400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпта химия сабағында топтар мен периодтарда элменттер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3.А

Мектеп: «Жолғабас» ном

Сыныбы: 8

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі

Сабаққа негізделген

оқу мақсаттары

8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Ойлау деңгейінің

дағдылары

Білу және түсіну

Бағалау критерийлері

Топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар


Период, топ, ядро заряды, энергетикалық деңгей, сыртқы деңгей, валенттілік электрондар, атом радиусы, металдық қасиеттері, бейметалдық қасиеттері,негіздік/қышқылдық қасиеттері.

Топта ядро заряды, энергетикалық деңгей саны, атом радиусы артады/ кемиді

Периодта солдан оңға қарай ядро заряды артады/ кемиді, энергетикалық деңгей саны ........ , атом радиусы өседі/азаяды.

Металдық/ бейметалдық қасиеттері топтарда жоғарыдан төмен қарай артады/кемиді, себебі .......

Металдық/ бейметалдық қасиеттері периодтарда солдан оңға артады/кемиді, себебі .......…

Құндылықтарды

дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Ұлт денсаулығын нығайту


Оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру

Топпен, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын дамыту


Жаһандық азаматтық

Пәнаралық

байланыстар

Пән

Кезең

Физика

"Ядро заряды" түсінігі физика пәнінде қалыптасқан "заряд" түсінігімен байланыстырылады.

Бастапқы білім

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурс

Сабақтың басы

0-2 мин













2- 5 мин

















5-7 мин


















  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Шаттық шеңберіне тұрғызып «Алақанға алақан» арқылы ынтымақтастықтық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне тілек тайтады

2. Зейінді шоғырландыру:

Бұл қай элемент?

Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыданбасталады.
(Сутек)

Газбын өткір иісті,
Салмағым ауыр ауадан.
Өткен талай соғыста,
Тұншыққан менен көп адам.
Суды микробтан тазартам,
Мақтаны қардай ғып ағартам.
Жап - жасыл газ боп алынам,
Адамға мен бағынам.
(Хлор)

Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент, бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды.
(оттегі, сутегі және су)

Менделеев ауылы, алтыншы көше тұрағым
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын
Мені балқыта алмай қиналады көбісі
Қазақстан – әлемде кенім жөнінен бірінші
(вольфрам)

Алдыңғы білімді пысықтау:

Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісімен мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін кім ұсынған?

  2. Периодтық кестені құрастыруға үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіңдер?

  3. Химиялық элементтердің периодтық заңының тұжырымдасы

  4. Менделеев қай жылы периодтық кестені ұсынды

  5. Период дегеніміз не?

  6. Периодтар қалай жіктеледі?

  7. Топ дегеніміз не?

  8. Топ нешеге бөлінеді?


Сабақтың ортасы

15-20 мин





















20-30мин












Оқушыларға бос кесте ұсынамын:

  1. Оқушылардан үлгідегі металдар мен бейметалдардың орналасу аймағын әр түрлі түспен белгіле.

  2. Қатты заттар, сұйықтық, газдардың орналасу аймағын үлгіде әр түрлі түспен көрсет.

Мұғалім электрон тартқыштық, электртерістік, иондану энергиясы қасиеттерін түсіндіру

Элемент қасиеттерінің атом құрылысына тәуелділігін үшке бөліп қарастыруға болады:

1) атомның ядро құрылысына тәуелді қасиеттері (ядро заряды, молярлық масса, ядролық реакцияларға түскіштігі);

2) атом ядросы мен электрон құрылысына тәуелді қасиеттері (атом радиустары, иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электртерістілік);

3) атомның электрондық құрылысына тәуелді қасиеттері (атомның оптикалық және рентген спектрлері, валенттілік, тотығу дәрежелері).

Атом радиусы (r, Ao) электрон қозғалысының толқындық қасиетіне байланысты атомның абсолюттік радиусы туралы айтуға болмайды. Атом радиусы ретінде оның сыртқы электрондық бұлты тығыздығының ең жоғары мәнді болатын нүктесіне дейінгі қашықтығын қабылдаймыз(орбитальдық радиус). Атом радиустары ретінде атомдардың бір-бірімен байланысқан қосылыстарының молекулалары және кристалдарын рентгенографикалық әдіспен тексеру кезінде анықталған шама – эффективті радиус.

Атом және ион радиустары периодты қайталанады. Период бойынша басынан соңына қарай электрондық қабат саны өзгермегендіктен, ядро зарядының артуына байланысты атом радиусы кішірейеді. Радиус шамасының өзгерісі кіші период элементтерінде айқын байқалады, себебі кезектегі электрон сыртқы энергетикалық деңгейге түседі. Ал, үлкен периодтың d-, f-элементтерінде - өзгеріс баяу жүреді, осыны d-, f-сығылу деп атайды.

Топшаларда үстінен астына қарай атом радиустары артады. Негізгі топша элементтерінде (s-,p-элементтері) радиус өзгерісі айқын байқалса, ал қосымша топшада әсіресе 5,6,7 период элементтері үшін атом радиустарындағы өзгерісі өте аз болады.Оның себебі энергетикалық деңгей саны артқанымен кезектегі электрон ішкі 4f,5f – деңгейшелеріне түсуіне байланысты болады.

Иондану энергиясы (J, кДж/моль – эв/моль)газ тәріздесатомнан немесе ионнан бір электронды жұлып алуға жұмсалатын энергия(J1); J1< J2< J3 …

э – е → э+ + J1 Э+ – е → э+2 + J2

Әрбір келесі электронды жұлуға жұмсалатын энергия алдынғысынан артық болады. Оның себебі атомның ядро заряды өзгеріссіз, ал электрон санының кемуімен байланысты болады.

Период бойынша басынан соңына қарай негізінен иондану энергиясының шамасы артады, ол энергетикалық қабат сандары бірдей болғанда элементтердің ядро зарядтарының артуымен түсіндіріледі.

Электрон тартқыштық (χ, кДж/моль, эв/моль) э + е → э- + Ғ

Бейтарап газ тәріздес оқшауланған атомға бір электрон қосылғанда шығатын немесе сіңірілетін энергияны электрон тартқыштық деп атайды.

Бұл шама период бойынша басынан соңына қарай артады, VII-топтың негізгі топшасының элементтері (р-элементтері) үшін жоғары мәнді: Ғ1(О)=1,47 эв/моль > Ғ2(О)=-8,3 эв/моль. Оттек атомына бір электронды қосқанда энергия бөлінсе:

O0 + е → O- +

екінші электронды қосу үшін энергия жұмсалады.

O-1 + е → O-2 –

Бұл атомның келесі бір электронды тартуынан тебу күшінің артық екендігін көрсетеді.



Электртерістілік ( χ, кДж/моль, эв/моль) . Бұл шама элемент атомының өзіне электрон бұлттарының тығыздығын ығыстыру қабілетін сипаттайды. Электртерістілік мәні екі шамаға тәуелді болғандықтан оның өзгерісін сол аталған шамаларға (J, F) қатысты түсіндіруге болады.

Период бойынша басынан соңына қарай аталған шамалардың мәні негізінен артады, ал топ бойынша үстінен астына қарай кемиді. Элемент электротерістіліктерінің бірнеше шкаласы белгілі.Соның ішінде қазіргі кезде қолданылатыны – Л.Полинг шкаласы, ол бойынша ең электртерістілігі аз элемент – Fr (χ = 0,7), ал жоғарысы – фтор элементі үшін χ = 4, литийдікі – 1-ге тең, қалған элементтердікі осы шамалар аралығында өзгереді.

Тотықтырғыштық, тотықсыздандырғыштық қасиет.

Периодтық жүйедегі элементтердің көпшілігі металдар (s- және d-, f-элементтері), егер шартты түрде жүйедегі бериллий мен астатты қосатын түзу жүргізсек, оның үстінде бейметалдар р-элементтері, астында металдар орналасады. Ал, сызық бойында металл мен бейметалдың да қасиетін көрсететін өтпелі қасиетті (оксидтері мен гидроксидтері екідайлы) элементтер орналасқан.

Үлкен периодтың басы типтік металмен басталып, қосымша (В) топша элементтерімен (d – элементтері - металдар) жалғасып, біртіндеп металдық қасиет кеміп типтік бейметалдық қасиетке ұласады.

Металдарды сипаттайтын тотықсыздандырғыштық, бейметалдарды сипаттайтын тотықтырғыштық қасиеттері атомдардың электронтартқыштық және иондану энергиясының шамасына байланысты болады. Тотықсыздандырғыштық қасиет атомдардың электрон беруімен, ал тотықтырғыштық – электронды қосуымен сипатталады. Сондықтан периодтың басынан соңына металдық қасиет (тотықсыздандырғыштық) кеміп, бейметалдарға (тотықтырғыштарға) ұласады. Ал, топ бойынша үстінен астына қарай металдық қасиет (тотықсыздандырғыштық) артады.

Қорытынды:

«Металдар өздерінің сыртқы қабатындағы электрондарын беретін элементтер.

Бейметалдар өзінің сыртқы қабатына сегізге дейін жетпей тұрған электрондарын қосып алуға тырысатын элементтер

Металл өзінің сыртқы қабатындағы электрондарын жеңіл берген сайын, олардың металдық қасиеттері басым болады. Керісінше бейметалл сегізге дейін жетпей тұрған электрондарын жеңіл қосып алатын болса, оның бейметалдық қасиеттері басым келеді».

Термин сөздерен жұмыс:

Периодтық заң-периодический закон - Periodic law

Периодтық кесте-периодическая таблица –Periodic table

Период – период -Period

Топ – группа - Group

Металдық қасиет – Металлическая свойства-Metallic properties

Бейметалдық қасиет – Неметаллические свойства -Nonmetallic properties

Иондану энергиясы – энергия ионизации – Ionization energy

Атомдық радиус – атомный радиус – Atomic radius

Электртерістілік – электроотрицательность -Electronegativity

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Оқушыларға топтарда химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты түрде қайталану себебін талқылау.

Периодтық кестеге негізделген пайдалы PowerPoint:

http://www.webelements.com/http://www.chemiemania.ru/chemies-1615-1.html


Сабақтың соңы

38-40мин

Рефлексия. Сабақтың аяғында оқушылар рефлексия жүргізеді. Бағдаршам суретіне қызыл,сары, жасыл түсті стикерлер жапсырылады


Үй тапсырмасы:

«Периодтық жүйе» тақырыбы бойынша кроссворд құру.








Саралау –оқушыларға қалайкөбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік
АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (оқу элементі)

Барлық оқушылар:

1-20 элементтердің электрондық конфигурацияларын жаза алады; Электрондық-графикалық формулаларды жаза алады;

Оқушылардың көбісі:Электрондық онфигурациясының негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттай алады.

Кейбір оқушылар: Сыртқы қабаттағы электрондарды толтырудан көрі беріп жіберу оңай екендігін болжайды.


Бұл сабақтағы бағалау үдерісі оқушылардың бірін-бірі бағалау негізінде және мұғалімнің кері байланыс беруі түрінде жүзеге асырылады.

Топтық жұмысты жүргізу барысында оқушылардың бірін-бірі сыйлау құндылықтары дамиды.

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Тексерілді: Калдарова М.П.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
3508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі