400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химия пәнінен 7сыныпқа арналған өзіндік жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
7сыныпка химия пәніне арналған өзіндік жұмыстары, формативті бағалаудың орнына пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

№167 ЖББМ химия пәні мұғалім

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр

Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 27

Сабақтың тақырыбы: §18. Адам оранизміндегі химиялық элементтер

Мақсаты: 7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу

  1. Қысқаша тезисті конспект. Адам ағзасындағы химиялық элементтер – адам өміріне қажетті процестерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.

Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот

15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және майлардың, ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында болады. Көп мөлшерде майлар бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында жиналады. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65-70%-ы су болып келеді. Су – маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 90% – дан 95,5% – ға дейінгі аралығын құрайды.

Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда көп мөлшерде болады. Мысалы, мырыш –қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс эмалінде, мышьяк, алюминий,  ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, стронций – қуық безінде, қалайы  ішек ұлпаларында, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда кездеседі. Сонымен қатар микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.

Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар – улы болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама процестерге қатысады.

1-тапсырма. «Құпия сурет» әдісі. Суретті пайдаланып, адам организміндегі химиялық элементтердің маңызын сипаттап жазады. (5-7 минут)






  1. Оқулық, 7 100-104-беттер, https://www.youtube.com/watch?v=cHT8pHx1DnI

(2,5 минут)

  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар

2-тапсырма. Алған білімдеріңізді пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыздар:

Макро-, микроэлементтердің атқаратын қызметі, жетіспеген жағдайдағы сыртқы белгілерін жазыңдар: (2-3 минут)

Макро және микро элементтер

Атқаратын қызметі

Жетіспеген жағдайдағы сыртқы белгілері










3-тапсырма. (4-5 минут)

Қоректік заттар

Қандай элементтерден құралған?

Адам ағзасында болу керек, %

Нәруыздар



Майлар



Көмірсулар



Дәрумендер, минералдар



  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.











Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

№167 ЖББМ химия пәні мұғалім

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр


Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 28

Сабақтың тақырыбы: §18. Адам оранизміндегі химиялық элементтер (таблицамен жұмыс) № 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

1. Мақсаты: 7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу.

2. Қысқаша тезисті конспект

BilimLand сайты “Тағам құрамындағы қоректік заттар” ролик көру арқылы

20-кестені талдау . (3 минут)

  1. Оқулық 7-сынып 104-105 беттер

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Шемішке, жер жаңғақ немесе Грек жаңғағының қабығын аршып, дәннін ақ қағазға мұқият орап стол үстіне қойыңыз. Сыртынын қасықпен қаттырақ басып

0,5-1 минуттай езіңіз. Қағазды абайлап ашып6 байқалған құбылысты дәптеріңізге жазып алыңыз. (5 минут)

2-тапсырма. BilimLand сайтынан алған, тәжірибеден көрген біліміңді пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыз: (3 минут)

Қоректік заттар

Анықтау әдісі

Не байқадыңыз?

Майлар




Йод ерітіндісі





Нәруыздар


Сары түсті қатты зат көрдім


3-тапсырма. Қандай тамақта күнделікті рационға қажетті қоректік заттар барын анықтап, дұрыс жауабыңызды «+» таңбасымен белгілеңіз. (2 минут)


Тамақтың түрлері

Су

Көмірсу

Ақуыз

Май

Дәрумендер

Минералдар

Сүт

Нан, жарма, ұн тағамдары








Ет, балық, тауық, жұмыртқа








Көкөністер мен жемістер








Өсімдік және мал майы








Ірімшік, қаймақ, айран, иогурт т.б








  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.



Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

№167 ЖББМ химия пәні мұғалім

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр


Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 29

Сабақтың тақырыбы: §19. Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу» №7 БЖБ

  1. Мақсаты: 7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;

        1. -тыныс алу үдерісін түсіндіру.

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). Тыныс алу дегеніміз – организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны организмнің түрлі қызметтерін іске асыруға жұмсайтын және денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығару процесі.

Тыныс алғанда ағза мен сыртқы орта арасында газ алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен қамтамасыз ету және оны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару кезінде қан айналым жүйесі ағзаның барлық мүшелеріне оттегін тасымалдайды.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс рет алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады. (3 минут)


  1. Оқулық 7-сынып 107-109 беттер, https://www.youtube.com/watch?v=YIhAyQo9fRM видеоүзінді (2-3 минут)

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тәжірибе. Қажетті құралдар: секундомер.

Ауыз-мұрындарыңды жауып, қанша уақыт шыдай алатындарыңызды бақылаңыздар. (Оқушылар ауыз, мұрнын жауып тұрады) (1 минут)


1-тапсырма. Тәжірибе барысында ағзаңызда алмасқан газдарды анықтап, кестені толтырыңыз:

Ағзаға енген газдар



Ағзадан өзгеріссіз шыққан газдар


Газалмасу процесінде түзілген газ


(2 минут)


2-тапсырма: Тыныс алу процесіне сәйкес жауаптарды анықтаңыз: (4-5 минут)

  1. Тыныс алу кезінде қоректік қаттар қарапайым заттарға ыдырап, су, көмірқышқыл газы түзіледі және энергия босап шығады ;

  2. Оттек организмнен еш өзгеріссіз қайта шығады;

  3. Тыныс алуғы ауыз қатыспайды;

  4. Тыныс алу кезінде су мен көмірқышқыл газы энергияны өзіне сіңіріп, қоректік заттар пайда болады;

  5. Тыныс алу барысында оттек реакцияға түседі және бұл процесс тотығу деп аталады;

  6. Тыныс алуға ауыз, мұрын қуыстарындағы барлық тыныс алу органдары қатысады;

  7. Тыныс алу процеcі кезінде энергия бөлінеді;

  8. Тыныс алу процесі кезінде энергия сіңіріледі;

2-тәжірибе. Қажетті құралдар: айна. Айнаны қолдарына алып оған дем алыңдар. Қандай өзгеріс байқалды? Айнаның беті не себепті буланды? Қорытындыны дәптерлеріңізге жазыңыздар. (2-3 минут)

  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
































Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

№167 ЖББМ химия пәні мұғалім

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр


Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 30

Сабақтың тақырыбы: §20. Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар.

  1. Мақсаты: 7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар

барын түсіну


  1. Қысқаша тезисті конспект (3 минут)

Жер қыртысы – тау жынысынан тұратын жердің сыртқы қатты қабығы. Бүгінгі таңда шамамен жердің 15-20 км тереңдігі зерттелген. Жер қыртысында элементтер химиялық қосылыстар құрамында әртүрлі тереңдікте кездеседі. Пайдалы қазбалар, минералдар, тау жыныстары құрамында іс жүзінде Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің барлығына жуық элементтері кездеседі.

Тау жыныстары – жердің ішкі және сыртқы геологиялық процестері негізінде түзілген, жер қыртысын құрайтын заттар. Тау жыныстары орналасу тереңдігене, құрамы мен қасиеттеріне байланысты магмалық, шөгінді және метаморфоздық болып үшке бөлінеді. Әртүрлі тау жыныстарында әртүрлі минералдар кездеседі.

Минералдар – белгілі бір химиялық құрамы бар, кристалды құрылымы, химиялық, физикалық қасиеттер арқылы сипатталатын табиғи қатты заттар.


Гипс Ортоклаз Флюорти Апатит Алтын

Кварц Корунд Алмаз Топаз Күкірт

  1. Оқулық-7 112-114 беттер, BilimLаnd сайты «Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар» видеоүзінді

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар


1-тапсырма. Сызықшалардың орнына тиісті сөздерді қойып, минерал түрі туралы тұжырымды қорытыңыз. (1-2 минут)

Құрамында бір ғана ____________________ болатын минералдарды __________ ___________________ деп атаймыз. Мысалы: алмаз, __________, алтын, __________ .





2-тапсырма. Тау жыныстарын жіктеп, олардың әрқайсысына тән минералдарды анықтаңыздар: (3-5 минут)

Shape3 Shape2 Shape1 Тау жыныстары


Shape4 Shape5 Shape6

Магмалық



Shape9 Shape7 Shape8

Shape10 Shape11 Shape12




  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.





































Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

№167 ЖББМ химия пәні мұғалім

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр


Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 31

Сабақтың тақырыбы: §21. Кен және металдарды алу.

  1. Мақсаты: 7.4.2.2 -кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;

          1. -металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау.

  1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). (3 минут)

Кен – жер қабығындағы бір минералдан немесе әртүрлі минералдар қоспасынан тұратын, пайдалы қазбалардың ерекше табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мысалы: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, Қаратау фосфор кені, Жезқазған түсті металдар кені тағы басқалар).

Кеннен әртүрлі металдарды технологиялық жолдармен бөліп алу металлургия деп аталады. Демек, металдар (алтын, күміс және платинадан басқасы) табиғатта бос күйінде кездеспейді, олар белгілі бір кеннің құрамында ғана болады. Кеннен бөліп алған металдардан бағалы құймалар алады. Мысалы: шойын, болат, қола т.б. Кейбір металдар таза күйінде электр тогін өндіру, лабораторияларда, медициналық аспаптар жасауда, электрондық технологияда қолданылады.


Боксит Галит Гематит Магнетит Пирит Малахит

(алюминий кені) (ас тұзы кені) (темір кені) (темір кені) (темір кені) (мыс кені)


Апатит Қоңыр көмір Қара көмір Мұнай Табиғи газ Сильвинит

(фосфор кені) (көмір кені) (көмір кені) (мұнай кені) (табиғи ғаз) (натрий, калий)


  1. Оқулық-7-сынып 116-119 беттер, BilimLnd сайты «Кен және оның құрамы» (1-2 минут)

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Төменде берілген қосылыстарды металдар, құймалар және кендерге жіктеп жазыңыздар: боксит, темір, мұнай, натрий, шойын, мыс, апатит, болат, қола, калий, галит, сильвинит, титан, малахит, магнетит, алюминий, пирит, көмір.

(2-3 минут)

Металдар

Құймалар

Кендер

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

2-тапсырма. Кеннен металдарды бөліп алу күрделі технологиялық процесс. Ол бірнеше сатыдан тұрады. Металды алу кезінде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Кеннен металдарды бөліп алу металлургия деп аталады. Металды кеннен бөліп алу сатыларын атаңыз: (2-3 минут)

  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.









































Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

№167 ЖББМ химия пәні мұғалім

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр


Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 32

Сабақтың тақырыбы: §22. Қазақстанның пайдалы қазбалары №8 БЖБ

  1. Мақсаты: 7.4.2.4 -Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен

бай екендігін және олардың кен орындарын білу

  1. Қысқаша тезисті конспект. Қазақстан мемлекеті пайдалы қазбаларға өте бай. Қазақстан пайдалы қазбалар картасында Д.И.Менделеевтің кестесіндегі барлық химиялық элемент кездеседі.

  1. Оқулық 7-сынып 120-124 беттер, https://www.youtube.com/watch?v=Sa2EtUcy68Q видеоүзінді (5-6 минут)

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма.

Төменде берілген металдарды оларды өндіретін пайдалы қазбалардымен сәйкестендіріңіз: (3 минут)

Темір



Пайдалы қазбалар

Мұнай

Никель

Полиметалл

Мыс


Жанғыш пайдалы қазбалар

Көмір

Асбест

Ас тұзы

Табиғи газ

Кенсіз пайдалы қазбалар

Жанғыш тақтатас

Алтын

Марганец


  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Әзірлеген: Сулейменова А.Д.

№167 ЖББМ химия пәні мұғалім

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр


Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 34

Сабақтың тақырыбы: §23. Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

  1. Мақсаты: 7.4.2.4 -Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен

бай екендігін және олардың кен орындарын білу

  1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).



  1. Оқулық 7- сынып 124-128 беттер, BilimLand сайты “Антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның бүлінуі” видеоүзінді (3-4минут)


  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Жоғарыда берілген Қазақстанның қазба байлықтары картасын пайдалнып, үштен кем емес экологиялық апатты аймақты, оның пайда болыу себептерін анықтаңыз және оларды болдырмау жолдарын ұсынып, кестені толтырыңыздар. (5минут)

Экологиялық апатты аймақтар

Апаттың пайда болу себептері

Оны жою жолдары

















2-тапсырма. Сарқылмайтын ресурстарға әлемдік мұхит сулары, атмосфералық ауа, жел энергиясы және күн сәулесі жататынын білесіздер. Осы ресурстарды халықшаруа-шылығының салаларына пайдалану бағыттарын ұсыныңыз. (3 минут)

  1. Әлемдік мұхит сулары –



  1. Атмосфералық ауа –




  1. Жел энергиясы –



  1. Күн сәулесі –



  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1269
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі