400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдердің сабақтарына пайдалы болып қалар деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Мектеп: «К.Тоқаев атындағы орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Ауельбекова М.Б.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:-

Сабақ тақырыбы: Химия пәні. №1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелері мен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.1. – химия ғылымының нені оқытатының білу

7.1.1.2 – Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Білу

Барлық оқушылар:

  • Химия лабораториясында жұмыс жасау барысында сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіреді.

Басым көпшілігі:

  • Ережелерді өмірде практикамен ұштастыра алады

Кейбір оқушылар:

  • Қауіптілік тудыратын белгілерді анықтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Химия лабораториясында және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін айтады

  • Лабораториялық жұмыстарды орындағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіреді және лабораториялық құрал-жабдықтарды таниды.

  • Жұмыс жасау барысында сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін өмірмен байланыстырады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Реактив, сынауық, кәрлен табақша, спиртшам, электр қыздырғыш, қышқылдар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сынауықты қыздыру, қышқылдарды сұйылту, спиртшамды үрлеп сөндірмеу.

Құндылықтарды дамыту

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика,

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видеокөрсетілім

Бастапқы білім

  • Жаратылыстану: Тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін біледі (6.3.3.2)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы




Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп алу.

«Көңіл күй аралы» атты тренинг өткізу


Оқушылар тандаған аралдарын суретке тусіріп. мұғалімге жібереді.


Презентациядан оқушылар өздерінің көңіл күйіне байланысты аралды тандайды.

Сабақтың ортасы












5 минут

















































































«Суреттер сөйлейді». Суретке қарап сабақтың тақырыбын анықтау

Суретте не бейнеленген? Сұраққа жауап беру арқылы жаңа тақырыпқа қатысты мәлімет аламыз және тақырыпты табамыз.

Picture 4


Оқушылардың жауабын тыңдап. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

«Реактив» ұғымы химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды. Реактив органик. және органик. емес деп те бөлінеді. Барлық Реактивтердің саны 60 мыңнан асады. Олар улы, оңай буланғыш, отқа қауіпті, қопарылғыш, тұрақсыз, т.б. болып келеді. Реактивтердің түрлері мен қолдану ережелері ыдыс сыртындағы жапсырма қағаздарда, катологтарда көрсетіледі»,-деп жаздырамын.

Химиялық реактивтермен жұмыс істегенде қ.т.е.-н қатаң сақтау керек. Негізгі ережелері:

  1. Химиялық кабинеттер мен лабараторияда тәжірибелер мұғалім немесе лаборанттың бас шылығымен жүргізілуі тиіс.

  2. Жұмысты бастамас бұрын пайдаланылатын реактивтердің қасиеттерімен, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерімен танысып, жұмыстың жүргізілу ретін білуге тиіссіңдер.

  3. Зертханалық жұмыс үстінде бір орыннан екінші орынға мұғалімнің рұқсатынсыз баруға, бір-біріне қандай да бір заттарды

лақтыруға, дауыс көтеруге болмайды.

  1. Ерітінділерді бір-біріне мақсатсыз құюға немесе заттардың қасиеттерін өз беттерімен сынап көруге тыйым салынады.

  2. Жұмысқа тек қана құрғақ, бүтін, таза ыдыс пайдалану қажет.

  3. Заттардың дәмін татуға және химиялық лабораторияда тамақ ішуге тыйым салынады.

  4. Тәжірибеге арналған заттарды немесе құралдарды өздеріңмен бірге алып кетуге болмайды.

  5. Ұшқыш заттардың иісін анықтау үшін ыдысты бірден мұрынға тақауға болмайды. Себебі, кейбір заттардың булары мен улы газдары тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті танып-білу үшін ыдыстың ауызынан мұрынға қарай желпу керек. Ыдыстарға немесе Химиялық кабинеттер мен лабараторияда тәжірибелер мұғалім немесе лаборанттың бас шылығымен жүргізілуі тиіс.

  6. Жұмысты бастамас бұрын пайдаланылатын реактивтердің қасиеттерімен, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерімен танысып, жұмыстың жүргізілу ретін білуге тиіссіңдер.

  7. Зертханалық жұмыс үстінде бір орыннан екінші орынға мұғалімнің рұқсатынсыз баруға, бір-біріне қандай да бір заттарды

лақтыруға, дауыс көтеруге болмайды.

  1. Ерітінділерді бір-біріне мақсатсыз құюға немесе заттардың қасиеттерін өз беттерімен сынап көруге тыйым салынады.

  2. Жұмысқа тек қана құрғақ, бүтін, таза ыдыс пайдалану қажет.

  3. Заттардың дәмін татуға және химиялық лабораторияда тамақ ішуге тыйым салынады.

  4. Тәжірибеге арналған заттарды немесе құралдарды өздеріңмен бірге алып кетуге болмайды.

  5. Ұшқыш заттардың иісін анықтау үшін ыдысты бірден мұрынға тақауға болмайды. Себебі, кейбір заттардың булары мен улы газдары тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті танып-білу үшін ыдыстың ауызынан мұрынға қарай желпу керек.


«Bilimland» сайтынан тақырыпқа байланысты видео көру

Видеоның астындағы тапсырманы орындату.

ҚБ «Мадақтама»

2- тапсырма. «Quizlet» приложениясы арқылы тест жұмыс.

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»

3- тапсырма. «Кім жылдам» әдісі

Химия кабинетіндегі жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін толықтырыңыз.

А. Химиялық экспериментті жүргізу алдында _____________________________

B. Егер реактивтің әсерінен күйіп қалсаң _________________________________

C. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан ___________________________

D. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе ______________________________


Бағалау критериі

Дескриптор

Баға

• Химия лабораториясында және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін айтады

Химия кабинетінде және химия лабораториясында жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша сөйлемді ары қарай толықтырып дәлелмен жаза алады.

3 ұпай

Химия кабинетінде және химия лабораториясында жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша сөйлемді ары қарай толықтырып жаза алады.

2 ұпай

Химия кабинетінде және химия лабораториясында жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша сөйлемді ары қарай жаза алады.

1 ұпай



№1 сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысты оқушыларға WhatsApp желісі арқылы жіберіп, жауаптарын тексеріп кері байланыс беремін.

Picture 73


































Оқулық
















Сұрақтарға жауап














Picture 12













Word форматында


Сабақтың соңы

Рефлексия






























































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
41 ұстаз жүктеп алған
11 тамыз
2463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі