Химия сабағындағы оқушылардың білім сапасын
МОДО тапсырмасы арқылы арттыру
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!» - деп Мағжан Жұмабаев жырлағанда жасы 25-те екен. Кемел келешегіміздің жастарына өмірлік ұран етіп қалдырған өлең жолдары кез келген қазақ жастарына бағдаршам іспетті еді.
Қазіргі уақытта білім берудің жаңа жүйесі құрылып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Педагог қызметкерлердің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі-ол оқытудың әдіс –тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық әдіс- тәсілдерді меңгерту.
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздердің меңгеруі ең маңызды мәселелердің бірі.
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген оқу пәндері мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттердің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет білім алушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Химияны оқыту методикасының зерттейтін обьектісі - сол пәнді оқыту әрекеті. Химияны оқыту методикасы ғылыми оқыту әрекетін методикалық деңгейде зерттейді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады. Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылырдың химия обьектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Химиялық орта білім беру бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады. Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақталған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру. Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешкенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
Мектебіміздің алдына қойылып отырған мақсаты инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі, нақты білім беру болып табылады. Пәнді оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістерді қолдану тиімділігі төмендегідей.
«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бастауыш пен негізгі орта мектептерінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) жүргізу – заман талабына айналды. Мониторинг жүйесі нәтижелі болу үшін оқушыларға түрлі әдіс-тәсіл қолдану арқылы білімін шыңдау әр мұғалімнің міндеті.
Оқушылырға химиядан жүйелі білім беруге сабақ басты орын алады. Сабақ –өте күрделі, жан-жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрлі белгілі, олар: жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), (дидактикалық оқи білу дағдысын меңгерту), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іс әрекетті қалаптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қортындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады. Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру оң нәтиже береді. Жаңа сабақтың материалдарын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың түрлі формаларын қолдану оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу және таным қабілеттерін арттырады. Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз болмайды. Өзіндік жұмыс - оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдылырды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгертеді. Нәтижесінде оқушылар білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингісінде (МОДО) нәтижелі білім көрсеткішін көрсететені анық.
Сабақ барысында әлеуметтік желідегі платформаларды қолдану жақсы нәтиже береді. Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану - оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыруға, жүйелеуге, мұғалімнің уақытын үнемдеу және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептері шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеулерін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу т.б.
Химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлау, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп, бөлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Химия пәнінен деген қабілеттіліктерді дамыту үшін, мүмкіндігінше білім алушыларының өзіне тапсырмаларды көбейте отырып, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп меңгерту қажет. Тәртіптілік, зейіндік, жұмысқа ептілігі, жинақылық тәрізді қасиеттер тек білім алушылар сынақ тәжірибелік теория негізінде оқып-үйренумен ұштастырылған жағдайда ғана білім алушының ақыл-ой және сарамандық іс-әрекеттің дараланған сипаты қалыптасады, теориялық және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу шеберлігі пайда болады.
Қорыта айтсақ, оқу процесіне ең бастысы оның мазмұны, дүниетанымдық бағыттылығы, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру жөніндегі, істі ұйымдастырудың әдістемелік жағы болып табылады. Химияны оқытуды ұйымдастырудың барлық формаларында оқушылар ғылым негіздері бойынша белсенділік пен білім меңгеруін, оқу еңбегінде және алған білімін іс-жүзінде қолдануға икемділік пен дағдылар алуын қамтамасыз ету-мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады.
Алматы қаласы, №59 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі: Жұмабаева Фариза
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Химия сабағындағы оқушылардың білім сапасын МОДО тапсырмасы арқылы арттыру

шағым қалдыра аласыз