Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытатын тапсырмалар жинағы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытатын тапсырмалар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жинақ «Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар» білім беру бағдарламасымен өткен курс аясында жасалып, басылып шығарылды. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері: 1) Қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттардың негізгі ережелерін және қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін қарастыру; 2) Химияны оқыту әдістерін, stem-оқыту, проблемалық, интегративтік, жобалық оқыту, кейс-технологиялар іспетті жаратылыстану-ғылыми білім берудің даму тенденцияларын пайдалана отырып, заманауи білім беру технологияларын меңгеру; 3) Қазіргі заманғы оқыту процесінде оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің оңтайлы ақпараттық-коммуникация- лық технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын қолдану бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру; 4) Өз кәсіби құзыреттерінің даму деңгейін талдау және одан әрі кәсіби өсу бағыттарын анықтау. Осы міндеттер аясында, тыңдаушылар жаңа білімдерді, веб- сайттармен жұмыс жасауды меңгерді, өз тәжірибелерін қолданды, әріптестерм
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1


Graphic 4
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ




ХИМИЯ ПӘНІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТАТЫН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ

(9 сынып)










Алматы

2025

ӘОЖ КБЖ Х



Пікір жазған

Ракишева Анар Ерубаевна




















Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытатын тапсырмалар жинағы (9 сынып). – Алматы: Дарын, 2025. – 88 б.

ISBN


Бұл жинақ функционалды сауаттылықты дамытуға арналған мәнмәтіні бар сұрақтар мен сандық есептерді шешуге берілген тапсырмалардан тұрады.

Жинақ химия пәнінен сабақ беретін мектеп мұғалімдеріне арналған.


ӘОЖ КБЖ

Textbox 6

2

ISBN © Дарын баспасы, 2025

Graphic 7

Рецензия

Бұл жинақ «Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар» білім беру бағдарламасымен өткен курс аясында жасалып, басылып шығарылды.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері: 1) Қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттардың негізгі ережелерін және қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін қарастыру;

  1. Химияны оқыту әдістерін, stem-оқыту, проблемалық, интегративтік, жобалық оқыту, кейс-технологиялар іспетті жаратылыстану-ғылыми білім берудің даму тенденцияларын пайдалана отырып, заманауи білім беру технологияларын меңгеру;

  2. Қазіргі заманғы оқыту процесінде оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің оңтайлы ақпараттық-коммуникация- лық технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын қолдану бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру;

  3. Өз кәсіби құзыреттерінің даму деңгейін талдау және одан әрі кәсіби өсу бағыттарын анықтау.

Осы міндеттер аясында, тыңдаушылар жаңа білімдерді, веб- сайттармен жұмыс жасауды меңгерді, өз тәжірибелерін қолданды, әріптестермен бөлісті.

Меңгерілген білімдері аясында, өз тәжірибелерін бөлісу мақсатында курстың әрбір тыңдаушысы осы жинаққа арнап бірнеше тапсырмалар әзірледі.

Әр тапсырма мәнмәтін түрінде беріліп, оған сұрақтар мен есептер құрастырылды. Бұл тапсырмалар функционалды сауаттылықты дамытуға бағытталған.

Курс тренері: Ракишева Анар Ерубаевна

Электролиттік диссоциациялану теориясы


Жұпарбекова Аяжан Жасұланқызы

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Өмірзақ орта мектебі


Оқу мақсаты: 9.4.1.3 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;

Мәтін:

Заттар суда ерігенде немесе балқығанда әртүрлі қасиет көрсетеді. Кейбір заттардың ерітінділері электр тогын өткізеді, ал кейбіреулері өткізбейді. Мысалы, ас тұзы (NaCl) суда ерігенде ток өткізеді, ал қант (CH₁₂O) ерігенде өткізбейді. Осы құбылысты түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын ұсынды.

Күнделікті өмірде бұл теорияны жиі кездестіреміз: ас тұзы тағамға дәм береді және ағзадағы сұйықтық алмасуға қатысады; газдалған сусын қышқыл дәмін қышқылдардың диссоциациясынан алады; аккумулятордағы күкірт қышқылы иондарға ыдырап, электр энергиясын сақтауға мүмкіндік береді.


  1. тапсырма. Дұрыс/бұрыс тұжырымдарды белгіле (әр дұрыс жауап – 0,5 б).

а) Ас тұзы ерігенде молекула күйінде қалады.

ә) Электролиттердің ерітіндіде ток өткізу себебі – иондардың болуы.

б) Бейэлектролиттер – суда ерігенде иондарға ыдырайтын заттар.

в) Электролиттік диссоциация процесі кейде қайтымды болуы мүмкін.

Сілтеме: https://create.kahoot.it/details/f6865214-acb6-4308- a627-8c8ac4aff9d2

Дескриптор:

  • Ас тұзы молекула күйінде қалады деген тұжырымды "бұрыс" деп белгілейді (0,5 б)

  • Электролиттердің ток өткізу себебін дұрыс анықтайды (0,5б)

  • Бейэлектролиттердің ион түзбейтінін ажыратады (0,5 б)

  • Диссоциация процесінің қайтымды екенін дұрыс белгілейді (0,5 б)

  1. тапсырма. Сәйкестендір (әр дұрыс жауап 0,5 б).


Зат

Электролит пе?

Себебі

NaCl

...

...

Қант

...

...

HCl

...

...

Спирт (CHOH)

...

...


Дескриптор:

  • NaCl электролит (ион түзеді) деп дұрыс сәйкестендіреді (0,25 б)

  • Қант бейэлектролит деп дұрыс сәйкестендіреді (0,25 б)

  • HCl электролит деп дұрыс сәйкестендіреді (0,25 б)

  • Спирт → бейэлектролит деп дұрыс сәйкестендіреді (0,25 б)


  1. тапсырма. Қысқа жауап (1 балл).

Неге газдалған сусын қышқылдау дәм береді?

Дескриптор:

  • Газдалған сусын құрамында HCO бар екенін айтады (0,5б)

  • Қышқыл дәмнің себебін сутек ионының (H) түзілуімен байланыстырады (0,5 б)

  1. тапсырма. Шығармашылық сұрақ (1 балл).

«Егер электролиттік диссоциация болмаса, біздің өмірімізде не өзгерер еді?» – деп 2 сөйлем жазыңыз.

Дескриптор:

  • Электролиттік диссоциация болмаған жағдайда өмірдегі өзгерістерді сипаттайды (0,5 б)

  • Жауабында шығармашылық ой қосады, мысалы, "көлік жүрмес еді, тағам дәмсіз болар еді" (0,5 б)

Диссоциациялану дәрежесі.

Күшті және әлсіз электролиттер


Ережепбаева Раиса Жайгалиевна

Алматы облысы Қарасай ауданы

«Шалқар орта мектебі» КММ

Оқу мақсаты: 9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу


Мәтін

Электролиттер – суда еріген кезде иондарға ыдырайтын заттар. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады. Электролиттер диссоциация дәрежесіне қарай күшті, орташа, және әлсіз электролиттер болып бөлінеді. Күшті электролиттер – суда толық дерлік иондарға ыдырайды. Мысалы, ас тұзы (NaCl) суда ерігенде толық натрий (Na) және хлорид (Cl) иондарына бөлінеді. Бұл қасиет электр тогын жақсы өткізуіне себеп болады. Сондықтан ас тұзы ерітіндісі медицинада тұзды ерітінді ретінде қолданылады – ағзадағы сұйықтықты қалпына келтіру үшін. Орташа және әлсіз электролиттерге мысал ретінде сірке қышқылын (CHCOOH) алуға болады. Ол суда толық диссоциацияланбайды, яғни ерітіндіде иондармен бірге бейтарап молекулалар да болады. Бұл оның электр тогын нашар өткізуіне әкеледі. Дегенмен, әлсіз электролиттер тұрмыста кеңінен қолданылады – мысалы, сірке суы дезинфекциялаушы және тағамдық қоспа ретінде. Электролиттердің диссоциация дәрежесін түсіну – функционалдық сауаттылықтың бір көрінісі. Мысалы, спортпен шұғылданған кезде термен бірге ағзадан электролиттер (натрий, калий, магний) шығады. Егер бұл заттар қайта толтырылмаса, ағзадағы иондық тепе-теңдік бұзылып, бұлшықеттер құрысып, әлсіздік пайда болады. Сондықтан спорттан кейін электролиттік сусындар ішу – денсаулыққа пайдалы әдет. Сондай-ақ, электролиттік

қасиеттерді түсіну тұрмыстағы қауіпсіздікке де көмектеседі. Мысалы, қолыңыз суланып тұрғанда электр құрылғысына тигенде ток соғуы мүмкін, себебі сулы тері иондар өткізетін орта болып табылады.


1-тапсырма:

Салыстыру кестесін толтырыңыз



Белгісі

Күшті электролит

Әлсіз электролит

Диссоциация дәрежесі



Ток өткізгіштік қасиеті



Мысал




  1. тапсырма

    1. Адам спортпен айналысқанда электролиттердің маңызы қандай?

    2. Электр құрылғысымен жұмыс істеу кезінде қолдың сулы болуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз.

    3. "Электролиттердің адам өміріндегі рөлі" тақырыбында шағын пікір (5–7 сөйлем) жазыңыз.

    4. Егер сірке суын көп мөлшерде тұтынса, бұл ағзадағы электролиттік тепе-теңдікке қалай әсер етуі мүмкін?

Дескриптор:

Электролит түрлерін (күшті, әлсіз, орташа) ажыратып, мысал келтіреді (2б)

Электр тогының өтуіне сулы ортаның әсерін түсіндіреді (1б) Берілген тақырып бойынша логикалық құрылымы бар,

қысқаша пікір жаза алады (1б)

Электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы туралы ой жүгіртіп, дәлел келтіреді (1б)

Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері


Абдрасулова Гульчихра Абушовна

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,

«М.Таипов атындағы орта мектеп» КММ


Oқy мaқсaты: 9.3.4.2 қышқылдар және негіздер,орта тұздар- дың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау


Мәтін

Біздің күнделікті өмірімізде қышқылдар, негіздер және тұздар үлкен рөл атқарады. Мысалы, асқазан сөлінде тұз қышқылы (HCl) болады. Ол тағамның қорытылуына көмектеседі. Бірақ кейде асқазан қышқылы артық бөлінсе, адам қыжыл сезінеді. Мұндай жағдайда дәрігерлер ас содасын (NaHCO) қолдануды ұсынады, өйткені ол қышқылды бейтараптайды.Ауыл шаруашылығында да қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін қолданады. Егер топырақ қышқылды болса, оған әк (CaO немесе Ca(OH)) қосады. Бұл әрекет топырақтың қышқылдығын азайтып, өнімнің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Тұздардың да маңызы зор. Мысалы, қарапайым ас тұзы (NaCl) – тағамның дәмін келтіреді, әрі ағзадағы су-тұз теңгерімін реттейді. Ал

«Регидрон» сияқты дәрілерде NaCl және KCl тұздары бар, олар сусызданған кезде ағзаны қалпына келтіреді. Өнеркәсіпте күкірт қышқылы (HSO) аккумуляторларда қолданылады, ал натрий гидроксиді (NaOH) сабын мен тұрмыстық химия заттарын жасауға қажет. Осылайша, қышқылдар, негіздер және тұздардың химиялық қасиеттерін тек тәжірибеде ғана емес, сонымен бірге өмірде де байқаймыз. Бұл олардың маңызын түсініп, дұрыс қолдана білудің қаншалықты қажет екенін көрсетеді.

  1. тапсырма. Асқазандағы артық қышқылды бейтараптандыру реакциясын теңдеумен көрсетіңіз.

Дескриптор:

      • HCl (асқазан қышқылы) мен NaHCO (ас содасы) әрекеттесетінін анықтайды – 1 балл

      • Реакция теңдеуін дұрыс жазады: HCl + NaHCO NaCl +

HO + CO↑ – 1 балл


  1. тапсырма. Топырақ қышқылдығын азайту үшін әк қосылғанда қандай химиялық реакция жүреді?

Дескриптор:

      • Қышқыл мен негіздің бейтараптану реакциясын жазады:

HSO + Ca(OH) → CaSO + 2HO – 1 балл


  1. тапсырма. Өзіңіздің өміріңізден қышқылдар, негіздер немесе тұздардың қолданылуына мысал келтіріңіз.

Дескриптор:

      • Өмірлік тәжірибеден мысал келтіреді (мысалы, ас тұзы – тағамда, сірке қышқылы – консервілеуде, сода – тазалауда) – 1 балл

Катиондарға сапалық реакциялар


Жұмабай Сәуле Мұхамбетжанқызы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«Жаңашаруа орта мектебі» КММ


Oқy мaқсaты: 9.4.1.8. Li, Na, K, Ca², Sr², Ba², Cu² металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау.


Мәтін

Мереке күндері аспанда түрлі түске боялған отшашуларды көрген боларсың. Бұл көрініс тек әдемілік үшін ғана емес, химия ғылымымен тығыз байланысты. Отшашуда қолданылатын түрлі металл катиондары жалынға ерекше түстер береді.

Бұл металдардың қосылыстары арнайы отшашу ұнтақтарына қосылады. Катиондарға сапалық реакция арқылы бұл элементтерді зертханалық жағдайда жалын түсі арқылы ажырата аламыз.


Тапсырма

Сен – химия өндірісінде жұмыс істейтін жас мамансың. Саған отшашуға арналған қоспа жасау тапсырылды. Қоспаға белгілі бір катионды таңдау арқылы қажетті түсті алу қажет.

  1. Берілген катиондардың жалындағы түсін сәйкестендір: https://learningapps.org/display?v=pvozqyjkc25


Катион

Жалын түсі

1

Li

A. Сары

2

Na

B. Күлгін

3

K

C. Қызыл

4

Ca²

D. Қызғылт

5

Sr²

E. Қызғылт-сары

6

Ba²

F. Жасыл-сары

7

Cu²

G. Жасыл

  1. Қай катиондар отшашуға қолдануға қауіпсіз деп ойлайсың? Неліктен?

  2. Егер жалындағы түс күлгін болса, сынауықта қай металл катионы болуы мүмкін?

Дескриптор:

    • Катиондарды жалындағы түсі бойынша дұрыс сәйкестендіреді (1б)

    • Катиондардың қасиетіне байланысты қорытынды жасайды

(1б)

    • Қауіпсіздік пен тәжірибелік қолдануға байланысты ой жазады (1б)


Аниондардың сапалық реакциялары


Қали Мөлдір Айбекқызы

Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылы

«№44 орта мектеп»кмм


Оқу мақсаты: 9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау

Мәтін.

Адам ағзасының 70%-ға жуығы судан тұрады, сондықтан күнделікті тұтынатын судың сапасы денсаулыққа тікелей әсер етеді. Дүкен сөрелерінде әртүрлі табиғи және тазартылған суларды кездестіруге болады. Мысалы, Қазақстанда кең таралған Asu, Tassay, Arzu, халықаралық бренд Bonaqua және Кавказ аймағынан келетін Боржоми сулары бар.

Бұл сулардың құрамында әртүрлі аниондар кездеседі. Аниондар – судың минералдық құрамын анықтайтын теріс зарядты иондар. Ең көп тарағандары:

  • Хлорид иондары (Cl) – ағзадағы су-электролит балансын ұстайды.

  • Сульфат иондары (SO²) – зат алмасуға және ас қорытуға әсер етеді.

  • Гидрокарбонат иондары (HCO₃⁻) асқазан сөлінің қышқылдығын реттейді.

  • Карбонат иондары (CO²) сүйек пен тістің мықтылығына әсер етеді.

  • Фосфат иондары (PO³) – энергия алмасуда маңызды рөл атқарады.

Тапсырма 1:

    • Анион дегеніміз не?

    • Мәтінде берілген 5 анионның атауын және формуласын жаз.

Тапсырма 2:

Берілген минералды сулардың құрамында төмендегідей аниондар анықталды:


Су атауы

Анықталған аниондар

Asu

Cl, SO²

Tassay

HCO₃⁻, Cl

Arzu

HCO₃⁻, PO³

Bonaqua

Cl, CO²

Боржоми

HCO₃⁻, CO², PO³


Сұрақ: Қай су түрінде коррозияға әсер ететін анион болуы мүмкін екенін көрсет (хлорид ионының мысалында) және оның адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін ата.

Тапсырма 3:

Сен ішетін судағы аниондар құрамын зерттедің делік. Талдау нәтижесі мынадай:

- HCO₃⁻ – 180 мг/л

- SO² – 40 мг/л

    • Cl 70 мг/л

Сұрақ:

  1. Бұл суды тұтыну қандай мүшелерге пайдалы болуы мүмкін, мәтіндегі мәліметке сүйеніп түсіндір.

  2. Егер суды күнделікті ішу нормасы 2 литр болса, бір күнде ағзаң қанша мг гидрокарбонат ионын алады?


Тапсырма

Бағалау критерийі

Дескриптор

Макс. балл

1

Анион анықтамасы

Теріс зарядты ион екенін және

минералдық құрамды сипаттайтынын жазады

0.5


5 анион атауы мен формуласы

Cl, SO², HCO₃⁻, CO², PO³ толық әрі дұрыс

1.0

2

Кестеден Cl бар суларды табу

Asu, Tassay, Bonaqua атауын дұрыс жазады

1.0


Cl ионының пайдасын атау

Су-электролит балансын ұстайтынын көрсетеді

0.5


3

Анион әсерін сәйкестендіру

HCO₃⁻ асқазан қышқылдығы;

SO² ас қорыту/зат алмасу; Cl

су-электролит балансы

1.0


Математикалық есеп

180 мг/л × 2 л = 360 мг HCO₃⁻ дұрыс есептелген

1.0

Жалпы



5.0


Химиялық реакциялардың жылдамдығы


Ораз Сандуғаш

Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебаев, N43 орта мектеп


Оқу мақсаты: 9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;


Химиялық реакция жылдамдығы – белгілі бір уақыт ішінде реагенттердің концентрациясының өзгеру жылдамдығы. Бұл ұғым күнделікті өмірде жиі кездеседі. Етті үлкен кесекпен пісіргенде көп уақыт кетеді, ал ұсақтап турағанда тез піседі. Себебі қатты заттың беттік ауданы артқанда реакция жылдамдығы да артады. Қант ұнтағы кесек қантқа қарағанда тез ериді, себебі бөлшектердің беттік ауданы үлкен. Ылғал мен температура жоғары болғанда темір тезірек тотығады. Таблетканы ұсақтап ерітсең, дәрі жылдам әсер етеді.Бұл құбылыстардың барлығы молекулалардың соқтығысу жиілігі мен энергиясына байланысты. Реакцияның жүруі үшін бөлшектер жеткілікті энергиямен және дұрыс бағытта соқтығысуы керек.


Жағдай:

Айгүл екі түрлі жағдайда қантты суға ерітті:

  • 1-тәжірибе: 50 г кесек қантты 20 °C-тағы 200 мл суға салды.

  • 2-тәжірибе: 50 г қант ұнтағын 40 °C-тағы 200 мл суға салды.

Айгүл қанттың толық еру уақыты мен реакция жылдамдығын салыстырғысы келеді.


Тапсырма:

  1. Қандай тәжірибеде қант тезірек ериді? Себебін үш фактор арқылы түсіндіріңіз:

    • Беттік аудан

    • Температура

    • Молекулалардың соқтығысу жиілігі мен энергиясы

  2. Егер 1-тәжірибеде қанттың толық еруіне 10 минут кетсе, 2- тәжірибеде шамамен қанша уақыт кетуі мүмкін? Негізгі факторларды ескере отырып болжам жасаңыз.

  3. Осы құбылысты химиялық реакция жылдамдығы тұрғысынан сипаттап, жалпы қорытынды жазыңыз.

Дескриптор:

  • Екі тәжірибенің айырмашылығын анықтап, дұрыс тұжырым жасайды.

  • Реакция жылдамдығына әсер ететін үш факторды дәлелмен түсіндіреді.

  • 2-тәжірибе уақыты бойынша негізделген болжам жасайды (шамамен 2–4 есе тезірек).

  • Молекулалық деңгейде қорытынды жасайды: соқтығысу жиілігі мен энергиясының рөлін атап көрсетеді.


Тотығу және тотықсыздану


Таипова Ранагуль Айсажановна

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,

«Илья Молутов (Бахтия) атындағы

3 орта мектеп» КММ


Oқy мaқсaты: 9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір- бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну

Мәтін

Айдос күн жылы кезде күнде велосипед тебуді жақсы көретін. Бірақ соңғы аптада жауын-шашын жиі жауып, ол велосипедін далада қалдырып қойған болатын. Біраз уақыт өткен соң, ол велосипедтің металл бөліктерінің қоңырланып кеткенін және бетінде тот пайда болғанын байқады.

Айдос бұл құбылысты химия сабағында өткен тотығу және тотықсыздану үдерістерімен байланыстырып түсінуге тырысты. Ол былай деп ойлады:

«Велосипедтің шынжыры мен рамасы – темірден жасалған. Жаңбыр суында еріген оттек пен ауадағы ылғал темірмен әрекеттесіп, темір тотығын (FeO•xHO) түзеді. Бұл – тотығу үдерісі. Темір атомдары электрондарын беріп, Fe² немесе Fe³ иондарына айналады, яғни тотығады. Ал судың құрамындағы оттек электрон қабылдап, тотықсызданады.»


  1. тапсырма:

а. Тотығу және тотықсыздану реакциясы дегеніміз не?

ә. Велосипедтің тот басу процесінде қандай химиялық өзгеріс жүреді?


  1. тапсырма:

Мәтінде айтылған тотығу-тотықсыздану реакция толық теңдеуін жазып, теңестіріңіз:

+ + →Fe(OH)3 а) Қай зат тотығады?

б) Қай зат тотықсызданады?

в) Бұл үдерістер неге бір уақытта жүреді?

  1. тапсырма:

Айдос велосипедін тот басудан қалай қорғай алады?

Дескриптор:

  • Тотығу мен тотықсызданудың анықтамасын біледі;

  • Тотығу мен тотықсыздану реакция теңдеуін жазады;

  • Өмірлік жағдайға байланысты нақты ұсыныс береді.

Металдарды алу


Екейбаева Айгуль Турсынбаевна

Алматы облысы. Іле ауданы, «№20 орта мектеп» МКМ


Оқу мақсаты: 9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау


Мәтін:

Қазақстан – металдарға бай мемлекет. Павлодардағы алюминий зауыты, Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинаты, Жезқазғандағы мыс өндірісі – ел экономикасына зор үлес қосады. Бірақ металдарды өндірудің өзіндік қиындықтары бар:

  • энергия көп қажет етеді,

  • экологиялық әсері бар,

  • шикізат сапасына тәуелді.


  1. Тапсырма

  1. Металдарды алудың негізгі әдістерін ата (пирометал- лургия, гидрометаллургия, электрометаллургия).

  2. «Павлодар алюминий зауыты» қандай металды өндіреді?


  1. Тапсырма

  1. Егер өндірісте 270 кг алюминий алу қажет болса, қанша кг алюминий оксидін (AlO) электролизге салу керек? (М(Al)=27 г/моль, М(AlO)=102 г/моль)

  2. Жезқазғандағы мыс өндірісі үшін кен құрамында 5% Cu бар. 2000 кг кеннен қанша мыс алуға болады?


  1. Тапсырма

  1. Қазақстанда алюминий өндірісін дамыту үшін:

    • экономикалық,

    • экологиялық,

    • әлеуметтік тұрғыдан артықшылықтары мен кемшіліктерін талда.

  2. Егер сен инженер болсаң, металды алуда энергия шығынын азайту үшін қандай ұсыныс берер едің?

Дескриптор:

  1. Металдарды алудың әдістерін атайды.

  2. Қандай металды өндіретінін біледі.

  3. Электролизге түсетін алюминий оксидінің массасын табады.

  4. Кеннен алынатын мыстың массасын табады.

  5. Алюминий өндірісін дамыту үшін өз ұсынысын айтады.

Тотығу дәрежесі


Юсупов Усен Акимович

Алматы облысы, Енбекшиказақ ауданы,

Байтерек орта мектеп


Оқу мақсаты: 9.2.2.3. тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану

Тапсырма

Автомобильдердің тот басуы – бұл тек сыртқы беттің бүлінуі ғана емес, темірдің химиялық өзгеріске ұшырауының нәтижесі. Бұл құбылыс тотығу деп аталады. Күнделікті өмірде біз тот басқан қақпаны, құбырларды немесе көлікті жиі көреміз. Неліктен мұндай өзгеріс жүреді? Тотығу процесін түсіну үшін темірдің басқа заттармен әрекеттесуі кезінде атомдардың тотығу дәрежесі қалай өзгеретінін білу қажет. Мысалы, темір оттекпен және ылғалмен жанасқанда оның тотығу дәрежесі өзгереді, нәтижесінде Fe² және Fe³ иондары түзіледі. Бұл үдеріс тек эстетикалық мәселе ғана емес, техникалық және экономикалық шығындарға да әкеледі. Сондықтан біз күнделікті өмірде тотығудың алдын алу жолдарын да қарастыруымыз керек: металл бетін бояумен жабу, арнайы қорғаныш қабаттар қолдану немесе коррозияға төзімді қоспалар пайдалану.


  1. тапсырма

- Атомдардың тотығу дәрежесін анықта: а) NaCl

ә) H2O б) СO2


  1. тапсырма

https://learningapps.org/view700078

  1. тапсырма

-Төмендегі реакцияларда тотығу және тотықсыздану жүретін элементтерді анықтап, тотығу дәрежесінің өзгеруін көрсет:

а) Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu

ә) 2FeCl2 + Cl2 = 2FeCl3 б) 2H2O = 2H2 = O2

Дескрипторлар:

  • Химиялық қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін дұрыс анықтайды (1б)

  • Берілген реакцияларда тотығатын және тотықсызданатын элементтерді анықтайды(1б)

    1. (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары


Жұмабай Сәуле Мұхамбетжанқызы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«Жаңашаруа орта мектебі» КММ

Oқy мaқсaты: 9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру;


Мәтін

Сенің ас үйіңде тұрған тұз – натрийдің қосылысы. Көптеген сабындар мен жуғыш заттардың құрамында сілтілік металдардың тұздары бар. Натрий мен калий – адам ағзасы үшін де маңызды элементтер. Олар бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысын реттейді. Ал литийдің қосылыстары кейбір батареялар мен аккумуляторларда кеңінен қолданылады, тіпті психикалық денсаулықты жақсартуға арналған дәрі-дәрмектерде де кездеседі.

Химиялық тұрғыдан, сілтілік металдар – өте белсенді, жалынға түс беретін элементтер. Мысалы:

  • Литий қызғылт-қызыл түс

  • Натрий ашық сары

  • Калий күлгін


Тапсырма:

  1. Төмендегі тұрмыстық өнімдерге қандай сілтілік металл тән екенін сәйкестендір:

    • Ас тұзы

    • Сабын

    • Аккумулятор

    • Шыны өндірісі

    • Тыңайтқыштар

  2. Осы металдардың атом құрылысын (протон, электрон саны және сыртқы қабаттағы электрон) сипатта.

  3. Сілтілік металдардың неге өте белсенді болатынын түсіндір.

  4. Егер сен болашақта экологиялық таза, қуаты жоғары және ұзақ жұмыс істейтін аккумулятор ойлап табуың керек болса, оның құрамында қандай сілтілік металды таңдар едің? Таңдауыңды түсіндір және жаңа аккумулятордың атауын, сыртқы пішінін сипатта.

    • Қай салада (телефон, көлік, ғарыш, т.б.) қолданар едің?

    • Қандай артықшылықтары бар?

    • Экологияға әсері қандай болады деп ойлайсың?

Дескриптор:

  • Тұрмыстық заттарға сәйкес сілтілік металды анықтайды;

  • Атом құрылысына талдау жасайды (период, топ, электрон

саны)

  • Белсенділікті атом құрылысы арқылы түсіндіреді

  • Таңдалған сілтілік металлдың қасиетін дұрыс сипаттайды және неге таңдағанын түсіндіреді 1 б

  • Жаңа аккумулятордың атауы, қолдану саласы мен экологиялық әсері туралы нақты, шығармашылық идея ұсынады 1 б

    1. (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары


Давлетова Азиза Амангельдиевна Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылы, Шалкар ом

Оқу мақсаты: 9.2.1.3 1 (І)- ші және 2 (ІІ)топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру


Мәтін

Ауылдық жерде қатты суды жұмсарту әдістері

Ауылдық аймақтарда кейде ауыз су құрамында кальций мен магний тұздары көп болады. Мұндай су қатты су деп аталады. Қатты суды пайдалану ыңғайсыздық тудырады: ыдыс жуғанда сабын көпірмейді, кір жуғыш машиналар мен қазандарда әк тас (накипь) жиналады, бұл тұрмыстық техниканың тез бұзылуына әкеледі.

Суды жұмсарту үшін келесі әдістер қолданылады:

Қайнату

Қайнатқанда судың құрамындағы кальций мен магнийдің кейбір тұздары тұнбаға түседі. Бұл әдіс шағын көлемдегі суды жұмсартуға тиімді.

Сүзгілер (фильтрлер) қолдану

Арнайы ионалмастырғыш сүзгілер қатты суды жұмсартады. Олар судың құрамындағы кальций мен магний иондарын натрий иондарымен алмастырады.

Химиялық әдістер

Суға сода (натрий карбонаты) немесе сөндірілген әк (кальций гидроксиді) қосу арқылы оны жұмсартуға болады. Бұл әдісті мамандардың көмегімен орындау қажет.

Арнайы су жұмсартқыш қондырғылар

Ауыл шаруашылығында немесе үлкен көлемде су қажет болғанда, су жұмсартуға арналған автоматты жүйелер қолданылады.

Қорытындылай келе, ауыз судың сапасын жақсарту – адам денсаулығы мен тұрмыс сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Сондықтан судың құрамын тексеріп, қажет болған жағдайда оны тиімді әдіспен жұмсартқан жөн.


Тапсырма:

Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: а) Қатты су дегеніміз не?

ә) Қатты судың қандай зияны бар?

б) Қай әдіс суды шағын көлемде жұмсартуға тиімді?

в) Ионалмастырғыш сүзгілер судың құрамындағы қандай иондарды қандай иондарға алмастырады?

Тапсырма:

Төмендегі кестені мәтіннің негізінде толтырыңыз:



Су жұмсарту әдісі

- Қолдану ерекшелігі

- Артықшылығы

-Кемшілігі

Қайнату

-

-

-

Ионалмастырғыш сүзгі

-

-

-


  1. Қолдану (шығармашылық және практикалық дағды) Тапсырма:

Сіз ауылда тұратын отбасыға қатты судан туындаған тұрмыстық қиындықтарды шешу үшін кеңес беріп жатырсыз.

Қай әдісті ұсынар едіңіз?

Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.


  1. Терминдермен жұмыс (лексикалық дағды) Тапсырма:

Мәтінде кездескен ғылыми терминдердің мағынасын жазыңыз: Қатты су

Ионалмастырғыш сүзгі Тұнба

Дескрипторлар

Бағалау кестесі (жалпы балл: 20)



Тапсырма атауы

-Дескрипторлар саны

- Әр дескрип- торға балл

- Жиынтық балл

1

- Мәтінді түсіну және ақпаратты табу

- 4 дескриптор

- 1 балл

- 4 балл

2

- Ақпаратты

салыстыру (кесте толтыру)

- 4 дескриптор

- 1 балл

- 4 балл

13 (ІІІ)-топ металдары.

Алюминий және оның қосылыстары


Жамбыл Мақпал Жамбылқызы Алматы облысы, Қырғауылды ауылы Қырғауылды орта мектебі


Оқу мақсаты: 9.2.1.5 атом құрылысы негізінде түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларының қолдану аймағын атау


Мәтін

Алюминий – Жер қыртысында ең көп таралған металдардың бірі. Ол табиғатта таза күйінде кездеспейді, негізінен боксит минералынан алынады.

Бұл металлдың ерекше қасиеті – өте жеңіл, бірақ мықты болуы. Мысалы, алюминийден жасалған бір литрлік банка темірден әлдеқайда жеңіл, бірақ ішіндегі сусынды ұзақ сақтай алады.

Алюминийді кейде «қанатты металл» деп атайды. Себебі ұшақтардың корпусы, зымырандар мен тіпті ғарыш кемелерінің көптеген бөліктері осы металдың құймасынан жасалады. Жеңілдігімен қатар, ол тот баспайды, себебі бетінде жұқа қорғаныш қабаты пайда болады.

Біз күнделікті өмірде алюминийді тамақ сақтайтын фольгадан, ас үй ыдыстарынан, телефон корпустарынан, терезе жақтауларынан және көліктерден кездестіреміз.

Ғалымдар тіпті болашақта алюминийді энергия сақтау үшін пайдалану мүмкіндігін зерттеп жатыр. Себебі алюминийдің жануы кезінде көп жылу бөлінеді.


  1. тапсырма: Сәйкестендіру

Алюминийдің атом құрылысы

  1. Реттік саны 13

  2. Электрондық формуласы 2e, 8e, 3e

  3. Сыртқы қабатында 3 электрон бар

  4. Металлдық элемент

Қасиеттері

    1. Қышқылдармен және сілтілермен әрекеттеседі (амфотерлік)

B. +3 тотығу дәрежесін көрсетеді

  1. Жеңіл, күміс түсті металл

  2. Иілгіш, созылғыш, электр тогын жақсы өткізеді

Дескрипторлар:

    1. Алюминийдің атом құрылысы туралы ақпаратты дұрыс анықтайды; 1 балл

    2. Электрондық формуласына сүйеніп қасиеттерін табады; 1 балл

    3. Амфотерлік қасиетті атом құрылысына байланыстырады; 1 балл

    4. Сәйкестендіруде дұрыс жауаптарды таңдайды. 1 балл


  1. тапсырма: Төмендегі құймаларды қолдану аймақтарымен сәйкестендіріңіз:

https://learningapps.org/watch?v=p803t5d7325

Textbox 14

Құйма

Қолдану аймағы

1.Дюралюминий

A. Автомобиль қозғалтқыштары

2.Силумин

B. Электроника, аспап жасау

3.Магналий

C. Авиация, көлік жасау



Дескриптор:

  1. Оқушы Дюралюминийдің қолдану аймағын дұрыс сәйкестендіреді 1балл

  2. Оқушы Силуминнің қолдану аймағын дұрыс сәйкестендіреді 1 балл

  3. Оқушы Магналийдің қолдану аймағын дұрыс сәйкестендіреді 1 балл

  1. тапсырма:

«Алюминий – болашақ материалы» атты шағын постер немесе сызба дайында:

  • Қай салада қолдануға болады?

  • Қандай қасиеті оны тиімді етеді?

  • Экологиялық және экономикалық артықшылығы қандай?

Дескриптор:

Оқушы:

☑ Алюминий қолданылатын саланы атайды 1 балл

☑ Алюминийдің тиімді қасиетін сипаттайды 1 балл

☑ Экологиялық және экономикалық пайдасын түсіндіреді 1 балл

Металдардың жалпы сипаттамасы


Жолбаева Маржан Дауренбековна Алматы облысы, Қарасай ауданы Алмалыбақ мектеп-гимназия


Оқу мақсаты: 9.1.4.1 Металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып, металдардың қасиеттерін түсіндіре алу;

Мәтін

Күнделікті тұрмыста металдар әртүрлі мақсатта қолданылады, себебі олардың физикалық және химиялық қасиеттері бірдей емес. Мысалы: Алюминийден жасалған қазандар – массасы жеңіл, жылу өткізгіштігі жоғары, әрі таттанбайды. Бұл алюминийдің бетінде пайда болатын тығыз AlO оксидтік қабықшасының әсерінен металдың әрі қарай тотығуын тежейтін пассивтену құбылысымен түсіндіріледі. Темірден жасалған күректер – қатты және механикалық тұрғыда берік, сондықтан ауыр жұмыстарға шыдамды. Дегенмен, темір ылғал мен оттектің әсерінен оңай тотығады, нәтижесінде гидратталған темір(III) оксиді – тат түзіледі.Мыс сымдар – электр тогын тамаша өткізеді, себебі мыстың кристалдық торында бос қозғалатын валенттік электрондар бар.Бұл айырмашылықтар металдардың атомдық құрылысына, электрондық конфигурация- сына және химиялық белсенділігіне байланысты. Периодтық жүйеде орналасу орны олардың тотығу-тотықсыздану қабілетін және реакцияға түсу жылдамдығын анықтайды.


  1. тапсырма:

Төменде берілген тұрмыстық заттарды тиісті металл қасиетімен сәйкестендіріңіз:



Зат

Металл

Қасиеті

Қазан



Күрек



Электр сымы



  1. тапсырма: Неліктен алюминий сымды электр беру желілерінде, ал мыс сымды электр сымдарында қолданады?

Дескриптор:

Қазан – алюминий, себебі жеңіл және таттанбайды деп жазады(1б)

Күрек – темір, себебі берік және қатты деп жазады(1б)

Электр сымы – мыс, себебі электр тогын жақсы өткізеді деп көрсетеді (1б)

Металдардың қолданылуы бойынша ұсыныс айтады (1б)

Галогендер


Ахылбекова Гүлжайна Мұхтарқызы

Алматы облысы, Іле ауданы

«№ 29 орта мектебі» МКМ


Оқу мақсаты: 9.1.4.5 галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау;

9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау


Мәтін

Сен химия пәнінен ғылыми жобаға қатысып жүрген 9-сынып оқушысысың. Жобаның тақырыбы: «Галогендер – табиғат пен техникадағы маңызы». Жобаға дайындық барысында саған мынадай тапсырма беріледі: Адам өмірінде галогендердің маңызы зор. Мысалы, фтор – тіс пастасының құрамында болады, ол тіс эмалін қатайтады. Хлор – суды залалсыздандыру үшін қолданылады, өйткені ол бактерияларды жояды. Иод – жараны тазарту үшін медицинада қолданылады. Ал бром мен күміс тұздары – фотосурет техникасында қолданылады. Галогендердің осындай қасиеттерін түсіну үшін ең алдымен олардың молекулалық құрылысы мен байланыс түрін, сондай-ақ кристалдық тор ерекшелігін білу қажет. Мысалы, фтор (F) мен хлор (Cl) молекулалары – екі атомнан құралған, полярсыз коваленттік байланысы бар заттар. Ал иод (I) молекуласы бөлме температурасында кристалл күйінде болады, оның торы – молекулалық. Ас тұзының (NaCl) торы – иондық, сондықтан ол суда жақсы ериді.


1-тапсырма. Электрондық формула

Фтор (F), хлор (Cl), иод (I) молекулаларының электрондық (Льюис) формулаларын құрастырып және байланыс типін анықтаңыздар

2 тапсырма (Сәйкестендіру)

(https://wordwall.net/ru/resource/96221663 )



Галоген

Физикалық қасиеттері

Фтор (F)

Ашық сары түсті газ

Хлор (Cl)

Сары жасыл түсті газ

Бром (Br)

Қызыл қоңыр түсті сұйықтық

Йод (I)

Күлгін қара түстіқатты зат


3 тапсырма

«Галогендер отбасының отырысы» тақырыбында ЖИ қолдана отырып комикс суретте.

Дескриптор

1 Льюис формуласын құрастыра алады, байланыс типін анықтайды 1б

2 Галогендердің физикалық қасиеттерін сипаттайды

3 Болашақ галогеннің қасиеттерін болжайды

Хлор


Таипова Ранагуль Айсажановна Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Илья Молутов (Бахтия) атындағы

3 орта мектеп


Oқy мaқсaты: 9.2.1.9 хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі


Мәтін

Көптеген тұрмыстық тазартқыштар құрамында хлор қосылыстары болады. Натрий гипохлориті (NaClO) – микробтарды жойып, дақтарды ағартуға көмектеседі. Қалалық су жүйелерінде суды ішуге жарамды ету үшін хлор қосылады. Жүзу бассейндерінде де хлор суды дезинфекциялау үшін қолданылады. Хлордан полимерлер, мысалы, поливинилхлорид (ПВХ) жасалады. Бұл материал құрылыс заттарында, тұрмыстық техникада және медицинада маңызды.


1-тапсырма.

а) Сәйкестендірініз:

Реакция

Әрекеттесу түрі

2Na + Cl 2NaCl

металмен

H + Cl 2HCl

Сутекпен

Cl + 2KI 2KCl + I

галогенидпен


Textbox 17

https://interacty.me/projects/e3a5bbba75f60745

  1. Тапсырма

Тазартқыш құрамындағы натрий гипохлоритінің концен- трациясы 5%. 1 литр тазартқышта қанша грамм NaClO бар екенін есептеңіз.

(Молярлық масса NaClO ≈ 74,5 г/моль) → Есепті шығарып, күнделікті өмірде бұл ақпарат не үшін маңызды екенін түсіндіріңіз.

  1. Салыстыру және талдау

Хлор қосылыстарының қолданылуын пайдасы және зияны

бойынша салыстыру кестесін жасаңыз.



Пайдасы

Зияны




  1. Жобалық ұсыныс

Мектеп бассейнінде суды дезинфекциялау үшін хлорлау қолданылады. Бірақ ата-аналар бұл әдістің зиянды екенін айтып отыр.


Тапсырма:

    • Хлорлаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттап,

    • Хлорға балама әдіс ұсыныңыз (мысалы, озондау, ультракүлгін сәуле және т.б.),

    • Өз ұсынысыңызды неге тиімді деп санайтыныңызды дәлелдеңіз.

Дескриптор

    • Есеп бойынша нәтиженің тұрмыстық маңызын түсіндіреді (1б)

    • Хлор қосылыстарының пайдасын жазады (1б)

    • Хлор қосылыстарының зиянын жазады (1б)

    • Өз ұсынысын дәлелдеп, неге тиімді екенін негіздейді. (1б)

Хлорсутек қышқылы


Матекеева Айнаш Ермагамбетовна

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,

«Мыңбаев аулындағы орта мектебі» КММ


Оқу мақсаты: 9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу

Мәтін

Қазіргі тұрмыста құбыр тазартқыштар кеңінен қолданылады. Олар құбырлардың бітелуін ашуға, ішіндегі май мен әктас тұнбаларын ерітуге көмектеседі. Осындай құралдардың кейбірінде тұз қышқылы (HCl) негізгі әсер етуші зат ретінде қолданылады. Құбыр тазартқыштағы HCl бар екенін қалай анықтауға болатыны және оны химиялық жолмен дәлелдеу тәсілдері қарастырылады.Құбыр тазартқыштар тұрмыста үлкен көмекші. Алайда олардың құрамындағы тұз қышқылы (HCl) – өте белсенді әрі қауіпті зат. Сондықтан оны қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Химиялық реакциялардың негізінде құбыр ішіндегі қалдықтарды тиімді тазартуға болады.


Тапсырма 1:

Төмендегі кестеде қолдану салаларын және мақсаттарын сәйкестендіріңіз. Әр қолдану саласына сәйкес келетін дұрыс нөмірді жазыңыз.


Қолдану саласы

A

Өнеркәсіп

B

Медицина

C

Тұрмыста

D

Зертханада


Қолдану мақсаты

1

Металл өңдеу, болатты тазалау, бояу мен пластмасса жасау

2

Құбырлар мен әкті тазарту, тотты кетіру

3

Асқазан сөлінде болады, дәрілік заттар құрамында

4

Реакцияларға қатысатын реагент ретінде пайдалану

Тапсырма 2: Индикаторлармен әрекеттесуі

    • Пробиркаға HCl ерітіндісін құйып, лакмус қағазын салыңыз.

    • Метилоранж және фенолфталеин тамызып, түстерін жазыңыз.

Бақылау:



лакмус

Метилоранж

фенолфталеин

HCl




Дескрипторлар:

    • қолдану саласына сәйкес келетін дұрыс нөмірді жазады.Әр дұрыс жауапқа 1б

    • тұз қышқылының индикаторларда түсін анықтайды

Тапсырма 3:

Сөйлемдерді толықтырыңыз:

Тұз қышқылы – бұл және иісті сұйықтық.

Тұз қышқылы суда және қышқыл түзеді.

HCl индикатор қағаздарын түске өзгертеді.

Бағалау дескрипторлары


Критерий

Иә / Жоқ

1

Тұз қышқылының түсін дұрыс анықтайды ("мөлдір" немесе

"түссіз")

/

2

Иісін сипаттайды ("өткір" немесе "тұншықтырғыш иісті")

/

3

Тұз қышқылы суда толық еритінін және күшті қышқыл түзетінін жазады ("толық ериді", "күшті қышқыл")

/

4

Индикатор қағазының түсін дұрыс көрсетеді ("қызыл түске өзгертеді")

/

5

Барлық сөйлемдерді қатесіз, толық әрі мағыналы толтырған

/

Күкірттің қосылыстары


Давлетова Азиза Амангельдиевна

Алматы облысы Қарасай ауданы

«Шалқар орта мектебі» КММ


Оқу мақсаты: 9.4.2.1 қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру

Мәтін

Қышқыл жаңбыр табиғат пен адам өміріне қауіп

Соңғы жылдары ауа мен су сапасының нашарлауы табиғатқа үлкен зиян келтіруде. Соның бірі – қышқыл жаңбыр құбылысы. Бұл – адамның шаруашылық әрекетінен туындайтын экологиялық мәселе. Қышқыл жаңбыр – атмосфераға бөлінген зиянды газдардың (күкірт диоксиді SO және азот оксидтері NO) бұлттардағы су буымен қосылып, күкірт және азот қышқылдарына айналуы нәтижесінде пайда болады. Бұл қышқылдар жаңбыр, қар немесе тұман түрінде жерге түседі.

Қышқыл жаңбырдың зияны көп. Ол топырақтың құрамын бұзып, өсімдіктерге зиян келтіреді, ормандар жаппай қурайды. Су қоймаларындағы тіршілік иелері қырылады. Сонымен қатар, қышқыл жауындар ескерткіштерді, ғимараттарды және техникалық құрылғыларды тез тот басуға немесе бүлінуге әкеледі. Адамдар үшін де бұл жауын түрі қауіпті: ауаның ластануы тыныс алу ауруларына себеп болуы мүмкін.

Мұндай жаңбырдың алдын алу үшін не істеу керек? Ең алдымен, өндіріс орындарынан бөлінетін зиянды газдарды тазартатын сүзгілер орнату қажет. Сондай-ақ, таза энергия көздерін (күн, жел, су) пайдалану арқылы табиғатты қорғауға болады. Бұл – әр адамның экологияға деген жауапкершілігін көрсететін маңызды әрекет.

Сұрақтар:

а) Қышқыл жаңбыр қалай пайда болады?

ә) Оның қоршаған ортаға қандай зияны бар?1б

б) Қышқыл жаңбыр адам денсаулығына қалай әсер етеді

Дескрипторлар

Оқушы:

    • қышқыл жаңбырдың пайда болу себебін дұрыс түсіндіреді;

    • қышқыл жаңбырдың табиғатқа (топырақ, өсімдік, су,

орман) тигізетін зиянын атайды;1б

    • қышқыл жаңбырдың адам денсаулығына және құрылыс нысандарына әсерін сипаттайды;1б

    • қышқыл жаңбырдың алдын алу жолдарын (сүзгілер, таза энергия көздері) ұсынады;1б

    • экологиялық жауапкершілік жайлы өз ойымен байланыстыра алады.1б

Азот. № 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі"


Айсарова Гулмира Махмутжановна

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,

«Илья Молутов (Бахтия) атындағы

3 орта мектеп» КММ

Oқy мaқсaты: 9.2.1.15 азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру


Мәтін

Қазақстанда ауыл шаруашылығы – негізгі салалардың бірі. Өнімділікті арттыру үшін азот тыңайтқыштары (аммиак селитрасы, карбамид, аммоний сульфаты) кеңінен қолданылады. Бірақ артық мөлшерде қолдану жер асты суларының ластануына, топырақтың құнарсыздануына және экологиялық мәселелерге әкелуі мүмкін.


1 тапсырма

Сүрет бойынша азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіріңіз

  1. Төменде азот айналымының негізгі кезеңдері берілген. Сәйкес сипаттамалармен оларды сәйкестендіріңіз.

Фиксация (бекіту)

    1. Нитраттардың атмосфераға бос азот түрінде шығуы.

    2. Атмосфералық азоттың өсімдіктерге сіңірілуі үшін бактериялар арқылы түрленуі.

    3. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде аммиактың түзілуі.

Аммонификация

  1. Атмосфералық азоттың өсімдіктерге сіңірілуі үшін бактериялар арқылы түрленуі.

  2. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде аммиактың түзілуі.

  3. Нитраттардың атмосфераға бос азот түрінде шығуы.

Нитрификация

  1. Аммонийдің нитритке, содан кейін нитратқа айналуы.

  2. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде аммиактың түзілуі.

  3. Атмосфералық азоттың өсімдіктерге сіңірілуі үшін бактериялар арқылы түрленуі.

Денитрификация

  1. Нитраттардың атмосфераға бос азот түрінде шығуы.

  2. Атмосфералық азоттың өсімдіктерге сіңірілуі үшін бактериялар арқылы түрленуі.

  3. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде аммиактың түзілуі.

https://wayground.com/join?gc=26623746

2 тапсырма

Егер сен агроном болсаң, тыңайтқышты тиімді әрі экологияға зиянсыз қолдану үшін қандай ұсыныс берер едің? жоба

Дескриптор

Азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіреді (1б)

Азот айналымының негізгі кезеңдерін сипаттамалармен сәйкестендіреді (1б)

Азотты тыңайтқышты тиімді әрі экологияға зиянсыз қолдану үшін ұсыныс береді (1б)

Аммиак


Әбдірахман Айсұлу Жомартқызы

Алматы облысы, Райымбек ауданы,

Қайнар орта мектебі


Оқу мақсаты: 9.2.1.16 аммиакты ты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру

Мәтін:

Аяжан шаш бояп жаткан анасының қасында жүріп өткір иісті байқады. Ол шаш бояуының химиялық құрамымен танысып құрамында аммиак бар екенін білді.

Шашымыз бірнеше қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – кутикула тығыз жабылған. Аммиак осы кутикуланы уақытша ашып, бояғыш заттың шаштың ішкі бөлігіне терең енуіне жағдай жасайды. Бояғыштың тұрақтылығын арттыру үшін аммиак сілтілі орта жасайды. Бұл ортада бояғыш заттың пигменттері жақсы ериді, реакцияға түседі және шаштың ішіне бекіп қалады. Соның арқасында бояу ұзақ уақыт сақталады. Бірақ аммиак иісі өте өткір, сондықтан ол кейде бас терісін тітіркендіруі мүмкін. Сол себепті қазір кейбір бояуларда аммиактың орнына

«аммиаксыз сілтілер» қолданылады


Тапсырма:

Аммиактың физикалық қасиеттерін таңда:

  • A) Иісі жағымды, суда ерімейді

  • B) Иісі өткір, суда жақсы ериді

  • C) Қатты кристалл, суда ерімейді

  • D) Түссіз сұйық

Дескриптор:

  • Аммиактың иісін, түсін, агрегаттық күйін дұрыс анықтайды

  • Суда ерігіштігін біледі.

Тапсырма: Аммиактың қолданылу саласын сәйкестендір.

  • Ауыл шаруашылығы Тыңайтқыш (аммоний тұздары)

  • Медицина Талып қалған адамды есін жиғызу

  • Өнеркәсіп → Азот қышқылы өндірісі https://learningapps.org/display?v=psohze52325 Дескриптор:

  • Аммиактың қолданылуын тұрмыстық және өндірістік өмірлік жағдайлармен байланыстырады;

  • Сәйкестендіруді дұрыс орындайды.

Тапсырма: «Аммиактың пайдасы мен зияны» тақырыбында қысқа эссе (10-12 сөйлем)

Дескриптор:

  • Аммиактың кемінде бір пайдалы әсерін атайды

  • Амииактың кемінде бір зиянды әсерін атайды

  • Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді

Азот қышқылы (HNO)


Екейбаева Айгуль Турсынбаевна

Алматы облысы. Іле ауданы,

«№20 орта мектеп» МКМ

Оқу мақсаты: 9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;


Мәтін

Ауыл шаруашылығында өнімді молайту үшін азот тыңайтқыштары кеңінен қолданылады.Дүкен сөрелерінде

«селитра» (NaNO, KNO) деген тыңайтқыштар жиі кездеседі.

Қазақстанда ауыл шаруашылығында өнімді арттыру үшін азот тыңайтқыштары қолданылады. Бірақ оларды шамадан тыс қолдану топырақты және суды ластайды. Химия зауыттарында азот қышқылы тек тыңайтқыштар үшін емес, жарылғыш заттар мен бояғыштар өндіруде де қолданылады. Бірақ өндіріс барысында атмосфераға NO газдары бөлінеді.


Тапсырма.

  • Төменде берілген азот қышқылының тұздарын олардың атауларымен сәйкестендіріңіз.


Формула

Атауы

1

NaNO

A) Калий нитраты

2

KNO

B) Күміс нитраты

3

Ca(NO)

C) Мыс (II) нитраты

4

AgNO

D) Натрий нитраты

5

Cu(NO)

E) Кальций нитраты


  • Тыңайтқыш құрамындағы нитраттардың артық болуы адам ағзасына қалай әсер ететінін сипатта.

  • Азот қышқылы өндірісінде қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту үшін қандай экологиялық шараларды қолдануға болады?

Дескриптор:

  1. Адам ағзасына нитраттардың әсерін сипаттайды.

  2. Азот қышқылы өндірісінде қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту үшін ұсыныс айта алады.

Фосфор және оның қосылыстары


Сейфолдаева Бибігүл Бөшенқызы

Алматы облысы, Ақдала ауылы

«№44 жалпы білім беретін орта мектеп»кмм


Оқу мақсаты: 9.2.1.22. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру.

Мәтін

Сіріңке өндірісінде технолог- химик мамандардың ролі зор. Олар сіріңке өндірісінде қоспалардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді,қызыл фосфордың қауіпсіз дозада алынуын қадағалайды.Сіріңкенің үйкеліс жолағына қызыл фосфор, желім, түйіршікті шыны, тотықтырғыш заттар қоспасын жағады. Бір қорапшада орта есеппен 40-50 дана сіріңке болады. Бір қызығы сіріңке басындағы қоспа қауіпсіздік мақсатында тек арнайы шарттарда жанады (үйкеліссіз жанбайды).


Тапсырма.

  1. Сіріңке өндірісінде қолданылатын қызыл фосфордың қасиеттерін атаңыз.

  2. Ақ фосфор мен қара фосфордың сіріңке өндірісінде қолданылмаудың бірнеше себептерін анықтаңыз

  3. Салыстыру кестесін толтырыңыз.

  4. «Фосфор аллотроптары» туралы визуальды инфографика құрастырыңыз .


Қасиеті

Ақ фосфор

Қызыл фосфор

Қара фосфор

Түс

Ақ-сарғыш

Қызыл

Қара

Жанғыштық

Өздігінен

Үйкелісте

Жанбайды

Уыттылық

Өте улы

Төмен

Улы емес

Қолданылуы

Қауіпті

Сіріңке

?? Ғылымда

https://learningapps.org/watch?v=pfwczu67t25

Дескриптор:


Бағалау өлшемі

Дескриптор мазмұны

1

Қызыл фосфордың қасиеттерін анықтау

Қызыл фосфордың негізгі қасиеттерін (қызыл-қоңыр түсті, үйкеліс арқылы тұтану, улы емес, тұрақты) нақты және

толық атайды (1б)

2

Ақ және қара фосфордың сіріңке өндірісінде қолданбау себептерін

түсіндіру

Ақ фосфордың өте улы және өздігінен тұтанып кететінін, қара фосфордың жанбайтынын дәл және толық

сипаттайды (1б)

3

Салыстыру кестесін дұрыс және толық толтыру

Ақ, қызыл және қара фосфордың түсі, жанғыштығы, уыттылығы және

қолданылуы бойынша салыстыру кестесін дұрыс толтырады (1б)

4

Визуалды инфографика құрастыру

Инфографикада негізгі ақпарат анық, көрнекі, түсінікті және тақырыпқа сай безендірілген түрде беріледі (1б)

Минералды тыңайтқыштар


Акешеева Толкын Ибраймовна

Алматы облысы Алатау қаласы

Қоянкус мөлтек ауданы

14 мектеп КММ


Оқу мақсаты: 9.4.2.3 -минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау

Мәтін

Ауыл шаруашылығында топырақ құнарлылығын сақтау – маңызды міндет. Ол үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады. Бұл тыңайтқыштар өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді (азот, фосфор, калий және басқа заттарды) топыраққа енгізеді. Мысалы, көкөністердің жапырағы қалың әрі жасыл болу үшін азот қажет. Тамыр жүйесінің мықты дамуы үшін фосфордың рөлі зор. Ал жеміс-жидектің дәмді әрі сапалы пісуі калиймен байланысты. Егер тыңайтқыштар дұрыс мөлшерде және уақтылы қолданылса, өнім молаяды. Бірақ тыңайтқышты шамадан тыс пайдалану экологияға және адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан әр фермер тыңайтқыш мөлшерін топырақ жағдайына қарап есептеуі қажет.


  1. Тапсырма: Кестені толтыр:



Тыңайтқыш түрі

Қандай өсімдік мүшесінің дамуына әсер етеді?

Мысал жағдай

Азотты



Фосфорлы



Калийлі



  1. Тапсырма

Фермердің егістігінде топырақта азот мөлшері аз, ал фосфор мен калий жеткілікті. Қандай тыңайтқыш қолдану керек? Тыңайтқышты артық қолданғанда не болуы мүмкін? Экологиялық қауіпсіздік үшін қандай шешім ұсынасың?

Дескриптор:

    • Тыңайтқыштарға нақты мысал келтіреді 3 балл

    • Қажетті тыңайтқышты дұрыс анықтайды (азотты тыңайтқыш) – 1 балл

    • Артық қолданудың салдарын түсіндіреді 1 балл

    • Экологиялық қауіпсіздікке қатысты ұсыныс береді 1 балл

Кремний және оның қосылыстары


Жолбаева Маржан Дауренбековна Алматы облысы, Қарасай ауданы Алмалыбақ мектеп-гимназия

Оқу мақсаты: 9.2.1.24 Кремнийдің қолданылу аймағын және жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру.

Тапсырма 1. «Құрылыс материалы»

Әли өзінің ауылында үй салмақшы болды. Ол құрылыс дүкенінен цемент, шыны және кірпіш сатып алды. Бұл материал- дардың құрамында кремний қосылыстары бар екені белгілі.

?? Сұрақ: Әли сатып алған қай құрылыс материалдарының құрамында кремний бар? Қайсысы негізгі құрылыс материалы ретінде пайдаланылады?

Дескриптор:

    • Құм, цемент, шыны құрамында кремний барын анықтайды (2 балл);

    • Қолданылу саласын тұрмыстық мысалмен байланыстырады (2 балл);

    • Нақты дәлел келтіреді (1 балл). Жалпы: 5 балл

Тапсырма 2. «Телефонның жүрегі»

Айжан жаңа смартфон сатып алды. Мұғалім оған телефонның ішіндегі микрочиптердің кремнийден жасалғанын айтты.

?? Сұрақ: Неліктен кремний таза күйінде емес, қоспалармен (допингтеліп) қолданылады? Жартылай өткізгіштің электрони- кадағы рөлін түсіндір.

Дескриптор:

    • Жартылай өткізгіштің анықтамасын береді (1 балл);

    • Кремнийдің электронды құрылымымен байланысын түсіндіреді (2 балл);

    • Қоспалардың рөлін дұрыс сипаттайды (2 балл). Жалпы: 5 балл

Тапсырма 3. «Күн энергиясы болашақ»

Қазақстанда күн энергиясын пайдалану үшін жаңа зауыт салу жоспарда бар. Бұл зауытта күн батареялары шығарылады.

?? Сұрақ: Күн батареяларында кремнийдің қандай рөл атқаратынын түсіндіріңіз. Ол ел экономикасына қандай пайда әкелуі мүмкін?

Дескриптор:

    • Кремнийдің фотогальваникалық қасиетін сипаттайды (2 балл);

    • Күн батареясының жұмыс принципімен байланыстырады (2 балл);

    • Экономикалық/экологиялық пайдасын көрсетеді (1 балл). Жалпы: 5 балл.

https://www.educaplay.com/learning-resources/25048633- learning_resource.html


Тапсырма 4. «Сәйкестендір»

Сыныпта шағын зерттеу жүргізілді. Оқушылар кремнийдің тұрмыстағы қолданылуын 4 түрлі салаға бөлді.

?? Сәйкестендіріңіз:


Қолданылу саласы

Кремний қосылысы

Құрылыс материалы

...

Компьютер чиптері

...

Шыны өндірісі

...

Силиконды герметик

...


Дескриптор:

    • Кремний қосылыстарын дұрыс сәйкестендіреді (3 балл);

    • Кемінде үш дұрыс сәйкестендіру жасайды (2 балл). Жалпы: 5 балл.

Функционалдық сауаттылық бағыты:

    • Тұрмыстық жағдайларды (үй салу, телефон қолдану, күн энергиясы) өмірмен байланыстыра отырып тапсырма құру; – Оқушының талдау, дәлелдеу, түсіндіру және болжам жасау қабілетін дамыту; – Ғылым мен күнделікті өмір арасындағы байланысты көруге үйрету.

Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау


Болекбаева Молдир Турлыгазиевна

Қонаев қаласы «Д.А.Қонаев атындағы

1қазақ орта мектеп»МКМ


Оқу мақсаты: 9.5.1.3 адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру

Мәтін

Аяулым – 9-сынып оқиды. Соңғы кездері ол өзін әлсіз сезініп, басы жиі айналып,дәрігерге қаралды. Дәрігер оған анемия (қаназдық) диагнозын қойды. Ал Диас спортпен айналысады, бірақ жақында сындырып алған сүйегі баяу бітіп жатыр. Екі жағдайдың да себебі – ағзадағы маңызды микроэлементтердің жетіспеушілігі екені анықталды.


Тапсырма

  1. Аяулым мен Диаста қандай элементтер жетіспейді?

  2. Ағзада бұл элементтердің жетіспеушілігі неге әкеледі? Комикс түрінде жасаңыз


  1. 1 күндік пайдалы ас мәзірін құрастырыңыз және неге дәл сол тағамдарды таңдағаныңызды түсіндіріңіз.

Дескриптор:

- Әр элементтің қызметін атайды (мыс: темір – қан, кальций

сүйек)

-Кальций және темір жетіспеуінің салдарын нақты сипаттайды,

-Мәзірді таңғы, түскі, кешкіге бөліп ұсынады және таңдаған тағамдарын ағзаға пайдалы екенін айтады

Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау.


Ережепбаева Раиса Жайгалиевна

Алматы облысы Қарасай ауданы

«Шалқар орта мектебі»КММ


Оқу мақсаты: 9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау

Қазіргі таңда адамдардың дұрыс тамақтануына мән беруі – денсаулықты сақтаудың маңызды жолдарының бірі. Күнделікті тұтынатын тағамдардың құрамын білу – оның ағзаға әсерін бағалауға көмектеседі. Тамақ өнімдеріндегі көміртек элементін анықтау арқылы құрамында қандай органикалық қосылыстар бар екенін білуге болады. Мысалы, қант, май, крахмал сияқты заттар құрамында көміртек бар, ал бұл заттар энергия көзі болып табылады.


  1. тапсырма

Сауда сөрелерінде әртүрлі нан өнімдері бар.Олардың құрамын салыстырып денсаулыққа пайдасын анықтау үшін нан құрамында көміртек бар екенін дәлелдеу керек, қандай тәжірибе жасауға болатынын жазыңыз


  1. таспырма

Көміртек элементін анықтау арқылы тағамдар құрамында қандай органикалық қосылыстар бар екенін жазыңыз


  1. тапсырма

Тағам құрамындағы көміртектің адам ағзасына қандай рөл атқаратыны туралы хабарлама жазыңыз

Дескриптор

Тәжірибе әдісін нақты сипаттайды-1б Органикалық затты атайды-1балл

Көміртектің адам ағзасындағы рөлін жазады-1балл

Адам ағзасының химиялық құрамы


Абдрасулова Гульчихра Абушовна

Алматы облысы Ұйғыр ауданы “М.Таипов атындағы орта мектеп” КММ


Оқу мақсаты: 9.5.1.1 – Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (O, C, H, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)

Адам ағзасы – нағыз «табиғи химиялық зертхана». Оның дұрыс жұмыс істеуі үшін әрбір химиялық элементтің өзіндік рөлі бар. Кейбір элементтер ағзада көп мөлшерде болса, кейбірі өте аз мөлшерде ғана кездеседі. Бірақ олардың барлығы тіршілік үшін маңызды.

Мысалы, сүйектеріміздің беріктігіне кальций (Ca) жауап береді. Қандағы темір (Fe) – гемоглобиннің құрамына кірип, оттекті бүкіл денеге тасымалдайды. Фосфор (P) жасушадағы энергия алмасуға қатысып, АТФ молекуласының құрамына енеді. Ал калий (K) жүйке жасушалары арасында импульстарды өткізіп, жүрек пен бұлшықет жұмысына ықпал етеді.

Сондықтан ағзадағы әрбір элементтің маңызын түсініп, оларды тағам арқылы жеткілікті қабылдау – денсаулық кепілі.


  1. тапсырма. Сәйкестендіру

Элемент пен оның ағзадағы маңызын сәйкестендіріңіз.



Элемент

Маңызы

Fe

A) Қанның ұюына қатысады

P

B) Гемоглобин құрамына кіреді

K

C) Энергия алмасуда (АТФ құрамында)


Дескриптор:

  • Темірдің (Fe) гемоглобин құрамына кіретінін анықтайды

1 балл

  • Фосфордың (P) энергия алмасуға қатысатынын көрсетеді

1 балл

  • Калийдің (K) жүйке импульстерін өткізуге қатысатынын біледі – 1 балл

Жалпы: 3 балл


  1. тапсырма. Ситуациялық тапсырма

«Айданың дәрігерге қаралуы кезінде оның сүйек тіндерінің әлсіз екені анықталды. Бұл қай элементтің жетіспеушілігін білдіреді? Оған қандай тағам түрлерін ұсынар едің?»

Жауабы: Кальций (Ca), тағам – сүт, ірімшік, йогурт.

Дескриптор:

  • Кальцийдің ағзадағы маңызын түсіндіреді (сүйек пен тістің беріктігі) – 1 балл

  • Кальцийге бай тағам түрлерін ұсынады (сүт, ірімшік, йогурт) – 1 балл

Жалпы: 2 балл

Органикалық заттардың ерекшеліктері


Cерік Халима Алматы облысы, Алатау қаласы Жаңаталап ықшам ауданы

10 орта мектеп КММ


Сабақ мақсаты: 9.4.3.1 Органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру


Мәтін:

Күнделікті тұрмыста қолданылатын шаш күтіміне арналған майлар мен сусабындардың құрамында «кокос майы негізіндегі лаурин қышқылы», «глицерин», «этанол» сияқты атаулар жиі кездеседі. Бұл атаулардың барлығы – органикалық қосылыстарға жатады. Бір ғана көміртек элементінің осыншалық алуан түрлі қосылыстар түзе алатыны таңғалдырады. Органикалық қосылыстардың мұндай көптүрлілігі көміртек атомының қасиеттеріне байланысты. Көміртек атомы 4 химиялық байланыс түзе алады және бұл байланыстар түзусызықты, тармақталған, сақиналы құрылымдарда кездесуі мүмкін. Сонымен қатар көміртек атомдары арасында дара, қос, үштік байланыстар түзілуі мүмкін. Бір молекулалық формула бірнеше құрылым түзе алатындықтан, изомерия құбылысы пайда болады. Бұл – органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің негізгі себептерінің бірі


1. Тапсырма: Төмендегі ұғымдарды олардың сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз:


Ұғымдар

Сипаттамалар

a) Изомерия

1) Әртүрлі құрылым түзе алатын қосылыстар қасиеті

Ә) Органикалық қосылыстар

2) Көміртекке негізделген химиялық қосылыстар

c) Түзусызықты құрылым

3) Көміртек атомдарының тікелей тізбектелуі

d) Қос байланыс

4) Екі көміртек атомының екі ортақ электрон жұбы

1. Тапсырма: Төмендегі кестені толтырыңыз:



Байланыс түрлері

Ерекшелік

Қасиеті

Ерекшелік

Мысал қосылыс

Дара байланыс





Қос байланыс





Тармақталған құрылым






3. Тапсырма: Шығармашылық тапсырма:

Органикалық қосылыстардың тұрмыста қолданылуы туралы

3 нақты мысал келтір. Әр мысалға қысқаша сипаттама жаз (құрамындағы зат, қайда қолданылады, себебі).

Дескрипторлар:

  1. Сәйкестендір тапсырмасына дескрипторлар:

✅ Ұғым мен сипаттаманы дұрыс сәйкестендіреді.

✅ Изомерия, органикалық қосылыс, түзусызықты құрылым және қос байланыс ұғымдарының мәнін ажырата алады.

✅ Сәйкес ұғымдарға нақты және дұрыс сипаттама бере алады.

Бағалау критерийі:

  • 4 сәйкестендіру дұрыс Жоғары деңгей

  • 2–3 дұрыс Орташа деңгей

  • 1 немесе жоқ Төмен деңгей


  1. Кестемен жұмыс тапсырмасына дескрипторлар:

✅ Байланыс түрлерін сипаттап жаза алады (дара, қос).

Әр құрылымның ерекшелігін нақты мысалмен түсіндіреді.

✅ Мысал қосылыстарды химиялық формуламен дұрыс жазады.

Бағалау критерийі:

  • Барлық бағандар толық және дұрыс толтырылған – Жоғары деңгей

  • Кемінде 2 баған дұрыс толтырылған Орташа деңгей

  • Тек 1 немесе дұрыс емес Төмен деңгей

Дескрипторлар:

  1. Шығармашылық тапсырма:

✅ 3 нақты органикалық қосылысқа мысал келтіреді;

✅ Әр қосылыстың құрамындағы негізгі затты дұрыс анықтайды (мысалы: этанол, этан қышқылы, полистирол т.б.);

✅ Қайда қолданылатынын және не себепті қолданылатынын түсінікті, ғылыми тілмен жазады;

✅ Мысалдар тұрмыста шынайы қолданылатын және өзекті болуын ескереді.

Бағалау критерийі:

| Жоғары | Барлық 3 мысал нақты, сипаттама толық және ғылыми негізделген |

| Орташа | 2 мысал дұрыс, сипаттамасы жеткілікті, бірақ толық емес

| Төмен | 1 мысал ғана немесе сипаттама нақты емес/толық емес

Алкандар


Абылхапова Раушан Сериковна Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебі


Оқу мақсаты: 9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;

Мәнмәтін

Алкандар – қаныққан көмірсутектер класына жататын органикалық заттар. Олар көміртек пен сутек атомдарынан құралған және олардың арасында тек бір қарапайым (σ) байланыс болады.

Жалпы формуласы: CnH2n+2C_nH_{2n+2}CnH2n+2 Алкандардың кейбір өкілдері:

Метан (CH) табиғи газдың негізгі құрамдас бөлігі.

Үйлерді жылыту, ас пісіру үшін қолданылады.

Пропан және бутан газ баллондарының құрамында болады.

Пентан, гексан және тағы басқалар бензин құрамына кіреді.

Өмірдегі рөлі: Алкандар энергия көзі. Оларды отын

ретінде пайдаланады: көлік, өндіріс, тұрмыс салаларында.

Мұнай мен газ – алкандарға бай табиғи ресурстар.

Сонымен қатар, алкандардан пластмасса, синтетикалық маталар, тұрмыстық химия өнімдері өндіріледі.

Саралау тапсырмалары

  1. Төменгі деңгей (білу, түсіну):

✅ Тапсырма а)

Сұрақ: Алкандардың табиғи көздерін атаңыз. Олар қайда кездеседі?

Дискрипторлар:



Бағалау критерийі

Иә / Жоқ

1

Алкандардың табиғи көздерін дұрыс атайды (мысалы: мұнай, табиғи газ, шымтезек, көмір)

/

2

Бұл заттардың жер қойнауында, мұнай мен газ кен орындарында кездесетінін түсіндіреді

/

3

Кемінде 2 нақты мысал келтіреді

/


✅ Тапсырма б)

Сұрақ: Метан газын тұрмыста қалай қолданамыз? Үлгілер келтіріңіз.

Дискрипторлар:


Бағалау критерийі

Иә /

Жоқ

1

Метан газын тұрмыста қолдану салаларын дұрыс көрсетеді (мысалы: ас пісіру, үй жылыту, ыстық су)

/

2

Кемінде 2 нақты тұрмыстық қолдану үлгісін келтіреді

/

3

Қолдану себебін түсіндіреді (мысалы: арзан, оңай жанады, энергия көзі)

/


✅ Тапсырма в)

Сұрақ: Көмірсутектердің адам өміріндегі маңызы қандай?

Дискрипторлар:


Бағалау критерийі

Иә / Жоқ

1

Көмірсутектердің негізгі қызметін атайды (мысалы: отын,

шикізат)

/

2

Көмірсутектердің қолдану салаларын сипаттайды (мысалы: көлік отыны, пластмасса, тұрмыстық химия, т.б.)

/

3

Адам өміріндегі пайдасын түсіндіреді (мысалы: энергия көзі, өмір сүру сапасын арттырады)

/

Орта деңгей (қолдану, талдау):

✅ Тапсырма а)

Салыстыру кестесі құрастыру: Алкандар мен алкендердің реакцияға түсу қабілетін салыстыру



· Қасиет

Алкандар

Алкендер

Байланыс түрі

?

?

Галогенмен әрекеттесу

?

?

Жану реакциясы

?

?

Реакцияға түсу жылдамдығы

?

?


Дискрипторлар:


Критерий

Иә / Жоқ

1

Байланыс түрін дұрыс көрсетеді (алкандар тек дара байланыс, алкендер – қос байланыс)

/

2

Галогенмен әрекеттесу қабілетін салыстырып жазады (алкендер – оңай, алкандар – баяу/жарықта)

/

3

Жану реакциясының сипатын нақты көрсетеді (екеуі де жанады, бірақ айырмашылықтарын атап өтеді)

/

4

Реакцияға түсу жылдамдығын салыстырады (алкендер

белсенді, алкандар баяу)

/

5

Кестені логикалық, түсінікті түрде толтырады

/

Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу"


Абылхапова Раушан Сериковна Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебі


Оқу мақсаты: 9.2.3.4 газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау

Мәтін:

Зертхана қызметкерлері жаңа өндірісте пайдаланылатын белгісіз газдың құрамын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізді. Бұл газ – ауаға қарағанда жеңіл және түссіз. Алғашқы сынақ нәтижесінде газдың 1 молінің массасы шамамен 16 г/моль екенін көрсетті. Сонымен қатар, химиялық сараптама нәтижесі бойынша газ құрамында 75% көміртек (C) және 25% сутек (H) бар екені белгілі болды.

Инженерлер бұл газдың тұтану мүмкіндігін бағалау үшін оның нақты молекулалық формуласын анықтауды тапсырды.


Тапсырма:

  1. Массалық үлестері бойынша эмпирикалық формуланы анықтаңыз:

    • Көміртек (C) 75%

    • Сутек (H) – 25% (Мr(C) = 12, Mr(H) = 1)

Дискриптор:

  1. Әр элементтің массасын 100 г затқа сәйкестендіріп анықтайды.

  2. Әр элементтің зат мөлшерін есептейді

  3. Эмпириялық формуланы дұрыс жазады: CH

  1. Эмпирикалық формула негізінде молекулалық формуланы табыңыз:

Берілген:

    • Эмпирикалық формула: CH

    • Заттың салыстырмалы молекулалық массасы 16 г/моль Сұрақ:

    • Эмпирикалық және молекулалық масса тең бе?

    • Заттың молекулалық формуласын атаңыз.

Дискриптор:

  1. Эмпириялық формуланың салыстырмалы молекулалық массасын дұрыс есептейді:

  2. Эмпириялық масса мен берілген молекулалық массаны салыстырады

  3. Қорытынды жасайды: молекулалық формула эмпириялық формулаға тең

  4. Заттың нақты молекулалық формуласын дұрыс жазады:

Алкендер


Сейфолдаева Бибігүл Бөшенқызы

Алматы облысы, Ақдала ауылы

«№44 жалпы білім беретін орта мектеп»кмм


Оқу мақсаты: 9.4.3.11. Полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмін және полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру .

Мәтін

Күнделікті өмірде полиэтилен мен целофанды тұрмыста өте жиі қолданамыз. Полиэтиленмен целофан орау материалдары салыстыру кестесіндегі деректерге назар аударыңыз. Полиэтилен мен целофанның құрамы мен қасиеттері, қолдану салалары әртүрлі екеніне көз жеткізіңіз.


Сипаттамалар

Полиэтилен

Целофан

?? Шығу тегі

Мұнайдан алынатын

синтетикалық полимер

Табиғи целлюлозадан

алынатын жартылай синтетикалық материал

?? Су өткізгіштігі

Су өткізбейді (суға төзімді)

Суды өткізеді (біраз уақыттан кейін суланады)

?? Ауаны өткізуі

Ауаны өткізбейді

Ауаны жақсы өткізеді

?? Биологиялық ыдырауы

Ыдырамайды

(жүздеген жыл)

Табиғи жағдайда

ыдырайды (экологияға зиян аз)

?? Жанғыштығы

Жанғанда қара түтін мен иіс шығарады

Жанғанмен, түтіні аздау

?? Қолданылуы

Пакеттер, қапшықтар,

бөтелкелер, пленка

Кәмпит орау, гүл орау,

экологиялық орау

?? Сыртқы көрінісі

Жұмсақ, созылғыш, мөлдір немесе күңгірт

Қаттырақ, сәл сынғыш, әдемі жылтыр беті

Тапсырма

  1. Полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмін түсіндіріңіз

  2. Полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіріңіз

  3. «Полиэтилен ыңғайлы, бірақ қауіпті» тақырыпта эссе жазыңыз

Дескриптор:


Бағалау өлшемі

Дескриптор

1

Тақырыпты түсінеді және мазмұнын ашады

Полиэтилен мен полимерлерге қатысты полимерлену реакциясының механизмін

нақты әрі толық сипаттайды

2

Ғылыми терминдерді

дұрыс және орынды қолданады

"Полимер", "мономер", "полимерлену",

"құрылым", "экология" сияқты терминдерді дәл қолданады

3

Ойды жүйелі және дәлелмен жеткізеді

Ойын логикалық құрылыммен, нақты мысалдар мен дәлелдермен баяндайды

4

Қоғамдық және экологиялық мәселені түсінеді

Полиэтиленнің артықшылықтары мен қауіптері туралы өз көзқарасын қалыптастырып, экологиялық маңызын

түсіндіреді

Алкиндер


Ахылбекова Гүлжайна Мұхтарқызы

Алматы облысы, Іле ауданы

«№ 29 орта мектебі» МКМ


Оқу мақсаты: 9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу

Мәтін

Күнделікті өмірде біз пайдаланатын заттардың кейбірі ерекше химиялық қасиеттерге ие. Солардың бірі – алкиндер. Алкиндердің ең қарапайым өкілі – этин (CH), ол ацетилен деп те аталады.

Этин түссіз, иісі бар газ. Оның басты ерекшелігі жанғанда өте жоғары температура бөледі (шамамен 3000 °C). Сондықтан ол:

  • металды дәнекерлеу мен кесуде отын ретінде қолданылады;

  • органикалық синтезде (пластмасса, еріткіштер, жасанды талшықтар алуда) шикізат болып саналады.

Этиннің күнделікті өмірдегі рөлі:

  • Құрылыс пен өнеркәсіпте дәнекерлеу жұмыстарын атқарады;

  • Өндірісте – бояулар, синтетикалық материалдар алу үшін қолданылады;

  • Бірақ қауіпсіздік ережесін сақтамаса, ауада жиналған этин

жарылысқа әкелуі мүмкін.


  1. Тапсырма:

Генетикалық айналымды жүзеге асыр CH3−CH3→CH2=CH2→CH≡CH→ C2H2Br2

  1. Тапсырма:

«Ацетиленсіз болашақ» тақырыбына қысқа шығармашылық ой-толғау (5-6 сөйлем).

  1. Тапсырма:

(Химиялық диктант)

(https://wayground.com/join?gc=62437890 )

Ең қарапайым алкин – … (атауы мен формуласын жазыңыз). Ацетиленнің физикалық қасиеті: … Ацетиленнің жану температурасы шамамен … °C. Ацетилен ауамен араласқанда … қасиет көрсетеді.


Дескриптор

  1. Барлық көмірсутектердің бір-біріне түрлену реакция теңдеулерін жазады

  2. Шығармашылық ой білдіру арқылы мәселені ашып көрсетеді

  3. Ацетиленнің физикалық қасиеттерін сипаттайды

Алкендер


Болекбаева Молдир Турлыгазиевна

Қонаев қаласы «Д.А.Қонаев атындағы №1қазақ орта мектеп»МКМ


Оқу мақсаты: 9.4.3.12 пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу

Мәтін

Қазіргі өмірде пластиксіз күнделікті тұрмысты елестету қиын. Азық-түлік қаптамалары, бөтелкелер, сөмкелер – бәрі пластиктен жасалған. Бірақ оның ыдырау мерзімі өте ұзақ: полиэтилен пакеттер – 200 жылдан, ал пластикалық бөтелкелер – 450 жылдан кейін ғана ыдырай бастайды. Кейбір түрлері тіпті 1000 жылға дейін жер бетінде қалады.Пластик ыдыраса да, толық жойылмайды. Ол микропластикке айналып, топыраққа, суға және тірі ағзаларға енеді.

Тапсырма

  1. Сәйкестендір


Пластик түрі

Ыдырау мерзімі

Полиэтилен пакеттер

1000 жыл

Пластикалық бөтелке

200 жыл

Кейбір пластик түрлері

450 жыл


  1. Өзің тұратын елдімекенде пластик қалдықтарды азайту үшін қандай шаралар қажет деп ойлайсың?

Дескриптор:

    • Әр пластик түрін нақты ыдырау мерзімімен дұрыс сәйкестендіреді

    • Пластик қалдықтарын азайтуға бағытталған нақты идеялар ұсынады

Ароматты көмірсутектер. Бензол


Айсарова Гулмира Махмутжановна

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,

«Илья Молутов (Бахтия) атындағы

3 орта мектеп» КММ


Мәтін

Үлкен қалада жүргізілген экологиялық зерттеулер нәтижесінде ауа құрамында бензолдың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені белгілі болды. Бензол – иісі ерекше, тез тұтанғыш, түссіз сұйықтық. Өндірісте ол еріткіш, пластмасса, синтетикалық талшық, бояғыштар мен дәрілік заттар алуда кеңінен қолданылады. Дегенмен, бензолдың артық мөлшері адам денсаулығына өте қауіпті: қан құрамын бұзады, жүйке жүйесін зақымдайды және канцерогенді әсер береді.


  1. Кестені толтырыңыз:


Бензолдың қасиеті

Реакция теңдеуі

Өмірдегі қолданылуы

Жану



Электрофильді орынбасу (нитрлеу)



Галогендеу




  1. 'Бензол өндірістің әмбебап шикізаты' дегенді ЖИ көмегімен дәлелдеңіз.

Дескриптор:

    • Бензолдың жану реакциясын жазады.

    • Бензолдың электрофильді орынбасу реакциясын жазады.

    • Бензолдың өнеркәсіптегі кемінде екі қолданылуын атайды (пластмасса, бояғыш, дәрі-дәрмек, синтетикалық каучук).

Жағдаяттық тапсырма:

Сіз – экологиялық сарапшысыз. Қалада бензолдың шекті нормадан жоғары екені анықталды.

  1. Бензолдың адам ағзасына әсерін сипаттап, оның неге қауіпті екенін түсіндіріңіз.

  2. Қоршаған ортаға бензолдың артық мөлшерде шығуының себептерін анықтаңыз.

  3. Бензолдың пайдалы қолданылуы мен қауіпті әсерін салыстырып, қоғамға ұсыныс жасаңыз.

Дескриптор:

    • Бензолдың адам ағзасына әсерін түсіндіреді (қан құрамын бұзады, жүйке жүйесін зақымдайды, канцероген).

    • Бензолдың қоршаған ортаға артық мөлшерде түсу себептерін атайды (өндіріс қалдықтары, көлік жанармайы).

    • Бензолдың пайдалы және зиянды жақтарын салыстырады.

    • Экологиялық қауіпсіздікке қатысты нақты ұсыныс береді (таза отын қолдану, сүзгі орнату, тұрмыста шектеу).

Оттекті органикалық заттар. Спирттер


Жамбыл Мақпал Жамбылқызы Алматы облысы, Қырғауылды ауылы Қырғауылды орта мектебі


Оқу мақсаты 9.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу 9.4.3.19 спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру


Мәтін

Спирттер – табиғатта да, тұрмыста да кең таралған органикалық қосылыстар. Олар күнделікті өмірде біз ойлағаннан әлдеқайда жиі кездеседі.

Мысалы, этанол – адамдарға ең таныс спирт. Ол дәріханаларда залалсыздандырғыш ретінде сатылады, тамақ өнеркәсібінде сусын құрамына кіреді және қазіргі таңда экологиялық таза биоотын ретінде де қолданылады.

Метанол болса, өте улы. Оны абайсызда аз ғана мөлшерде ішу адамның көру қабілетін бұзып, өміріне қауіп төндіреді. Дегенмен метанолдың өнеркәсіпте маңызы зор: бояулар, пластмассалар және отын қоспалары осы спирт арқылы алынады. Глицерин – көп атомды спирт. Оның дәмі тәтті, әрі усыз.

Сондықтан ол тіс пастасы мен теріге арналған кремдердің құрамына қосылады. Қыста қолымыз жарылып кетпес үшін қолданатын кремдерде міндетті түрде глицерин болады.

Қызық дерек: Генри Форд жасаған алғашқы автомобиль бензин емес, этанолмен жүрген. Бүгінгі таңда да этанол «жасыл отын» ретінде қайтадан сұранысқа ие болып отыр.


  1. тапсырма:

Берілген спирт түрлерін жіктелуіне сәйкес қой:

  1. Глицерин (CH(OH))

  2. Метанол (CHOH) А. Бір атомды спирт

  3. Этандиол (HO–CH–CH–OH) Б. Көп атомды спирт

  4. Пропанол (CHOH)

Дескриптор:

  1. Спирт молекуласындағы –OH топтарының санын анықтайды; 1 балл

  2. Бір атомды спирттерді (Метанол, Пропанол) дұрыс сәйкестендіреді; 1 балл

  3. Көп атомды спирттерді (Глицерин, Этандиол) дұрыс сәйкестендіреді; 1 балл

  4. Барлық спирттерді жіктелуіне сәйкес дұрыс орналастырады. 1 балл


  1. тапсырма: Дұрыс/бұрыс

Төмендегі пікірлердің дұрыстығын анықта: https://learningapps.org/watch?v=p85wf1mcn25

  1. Этанол түссіз, өзіне тән иісі бар сұйықтық. ( )

  2. Метанолды ішуге болады, ол зиянсыз. ( )

  3. Этанол отын ретінде қолданылады. ( )

  4. Метанол аз мөлшерде де адамды уландырады. (

Дескриптор:

  1. Этанолдың физикалық қасиетін дұрыс анықтайды; 1 балл

  2. Метанолдың улы екенін біледі; 1 балл

  3. Этанолдың отын ретінде қолданылатынын көрсетеді; 1 балл

  4. Метанолдың аз мөлшерде де адамға қауіпті екенін анықтайды; 1 балл


  1. тапсырма:

Этил спиртінің денсаулыққа зияны жайлы жасанды интеллектті қолданып инфографика құрастыр:

Дескриптор:

  • Жасанды интеллект құралын пайдалана отырып, тақырыпқа сай көрнекі материал жасайды; 1 балл

  • Инфографиканың мазмұнын денсаулыққа зиян факторларына бағыттайды. 1 балл

Күрделі эфирлер мен майлар


Сейсенғазы Индира Рысбекқызы

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы

12 орта мектеп


Оқу мақсаты: 9.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру

Мәтін

Алия тәтті тағамдар пісіргенді ұнатады. Ол қолданатын жеміс шәрбаттарынан жағымды иіс шығады. Бұл иістердің көпшілігі күрделі эфирлерден тұрады. Ал ағасы спортпен айналысатындықтан, күнделікті тамақтануында майдың жеткілікті болуын қадағалайды. Дәрігер оған «май – ағзаға энергия мен жылу беретін, жасуша мембранасының құрамына кіретін маңызды зат, бірақ шамадан тыс қолданса, жүрек-қан тамыр аурулары қаупін арттырады» деп түсіндірді.


  1. Тапсырма

Кестені толтырыңыз;



Күрделі эфирлер

Майлар

Ерекшелігі



Ұқсастығы



Қызметі



  1. Тапсырма

“Неліктен жемістер мен тәтті сусындарға күрделі эфирлер қосылады?” деген сұраққа күнделікті өмірмен байланыстырып жауап беріңіз.


  1. Тапсырма

Егер спортшының тамақтануында май мүлде болмаса, ағзада қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Дескриптор:

Күрделі эфирлер мен майлардың ерекшелігін жазады; Күрделі эфирлер мен майлардың ұқсастығын анықтайды; Күрделі эфирлер мен майлардың қызметін сипаттайды;

Берілген сұраққа күнделікті өмірмен байланыстырып жауап береді;

Егер спортшының тамақтануында май мүлде болмаса, ағзада қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтады;

Көмірсулар


Әбдірахман Айсұлу Жомартқызы

Алматы облысы, Райымбек ауданы,

Қайнар орта мектебі


Оқу мақсаты: 9.4.3.26 -көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру;

Мәтін:

  1. Ауыл шаруашылығы:

Көптеген елдер жүгері, қант қамысы сияқты дақылдардан биоэтанол өндіреді. Бұл отын көліктерде қолданылады. Қазақстанда да болашақта ауыл шаруашылығы қалдықтарынан биоэтанол алу жоспарлануда.

Бензин жанғанда көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, ал биоэтанолды қолдану атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін азайтады.

Жергілікті ауыл тұрғындары дақылдардан этанол өндіру арқылы қосымша табыс таба алады.

Тапсырмалар:

  1. Крахмалдың биоэтанолға дейінгі өзгерісін реакция теңдеулері арқылы көрсетіңдер:

– Крахмал → … → … → этанол + көмірқышқыл газы.

  1. Биоэтанолды отын ретінде пайдаланудың кемінде 2 экологиялық артықшылығын жазыңдар.

  2. Қазақстандағы ауылдар үшін биоэтанол өндірісінің әлеуметтік-экономикалық пайдасын талдаңдар.

(Мысалы: жұмыс орындарының көбеюі, жергілікті шикізатты пайдалану, импортты азайту т.б.)

Дескрипторлар:

    • Крахмалдың этанолға дейінгі өзгерісін дұрыс реакция- лармен жазады;

    • Биоэтанолдың экологиялық артықшылықтарын талдайды;

    • Биоэтанол өндірісінің әлеуметтік-экономикалық маңызын түсіндіреді;

    • Жауаптарын өмірмен байланыстыра дәлел келтіреді.

Мұнай


Сейсенғазы Индира Рысбекқызы

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы

12 орта мектеп


Оқу мақсаты: 9.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау

Мәтін

Мұнай – жер қойнауынан алынатын күрделі қоспа. Оның құрамында негізінен көмірсутектер (парафиндер, нафтендер, ароматты қосылыстар) бар.Одан жанармай түрлері (бензин, дизель, керосин), майлау майлары, битум, парафин, сондай-ақ пластмасса, синтетикалық талшық, дәрі-дәрмек және косметика өндірісінде қолданылатын түрлі органикалық қосылыстар алынады.

Мұнайды өңдеу екі жолмен жүреді:

  • Біріншілік өңдеу – айдау (дистилляция) арқылы әртүрлі фракцияларға бөлу;

  • Екіншілік өңдеу – крекинг, риформинг, изомерлеу сияқты процестер арқылы сапасын арттыру.

Мұнай өнімдері тұрмыста, өнеркәсіпте, көлік және ауыл шаруашылығында кең қолданылады. Бірақ мұнайды өндіру мен қолданудың қоршаған ортаға тигізетін зияны да бар: атмосфераға парниктік газдардың бөлінуі, мұнай төгінділерінен су айдындарының ластануы, топырақтың бүлінуі.


1 Тапсырма

Мұнайдың қоршаған ортаға зияны қандай?

2-Тапсырма

Мұнайдың жануы кезінде қандай заттар түзіледі және олардың қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыз.

3-Тапсырма

Кестені толтырыңыз:



Өнім

Қолданылуы

Экологиялық әсері

Бензин



Дизель



Битум




Дескриптор:

Мұнайдың қоршаған ортаға зиянын айтады;

Мұнайдың жануы кезінде қандай заттар түзілетінін және олардың қоршаған ортаға зиянын біледі;

Бензин, Дизель, Битум өнімдерінің қолданылу және экологиялық әсерін анықтайды.

Нәруыз


Булыбаева Назима Избасаровна

Алматы облысы, Балқаш ауданы,

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ


Oқy мaқсaты: 9.4.3.2.28 нәруыз денатурациясының реакциясын сипаттау және оны реттеу жолдарын ұсыну

Мәтін

Күнделікті өмірде біз түрлі тағам дайындау барысында нәруыздардың ерекше қасиеттеріне куә боламыз. Мысалы: жұмыртқа қайнағанда оның ағы мөлдір сұйықтан ақ түсті қатты массаға айналады. Етті пісіргенде немесе қуыстырғанда ол қызғылт түстен қоңыр түске өзгереді. Сүт ұзақ қайнаса, бетінде қабықша пайда болады. Бұл құбылыстардың барлығы нәруыз- дардың денатурациясымен түсіндіріледі. Денатурация – нәруыздың кеңістіктік құрылымдарының (екіншілік, үшіншілік, төртіншілік) бұзылуы. Бұл кезде нәруыздың пептидтік байланыстары сақталады, бірақ қасиеттері өзгереді.


  1. тапсырма

Нәруыз денатурациясы дегеніміз не?

Күнделікті өмірде кездесетін кемінде 3 мысал келтір (жұмыртқа пісіру, сүттің қайнауы, шаш үтіктеу т.б.).

  1. тапсырма (кестені толтыр)


Жағдай

Бақыланатын құбылыс

Денатурацияның мәні

Қолданылуы / Маңызы

Жұмыртқа қайнағанда




Етті пісіргенде немесе қуыстырғанда




Сүт ұзақ қайнағанда




https://learningapps.org/watch?v=po4mqkwit25


  1. Тапсырма Дәрігер науқасқа қызу көтерілгенде «ыстықты түсіру» үшін неліктен суық су, мұз басу әдісін қолдануды ұсынады? Нәруыз денатурациясына байланысты түсіндір.

Дескриптор:

  • Нәруыз денатурациясының анықтамасын дұрыс түсіндіреді; (1 балл)

  • Күнделікті өмірден мысалдар келтіреді; (1 балл)

  • Жағдаяттар бойынша кестені толтырады; (1 балл)

  • Денатурацияның ағзаға әсерін талдап, оны болдырмаудың жолдарын ұсынады; (1 балл)

Махмұны

Рецензия 3

Электролиттік диссоциациялану теориясы 4

Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 7

Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері 9

Катиондарға сапалық реакциялар 11

Аниондардың сапалық реакциялары 13

Химиялық реакциялардың жылдамдығы 16

Тотығу және тотықсыздану 18

Металдарды алу 20

Тотығу дәрежесі 22

  1. (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары 24

  2. (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары 26

13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары 29

Металдардың жалпы сипаттамасы 32

Галогендер 34

Хлор 36

Хлорсутек қышқылы 38

Күкірттің қосылыстары 40

Азот. № 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі" 42

Аммиак 45

Азот қышқылы (HNO) 47

Фосфор және оның қосылыстары 49

Минералды тыңайтқыштар 51

Кремний және оның қосылыстары 53

Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау 55

Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау 57

Адам ағзасының химиялық құрамы 58

Органикалық заттардың ерекшеліктері 60

Алкандар 63

Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу" 66

Алкендер 68

Алкиндер 70

Алкендер 72

Ароматты көмірсутектер. Бензол 74

Оттекті органикалық заттар. Спирттер 76

Күрделі эфирлер мен майлар 78

Көмірсулар 80

Мұнай 82

Нәруыз 84

















Оқу басылымы



ХИМИЯ ПӘНІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТАТЫН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ

(9 сынып)






Басылуға 27.08.2025 қол қойылды. Пішімі 60х84/16. Көлемі 5,5 б.т.

Таралымы 500 дана


«Дарын баспасы» ЖШС Алматы қ.,

Жамбыл к-сі, 114/85

e-mail: darynbaspa2022@mail.ru,

+7 747 150 11 77

Textbox 29

88

«Дарын баспасы» ЖШС баспаханасында басылды



Graphic 30

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі