Химия пәнінен анықтама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химия пәнінен анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес химия пәнінен анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жоббм 2023-2024 оқу жылындағы химия пәні бойынша 7 сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша берілу жағдайына зерделеу туралы анықтама

Зерделеу мақсаты:  7 сыныптарда химия пәндерінің жаңартылған білім мазмұны бойынша берілу жағдайын зерделеу.
Зерделеу мерзімі: 2023жылғы , 13.11.23-25.11.23

Зерделеу нәтижелері:
Зерделеу кезінде мұғалімдердің ( Мұстафина Г.Қ; Ищанова А.Е) күнтізбелік тақырыпқа сай сабақ жоспарланған. Зерделеу барысында Мұстафина Гүлжанат Қалқаманқызының 2 сабағына; Ищанова Арайлым Есенқызының 2 сабағына қатыстым. Белгілі себептерге байланысты Мэльс А мен Қайдаров Е. Е. сабағына қатыса алмадым.

15.11.2023 жылы 7ж сыныбына; 17.11.2023 жылы 7 б сыныптарының химия сабағына қатыстым ( пән мұғалімі: Мұстафина Г.Г). Сабақтың тақырыбы: « Химиялық элементтер және оның таңбалары»; «Жәй және күрделі заттар». Екі сыныптың оқушылары белсенді, сабақ барысында жаңартылған білім мазмұнына сай сабақ жасақталған. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында қызықты ойындар, интерактивті тәсілдер пайданылды. «Колесо», «Word wall», «Кім жылдам» ойындары арқылы cабақты қызықтыра білді. Сынып оқушыларымен пән мұғалімі арасында шығармашылық орта қалыптасқан. 7 «ж» сыныбы өте белсенді.Күнделікті сабақ жоспары оқу бағдарламасына сәйкес, әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған, жаңартылған білім мазмұнының элементтері қамтылған. Химиялық ойлау дағдыларын қалыптастыруда, химиялық тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыруда, мұғалімнің жұмыстанғаны көрініп тұр. Сынып оқушыларын түгел қамтыды, сыныпта ерекше білімді қажет ететін бала жоқ.

Гүлжанат Қалқаманқызы сабақ барысында оқытумен қатар, тәрбиенің 3 тұғырында орынды пайдаланып отырды. Жалпы екі сыныпта белсенді . Оқушлардың химияға деген қызығушылығы жоғары.

16.11.2023 жылында пән мұғалімі А.Ищанованың 7 «е» және 7 «д» (14.11.2023ж) сыныптарындағы ,«Жәй және күрделі заттар» тақырыбындағы сабақтарға қатыстым. 7 «е» сынып оқушылары гиперактивті, мұғалім сабақты интерактивті тақтаны пайдалану арқылы «Баскетбол» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады. Сыныпта өте белсенді оқушылар бар. Арайлым Есенқызы сабақты жаңартылған білім бағдарламасына сай сабақ жоспарын әзірлеп әкелген. Сабақта өте көп оқытудың белсенді формаларын пайдаланды. «Iearning apps”, «Educaplay», «Тарсия» белсенді оқыту платформаларын ұтымды пайдаланды. Жалпы Арайлым Есенқызы сабақ барысында жаңартылған білім мазмұнының элементтрін орынды пайдалана білді. Сабақ күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай өткізілді. Сабақ барысында сынып оқушыларын мадақтау, мақтау аз болды. Екі сыныпта ерекше білімді қажет ететін оқушы жоқ.

Зерделеу нәтижелері бойынша қорытындылар:
1. Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған.
2. Негізінен мұғалімдер (Г.Қ.Мұстафина, А.Е.Ищанова) сабақ барысында интерактивті әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып , сабақты қызықтыра білді.
3. Г.Қ. Мұстафинаның біліктілік дәрежесі жоғары, А.Е. Ищанованың ақпараттық технология әдіс тәсілдерін пайдалану құзыреттілігі жоғары екендігі байқалды,мұғалімдердің сыныппен қарым-қатынасы , химиялық ойлау дағдыларын қалыптастыруда өте белсенді әрекет ететіндігі көрінеді.

4. Бағалау , мадақтау, мақтау аз болды.
Ұсыныстар:
1. Сабақ барысында сынып оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнатуды жандандыру.( А.Е.Ищанова)
2. Бағалау, мадақтау, қолдау немесе кері байланыс , рефлексия әдістерін орынды пайдалану.
3. Химия пәнінің сарапшы- мұғалімі Г.Қ.Мұстафинаның біліктілігін және А.Е.Ищанованың ақпараттық технология құзыреттілігін мектепішілік жас мамандарына тарату.





Зерделеуді жүргізген:  химия пәнінің жоғары санатты, педагог-зерттеуші мұғалімі Канатова А.Б







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2024
1880
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі