Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Химиялық бәйге" тақырыбындағы сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Химиялық бәйге" тақырыбындағы жаратылыстану апталығындағы сайыс сабағының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия













Тақырыбы «Химиялық бәйге»

8,9-сыныптар

2024-2025 оқу жылы

Сәуір айы







Жауапты пән мұғалімі: Керімбай Б















Ақтөбе қаласы











Күні: 25.04.2025жыл.

Қатысушылар: 8,9 сынып білімалушылары

Жүргізуші:

Саламатсыздарма, сайысқа қатысушылар, әділ қазылар, көрермендер.

Бүгін 8,9 сыныптар аралығында өтетін «Химиялық бәйге» сайысын бастаймыз. Қатысушы топтармен және әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, танысамыз.

Сайыстың барысы: Сайысқа қатысушы білімалушыларға жеңіс тілей отырып, ұлы Абай атамыздың өлең жолдарымен бастаймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер
Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай,

Ғылымның білім пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай.

Жүргізуші:

Сайыстың бөлімдерімен таныстырады.

1-бөлім «Кім жылдам»

2-бөлім Химиялық өрмек

3-бөлім «Жұмбақтар аралы»

4-бөлім «Формулалар сыры»

5- бөлім «Химиялық портрет»

1-бөлім «Кім жылдам»

Ережесі: Лездік сұрақтар 1-минут ішінде қойылады . Дұрыс жауапқа 1 балл

1-топқа қойылатын сұрақтар

1.Периодтық заңды кім ашқан және қашан ашты.(1869 жыл. Менделеев)

2.Валенттілік дегеніміз не?(Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті)

3.Химиялық реакция типтерінің саны (төрт)

4.Сүзу әдісімен бөлінген ерітіндіні қалай атайды (сүзінді)

5.Химиялық реакцияның белгілерін атаңыз( (жылудің бөлінуі, тұнбаның түсуі,, газдың бөлінуі)

6.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі ( молекула)

7.Бериллий, мырыш валенттіліктері( тұрақты екі валентті)

8.Химиялық басты ұғым( химиялық элемент)

9.Формуланың алдына қойылатын сан (коэффициент)

10.Химиялық реакция типтерін атаңыз( қосылу, ацырылу, орынбасу, алмасу)

11.Авогадро тұрақтысының мәні ( 6,01*1023)

12.Алмасу реакциясына қандай қанша заттар қатысады ( екі күрделі заттар)

13.Заттардың өзара әрекеттесуін көрсеттетін таңба ( «+» қосу таңбасы)

14. Зат мөлшерінің таңбасының оқылуы, өлшем бірлігі( ню, моль)

15. Қосылу реакциясы дегеніміз ( екі немесе бірнеше заттардың өзара әрекеттесіп, нәтижесінде бір күрделі заттар түзілуі )

2-топқа қойылатын сұрақтар

1.Реагенттер дегеніміз? ( Әрекеттесуші заттар)

2.Әрбір газ қанша көлем алады?( 22,4 л)

3.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

4.Темірдің валенттіліктері.(2,3)

5.Химиялық әрнекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттардың массасына тең қандай заң тұжырымдамасы? ( заттар массасының сақталу заңы)

6.Алюминийдің атомдық массасы? (27)

7.Химиялық элементтердің көлдененң қатары (период)

8.Металл атомы мен гидроксо тобынан тұратын қосылыс қалай аталады? ( негіздер)

9. Бейэлектролиттер болатын химиялық байланыс (коваленттік полссіз байланыс)

10.Латынша диссоциация ұғымы нені білдіреді? (ыдырау)

11.Сулы ерітіндіде диссоциациялағанда анион ретінде ОН аниондарын түзетін қосылыс ( негіздер)

12.Диссоциациялану дәрежесі 3 % бен 30 % аралығында болатын электролиттер ( орташа электролиттер)

13.Иондық реакциялар аяғвна дейін жүреді белгілері ( тұнба, газ, аз диссоциацияланатын зат түзілсе)

14.Литий, натрий , күміс валенттері ( бір валентті)

15.Суда еритін негіздер қалай аталады? (Сілтілер)


2-бөлім Химиялық өрмек



Жүргізуші:

Ережесі: Сіздерге 1-20 дейін сан беріледі. Әрбір топ 7 сұрақтан таңдайды. Таңдалған сандары бойынша әрбір топ өрмектегі санды таңдайды,ал жүргізуші өрмектегі дөңгелекті алып, оның артындағы тапсырманы оқиды.

Кейбір нөмірлердің астында жасырылады:

«Інжу »Бұл топ 1 ұпайды ие болып ойынды одан әрі жалғастырады;

«Су тамшысы » 10 ұпай жойылып кетеді.

3. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі., жауап бере алмаса қарсылас тобы жауап бере алады, оларда 10 ұпай алады;

Сұрақтар мен тапсырмалар

Ғаламшарда ең көп таралған элемент (сутек)

Өрмекші

Ең балқитын металл ( вольфрамм )

Зертханаға оқушылар кірген кезде ақ ұнтақ салынған СаО формуласы жазылған банкіні көреді. Сырым: «бұл үлпілдек, әктас»-деді. Қайрат «иә , бұл әктас, бірақ күйдірілген әктас»-деді , ал Әділ: « бұл сөндірілмеген әк»-деді. Қайсысы дұрыс айтып тұр? (Қайрат, Әділ)

Өрмекші

Керосин құйылған құтыға металл калийді салған кезде не байқалады?-деп мұғалім сұрақ қояды. Сырым « калий белсенді металл болғандықтан , керосинге салғанда лапылдап жанады»-деді. Қайрат « ештеңе болмайды, себебі калий ауамен жанасқан кезде жанады, сондықтан ол керосині бар құтыда салынбайды» Әділ «металл ыдыстың түбіне түсіп, сол қалпында қалады, химиялық реакция жүрмейді»-деді. Қайсысы дұрыс? (Әділ, калийді керосинде сақтайды, белсенді металл)

Інжу

Қандай зат үш агрегаттық күйде болады? (су)

Өрмекші

Маған бұрын назар аударылған, бірақ мені ешкімде ұстай алмады. Швед ғалымы К. Шееле және ағылшын ғалымы химигі Джозеф Пристли мені толығымен зерттеді. 1774 жылы олар мені ашты, бірақ К. Шелее Джозеф Пристлиден 5 жылдан кейін мені алғаны туралы хабарлағандықтан атақ Джозеф Пристлиге берілді. Шелее мені «жанғыш газ» -деп, ал Пристли «деглофистирлі ауа»-деп атады. Екуіде қателесті. Өзім туралы айтып кетейін, атмосферда -21%, литосферада -28% , ал гидросферада 89%, 50 км биіктікте менің мөлшерім 10%, ал 100 биіктікте 0,1 % құраймын Адам ағзасында мен 45 кг мөлшерде кездесемін. Тәуліукте мені 750 литр көлемінде қабылдайды, Мен қандай газбын( Оттегі)


Мені 16 ғасырда Парцельс темір шегені күкірт қышқылына салған кезде алған. 17 ғасырдың соңында мені Роберт Бойль зерттеді. Ол мені темір ұнтақтарына тұз қышқылын құйған кезде алды.

Ол мені шыны ыдысқа жинаған және мені ауа деп есептеген. Робер Бойльдің шәкірті Лемери мені құтыға жинап, оның аузына майшамды апарған кезде жарылыс пайда болды, осы жарылыстан Лемери шыны сынықтарынан мерт бола жаздады. Ең соңында ағылшын химигі Генри Кавендиш 1766 жылы мені ашты. Сол кезде мені «жанғыш газ. Мені таза күйінде 1783 жылы Лавузаье судан алды. Солай мен химиялық элементтердің қатарына ендім. Жерде менің мөлшерім 1%, ал күнде 80% . Қалған элементтерге қарағанда менің атомдарым қоcылыстарда көп кездеседі. Менің молекулаларым атмосфераның жоғарғы қабаттарында жиналады. Мен қандай элементтін. (сутегі)

Су тамшысы

«Химия және география» Қандай химиялық элемент грек тілінде жер қыртысы деген мағынаны білдіреді. ( Жер қыртысы –литосфера, грек тілінде – «Iithos»тас, литийдің атауы осы сөзден шыққан)

d деңгейшесінде неше электрон бар (10 )

«Химия және тарих» А.Македонский Индияға жорық жасаған кезде , офицеррлері сарбаздарға қарағанда ішек-асқазан ауруларын сирек шалдыққан. Олардың ішек астары мен сусындары бірдей болғн. Бірақ ыдыстары әртүрлі болған. Официрлердіің ыдыстары қандай металдан жасалған. ( күмістен, себебі күміс бактеридті қасиетке ие)

Су тамшысы

Реакцияның белгілері қандай?( Газ, тұнба, иіс, жарық, түсінің өзгеруі)

Аталған затты тап

а) Газ күйінде ол тыны салу жүйесінде және көзге қатты қоздырғыш қасиет көрсетеді, сұйық күйінде ол күйдіргіш.

Б) Ол кейбір гербидцидтер, инсектицидтер,

3-бөлім «Жұмбақтар аралы»

Жүргізуші: Ережесі:

Химиялық элементерге қатысты жасырылған жұмбақтар дың жауабын қазақша оқылуын айтасыздар. Әр сұраққа 10 ұпай . Толық болмаса 5 ұпай.


1 топ

1.Күміс түсті металл өзі,

Ақ бор, әктс, мәрмәр еді,

Жер металы десек те,

Сан құрылыстың өзегі ( кальций-кальций)

2-топ

2. Жануарда, адамда болатын

Талай снаряд, бомбаларды жаратын,

Полиграфияда да сенім артып,

Жапырақта хлорофильді түзетін (магний-магний)

1-топ

3. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық, (сынап, гидараргирум)

2-топ

4.Тағады оны төсіне

Алтыннан басқа алдына

Салмақты да сабырлы

Теңеу айтып оған да ( күміс-аргентум)

1-топ

5. Иісі , дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса тіршілік жоқ өмірде,

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ (оттегі-о)

2- топ

6. Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент

Одан кейін біз оны

Жерден тауып зерттеп ек( гелий-гелий)

1-топ

7.Қолданамын электр желісінде

Осы менің негізгі жеңісім де,

Жарқыратып үй-үйге де жарық берем

Бағалымын сол үшін де ( алюминий –алюминий)

2-топ

8.Өзі сұйық, иісі жағымсыз

Ғалымдар да сондықтан

Сасық деген ат беріп,

Қолданады дәріге (бром-бром)

1–топ

9. Өзім газбын, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі-о)

2-топ

10. Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді, айтшы ойланып, денеңде жетпейтін қандай тұз еді. ( натрий , ас тұзы)


4-бөлім « Формулалар сыры»

I, II топқа

Жүргізуші: Ережесімен таныстырады. Әр топқа бірдей заттардың атаулары ұсынылады, формулаларын тауып сәйкестендіреді.

1. Күкірт (IV) оксиді SO2

2.Кальций оксиді CaO

3. Магний гидроксиді Mg (OH)2

4.Азот қышқылы HNO3

5.Кальций силикаты CaSiO3

6. Натрий дигидрофосфаты NaH2PO4

7.Магний гидрокарбонаты Mg (HCO3)2

8. Аммиак NH3

9.Фосфин PH3

10. Метан CH4

11. Силан SiH4

5- бөлім «Химиялық портрет» тапсырмалары

Жүргізуші: ережесімен танытырады. Әр топқа ғалымдардың химиялық портретін оқып береді, қандай ғалымдар екенін ойланып жауабын береді. (Экранға шығады)

1-топ Француз ғалымы 1755-1826 жылы заттың массалық құрамын анықтаумен айналысты. Химияның жеке ғылым ретінде даумуына құрам тұрақтылық заңын ашуға өз ықпалын тигізді. (Ж. Пруст)

2-топ 1811 жылы жай газдардың молекуласы бір немесе бірнеше атомдардан тұрады деген жорамал жасап, осы жорамал негізінде ол негізгі идеал газ заңдарының бірінің айтылуын ( өрнектеуін) атомдық, молекулалық массасны анықтау әдісін анықтады. Ол өз есімімен универсальдық тұрақты сан (6,02*10 23 ) идеал газдың 1 моліндегі молкулалар саны деп атаған итальян физигі және химигі ( Амадео Авогадро)

1-топ

Радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Оның негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросы зерттеуге арналған. Ол 1911 жылы атом қрылысынданың Күн жүйесіне ұқсайтын планерарлық моделін ұсынған ағылшын физигі. (Эрнест Резерфорд)

2-топ

Шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанулдың негізін салды. 1748 жылы атом –молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы , жаратылыстанушы, суретші, тарихшы ( М. В. Ломоносов)

1-топ

Швед ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты, 1887 жылы электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын ұсынған ғалым. (Сванте Аррениус)

2-топ

Орыс химигі, петербург Ғылым Академиясының корреспендент мүшесі, 1876, . 1834 жылы 27 қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген . Химиялық элементерді ретке келтіріп, 345 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш еткен, математика мен физиканың әдістерінің химияның негізін қалаушы ( Д. И.Менделеев)


Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12