Химиялық элементтердің жіктелуі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық элементтердің жіктелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық элементтердің жіктелуі туралы тест тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Химиялық элементтердің жіктелуі /7cынып/

(74-77 беттер)


1. Химиялық элементтерді олардан түзілген жай заттардың қасиеттеріне сәйкес металдар мен бейметалдар деп жіктеуді ұсынған ғалым

A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс

2. Металдарды көрсетіңдер

A) S B) Cu C) P D) Ag E) Sn

3. Октавалар заңының тұжырымдамасы

A) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың атомдық

салмақтарына периодты түрде тәуелді»

B) «Элементтердің және олар түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері атом ядросының зарядына периодты

түрде тәуелді»

C) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін жеті санға немесе жеті еселікке ерекшеленеді»

D) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың электрон санына

периодты түрде тәуелді»

E) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін сегіз санға немесе сегіз еселікке ерекшеленеді»

4. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз

A) периодтық заң сандық математикалық теңдеумен өрнектеледі

B) периодтық заң химиялық элементтердің таңбаларымен бейнеленеді

C) периодтық заң сандық математикалық формуламен өрнектеледі

D) периодтық заң химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесімен бейнеленеді

E) периодтық заң электрондармен өрнектеледі

5. Периодтық жүйенің бір бөлігі берілген

2-период

X



Y




Z

Мына таңбалармен: X, Y, Z қандай элементтер берілген?

A) көміртек B) неон C) бериллий D) азот E) литий

6. Дж. Ньюлендстің октавалар заңына ғылым шүбәмен қарады, себебі

A) химиялық элементтердің атомдық массалары мен химиялық қасиеттерін сәйкестендірген

B) Ньюлендстің кестесінде бос орын болмады

C) әр периодта жеті топ жасаумен шектелген

D) әр элементке рет нөмірін тағайындаған

E) кейбір ұяшықтарға бірнеше элементтерді орналастыруға тура келген

7. Химиялық элементтердің қасиеттерін атомдық массаларымен байланыстырған ең алғашқы табиғат зерттеушісі

A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс

8. Бейметалдарды анықтаңдар

A) S B) Cu C) P D) Br E) Sn

9. Д.И.Менделеевтің периодтық заңының (алғашқы) тұжырымдамасы

A) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың атомдық

салмақтарына периодты түрде тәуелді»

B) «Элементтердің және олар түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері атом ядросының зарядына периодты

түрде тәуелді»

C) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін жеті санға немесе жеті еселікке ерекшеленеді»

D) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың электрон санына

периодты түрде тәуелді»

E) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін сегіз санға немесе сегіз еселікке ерекшеленеді»

10. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында химиктер ашқан элементтер саны

A) 60 B) 116 C) 114 D) 118 E) 25

11. Қасиеттері ұқсас элементтерді үш-үштен топқа (триадалар жіктеу жүйесін) біріктіруді ұсынған ғалым

A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс

12. Қазіргі уақытта белгілі болған химиялық элементтер саны

A) 60 B) 116 C) 114 D) 118 E) 25

13. Металдар

A) электр тогын жақсы өткізеді B) бос күйінде жылтыр болады C) электр тогын нашар өткізеді

D) металл жылтыры болмайды E) жылуды жақсы өткізеді

14. И.В.Дёберейнердің жіктеу жүйесі толық жетілдірілмеген болып шықты. И.В.Дёберейнердің қателігі

A) үштік топты іздеумен болды

B) химиялық элемнттердің қасиеттерін атомдық массаларына байланыстыруында

C) металдарды жеке топтарға орналастырды

D) триаданы іздеумен болды

E) бейметалдардың қасиеттерін сәйкестендірді

15. Октавалар заңын ұсынған ғалым

A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс

16. 1865 жылы ағылшын ғалымы Дж.А.Ньюлендс химиялық элемнттерді атомдық массаларының өсу ретімен

орналастырды. Осының нәтижесінде ол әр сегізінші элемент қасиеті жағынан бірінші элементті қайталайтынын

байқаған. Бұл табылған қаңдылықты ол жеті музыкалық гаммалардың аналогиясы бойынша ... деп атады

A) химиялық элементтердің периодтық заңы B) үштік заң C) октавалар заңы

D) триадалар заңы E) сегіздік заң

17. И.Дёберейнер ұсынған триада жіктеуінің мәні мынада

A) әр триадада ортаңғы элементтің атомдық массасы екі жағындағы элементтердің атомдық массаларының

арифметикалық ортасына тең

B) әр триадада алғашқы элементтің атомдық массасы екі келесі элементтердің атомдық массаларының

арифметикалық ортасынан 2 есе жеңіл

C) әр триадада ортаңғы элементтің атомдық массасы екі жағындағы элементтердің атомдық массаларының

арифметикалық ортасынан 2 есе ауыр

D) әр триадада соңғы элементтің атомдық массасы екі алдыңғы элементтердің атомдық массаларының

арифметикалық ортасынан 2 есе ауыр

E) әр триадада ортаңғы элементтің атомдық массасы екі жағындағы элементтердің атомдық массаларының

арифметикалық ортасынан 2 есе жеңіл

18. Д.И.Менделеевтің периодтық заңының жаңа тұжырымдамасы

A) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың атомдық

салмақтарына периодты түрде тәуелді»

B) «Элементтердің және олар түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері атом ядросының зарядына периодты

түрде тәуелді»

C) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін жеті санға немесе жеті еселікке ерекшеленеді»

D) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың электрон санына

периодты түрде тәуелді»

E) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін сегіз санға немесе сегіз еселікке ерекшеленеді»

19. Бейметалдар

A) электр тогын жақсы өткізеді B) бос күйінде жылтыр болады C) электр тогын нашар өткізеді

D) металл жылтыры болмайды E) жылуды жақсы өткізеді

20. Металдар мен бейметалдардың қасиеттерінде өзгешеліктер бар. Дұрыс тұжырымды көрсетіңдер

A) металдар негіздік қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді

B) бейметалдар негіздік қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді

C) металдар қышқылдық қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді

D) металдар мен бейметалдар өзара ортақ қасиет көрсететін қосылыстар түзеді

E) бейметалдар қышқылдық қасиеттер көрсететін қосылыстар түзеді


Химиялық элементтердің жіктелуі /7cынып/

(74-77 беттер)

1A 6 BCE 11 C 16 C

2 BDE 7 C 12 D 17 A

3 C 8 ACD 13 ABE 18 B

4 D 9 A 14 AD 19 CD

5 ABE 10 E 15 E 20 AE


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2025
43
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі