– топқа
1.
Гологендер орналасқан топ
(жеті
топ)
2.
Заттың химиялық бөлінбейтін
бөлшегі
(атом)
3.
Хлорды қай жылы, кім ашты?
(1774
ж. Шееле)
4.
Қышқылдармен де, негіздермен де
әрекеттесетін гидроксидтер
(
амфотерлі)
5.
Бірінші рет сутекті таза күйінде алған
кім?
(Г.
Кавендиш)
6.
Сөндірілмеген әк
(
кальций оксиді)
7.
Суда еритін негіздер қалай
аталады?
(сілтілер)
8.
Электртерістігі ең жоғары элемент
(Фтор)
2 кезең «Тіл өнері»
Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе
Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Химия пәніне қойылған сұрақтардың жауабы қазақ, орыс, латын тілінде берілуі қажет. Әр ойыншыға бір сұрақтан қойылады. Ойыншы жауап бере алмаса, қарсыластарына жауап беру құқығы беріледі.
1-топ
Халқымыз жеңіл ауру санайтын қатерлі дерт. (тұмау-грипп-Flu)
Таяқ еттен өтеді, Сүйек ....... өтеді (сүйек –кость-bone)
Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады (жапырақ – листья – leaves немесе leaf)
Негізі сутек пен гелиден тұратын қызған алып шар.(күн – солнце - sun)sun
Сыйлап берген ....да тәтті.(су-вода-water)
2-топ
Өзі ауыр металға жатады, емшілер қорықтық құюға қолданады (қорғасын – свинец – плюмбум,lead)
Сұйық металл (сынап – ртуть – гидраргирум,mercury)
Ел іші ...... бесік (алтын – золото – аурум,gold)
Батыр майданда шыңдалады, ........... қайнауда шыңдалады (темір- железо – феррум,iron)
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің(ауа-воздух-air)
3 кезең «Мықты болсаң,тауып көр»(Ым-ишара арқылы берілген сөздерді көрсету)
1-топ
Мектеп, орындық, шаңсорғыш, микроскоп,етік
2-топ
Кітап, оқушы, машина, құлаққап, көйлек
4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»
(элементтер)
1-топ
1.Адам
ағзасына бұл элемент жетіспесе зоб
ауруына шалдығады. Бұл заттың спирттегі
ерітіндісі медицинада қолданылады?
(йод)
2.Ұн
тағамдарына нан илеу үшін не болмаса
торт, тәтті тағамдар пісіру үшін қопсытқыш
ретінде қолданатын тұрмыстық зат? (ас
содасы)
2-топ
3.Ол
көп мөлшерде суды зарарсыздандыруға
және ағартқыштар, дәрі – дәрмектер,
еріткіштер алу үшін қолданылады. Бірінші
дүниежүзілік соғыста 1915 жылы оны Германия
тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған.
Бұл қай зат? (Хлор)
4.Ол
ерте кезден белгілі. ХIV – XVI ғасырларда
қалайы өндіруші кеншілер мен металлургтер
қалайы рудаларын өртеу кезінде оның
біраз бөлігі шлакқа кетіп, шығындалатынын
байқады. Қалайы өнімін төмендететін
болғандықтан, ондай руданы «қасқыр
көбік» деп атады. Оған берілген атау
немісше «қасқырдың сілекейі» деген
сөз. «Қалайының қас жауы» атанған бұл
элемент қалай аталады?(Вольфрам)
1-топ
№1
Химия ғылымының тарихында бұл элементті
1879 жылы Швед химигі Пер Теодор Клеве
ашты деп есептеледі. П. Т. Клеве жаңа
элементті Швеция астанасы Стокгольмнің
ертедегі латынша атымен атапты. Бұл қай
элемент? Гольмий
№2
У. Рамзай мен оның жәрдемшісі М. Трэверс
инертті заттардың қасиеттерін зерттей
жүріп, оларды салқындатып сұйылтатын
жаңа машина жасаумен шұғылданды. У.
Рамзай мен М. Трэверс қатты аргонды
буландырып, бөлініп шыққан фракция
үлестерін ыдысқа жеке – жеке жинады.
У. Рамзай мен М. Трэверс ең соңында
спектрлік сызығы қызыл сары және күлгін
сызықтар аралығында орналасқан тағы
бір белгісіз жаңа газ бу көпіршіктерінің
бар екенін байқады. Жаңа газды олар
«бөгде» деп атады. Өйткені ол криптон
фракциясындағы бөгде зат еді. Сөйтіп
бұл элемент 1998 жылы ашылып, периодтық
жүйеге орналастырылды. Бұл қай элемент?
Ксенон
2-топ
№3
Бұл элемент адамзат қоғамымен бірге
жасасып, талай ұлы өзгерістерге куә
болып келе жатқан көнекөз химиялық
элемент. Оны қашан, қалай, кім ашқаны
жөнінде нақты дерек жоқ Әр ел тілінде
түрліше аталып, түрліше таңбаланып
келді. Бір халық күнге теңесе, тағы
біреулері – тұзға, қуанышқа, сәулеге,
жарыққа теңеді. Ал химиктер оны көз
тартатын, сұлулығы мен тұрақтылығына
сәйкес «металдар патшасы» деп атаған.
Бұл
қай элемент? Алтын
№4
Бұл элемент те оның қосылыстары да адам
баласына өте ерте заманнан белгілі
болды. Европалық елдерде аңызға айналған
«антимоний» деген құпия аты да бар, ол
«сопыларға қарсы құрал» деген мағынаны
білдіреді. Өйткені оның қосылыстары
сопыларды емдеу кезінде кері әсер етіп,
өлімге душар еткен. Ал, алхимиктер бұл
элементті «химия жыртқышы» деп те атады.
Бұл қай элемент? Сурьма
5 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
«Ұлы тұлғалар» Бұл кезеңде химия және биология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсыластары да өз жауаптарын айтуына болады.
Америкалық эмбриолог, генетик. Генетикалық зерттеулерді ең алғашқы болып жеміс шыбыны дрозофилаға жүргізген. Осы жұмыстарының нәтижесінде ол шәкірттерімен бірге тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты. Генетика ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуды? (Т.Морган)
Қанайналым және ас қорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы. Оның шартты рефлекстер туралы теориясын тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және олардың сыртқы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізіп, физиологияның дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуды? (Иван Петрович Павлов)
Зат массасы мен энергиясының сақталу заңын ашқан ғалым. «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары», «Химия келешекте адамзатқа құшағын кеңінен жаяды» - деп көрегендік танытқан ғалым. (М.В.Ломоносов)
Электролиттік диссоциациялану теориясын негізін қалаған швед ғалымы. Сонымен қатар физиканың көптеген саласында, иммунохимия саласында жұмыстар жүргізген. Химия ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда? (Сванте Аррениус)
Ғажайып нәрсе химия
Тұңғиық сыры әр алуан
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалап бірі жаралған
6 кезең
«Химик -сараман»( тәжірибе бөлімі)
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
Жастықтың оты қайдасың
Жүректі түртіп қозғамай
Ғылымның біліп пайдасын
Дүниенің көркін болжамай, -деген Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап , білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі
ӘН: «Өркенде, шалқы химия» («Ұстазым» әнінің әуенімен)
Өркенде, шалқы химия
1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия,
Өркенде, шалқы химия!
2. Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі-химия
Апат та өзі - химия,
Тылсым ғылым бұл - химия!
3. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында.
Ішсең –ас, кисең – киім, үй жиһазы
Химия дәру болған сауығуға.
Иіткен тас, саз, құмды да,
Сенен зор, өктем туды ма?
Соғысқа сорға, қатерлі жолға
Жұмсалмасын химия
Жұмсалмасын химия
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия.
2030 –дың барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз
Егемен елімізді көркейтетін
Білім шыңына шығу парызымыз,-дей отырып
Бүгінгі химиялық кешіміз осымен аяқталды,
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
ӘН: «Өркенде, шалқы химия» («Ұстазым» әнінің әуенімен)
Өркенде, шалқы химия
1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия,
Өркенде, шалқы химия!
2. Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі-химия
Апат та өзі - химия,
Тылсым ғылым бұл - химия!
3. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында.
Ішсең –ас, кисең – киім, үй жиһазы
Химия дәру болған сауығуға.
Иіткен тас, саз, құмды да,
Сенен зор, өктем туды ма?
Соғысқа сорға, қатерлі жолға
Жұмсалмасын химия
Жұмсалмасын химия
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия.
1-топ
Мектеп,
орындық,
шаңсорғыш,
микроскоп,етік
2-топ
Кітап,
оқушы,
машина,
құлаққап,
көйлек
Э.Резерфорд
С.А.Аррениус.(1859-1927)
А.Лавуазье.(1743-1794)
Джозеф Пристли (1733-1804)
Карл Шееле.(1747-1786)
1.Cu→ CuO→ CuCl2 →Cu(OH)2 →CuSO4 →CrSO4→ CrCl2 →Cr(OH)2→ Cr(OH)3 →Cr2O3 →Cr
2. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін электрондық баланспен теңестіріңдер:
H2S+KMnO4+HCL→S+KCL+MnCL2+H2O
3. Na2SO3 +KMnO4+H2SO4→Na2SO4+ MnSO4+K2SO4+ H2O
1..Ca →CaO →Ca(OH)2 →CaCO3 →Ca(HCO)2→CO2 →FeCO3 →FeO →Fе
2. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін электрондық баланспен теңестіріңдер:
РН3+ KMnO4+HCL→Н3РО4+KCL+MnCL2+H2O
3.КМпО4+НСІ→КСІ+МпСІ2+СІ2+Н2О
1.Cu→ CuO→ CuCl2 →Cu(OH)2 →CuSO4 →CrSO4→ CrCl2 →Cr(OH)2→ Cr(OH)3 →Cr2O3 →Cr
2. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін электрондық баланспен теңестіріңдер:
H2S+KMnO4+HCL→S+KCL+MnCL2+H2O
3. Na2SO3 +KMnO4+H2SO4→Na2SO4+ MnSO4+K2SO4+ H2O
1..Ca →CaO →Ca(OH)2 →CaCO3 →Ca(HCO)2→CO2 →FeCO3 →FeO →Fе
2. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін электрондық баланспен теңестіріңдер:
РН3+ KMnO4+HCL→Н3РО4+KCL+MnCL2+H2O
3.КМпО4+НСІ→КСІ+МпСІ2+СІ2+Н2О
1.Cu→ CuO→ CuCl2 →Cu(OH)2 →CuSO4 →CrSO4→ CrCl2 →Cr(OH)2→ Cr(OH)3 →Cr2O3 →Cr
2. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін электрондық баланспен теңестіріңдер:
H2S+KMnO4+HCL→S+KCL+MnCL2+H2O
3. Na2SO3 +KMnO4+H2SO4→Na2SO4+ MnSO4+K2SO4+ H2O
1..Ca →CaO →Ca(OH)2 →CaCO3 →Ca(HCO)2→CO2 →FeCO3 →FeO →Fе
2. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін электрондық баланспен теңестіріңдер:
РН3+ KMnO4+HCL→Н3РО4+KCL+MnCL2+H2O
3.КМпО4+НСІ→КСІ+МпСІ2+СІ2+Н2О

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген