Материалдар / Химия пәнінен мектепішілік олимпиада 8-сынып (жауаптарымен)

Химия пәнінен мектепішілік олимпиада 8-сынып (жауаптарымен)

Материал туралы қысқаша түсінік
20 сұрақтан тұратын "Химия" пәні бойынша 8-сыныптарға арналған олимпиада сұрақтары (дұрыс жауаптарымен)
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Shape1

Химия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары

8-сынып жауаптары

ТЕСТ (20 балл)


1. 115 натрийдің зат мөлшерін (мольмен) табыңыз.


А) 0,5 Б) 2,5 В) 5 Г) 11,5


2. Төмендегі металдардың қайсы сілтілік-жер металл емес?


А) Ba Б) Mg В) Sr Г) Re


3. CuSO4x5H2O қосылысындағы оттектің массалық үлесі қанша?


A) 47,8% Б) 57,6% В) 64,2% Г) 55,3%


4. Қай қосылыс негіз болып табылады?


А) H2O Б) КOH В) HNO3 Г) Na2SO4


5. 1,12 л (қ.ж.) ацетилен (С2Н2) алу үшін жұмсалатын кальций карбидінің (СаС2) массасы қандай?


А) 3,2 г Б) 6,4 г В) 9,6 г Г) 1,6 г


6. Газдың сутекпен салыстырғанда тығыздығы 14-ке тең. Осы газдың ауамен салыстырғанда тығыздығын табыңыз.


A) 0,966 Б) 0,29 В) 28 Г) 29


7. Қай молекулада ковалентті полюсті байланыс бар?


А) NaCl Б) Cl2 В) NH3 Г) MgBr2


8. Қай реакция нәтижесінде газ бөлінеді?


А) CaO + CO2 Б) CaCl2 + AgNO3

В) Ca(OH)2 + HCl Г) CaCO3 + HCl


9. Құрамында 13,9% Ca, 63,9% W және 22,2% O кездесетін шеелит минералының формуласын анықтаңыз.


A) СaWO3 Б) CaWO4 В) Ca(WO2)3 Г) CaWO5


10. Реакцияны теңестіріп, коэффициенттер қосындысын табыңыз:

Cr(OH)3 + Br2 + NaOH = Na2CrO4 + NaBr + H2O


А) 30 Б) 31 В) 32 Г) 33

11. Физикалық құбылыс:


А) сүттің ашуы Б) темірдің тоттануы В) бензиннің жануы Г) судың булануы


12. Ауамен салыстырғанда тығыздығы 1,52 болатын газдың молекулалық массасын табыңыз:


А) 66 Б) 42 В) 44 Г) 48


13. 30Si изотобының нейтрон санын анықтаңыз.


А) 14 Б) 15 В) 17 Г) 16


14. Қосылыстарда тұрақты ІІ валенттілік көрсетеді:


А) C Б) O В) Cu Г) Li


15. Электрондық конфигурациясы 1s22s22p63s23p5 болатын элемент.


А) Cl Б) O В) S Г) Ca


16. Массасы 3,2 г оттегінің зат мөлшері мен (қ.ж.) алатын көлемі:


А) 0,3 моль; 2,48 л Б) 0,1 моль; 2,24 л В) 1,5 моль; 3,48 л Г) 0,2 моль; 4,48 л


17. Үй жағдайында қамыр илеу үшін 10%-дық 250 г ерітінді дайындау үшін қажет тұз бен судың массасы:


А) 10 г тұз, 240 г су Б) 40 г тұз, 110 г су В) 25 г тұз, 225 г су Г) 20 г тұз, 200 г су


18. Инертті газды анықта.


А) N2 Б) Ar В) C Г) H2


19. Дене еңбегімен айналысқан Айбол шөлін басу үшін 1,8 л су ішкен болса, судың молекула саны:


А) 6,02х1025 Б) 3,01х1025 В) 60,2х1023 Г) 3,01х1023


20. Медицинада жансақтау бөлімінде 0,85%-дық, тығыздығы 1 г/мл ас тұзының ерітіндісін пайдаланады, оны физиологиялық ерітінді деп атайды. 800 мл физиологиялық ерітінді дайындау үшін қажет тұздың массасы


А) 9,6 г Б) 6,8 г В) 8,9 г Г) 4,7 г



ЖИ арқылы жасау
29 Қазан 2024
2329
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі