Сыныптан тыс ойын КВН
жоспарын ұсыну
9 сыныптарда өтілген
материалдарды қортындылап бекіту мақсатында «Алғырлар, тапқырлар,
ойшылдар мектебі » қысқартылып «АТОМ »деп аталған кеш өткіздім. Бұл
шараға 9 сыныптарда оқитын барлық оқушылар қатысты. Ғаламат таяқша,
жанбайтын орамал, сөнбейтін от, жанатын су, жеңіл операция, т.б.
тәжірибелер жасауға қажетті реактивтер химиялық пробиркалар
даярланып қойылды. Реферат, альбомдар, музыкалық касеталар, т.б.
көрнекіліктер пайдаланылды. Әйгілі химиктердің портреттері көрнекті
жерге ілінді.
Оқушылардан тез де, үйлесімді
және тапқыр жауап алу мақсаты көзделді.
Жеңген командалардың таңбасы –
оң.
Жеңілген командалардың таңбасы
– теріс.
А.Т.О.М – ның 1 заңы «Табысқа
жетудің сақталу заңы ».
Толық табысқа жетудің
қосындысы өзгермейді.
Тек бір командадан екінші
командаға ауысып отырады.
Командалардың жеңуі, олардың
құрамына қай сыныптан және қанша мөлшерде келгеніне байланысты
емес, командадағы ойыншылардың бір – біріне өзара әсер етуі мен
тапқырлығына байланысты.
Бәріміз де бүгінгі «Атом»
кешіне ұйымшылдықпен қатынасайық
Химиктер, алға
Командаларды ортаға шақырамыз.
(Музыка ырғағымен команда мүшелері ортаға
шығарады).
Капитандар өз командаларын
таныстырсын.
Олар өз командаларының аты,
эмблемасымен таныстырып, бүгін кешке толық дайын екенін
мәлімдейді.
1 – команда
Алмаз:
Химияның дерегі. Басқа да оны
ішпейді.
Патша арағы дер еді Магазинге
түспейді.
Патша да оны ішпейді. Айтшы
неден істейді?
2 – команда
Уран:
Алтын менен күмісті кім
білмейді, Химиктерге жақпайтын не сыры
бар?
Қолда болса қуанып кім
күлмейді Әрқашан жаман металл құрғыр дейді
1 – команда
Алмаз:
Өзі жеңіл, өзі ақ Кәне, достым
ойлап тап
Самолеттің деталі. Осы
айтылған металды.
2 – команда
Уран:
Күмістей түсі жылтыр, өзі
сұйық.
Қандай метал құйма жасар, оны
құйып.
Ал енді бір сәтке
лабораторияға назар аударыңыздар. 2 – команданың да жанкүйелері
химия ғажайыптарын көрсеткелі дайын тұр.
Осы жасаған тәжірибенің
құпиясын кім айтып береді?
а)Ғаламат таяқша ә) Сөнбейтін
от.
1 – команда
Алмаз:
Өзі физик, геолог және
зерттеген Қазанды алғаш қайнатып шыныны да
Географ та одан асып өтпеген.
Қай химик туған елін өлең еткен.
2 – команда
Уран:
Қандай химиктің фамилиясының
мағынасы әр түрлі 4 бірдей атпен сәйкес
келеді?
1 – команда
Алмаз:
Шәйнек пен самауырдың ішіндегі
қақ қайдан пайда болады және оны қалай
кетіреді?
2 – команда
Уран:
Әрі химик, әрі композитор,
Менделеевтің жақын досы. Ол кім Әр командадан 2 сиқыршы –
химик шақырамыз. 1 – теоретик, 1 – практик болсын. Ортадағы үстелде
тәжірибенің жасалу желісі және кезекті приборлар дайын тұр. Сол
бойынша жұмысқа кірісе беріңіздер.
Іске
сәт
Құлақтан кіріп бойды алар,
Көңілге түрлі ой салар
Жақсы ән мен әсем күй, Әнді
сүйсең менше сүй, - деп Абай ақын айтпақшы, ән – жан азығы. Әнсіз
кеш болмайды. Кезекті әнге берейік!
Сиқыршылар бізге қандай
таңғажайыпты көрсетпекші екен.
1 – сиқыршы: Мен суды
жақпақшымын. (көрсетеді)
2 – сиқыршы: Ал менің маам
жанбайды. (көрсетеді)
Жанкүйерлер, команда мүшелері
осы көрсетілген тәжірибелер туралы не айтар еді
?
Жан күйерлерге сұрақ: Химия
пәнін жақсы көресіз бе ? Неге?
Химик болғыңыз келе
ме?
Химия дегеніміз не? Қай ел
қалай атаған?
Сиқыршылар тәжірибені
болсаныздар, қазылар алқасына
тапсырыңыздар.
Енді командалардың үй
тапсырмасын тексерейік.
а)Әзіл-оспақ плакаттар.
ә)Қызықты әңгімелер.
Кезекті тағы да әнге
берейік.
Мына тақтада 2 плакат ілінген.
Командадан 2 ойыншы шықсын. Сол ойыншылар, анорганикалық
қосылыстардың кластарын ажыратып 3 –минут ішінде жазуы керек.
Заттар классификациясына арналған.
1 – сиқыршы. Мен сіздерге
қазір бір таңғажайып көрсеткелі тұрмын. «Үстел үстінде атқылайтын
вулкан».
2 – сиқыршы.Қайсыңызға жеңіл
операция жасайын. Әр сыныптан бір оқушыдан
келсін.
Сіздерге
тапсырма.
1 – оқушыға:3 әріптен тұратын
3 элемент.
2 – оқушыға :4 әріптен тұратын
4 элемент
3 – оқушыға : 5 әріптен
тұратын 5 элемент
4 – оқушыға:6 әріптен тұратын
6 элемент
2 минут ішінде
атаңыздар.
Әр команда мына конверттің
ішінде жеке әріптер бар, сол әріптер бойынша химиялық терминдер
құраңыздар.Өте жылдамдықты талап етеміз.
Капитан командаларына
тапсырма:
1.Мен
кіммін?
1.Бірінші бөлігі көп емес,
екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзім химиялық
элементпін. Ойланыздаршы, сонда мен кіммін
(Азот).
2. Бірінші бөлігім «алда кел»
деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп
есептелемін. Мен кіммін? (Озон)
Сіздерге екінші
сұрақ:
Бірі жанып, бірі қолдап
жануды
Екі элемент, бізге бұрын
танылды.
Өрт болып еді, сөндіруге
ұстаздар
Қосылысын алып, солай қарай
ағылды. (Н2
О)
Сөйтіп капитандар конкурсы
аяқталды. КВН қортындысы бойынша жеңіске жеткен командалардағы
оқушылар марапатталады. Сыныптан тыс ойын КВН түрінде өткізілген
шаралардың берері көп екендігін аңғардық.