жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
химия пәнінен мұғалімдер мен оқушыларға арналған тапсырмалар
О-дік бақылау жұмысы
Тақырыбы: Бейорганикалық химия курсы бойынша негізгі
сұрақтарды қайталау.
Мақсаты: Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың
негізгі кластары жөніндегі алған білімдерін қол-
дана білуін қалыптастыру.
Білуге тиіс: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын,
формулаларын,бейорганикалық заттардың негізгі
кластары арасындағы генетикалық байланысты.
Орындай Бейорганикалық заттардың химиялық қасиеттері,қол-
алуы керек: данылуы.Шығымның теориялық мүмкіндігі бойынша
массалық үлесін анықтау.
І-нұсқа
1. Кремний қышқылы,оның қасиеттері және тұздары.
2. Төмендегі өзгерістерді химиялық теңдеулермен көрсет:
CaCO3→CO2→H2CO3→Na2CO3
3. Карбонат- ионға қандай сапалық реакция жүргізуге болады?
4. Массасы 50 гр. кальций карбонатын қыздырғанда салмағы 11 гр.
көмір қышқыл газы бөлінген. Алынған карбонаттың құрамында
қоспаның массалық үлесі қандай?
ІІ-нұсқа
1. Көміртегінің оксидтері және олардың қасиеттері.
2. Төмендегі өзгерістерді химиялық реакция теңдеулерімен көрсет:
SiO2→K2SiO3→H2SiO3→CaSiO3
3. Өнеркәсіпте шыны және цемент алу.
4. Массалық үлесі 5 %-тік қоспасы бар құмды 64,2 кг. содамен қосып
балқытқанда қанша кг.натрий силикаты түзіледі?
Тақырыбы: Қаныққан көмірсутектер
Мақсаты: Қаныққан көмірсутектер бойынша алған
білімдерін тексеру
Білуі тиіс: Алкандердың құрылысы,гомологтары,
изомериясы және қасиеттері
Орындай Алкандердың құрамын,құрылысын,формула-
алуы тиіс: ларын,изомериясын,гомологтарын білуге тиіс
Номенклатураны қолдана білу,заттың жану
өнімдері бойынша формуласын табуға арнал-
ған есептерді шығара білуі керек
І-нұсқа
1.Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап,түзілген заттардың атын ата :
t,10000C
а) С4Н10 + О2→ ә) С5Н12→
б) С2Н6 + СІ2→ в) гексанның изомерленуі
2.Мынадай зат берілген: СН3−СН−СН3
׀
СН3
Осы заттың екі гомологын жазып,атын ата.
3.Органикалық заттың құрамына көміртегі-92,23%,сутегі-7,77% кіреді.Сутегі
бойынша салыстырмалы тығыздығы -13.Осы заттың молекулалық
формуласын тап.
4.0,28 г көмірсутекті жаққанда 0,88 г көмірқышқыл газы,0,36 г су түзіледі.
Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,965.Осы заттың молекулалық
формуласын тап.
ІІ-нұсқа
1.Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап,түзілген заттардың атын ата :
а) Циклопропан + Н2→(қосылу) ә) СН3−СН2−СН2−СН2СІ +СІ2→
б) С2Н6→ в) С7Н16+О2→
2.Мынадай зат берілген: СН3 СН3
׀ ׀
СН3−СН−С−СН3
׀
СН3
3.Осы заттың екі изомерін жазып,атын ата.3.Органикалық заттың құрамына
көміртегі- 75%,сутегі-25%,оттегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,5
Осы заттың формуласын тап.
4.4,2 г көмірсутекті жаққанда 13,2 г көмірқышқыл газы,5,4 г су түзілді,ауа
бойынша салыстырмалы тығыздығы 2,9.Осы заттың формуласын тап.
Тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер
Мақсаты: Қанықпаған көмірсутектер бойынша алған
білімдерін тексеру
Білуі тиіс: Алкендердің құрылысы,гомологтары,
изомериясы және қасиеттері
Орындай Алкендердің құрамын,құрылысын,формула-
алуы тиіс: ларын,изомериясын,гомологтарын білуге тиіс
Номенклатураны қолдана білу,заттың жану
өнімдері бойынша формуласын табуға арнал-
ған есептерді шығара білуі керек.
11 класс
І-тоқсан
І-нұсқа
1.Мынадай зат берілген: CH2═CH-CH-CH-CH3
׀ ׀
CH3 CH3
Осы заттың екі изомерінің формуласын жазып,атын ата.
2.Пропин төменде берілген заттардың қайсысымен реакцияға түседі:
O2,CI2,NaOH,HCI,t,KMnO4 Мүмкін болатын реакцияларды жазыңдар.
3.Төмендегі өзгерістерді жүзеге асырыңдар,заттардың аттарын ата:
CH4→C2H2→ C2H4→ C2H6→ C2H5CI
↓
( -CH2-CH2-)n
4.20%- қоспасы бар 100 г техникалық кальций карбидінен (қ.ж) ацетиленнің
қандай көлемін алуға болады.
ІІ-нұсқа
1.Мынадай зат берілген: CH≡C-CH2-CH-CH3
׀
CH3
Осы заттың екі гомологының формуласын жазып,атын ата.
2.Пропен төменде берілген заттардың қайсысымен реакцияға түседі:
H2SO4,Br2,KOH,HCI,H2O,Mg,H2 Мүмкін болатын реакцияларды жазыңдар
3.Төмендегі өзгерістерді жүзеге асырыңдар,заттардың аттарын ата:
CH4→C2H2→ CH2═CHCI→ ( -CH2-CH-)n
׀
CI
4.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымы 84% болса,51,2 кг.
Кальций карбидін сумен әректтестіргенде,ацетиленнің (қ.ж.) қандай көлемі түзіледі.
Тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар
Мақсаты: Оттекті органикалық қосылыстар жөніндегі
білімді қабылдау деңгейлерін тексеру
Білуі тиіс: Спирттер мен фенолдардың құрылысы,құрамы,
функционалдық топтары,қасиеттерін,алыну әдістерін
Орындай Заттарды жүйелеу номенклатурасы бойынша
алуы тиіс: аталуын,құрылымдық формулаларын жаза білуі,
гомологтары мен изомерлерді айыра білуі тиіс.
І-нұсқа
1.Этил спирті мен фенолдың химиялық қасиеттерін салыстырыңдар
(ұқсастығы мен айырмашылығын) реакция теңдеуі арқылы көрсетіңдер
2.Мынадай зат берілген: HO-CH2-CH2-CH-CH-CH3
׀ ׀
CH3 CH3
Осы заттың бір гомологын және бір изомерін жазып,аттарын атаңдар.
3.Төмендегі өзгерісті жүзеге асырыңдар:
HC≡CH→C6H6→C6H5CI→C6H5OH→тринитрофенол
4.3,2 г метанолды 3,2 г натрий металымен әрекеттестіргенде сутегінің (қ.ж.)
қандай көлемі түзіледі.
ІІ-нұсқа
1.Фенол мен бензолдың химиялық қасиеттерін салыстырыңдар
(ұқсастығы мен айырмашылығын) реакция теңдеуі арқылы көрсетіңдер
2.Мынадай зат берілген: СН3-СН2-СН-СН2-СН2-СН2-ОН
׀
С2Н5
Осы заттың бір гомологын және бір изомерін жазып,аттарын атаңдар.
3.Төмендегі өзгерісті жүзеге асырыңдар:
С2Н2→С6Н6→С6Н5СІ→С6Н5ОН
4.Егер шығымы 96% болатын 4,6 г этил спиртінен (қ.ж.) этиленнің қандай
көлемін алуға болады
Тақырыбы: Альдегидтер мен карбон қышқылдары
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-
дерін тексеру.
Білуге тиіс: Альдегидтер мен карбон қышқылдарының құрылысын
номенклатурасын,гомологтарын,изомериясын,қасиет-
терін,алынуын,құрамы бойынша ұқсастығы мен
айырмашылығын білуі тиіс.
Орындай Изомерлері гомологтарының құрылымдық формула-
алуы керек: ларын жаза білуі керек,формула бойынша заттардың
атын атай білуі тиіс,көмірсутектермен оттекті органи-
калық қосылыстардың арасындағы генетикалық байла-
нысты дәлелдей алуы керек.
І-нұсқа
1.Бутанальдің:а) изомерін б) гомологын жазып,осы заттардың атын ата.
2.Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
метан→бромметан→формальдегид→көмірқышқыл газы
↓ ↑
құмырсқа қышқылы
3.Органикалық заттың құрамына көміртегі-54,55%,сутегі -9,09%,оттегі-
36,36% кіретін,сутегі бойынша тығыздығы -44 болып келетін заттың
формуласын тап.
4.500 г техникалық кальций карбидінен 4% қоспасы бар,қанша сірке
қышқылын алуға болады,егер шығымы 80% болса.
ІІ-нұсқа
1.Май қышқылының: а)изомерін б)гомологын жазып,осы заттардың атын ата.
2.Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
метан→ацетилен→сірке альдегиді→көмірқышқыл газы
↓
сірке қышқылы→магний ацетаты
3. Органикалық заттың құрамына көміртегі-40%,сутегі -6,66%,оттегі-
53,34% кіретін,ауа бойынша тығыздығы -2,07 болып келетін заттың
формуласын тап.
4.Егер іс жүзінде шығымы 90% десек,44,8 л ацетиленнен қанша сірке
альдегидін алуға болады.
Тақырыбы: Көмірсулар
Мақсаты: Көмірсулар бойынша алған білім деңгейлерін
тексеру
Білуге тиіс: Көмірсулардың құрамы,құрылысы,алынуы,
физикалық,химиялық қасиеттерін,қолданылуын
білуі тиіс.
Орындай Көмірсулардың тотығу-тотықсыздану,ашу,гидролиз
алуы тиіс: реакцияларын жаза білуі керек
І-нұсқа
1.Күрделі эфирлерге,сахарозаға,крахмалға қандай ортақ химиялық қасиет
тән,реакция теңдеулері арқылы көрсет.
2.Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
крахмал→глюкоза→этил спирті
↓
глюкон қышқылы
3.Глюкозаның көп атомды спирт екенін дәлелдейтін реакция теңдеулерін
Жазыңдар
4.20% қоспасы бар 69 г этил спирті мен 75 г сірке қышқылы өзара әрекеттес-
кенде түзілетін сірке қышқылы этил эфирінің массасын есепте
ІІ-нұсқа
1.Глюкоза мен сахарозаның құрылысын,құрамын,химиялық қасиеттерін
салыстырып,оларға тән химиялық қасиеттерін жаз.
2.Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
сахароза→глюкоза→целлюлоза→динитроклетчатка
3.Өсімдік майының жануар майынан құрамы жағынан айырмашылығы
қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4.50% қоспасы бар 300кг ағаш үгінділерінен (целлюлоза массасы-162)
спирттің қандай массасы түзіледі,егер спирттің шығымы 70%болса.
Тақырыбы: Азотты органикалық қосылыстар
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін
тексеру
Білуге тиіс: Аминдердің,амин қышқылдарының,белоктардың,
құрылысы,құрамы,изомериясы,химиялық қасиеттері
Орындай Гомологтар мен изомерлердің құрылымдық
алуы керек: формулаларын салыстыра білуі керек.Формулаға қарап
заттардың атын атай білуі керек
І-нұсқа
1.Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
метан→ацетилен→этан→нитроэтан→этилмин
2.Амин пропан қышқылының және оның изомерлерінің формулаларын
жазып,олардың аттарын ата.
3.Амин сірке қышқылы мен пропанол-1 дің арасындағы этерификация
реакция теңдеуін жазыңдар.
4.123 г нитробензолды тотықсыздандыру арқылы 8,5 г анилин алынды.
Анилиннің шығымы қанша?
ІІ-нұсқа
1.Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
C2H2→C6H6→C6H5NO2→C6H5NH2→{C6H5NH2}CI→NaCI
2.C5H15N болып келетін аминнің изомерлерінің формулаларын жазыңдар.
3.Амин сірке қышқылы төменде берілген заттардың қайсысымен реакцияға
түседі:этил спирті,тұз қышқылы,натрий гидроксиді,L-амин пропион
қышқылы.Мүмкін болатын реакция теңдеуін жаз.
4.18,6 г анилин мен 14,6 г хлорсутегі әрекеттескенде түзілген өнімнің
массасын есепте,егер өнімнің шығымы 10% болса.
Тақырыбы: Органикалық химиядан алған білімді қорыту
Мақсаты: Оқушылардың органикалық химия курсынан
алған білімдерін қорытындылап,тексеру.
Білуге тиіс: Органикалық заттардың құрылымдық,электрондық
формулаларын,гомологын,изомериясын,номенкла-
турасын,химиялық қасиеттерін,органикалық
заттардың алынуын
Орындай Салыстырмалы тығыздықтары бойынша,түзілген
алуы керек: өнімнің массалары бойынша және есептеу
есептерін шығара алуы керек
І-нұсқа
1.Мынадай заттар берілген:CI2,HCI,Na,H2O,O2,HNO3,Ag2O,C2H5OH,t
Пропил спирті осы заттардың қайсысымен әрекеттеседі.
2. Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
қаныққан көмірсутектері→қанықпаған көмірсутектері→ацетилен
көмірсутектері→ароматты көмірсутектер→нитроқосылыстар→аминдер
3.Сірке қышқылы,пропанол-1,май альдегидінің құрылымдық және электрон
дық формулаларын жаз.
4.1 л спирттен 250 л этилен (қ.ж.) алуға болады.Этиленнің шығымын
есептеңдер.
ІІ-нұсқа
1.Мынадай заттар берілген: Br2,HBr,K,H2O,O2,HNO3,Ag2O,CH3OH,t
Сірке альдегиді осы заттардың қайсысымен әрекеттеседі.
2.Төмендегі өзгерісті жүзеге асыр:
қаныққан көмірсутектері →ацетилен көмірсутектері→альдегидтер→
карбон қышқылдары →галогені бар карбон қышқылдары →амин
қышқылы
3.Бутанол-1,май қышқылы,пропион альдегидінің құрылымдық және
электрондық формулаларын жазыңдар
4.Газ тәріздес органикалық затты жаққанда 11,2 л көмірқышқыл газы (қ.ж.)
және 12 г су түзіледі.Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,51.Осы
заттың молекулалық формуласын табыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген