Материалдар / Химиядан сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химиядан сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтан тыс іс-шара 8 сыныптар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
3112
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Shape1

(Сыныптан тыс іс-шара)





Пән мұғалімі: Ауелбеков Д.С.

Сыныбы: 8 «Г»












2017-2018 оқу жылы

Күні: 12.04.2017жыл

Сыныбы: 8 Г

Пәні: Химия

Сайыстың тақырыбы: «Талантты химиктер»

Сайыстың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып,ойын элементтері арқылы қосымша мағлұмат беру

ә) тәрбиелілік: Өздігінен ізденуге, ұйымшылдыққа баулу, топтасып жұмыс істеуге тәрбиелеу

б)дамытушылық: танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақтың барысы

Құрметті қонақтар, оқушылар! Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы оқушылардың білімін анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Білгір химиктер»сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Сайысымызды бастамас бұрын ойыншыларымызға төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін

1

2

3

I топ «Атомдар»


II топ «Молекулалар»

Cайыс 7 кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру

2. Бәйге

3. Есептер сыры

4. Ғажайып шеңбер

5. Жұмбақтар аралы

6. Құпия сөздің құлпын аш

7. Адасқан әріптер

Ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық.

1-кезең.Таныстыру.Топ басшысы өз тобының мүшелерімен бірге топтың атымен, белгісімен таныстырады.

2-кезең.Бәйге. Ең қиыны жарыстың бәйге келді,

Мықтыларың ортада шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

Бұл бөлімде топтарға сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. (Атом)

2. Атом-молекулалық ілімді ашқан ғалым. (М.В.Ломоносов)

3. Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты нешеге жіктеледі. (2)

4. Химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. (Химиялық теңдеу)

5. Периодтық жүйені ашқан ғалым. (Д.И.Менделеев)

6. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (Молекула)

7. Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым (Ж.Пруст)

8.Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті (Валенттілік)

9. Химиялық реакциялардың неше типі бар (4)

10. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп,бір күрделі затқа айналуы қандай реакция (Қосылу)

3-кезең.Есептер сыры

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі де келіп тұр.

1-топ Масассасы 112 г темір қанша зат мөлшеріне сәйкес келетінін есептеп тап.

2-топ Массасы 168 г темір қанша зат мөлшеріне сәйкес келетінін есептеп тап.

«Көрермендер көрімдігі»

Топ мүшелері есеп шығарып болғанша көрермендерді де сынап көрейік. Бәлкім сайысымызды тамашалап отырған көрермен қауымның арасында да болашақ химиктер отырған шығар.

«Мен кіммін»ойыны

1. Бірінші бөлігім көп емес,екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін (Азот)

2. Бірінші бөлігім «алда бол»деген бұйрық рай,екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)

3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына алынатын белгі. (Селен)

4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада,ол қандай тұз. (Алмас)

5. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады,екінші буыны сан есім,қай элемент? (Неон)

6. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін,керісінше оқысаңыз өткізгішпін. (Мыс-сым)

4-кезең «Ғажайып шеңбер»

Тіршіліктің көзі болған жерінде,

Химиялық элементтер елінде.

Жиын болды мерекелік бас қосқан,

Менделеев кестесінің төрінде - деп, келесі сайысымыздың кезеңі «Ғажайып шеңбер» деп аталады. 3 минут ішінде мына шеңберде берілген әріптерді пайдалана отырып химиялық элементтер аттарын құрастыру керек. Әрбір дұрыс тапқан элементке 1 ұпай беріледі.

5-кезең «Жұмбақтар аралы»

Сырларым бар химикке болған аян,

Таба алсаң сырларымды етем баян - дегендей сайысымыздың келесі кезеңі «Жұмбақ арал». Мұнда топ мүшелеріне жұмбақтар қойылады, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі және жауапты ағылшын, орыс тілдеріне аудару қажет.

1-топ

1.Адам тыныс алатын газ (Оттек, кислород, oxygen )

2.Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (Сутек, водород, hydrogen)


3.Адам мен жануардан бөлінеді,

өсімдіктің торына ілігеді. ( Көмірқышқыл газы, диоксид углерода, carbon dioxide)

4.Ол болмаса астың дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес. (Ас тұзы, соль, salt)

5.Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны (Темір, железо, iron)

2-топ

1.Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсаң ауа жетпей қиналасың. (Оттек, кислород, oxygen)

2.Шыдасаңда алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсз екі күнге. (Су, вода, water)

3.Ертеден белгілі жетеудің бірімін,

Электроника саласында ірімін.

Көптеген құймаларға кіремін,

Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (Мыс, медь, copper)

4.Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (Қорғасын, свинец, lead)

5.Табылса бұрын там-тұмнан,

Қазір көп әр өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде? (Алюминий, алюминий, aluminium)

6-кезең «Құпия сөздің құлпын аш»

Екі топқа тапсырма беріледі, берілген элементтің латынша атын табу.

1-топ 2-топ

N-эн S -эс

H-аш Zn-цинк

Fe-феррум Ag-аргентиум

Au-аурум Pb-плюмбум

Cu-купрум C-це

7-кезең «Адасқан әріптер» Элемент пен биологиялық атауларды дұрыс жазу керек.

«Атомдар» тобына исклрталл-кристалл, акцияр-реакция, нецаграм-марганец, лексреф-рефлекс, уызнәр-нәруыз

«Молекулалар» тобына кетот-оттек, қлышқы-қышқыл, оряд-ядро, сужаша-жасуша, іркөмсу-көмірсу.


Білім деген биік шың,

Бақытқа оны жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың?

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!