400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларына химиялық элемент атомдарының периодты түрде өзгеретінін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ашық сабақ

Мектеп: «Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы» КММ - сі

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні: Байжуманова Б.М.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:


8.2.1.2 -бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну;

8.2.1.3 -топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру.


Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Период, топ және оның түрлерін ажыратады;

Басым бөлігі: Топтар мен периодтардағы элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылығын біледі;

Кейбір оқушылар: Элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатынын біледі, дәлелдер келтіре алады, энергетикалық деңгейлерге орналастыра алады.

Бағалау критерийі:

Элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатындығын анықтайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар элементтерді жіктеу принциптерін ауызша немесе жазбаша түсіндіріп, сұрақ қоя алады.



Пәнге қатысты лексика және терминология: элемент, химиялық таңба, атомдық нөмір, салыстырмалы атомдық масса, период, топ, топша, периодтық жүйе, кіші, үлкен период, ядро заряды, металдық қасиет, бейметалдық қасиет, ауыспалы, негізгі, қосымша топша, валенттіклік, энергетикалық деңгей.



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер \Сөйлемдерді толықтыр.1..Элементтердің горизонталь қатары ---------- деп аталады, 2.1-3 периодтар ------- периодтар, 3. 4-7 периодтар ------ деп аталады. 4. Элементтердің вертикаль қатары --------- аталады, 5.топшада 8 элемент болса --------қандай топша. 6. Топтар ------- жіктеледі.7. Бір топшаға химиялық қасиеттері ұқсас элементтер топтастырылса -------- деп аталады.


Құндылықтарды қалыптастыру:


Өзара көмек (бір-біріне деген дұрыс бәсекелестік) сабақ барысындағы ойындар арқылы қалыптасады.

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- өмір бойы оқуға дайын болу;

- танымдық белсенділікті арттыру.

Пәнаралық байланыс:

Физика – атом құрылысы (протон, нейтрон, электрон, орбиталь немесе энергетикалық деңгей)

Көрнекіліктер:

Периодтық кесте, презентация, түрлі-түсті қағаздар, химиялық ыдыстар, құрал-жабдықтар, химиялық элементтің таңбасы жазылған карточкалар, А4 қағаздар, стикерлер, металл кесегі (алюминий), кальций глюконаты, құрғақ жанғыш зат.

Оқыту технологиялары:

СТО, АКТ, интербелсенді, деңгейлеп-саралап, танымдық ойындар, дамыта оқыту.

Әдіс – тәсілдер:

Топтық, жұптық, жеке. «Он сұрақ»,

Алдыңғы білім:

7.2.1.2 - периодтық кестенің құрылу принципін, олардың атом нөмірінің өсуі бойынша түсіндіру.

8.2.1.1 - химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3минут




5минут

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу

-Түгелдеу

Оқушыларды топқа біріктіру (түрлі-түсті қағаз арқылы)

«Миға шабуыл» (СТО) (Әр топ өздерінің топ аттарын құрастырып, не үшін олай атағандарын айтып береді. Топ басшы сайлайды.)

Үй тапсырмасын сұрау (Жұптық жұмыс)

«Он сұрақ» әдісі: «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап береді(ойлау және айтылым дағдысы қалыптасады). Презентацияда алдымен сұрақтары, сосын жауаптары беріледі. Әр оқушы жеке – жеке дәптерлеріне жауап беріп отырады, сосын жанындағы баламен дәптер алмасып, бір – бірінің жауаптарын тексереді. Соңында топ басшысы қанша бала қанша балл алғандарын айтып береді, жалпы баллды айтады. (0-4 жауап – 3 балл, 5-7жауап – 4 балл, 8 – 10 жауап – 5 балл)

1.Периодтық кестені 1869 жылы Д.И.Менделеев ашты? (иә)

2. Атом құрамы протондар мен нейтрондардан тұрады? (иә)

3.Хлордың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 5 электрон бар? (жоқ)

3.Протон саны мен электрон саны тең бе? (иә)

4.Кремнийдің реттік нөмірі 14? (иә)

5. Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы 16? (жоқ)

6.Натрий мен калий бейметалдар? (жоқ)

7. Период нөмірі энергетикалық деңгей санын көрсетеді? (иә)

8. 7 – ші топта орналасқан элементтер инертті газдар деп аталады? (жоқ)

9.Топ нөмірі соңғы деңгейдегі электрон санын көрсетеді? (иә)

10.Магнийдің нейтрон саны 12 ге тең? (иә)

Қалыптастырушы бағалау (Мақтау, мадақтау арқылы)


Түрлі-түсті қағаздар






Презентация

(дәптермен жұмыс)





Сабақтың ортасы

15 минут









































7 минут

Жаңа сабақ:

Мұғалімнің түсіндірмесі: (АКТ, интербелсенді оқыту)

  1. Химиялық элементтердің периодтық заңы: химиялық элементтер және олардан түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері элементтердің атом ядро зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.

  2. Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтердің көлденең қатарлары период деп аталады. Барлығы 7 период, олардың ішінде 1-3 периодтар кіші, 4-7 периодтар үлкен периодтар деп аталады. Атомдық нөмірлері 58-71 болатын 14 элемент лантаноидтар деп аталады, ал атомдық нөмірлері 90-103 болатын 14 элемент актиноидтар деп аталады.

  3. Қасиеттері ұқсас элементтер біріктірілген тік баған топ деп аталады. Периодтық кестеде 8 топ бар. Әр топ негізгі және қосымша топшадан тұрады. Периодтық жүйедегі үлкен периодтың ғана элементтері кіретін топ қосымша топша деп аталады.

  4. Элементтердің оттекті қосылыстардағы жоғары валенттіліктері топ номіріне сәйкес келеді. Барлық топ элементтері оттекті қосылыстар-оксидтер түзеді. Олардың жалпы формуласы периодтық жүйеде әр топтың астында элементтердің валенттіліктерінің өсу реті бойынша көрсетілген: R2O. RO. R2O3. RO2. RO3. R2O5. RO4

  5. Кесте 1. Негізгі топшалар мен периодтардағы химиялық элементтердің қасиеттерінің өзгері заңдылытары

Қасиеттері

Периодтарда

Негізгі топшаларда

Салыстырмалы атомдық масса

өShape1 седі

өShape2 седі



Ядро заряды

өShape3 седі

өShape4 седі



Атом радиусы

кShape5 емиді

өShape6 седі



Металдық

кShape7 емиді

өShape8 седі



Бейметалдық

өShape9 седі

Shape10 кемиді





1 –тапсырма. Топтық жұмыс «Элементтер құпиясы» әдісі (Оқушылардың есеп шығару, ойлану, топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады). МЫНАДАЙ ЭЛЕМЕНТТЕР БЕРІЛЕДІ: Zn, I, Mo, Fe, Cu, Hg, K, Tl. Әр топтан бір оқушы келіп ЕКІ карточкадан таңдайды, сосын топ мүшелерімен бірге А4 қағазына элементтерді энергетикалық деңгейлерге орналастырып жазады. Барлық топ тапсырманы орындап болған соң (бірінші орындап болғандарға жұлдызша пішіні бар қағаз беремін), жауаптар жазылған қағазды бір-бірлеріне беріп, алмасады. Қарсылас топтың жауаптарын тексеріп, бір-бірлерін бағалайды. («Қолшапалақтау» әдісі арқылы бағалайды).

Дұрыс жауаптар:

Zn 2е8е)18е)2е = 30е

I 2е8е)18е)18е)7е = 53е

Mo 2е8е)18е)8е)6е = 42е

Fe 2е8е)8е)8е = 26е

Cu 2е8е)18е)1е = 29е

Hg 2е8е)18е)32е)18е)2е = 80е

K 2е8е)8е)1е = 19е

Tl 2е8е)18е)32е)18е)3е = 81е

2-тапсырма. «» әдісі. Презентацияда 4 ұяшық берілген, оларда әртүрлі смайликтер бейнеленген. Топтар 1 ұяшықтан таңдап, жауап береді. Топтан 1 оқушы орнынан тұрып дұрыс жауабын айтады.

1-ұяшық:

Берілген элементтердің атом радиусының кему ретімен орналастыр:

Ti, Co, K, Ni, Mn, Sc.

Дұрыс жауабы: K, Sc, Ti, Mn Co, Ni


2-ұяшық:

Период бойынша металдық қасиеттерінің кему ретімен орналастыр:

P, Cl, Mg, S, Na, Si, Ar, Al

С-деңгейі:

Дұрыс жауабы: Na, Mg, Al, Si, P, S, Cl, Ar


3-ұяшық:

Топша бойынша бейметалдық қасиеттің кему ретімен орналастыр:

Tl, Y, B, Sc, In, Ga.

Дұрыс жауабы: B, Sc, Ga, Y, In, Tl.


4-ұяшық:

Топша бойынша ядро зарядының өсу ретімен орналастыр:

Zn, Ba, Be, Sr, Ra, Mg

Дұрыс жауабы: Be, Mg, Zn, Sr, Ba, Ra


Дескриптор:

-элементтерді дұрыс ретімен орналастырады;

-элементтердің металдық және бейметалдық қасиетін ажыратады

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ әдісі» арқылы


3-тапсырма «Полиглот» әдісі. (Дамыта оқыту технологиясы, танымдық ойын). Оқушылардың ойлау және ізденімпаздық, жан-жақтылық қабілеттерін дамытады. 2 кезеңнен тұрады. 1 – кезең презентациядағы мақалдарды толықтырып, жұмбақтың шешуінің орнына қойған элемент атауларын қазақша – латынша атайды. 2- кезең. Демонстрациялық столдың үстіндегі химиялық ыдыс, құрал-жабдықтардың атауларын қазақша-орысша-ағылшынша атайды. Топпен немесе жеке жауап беруге болады.

1-кезең:

  1. Ескі мата бөз болмас, ескі .................. біз болмас. (темір, ferrum)

  2. Жұмбақ: Өзі ауыр металға жатады, Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын, plumbum)

  3. Арпа ,бидай ас екен,.................тас екен. (алтын,күміс, aurum, argentum)

  4. Жұмбақ: Осы затпен ескі үйді аластайды, Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды. (күкірт, sulfur)

2-кезең:







Қалыптастырушы бағалау смайлик және мадақтау арқылы.




интербелсенді тақта,презентация, видео көрсетілім)



























Элементтің таңбасы жазылған карточкалар, А 4 қағазы
















Презентация, А 4 қағазы












































Презентация, химиялық ыдыстар мен құрал жабдықтар.

Сабақтың соңы

5минут










1минут




Рефлексия «Баспалдақ» әдісі

Түсінген жоқпын, жартылай түсіндім, толық түсіндім деп жазылған 3 түрлі қағазға әр оқушы түрлі – түсті стикерлерді жабыстырады.

Бағалау: «Post-It» жапсырмалар арқылы оқушылардың материалды қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтаймын.





Үйге тапсырма: №5,6 сұраққа жауап беру, №3 жаттығу

Түрлі-түсті стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз

Денсаулық және қауыпсіздік техникасын сақтау

А-деңгейі:

Период бойынша ядро зарятарының өсу ретімен орналастыр:

Be. F. B. O. Li. N. C. Ne

В-деңгейі:

Топ номеріне қарай отырып валенттіліктерін анықта:

Mg. Na. Cl. Al. F. K. S. Ca. P. N

С-деңгейі:

-Қазіргі көзқарас бойынша электрон ядроны айналып жүреді деп айтпайды, неліктен?

-«Электрон бұлты» деген не, онымен «орбиталь» сөзі арасында қандай байланыс бар?

Мақтау, мадақтау

«Қол шапалақтау»

«Бас бармақ»

«Смайлик»

«Post-It» жапсырмалар









Сан алуан тапсырмаларды орындаған кезде денсаулық сақтау технологиялары мен қауіпсіздік техникасы ережелері сақталды.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары дұрыс, нақты қойылған. Оқушылардың химия пәнінен танымдық белсенділіктері артты. Әртүрлі тапсырмалар мен ойындарды белсеніп, жарысып орындады. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Өткізілген сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Ізденіс кестесін толтыру

2. Эссе жазу

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Деңгейлік тапсырмалар

2. Танымдық ойын, викториналық, интеллектуалдық сұрақтар

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. Сабақ барысында оқушылардың оқу сапасы, үлгерім деғгейі, пәнге деген қызығушылықтары артқанын, танымдық белсенділіктері дамығанын білдім.

2. Келесі сабақтарда да сабақты неғұрлым қызықты, танымдық тұрғыда өткізуге көңіл бөлемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
3544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі