400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Химия сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық-коммуникативтік технология, ағылшын тілінде оқыту, интербелсенді тақта, «Kahoot» бағдарламасы, функционалдық сауаттылық, жаңартылған бағдарлама, критериалды бағалау, интернет желісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекенбай Ж.,

Химия пәнінің мұғалімі

Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі

Алтынсарин ауданы

Қостанай облысы


ХИМИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

««Қазіргі заманда жастарға

ақпараттық технологиямен байланысты

әлемдік стандартқа сай мүдделі

жаңа білім беру өте қажет»

Ел басы Н.Ә Назарбаев



Ақпараттық-коммуникативтік технология, ағылшын тілінде оқыту, интербелсенді тақта, «Kahoot» бағдарламасы, функционалдық сауаттылық, жаңартылған бағдарлама, критериалды бағалау, интернет желісі.


Аннотация:


Химия сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауттылығын дамыту, алған білімдерін өмірде қолдана алуларына жағдай жасау ұстаз менің басты міндетімнің бірі. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге,ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнға көшті. Жаңартылған мазмұнды білім бағдарламасы бойынша оқушылардың алаған білімдерін болашақта өз өмірлеріне қалай қолдану керектігіне бағыт-бағдар бере отырып, олардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру.

Жеке әдістемелік тақырыбым: «Химия сабағында ақпараттық технологияны пайдаланып оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру». Осы тақырып аясында мәліметтерді жинақтап, саралап, өзімнің оқу үдерісіне қажеттісін алып отырамын. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін, білу, түсіну, қолдану, талдау элементтерін пайдалану және нәтижесін бағалай отырып, оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру, презентация, флипчарт, бейне-материалдарды сабақта қолдану сонымен қатар, білімланд сайтындағы керемет құрастырылған сабақтарды қолданамын. Былтырғы оқу жылында «Химия пәнін ағылшын тілінде оқыту» үш айлық курсын тәмамдағаннан бастап 8- сынып оқушыларына «химиялық терминдер» атты факультатив сабағын өткізіп келемін. Бұл сабақта интернет желісінің ықпалы өте зор. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту үшін ағылшын тілінде зертханалық жұмыстарды көрсету және олардың атауларын ағылшын тілінде айтып талдау жұмыстарын өткіземіз. Оқушылардың білімін тиянақтау үшін «Kahoot» бағдарламасын кеңінен қолданамын. Бұл бағдарламада интерактивті тақта, компьютор, оқушылардың қолындағы телефон бірге қосылып бір мезгілде барлығы бірге жұмыс істейді. Сабақтарда неге? қалай? не үшін?- деген сұрақтарды жиі қоямын, оның себебі білім алушылардың өз ойын еркін жеткізе алуына, өз ісінің ақ қарасын ажырата алатын, шешім қабылдай алатын тұлға қалыптасыру. Оны айқындауда бізге бағалаудың жаңа жүйесі критериалды бағалау маңызды роль атқарады. Оқушылар бағалау критерий мен дескрипторларға сүйене отырып нені меңгеру керектігін өздері түсіне отырып әрекет жасайды.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін  білім алушылардың берілген тапсырмалардың дұрыс, сапалы орындалуына аса көңіл бөлемін. Сонымен қатар жұптық, топтық ,жеке жұмыстар жасауда деңгейлік тапсырмалар беру арқылы пәнге  деген қызығушылығын арттырады.

Қорытындылай келе, заман талабына сай оқытуды жүзеге асыру үшін, жалғыз мұғалімнің жұмыс жүйесі жеткіліксіз. Қазіргі озық оқыту технологиялардың тиімділігі - оқушылардың жас ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттерінің ескерілуінде. Мектепте, үйде, демалыста мен өз оқушыларыммен "байланыстамын". Бұл уақыт талабы деп есептеймін. Қазіргі заман балалары интернетсіз өздерін елестете алмайды, кейде сабақты сәтті өткізу үшін оқушыларды алдағы сабаққа дайындығын тексеруде әлеуметтік желілерде отыруға тура келеді. Оқушылар сабаққа дайындықты интернет желісі арқылы түрлі ақпараттрады қолдана отырып, дайындалады.





Пайдаланылған әдебиет:


  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған,2014 ж.

  2. Интернет желісі.

  3. Журнал «Химия сабағында»


 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі