Тақырып бойынша 31 материал табылды

ХИМИЯ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада химия сабағында функционалдық сауаттылықты арттырудың әдіс-тәсілдері туралы айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХИМИЯ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ

САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ


Танжарова Жайсулу Итемгеновна, биология және химия пәні мұғалімі

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тиімді тәсілдердің бірі практикаға бағытталған міндеттерді шешу болып табылады. Химия сабағының шеңберінде қалыптастырылатын функционалдық сауаттылықтың мазмұны мыналарды қамтиды:

- сауатты және мәнерлі, ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгеру;

- қалыпты өмірлік жағдайда диалог жүргізе білу;

- проблеманы өз бетінше тұжырымдай білу.

Оқушы тек іс-әрекет процесінде әрекет етуді үйренеді, ал мұғалімнің күнделікті жұмысы, таңдаған білім беру технологиялары оқушылардың жас деңгейіне сәйкес келетін функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көмектеседі.

Бүгінгі жалпы орта білім беру жүйесінің басты мақсаты - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Oқушылар алған білімдерін өз бетінше әрекет ететін өмірлерінде тиімді қолдана алу, кездесетін түрлі проблемаларды шеше білу, тірлі ағындағы ақпараттарды сыни тұрғыдан талдап өзіне тиімді, қажеттілерін және мақсатты нысаналарына ала білу қабілеттері. Химия пәнін мектептерде оқыту барысында білім беру орындары осы мақсатқа жету үшін ерекше мүмкіндіктер ұсынады.

Оқушыларда жан-жақты білімділік және тәрбиелік іс-әрекеттерді қалыптастыру бойынша мыналарды қамтамасыз етілуі керек: тұлғаның жалпы мәдени, танымдық және жеке мәселелерін шешуге бағытталған әмбебап білім мен тәрбиені қалыптастыру, өмірде кездесетін түрлі мәселелерді, мақсат-міндеттерді шешуге дайын өмірлік жағдаяттарда әмбебап білім-тәрбиелік іс-әрекеттерді қолдану тәжірибесін қалыптастыру.

Функционалдық сауаттылық - бұл оқушылардың білім-тәрбилік дағдыларын және икем-қабілеттерін нақты жағдайларда қолдана алу қабілеті.

Бұған білімдік ақпаратты түсіну, талдау, туындаған мәселелерді шешу және тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары кіреді.

Функционалдық сауаттылық - жеке тұлғаның ақпараттарды тиімді пайдалануы, мәселелерді шешу, сыни және шығармашылықпен ойлау, сондай-ақ алған білімін нақты жағдайларда қолдана алу қабілеті. Білім мен дағдылардың жиынтығы, оларды түрлі контексттерде, кәсіби, әлеуметтік немесе күнделікті өмірде пайдалану мүмкіндігін қамтиды.

Функционалдық сауаттылық:

- ақпараттық сауаттылық - қажетті ақпараттарды, деректерді табу, талдау, бағалау және пайдалану;

- коммуникативтік сауаттылық - өз ойын түсінікті, деңгейлеп жеткізу, тыңдай білу, пікір алмасу;

- сыный ойлау - ақпараттарды сыни бағалау, дәлелдер мен пікірлер арасындағы байланысты түсіну;

- шығармашылық және мәселені шешу - мәселенің жаңа жақтарын қарастыру, қалыптастыру, мәселенің шешімдерін қарастыру және іске асыру.

Сонымен, функционалдық сауаттылық тұлғаның әлеуметтік және кәсіби өмірдегі жетістігі мен табысына, сондай-ақ, өз бетінше білім алып, дамыу мүмкіндігіне ықпал етеді.

Химия пәні сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың мынадай тәсілдерін пайдалануға болады:

Жобалау әдісі: Оқушыларға белгілі бір нақты мәселелерді шешуге бағытталған жобалар ұсынып, зерттеу жүргізуге ынталандыру.

Жобалау әдісі - оқушыларды нақты мәселелерді шешуге бағытталған жобалар арқылы оқыту әдісі. Бұл оқушылардың шығармашылық, сыни ойлау, топтық жұмыс және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Жобалау әдісінің артықшылықтары:

- шынайы проблемаларды шешу. Оқушылар нақты мәселелермен танысып, оларды зерттеу арқылы шешімін табуға ынталы болады. Мысалы, экологиялық мәселелер, денсаулық сақтау, энергия үнемдеу, жаңа энергия көзін табу.

- топтық жұмыс. Оқушылар топтасып, бірлесіп жұмыс атқарады. Бұл ынтымақтастық, коммуникация және пікір алмасу дағдыларын дамытады.

- шығармашылық және сыни ойлау. Оқушыларға түрлі шешімдер мен идеяларды ұсынып, олардың шығармашылық қабілеттері арттыру. Мәселелерді шешу барысында сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.

- зерттеу дағдылары. Тақырыптық жобаны зерттеу барысында оқушылар қажетті ақпаратты жинау, талдау және сұрыптау дағдыларын меңгереді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мұғалім жетекшілігімен ғылыми зерттеу әдістерін игереді және пайдалануды үйренеді.

- өздігінен оқу. Оқушылар тақырыптық жобаны орындау барысында дербес, өз бетінше ақпарат жинау, іздеу, оқып, талдау және зерттеу жүргізу дағдыларын игеріп, дамытады.

Жобалау әдісі кезеңдері:

1. Тақырып таңдау: Оқушылармен нақты мәселені немесе тақырыпты таңдау. Оның өзектілігін және мәселенің маңызына мән беру.

2. Зерттеу жұмыстары: Тақырып бойынша ақпарат жинау, оны талдау, тақырыпқа қажетті ақпараттарды зерттеу. Тақырыпқа сәйкес кітаптар, материалдар жинақтау, оқып танысу, талдау. Зерттеу, интервью, сауалнама, тәжірибелер жүргізу қажеттігі туындауы мүмкін.

3. Жоба жоспарын әзірлеу: Жоба жоспарын жасақтау, тақырып мақсаттарын, өзектілігін, міндеттерін анықтайды, орындалу мерзімін белгілейді.

4. Жобаны орындау: Жоба тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды нәтижеге кетіру, жаба жасақтау. Жоба материалын құрастыру, зерттеу нәтижелерін анықтау, шешімдерін нақтылау.

5. Презентация: Жоба авторлары жұмыс нәтижелерімен таныстырып, қорытындыларын баяндайды. Бұл, коммуникациялық дағдыларын арттырады.

Жобалау әдісі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, сыни ойлауын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және нақты мәселелерді толық ұғынып, түсініп, шешімін табу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді, көмектеседі. Бұл тәсіл оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, оларды белсенді және өз бетінше іс-әрекетін ұйымдастыра алатын тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Топтық жұмыс: Оқушыларды топтарға біріктіріп, бірлесіп жұмыс ұйымдастырып, жүргізу, пікір алмасу және бір мақсатқа бірлесіп жету дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

Проблемалық оқыту: Нақты өмірден алынған мәселелерді шешуге арналған тапсырмаларды орындау, мысалы, экологиялық, денсаулық сақтау, түрлі тұрмыстық қажеттілік мәселелері және өнеркәсіптік химия.

Практикалық тәжірибелер: Химиялық реакцияларды тәжірибе жүзінде көрсету, нәтижелерді талдау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Цифрлық технологияларды пайдалану. Интерактивті платформалар. Оқушыларға онлайн зертханалар, химиялық есептерді шешу бағдарламаларын көрсетіп, пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру, білім беру ойындарын қолдану.

Виртуалды зертханалар: Химиялық тәжірибелерді қауіпсіз жағдайда жүзеге асыру, түрлі реакцияларды бақылау.

Кросс-дисциплинарлық тәсіл. Химия, биология, физика пәндерінің байланысын көрсету, экологиялық мәселелерді талдау.

Оқушыларды табиғи процестердің өзара байланысымен таныстыру.

Химия пәні сабақтарында оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, функционалдық сауаттылықты дамыту, олардың ғылыми дүниетанымын кеңейтуге, икемдік дағдыларын жетілдіруге және сыни ойлауға көп мүмкіндік береді және көмектеседі. Оқушылар теориялық біліммен шектелмей, оны практикалық жағдайда қолдана білу дағдыларын меңгереді.

Осы тәсілдер арқылы химия сабағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға және ғылымға деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда химия пәнін оқытуда білім жиынтығын емес, функционалдық сауаттылықты, яғни білімді белсенді меңгерудің жолдары мен дағдыларын меңгерген оқушы даярлауға бағытталған оқыту мазмұнының практикалық құрамдас бөлігіне басымдық беріледі. Практикалық есептерді шығару, шешу үшін оларды нақты өмірде қолдану.

Осыған байланысты химия пәнін оқытуда мынадай мақсаттар мен міндеттер басым мәнге ие:

- білім алушыларды қарқынды дамудағы дүние жағдайларына бейімдеу, өзін-өзі тәрбиелеуге, ынтымақтастыққа, заттар мен олардың қолданылуына байланысты нақты жағдайларда дұрыс шешімдерді өз бетінше қабылдауға дайын интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастыру;

- білім алушыларда түрлі қызметтердің ерекшелігіне сәйкес әмбебап маңызы бар негізгі дағдыларды (негізгі құзыреттерді) қалыптастыру: химия пәнін меңгеруде маңызды орын алатын іс-әрекеттерде тәжірибе жинақтау үшін қажетті мәселелерді шешу, ақпаратты іздеу, талдау және өңдеу, сондай-ақ заттар мен химиялық процестердің адам ағзасына және табиғи ортаға әсерінің сипатын экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан бағалау;

- білім алушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту: өмірлік қажеттіліктерге сәйкес химиядан өз бетінше жаңа білім алу, химиялық мазмұндағы оқу және ғылыми-көпшілік ақпараттарды іздеу, талдау, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;

- білім алушыларда ассоциативті, логикалық ойлауды, құбылыстарды қалт жібермей байқағыштықты, жинақылық пен ұқыптылықты қалыптастыру және дамыту, бұл химиялық экспериментті жоспарлау және жүргізу кезінде, өмірде де өте қажет.

Химия пәні сабақтарында функционалдық сауаттылықты мынадай аспектілер арқылы дамытуға болады:

  1. Химиялық процестерді түсіну: Химиялық реакциялардың қалай жүретінін және олардың қоршаған ортаға қалай әсер ететінін түсінуі. Бұл оқушыларға күнделікті өмірде, мысалы, азық-түлік немесе тұрмыстық химия өнімдерін таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

2) Мәліметтерді талдау және интерпретациялау: Оқушыларға химиялық ақпараттар мен мәліметтерді талдап, түсіндіре білуі керек. Бұл, дәрі-дәрмектерді таңдауда немесе өнімдердің сапасын бағалауда негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі.

3) Есептерді шығару: Оқушылар химиялық есептерді шығаруда алған білімдерін қолдана білуі керек. Химиялық реакциялар туралы білімдерін жаңа материалдарды жасау немесе экологиялық таза технологияларды әзірлеу үшін пайдалану.

4) Қарым-қатынас: Химиялық терминологияны қолдана отырып, химиялық процестерді түсіндіре отырып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай алуы қажет. Бұл, топ болып жұмыс істеуге және химия мамандарымен тиімді қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

5) Сыни тұрғыдан ойлау: Оқушылар ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі және химия пәнінен алған білімдері негізінде негізделген шешім қабылдай білуі керек. Бұл оларға күнделікті өмірде, мысалы, азық-түлік немесе тұрмыстық химия өнімдерін таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Осылайша, химия пәні сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын химиялық процестерді түсінуін, мәліметтерді талдау және интерпретациялау, есептерді шығару, қарым-қатынас және сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамытуға болады.


Әдебиеттер:

1. Гаврилюк В.В., Сорокин Г.Г., Фарахутдинов Ш.Ф. Функциональная неграмотность в условиях перехода к информационному обществу. — Тюмень: ТюмГНГУ, 2009.

2. Нугманулы, И. Химияны оқыту әдісемесі.- Алматы: 2005.

3. Кыдырова М.Н., Керимбаева К.З. Химия сабағында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты арттыруга негізделген тапсырманы жоспарлау. - Ы. Алтынсарин атындагы Ұлттық білім академиясыныц «Білім» гылыми-педагогикалық журналы, Том 104 № 1 (2023) / 23.02.2023ж

4. О 'Лири Зина. Зерттеу жобасын жүргiзу: негізі нұсқаулық. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. - 2020.

5. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012­ 2016 жж. арналған Ұлттық жоспары. Ғылыми ­әдістемелік журнал №4 2007 ж

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12