400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Химия ғажайыптары" тәжірибе

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Химия пәнінен қызықты тәжірибелер













Тақырыбы: химия ғажайыптары

Мақсаты: оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру.


ЕСКЕРТУ: Кез-келген тәжірибені жасау кезінде  техникалық қауіпсіздік ережелерін  сақтауды ұмытпаймыз!!!


1. Химиялық жылан

Қажетті заттар: кәрлен ыдыс, сіріңке

Қажетті реактивтер: құрғақ спирт, кальций глюканаты.

Кәрлен ыдысқа құрғақ спиртті салып оның үстіне кальций глюканатын қойып, сіріңкемен жаққанда ирелеңдеп жылан тәрізді зат шыға бастайды.


2.Нанның, күріштің, картоптың көгеруі ( Крахмалды анықтау)

Ыдысқа нан,күріш,картопты салып, үстіне 1-2 тамшы иод ерітіндісін тамызамыз. Сол кезде нан,күріш және картоп көк түске боялады. Бұл крахмалдың бар екенін көрсетеді.


3.Ауыртпай жасалған «операция»

Үстіне ақ  халат киген  оқушы  тәжірибе   үстелінің  жанына  келіп, балаларға  қарап: « Қазір мен сіздерге  адамның  денесін  ауыртпай  операция  жасауды  көрсетпекпін. Операцияның  жасалуы да , жазылуы да тез.  Бір батылдау біреуің  осында келуіңді сұраймын. »- деп  шақырады. Жанына келген  оқушының  білегіне  «спирт»  жағады да , операция  пышағын  дезинфекциялағыш   сұйықтан  алып  оның  білегін ары-бері  кескен болады. Қолдан  «қан»   шығарады.  Артынан қолдың  қанын сүрткен болып , суланған  таза  шүберекпен  сүртеді. Қолы  жазылады, «қаны »  тазарады. Бұл қызықты «операция» отырғандарды  таңқалдырады.

Бұл   тәжірибедегі   қолданған  «спирт»  5 пайыздық  темір (ІІІ) хлориді ерітіндісі, ал  дезинфекциялағыш  зат  калий  роданиді  болған   еді.  Қан болып  қызарған  зат  ол  темір  роданиді  болған.

ҒеСІ3+3КСNS=Fe(CNS )3+ 3KCI


4.Ньютондық емес сұйықтық

Үлкенірік ыдысқа жартылай су құйып оның үстіне крахмал саламыз, сол кезде бізде Ньютондық емес сұйықтық болады.

"Ньютондық емес сұйықтық" дегеніміз ағу барысында тұтқырлығы жылдамдық градиентіне тәуелді болатын сұйықтық. Көбінесе мұндай сұйықтықтар біртекті емес және кеңістіктің күрделі құрылымын пайда қылатын үлкен молекулалардан тұрады.


5.Өздігінен үрленетін шар

Қажетті заттар: шар, бутелка,шай қасық, құйғы

Қажетті реактивтер: CH3COOH, NaHCO3

Бутелкаға аз мөлшерде CH3COOH құямыз, шарға 1-2 шай қасық NaHCO3 саламыз. Сол кезде СО2 газы бөлініп, шар өздігінен үрленеді.


6.Шырпысыз от жағу.

Қажетті реактивтер: KMnO4, глицерин

Кәрлен ыдысқа KMnO4 салып үстіне 2-3 тамшы глицерин тамызамыз. Сәлден кейін лап етіп өздігінен от пайда болады.



«№1 Жаңа Бұқтырма орта мектбі» КММ









Химия пәнінен қызықты тәжірибелер




Тақырыбы: «Химия ғажайыптары»







Өткізген:

Химия пәнінің мұғалімі: Маден Тұнық









2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
899
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі