400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларга шыгармашылык жумыс жасауга
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жануарлар мектебі» жобалау әдітемесі

(оқушылардың мектепке бейімделеуін диагностикалау).

Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Бала мектепте өзі шеше алмайтын көптеген мәселелермен кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте диагностикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейкесті және маңызды мәселе болып табылады.

Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен,психологиялық қорғаныстың әртүрлі формаларымен кездеседі.Психологиялық қорғаныс бейсаналы деңгейде қалыптасқандықтан,бұл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістемесінің көмегімен зерттеуге болады.Мұндай әдістемелердің бірі- «Жануарлар мектебі» деп аталады.

Бұл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын,оның себебін және түзету жұмысын анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеу кезіндегі жақсы атмосфера және бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедіргісіз сурет салуына жағдай туғызады.Сонымен бірге сурет салу бастауыш мектеп оқушыларына қызықты және дағдылы әрекет.

Суретті талдауда оқу әрекеті үрдісіндегі оқушыда кездескен қиындықтарды көруге болады.

Бұл әдістеменің тек мектепке бейімделу кезеңінде ғана емес,сонымен бірге үлкен жастағыларға да,яғни әртүлі сабақтарда оқу әрекетінде және сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым қатынасында туындаған қиындықтарды анықтауда қолдануға болады.Бұл әдістемені топтық және жеке формада жүргізуге болады.

Керекті жабдықтар:қағаз,түрлі түсті карандаштар.

Алдын ала дайындық.

Жүргізуші: Қазір сіздермен бірге сиқырлы орманға саяхат жасаймыз, ыңғайлы отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Ашық күнді орманды алқапта жүрміз деп елестетіңдер. Басыңызға жапырақтар, аяғыңызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сіздер «Жануарлар мектебі» деген жазуды көрдіңіздер. Айналаға қараңыздар! Қандай жануарлар мектепте оқиды екен? Ал қандай жануарлар ол мектепте мұғалім қызметін атқарады. Сіздер қандай сезімдесіздер? Осы сезімді ары қарай дамытыңыздар. Мен онға дейін санағанша, сіздер біраз уақыт осы «Жануарлар мектебінде »болыңыздар, содан кейін көзіңізді ашасыздар!

Нұсқау:

Жүргізуші: Сіздер «Жануарлар мектебінде» болыңыздар. Ал енді қарандаш пен қағаз алып не көргендеріңіздің суретін бейнелеуді өтінемін. Тапсырма орындалады. өз суреттеріңізге мұқият қарап, «мен» өзім деген жануарларды табыңыз. Оның жанына «х» немесе «в» әрпін қойыңыз.

Талдау ережесі.

1. Суреттің парақ бетінде орналасуы.

Суреттің қағаздың жоғары жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікті білдіреді. Суреттің төменгі жағына жақын орналасуы өз-өзіне сенбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет парақтың ортасында бейнеленсе, онда бала жағдайы барлық көрсеткіштер бойынша нормада деп есептеуге болады.

2. Фигураның контурлары.

Фигураның контурлары суреттегі фигуралардың шығыңқы жерлерінің көрінуі немесе көрінбеуімен талданады (кедергілердің, тікендердің типтері арқылы), жолды күнгірт салу – мұның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бұрыш салса – агрессиялықты, ал егер контурлы жол күнгірт болса – қорқыныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса – қорғаныс ету, күдіктілікті білдіреді.

3. басып салу.

Суреттерді бағалау кезінде басып салуының тұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол адамның барлық жағдайда тұрақтылығын білдіреді. Жай, әлсіз басып салу – мазасыздықтың пайда болуын, ал суретті өшіргені және қайта салғаны өзіне сенімінің төмен екендігін көрсетеді.

4. Көз, құлақ, ауыз т.б. детальдардың болуы.

Көздің бейнелеуі мәліметтің жағымсыздығын, құлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір детальдарын мұқият салуы) өзіне деген, айналасындағы адамдардың пікіріне деген қызығушылығының белгісі. Ашық штрихталған ауыз – қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер – вербальды агрессияның белгісі.

5. Адамдарды салу коммуникативті қарым-қатынас ерекшеліктерін білдіреді. Бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынастағы балалар (ойлау, оқу әрекеті т.б.) және олардың араларын бөлетін сызықтың болмауы сыныптастар арасындағы жағымды қарым-қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда, оқушылармен қарым-қатынас жасауы қиынға соғатынын айтуға болады.

6. Бала бейнеленген мұғалім мен жануар арасындағы қарым-қатынас сипаты. Олардың арасында қарама-қайшылық жоқ па, соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір-біріне деген қарым-қатынаста қалай орналасқан?

7. Оқу іс-әрекетінің бейнеленуі.

Оқу іс-әрекетті бейнеленбеген жағдайда, балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыратынын көрсетеді. Егер оқушылар, мұғалім, оқу немесе ойын іс-әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе, онда балада оқушы позициясы әлі қалыптаспаған және өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.

8. Түстік гаммалар.

Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күнгрт, бұлыңғар түс жағымсыз және түсіңкі жағдайды білдіреді.

Суретте мектеппен байланысты жағымсыз ассоциация бейнеленбеген болса, оның қолданған түстік гаммалары, бояулары да баланың мектепке деген жағымды қарым-қатынасын білдіреді. Ал суретте жағымсыз ассоциация жоқ, түстік гаммалары ашық бейнеленеді. Бірақ та оқушылардың бір-бірін сызықпен бөліп тастаған болса, сыныптастар арасындағы қарым-қатынастың қиыншылығын білдіреді. Бала мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуге қызығады, бірақ суретте берде-бір қоянның, басқа жануарлардың аузы жоқ болса, бұл жағдай қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықты білдіреді.

Сурет аяқталмаған, жаунарлар боялмаған болса, мұғаліммен оқушы арасындағы айырмашылық нақты емес. Мұғалім тіпті жоқ болуы да мүмкін. Барлық жануарлар өшіргішпен өшіріліп, қайтадан салынған. Қарандашпен қатты бастырылып салынған. Қағаз бүлінген. Бұл суретте балада мектеппен байланысты мазасыздық бар деп талдауға болады. Мұндай жағдайда ситуацияны түсіну үшін баламен қосымша жұмыстар жүргізу керек. Суретте ішкі агрессияның барлығы, жануарлардың құлақтары мен мүйіздерін үшкір бұрыштармен бейнеленгенін көруге болады. Баланы мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыруы ықтимал. Баланы бас ауруы мазалауы мүмкін. Мектеп туралы балада жағымсыз ассоциация бар болса мұғалім – крокодил, бала – қоян болып түседі. Сыныпта агрессия сезілсе мұғалімде – тістер, тырнақтар, оқушыда –тістер және инелердің болуымен бейнеленеді. өзін басқа оқушылар мен мұғалімдерден бөлек қоюы сурет бойынша баламен әңгімелесу барысында өзін сыныпта еркін сезінбейтіндігі анықталады. Сыныптастарымен қарым-қатынаста қиыншылық болуы мүмкін.

Мектепке бейімделуді тексеруде жүргізілген бақылаулар, әңгімелесулер, сауалнамалар «Жануарлар мектебі» әдістемесін толық дәлелдеп берді. Осының негізінде бірінші сыныптарға адаптациялық курстар, тренингтік жаттығулар өткізіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көп балалардың мәселелері шешіледі.

Осының негізінде «Жануарлар мектебі» әдістемесі оқудың бірінші кезеңінде балада пайда болатын қиындықтарды шешуге және оны уақытында жоюға көмектеседі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі