жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Химия ғажайыптары
Тақырыбы: Химия ғажайыптары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химия пәнінен
алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану
дағдысын меңгерту.
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық
қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Химия пәніне деген
қызығушылықтарын арттыру.
Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химия ғажайыптары атты
сайысымызға қош келіпсіздер.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті – дей келе сайысымызды әділ
бағалайтын әділ қазылармен таныс болайық.
Кештің жоспары:
1. Сәлем сөздің - анасы
2. Ойлы болсаң тауып көр.
3. Формула жаза білесіңбе?
4. Полиглот
5. Құрастыру (топпен жұмыс)
6. Кім тапқыр «Химиктер айтысы»
7.
«Зерек болсаң, шешіп
көр»
Сонымен І
кезең «Салем – сөздің анасы». Бұл
кезеңнің ерекшілігі топ басшылары өздерінің топ мүшелері мен
қысқаша таныстырып, қарсылыстарға химия тілінде құттықтап сәттілік
тілейді.
Келесі кезең «Ойлы
болсаң тауып көр.» деп аталады. Бұл кезең бойынша
әр топқа ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді және сол ұяшықтың
нөміріне сәйкесінше ұпай алады. Сұрақтардың ішінде бейне сұрақ
кездеседі.
Ескерту: Егер қойылған сұрақтарға жауап болмаса, қарсыластар қол
көтеру арқылы ғана жауап бере алады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда
сол тәртіпті бұзған оқушының тобынан 5 балл шегеріледі.
1 баған:
5. Оксидтер дегеніміз не? Мысал келтір.
10. Негіздердің түрлері (суда еритінндер, суда ерімейтіндер,
екідайлылар)
20. Бейне сұрақ
2 баған:
5. Қышқылдар дегеніміз не? Мысал келтір.
10. Сүйекті қаптайтын элемент?(кальций)
20. Бейне сұрақ
3 баған:
5. Тұздар дегеніміз не? Мысал келтір
10. Қандай ұннан нан пісіруге болмайды?(фосфор ұны)
20. Бейне сұрақ.
4 баған:
5. Гидроксидтер дегеніміз не? мысал келтір
10. Ең жеңіл металл?(литий)
20. Бейне сұрақ
Білмейтінін білем деп олжа қуар
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар
Химияны болжаммен ұға алмайсың
Формуланың оң жағы, сол жағы бар.
ІІІ кезең. Формула жаза білесіңбе?
Интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес
заттардың формулаларын жазу тапсырмасы
берілді.
1. Күкірт (І ) оксиді -
SO2
2. Кальций оксиді - CaO
3. Магний гидроксиді - Mg(OH) 2
4. Азот қышқылы - HNO3
5. Кальций силикаты - CaSiO3
6. Магний гидрокарбонаты - Ma(HSO3) 2
7. Аммиак - NH3
8. Фосфин - PH3
9. Метан - CH4
10. Аммоний сульфаты – (NH4) 2SO4
11. Күкіртсутек - H2S
12. Фосфор қышқылы - H3PO4
13. Натрий гидроксиді - NaOH
14. Алюминий оксиді - Al2O3
Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі кезең «Полиглот» деп
аталады. Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген
мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, әр топқа 4 сұрақтан қойылады.
Шешімін тауып оны қазақша, орысша, латынша атауларын аударып
айтасыз. толы жауапқа 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде
жауап берсе 10 ұпайға ие болады.
І топ:
1. Өшпейтін өмір жоқ
Сынбайтын..... жоқ. (темір – железо -
феррум)
2. Өзім газбын менімен демаласын
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың
(оттегі - кислород -
оксигениум)
3. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түріне қарасақ алтынға
ұқсайды.(күкірт - сера -
сульфур)
4. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға жаратады.
(қорғасын - свинец -
плюмбум)
ІІ топ:
1. Арпа бидай ас екен
Алтын....... тас екен (күміс - серебро -
аргентиум)
2. Ең
жеңіл элемент болып саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау
алады (сутегі - водород -
гидрогениум)
3. Сым болып ұзақ созылып
Өзкізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабарды
Риза етем көпті мен
(Мыс - медь -
купрум)
4. Тіршілікті ешқашан қолдамайды
Сондықтан ол ауаның көп бөлігін
құрайды (азот - азот -
нитрогениум)
Құрастыру (топ басшыларының сайысы)
1. АЛКУЛЕМО – МОЛЕКУЛА – Жай немесе күрделі заттардың құрамы мен
химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі.
2. ТОРЗАТАЛИКА – КАТАЛИЗАТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын
өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін
зат.
3. ГИТОРБИИН – ИНГИБИТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын
баяулататын зат.
4. ТАЛИЗКА – КАТАЛИЗ – Реакциялық қоспаға катализатор енгізу арқылы
химиялық реакцияны жылдамдату процесі.
5. ЛЕКТРОЭЛИЗ – ЭЛЕКТРОЛИЗ – Электролит балқымасы немесе ерітіндісі
арқылы тұрақты электр тогы өткенде электродтарда жүретін тотығу -
тотықсыздану реакциялары.
6. ТРТАИН – НИТРАТ - азот қышқылының
түздары.
6. Кім тапқыр «Химиктер
айтысы»
Химиктердің ауылында
Элементтер тойы болды
Металдардың қауымында
Ән, күй, айтыс, ойын болды деп элементтер айтысын тамашалаңдар
Элементтер айтысы Химия патшасы өз тұрғындарының өнері мен қасиетін
таныту мақсатында бейорганика мен органика айтыскерлерін ортаға
шақырады.
Органика
Көруге химия кешін жиылғандар
Менделеевке құдайындай сыйынғандар
Қош келдіңдер, бүгінгі ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар
Органикпін, несіне жасырайын
Сенен достым күшімді асырайын
Органика күшіне химияда
Тура алар дәті шыдап қасымда кім
Бейорганика
Армысыңдар бүгінгі кешті көретіндер
Химия кереметін жыр ғып айтам
Сөзіме сенетіндер, көнетіндер
Есімім – бейорганик, таныстырсам
Жеңілер деп ойлама жарыстырсаң
Химияның тірегі мына менмін
Не қыласың күшіңе қарсы тұрсам
Органика
Органика - өмір, тұрмыс тірегі
Құрамына көміртегі кіреді
Эфир, шайыр, целлюза, бояу да
Мен арқылы өндірісін жүреді
Ауырсандар дарі беріп емдеймін
Крахмал, ақуыз түзілуін жөндеймін
Полимерден полиэтилен жасаймын
Өнеркәсіп, отын көзі мен деймін
Бейорганика
Титанымды ғарышта қолданады
Жұтсаң - ауа, ішсең - су қолда бары
Алтын, күміс, платина, асыл газдар
Тұнып тұрған байлыққа көз болады
Әрқашанда ашық ғылым қақпасы
Көп мақтанып, кеудеңізді қақпашы
Қайсымыздың пайдамыз көп өмірге
Төрелігін берсін химия патшасы
Химия патшасы Органика, бейорганика дауласудың қажеті жоқ, екеуің
де өмір тірегісіңдер.
Химияны оқу парыз әркімге
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,- деп
кезекті.
7. кезең «Зерек болсаң, шешіп көр» - химиялық есептер шығару. Әр жауап 5,4,3 ұпай
1 топ «Металдар» тобына
1. Реакцияны аяқта:
2Mg+O2=2MgO
Fe+H2SO4=FeSO4+H2
CuO+H2SO4=CuSO4+H2O
2. Берілген өнімнің молярлық массасын тап:
BaSO4 = 137+32+16*4= 233
NaNO3=23+14+16*3=85
FeCl2=56+35*2= 126
2 топ «Бейметалдар» тобына
1. Реакцияны аяқта:
4P+O2=2P2 O5
2Ca+2H3PO4 = 2CaPO4+3H2
FeO+2HСl=FeCl2+H2O
2. Берілген өнімнің молярлық массасын тап:
H2PO4=1*2+31+16*4=97
MgCO3=24+12+16*3=84
KOH=39+16+1=56
1-кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»- әр топқа сұрақтар беру. Әр жауап -1 ұпай.
8 класс «Металдар» тобы
1. Сілтілік металл
(натрий)
2. Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
3. Калий перманганатының басқаша атауы
(марганцовка)
4. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
5.
Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат
(ас тұзы,
NaCl)
6.
Сұйық металл (Сынап,
Hg)
7.
Найзағайлы жаңбыр кезінде электр разрядтары тотыққанда түзілетін
газ (озон)
8.
Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат
(су)
9.
Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл
(йод)
10.
Қышқыл, сілті ертінділерінде түсін өзгертетін заттар
(индикатор)
11.
Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций)
12. HNO3
қандай заттың формуласы (азот қышқылы)
13.
Химиялық таңбаның алдына қойлатын цифр?
(коэффициент)
14.
Валенттілік қалай бөлінеді (тұрақты
айнымалы)
9 класс «Бейметалдар» тобы
1.
Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
2.
Қандай элементтер космоста көбірек таралған
(сутек пен
гелий)
3.
Металдар патшасы қай металл? (алтын)
4.
Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым?
(Э.Резерфорд)
5.
Бір заттан екі немесе бірнеше заттар алу
(айырылу
реакциясы)
6.
Ортофосфор қышқылының формуласы (Н3РО4)
7.
Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды
(гелий)
8.
Сіріңкесіз қалай от жағуға болады (ақ
фосфор арқылы)
9.
Қандай метал болашақтың металы деп аталады
(алюминий)
10.
Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым
(Ж.Л Пруст)
11.
Күкірт неше валентті
(2/4/6)
12.
Көмір қышқылның тұздары қалай аталады
(карбонаттар)
13.
Аккумуляторға құятын қышқыл
(H2SO4)
14. Химиялық құбылыс дегеніміз
не?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген