жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және оның құрылымы

ӘНЕСОВ ҒАНИ ӘБДІХАМИТҰЛЫ
Қызылорада қаласы, «Абылай хан» атындағы
жоғары колледжінің химия пәні мұғалімі
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және оның құрылымы
|
Сабақтың тақырыбы |
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және оның құрылымы. Периодтық жүйедегі орын бойынша элементтер мен қосылыстарының сипаттамасы Д.И.Менделеевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы. |
||
|
Сабақтың мақсаты |
1 Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және оның құрылымы туралы білімді жүйелеу 2.Оқушылардың танымдық белсенділігін, сыни көзқарасын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Топтық, ұжымдық жұмыс түрлері арқылы достық қарым- қатынасқа, өзіне сенімділікке,функционалдық сауаттылыққа тәрбиелеу |
||
|
Күтілетін нәтиже |
- Химиялық элементтердің периодтық заңына сүйене отырып, периодтық жүйенің құрылымын түсіне біледі - Периодтық жүйедегі орны бойынша элементке және оның қосылыстарына сипаттама бере алады - Д.И.Менделеевтің периодтық заңының тіршілік үшін мәні мен маңызын түсіндіре алады |
||
|
Сабақтың түрі |
Білімді жүйелеу |
||
|
Сабақтың әдісі |
Сыни ойлау, зерттеу, сөздік- көрнекілік, акпаратты – комплексті, топтық, ұжымдық |
||
|
Көрне-кілітер |
Интербелсенді тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, эл.оқулық, слайд, бейнекөрініс, стикерлер, постер т.б. |
||
|
Сабақ кезеңдері: Қызығу-шылықты ояту |
Мұғалімнің әрекеті. Психологиялық дайындық «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» ( Бір топы келесі топқа жақсы тілек айту) І кезең « Бәйге » (Ұжымдық тапсырма) Ең қиын жарыстың бәйге келді, Мықтыларың ортаға, шықсын енді. Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма, Осы ойыннан көрейік ерен ерді. (Барлық топтарға 10 сұрақ қойылады, ауызша жауап беріледі) 1Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі көлденең қатар қалай аталады? (Период ) 2.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі тік бағандар қатар қалай аталады? ( Топ) 3. Изотоптр дегеніміз не? (Протон саны бірдей,массалары әртүрлі бір элеметті құрайтын атомдар түрі) 4. Периодтық заң дегеніміз не? (Ядро зарядының өсу реті бойынша орналастырғанда элементердің қасиеттерінің периодты қайталануы) 5. Атом құрылысының моделін ұсынған кім? (1911ж ағылшын ғалымы Э.Резерфорд) 6.Атом ядросының құрамы? (ядро,электрон, протон және нейтрон) 7.Протон дегеніміз не? ( р +1 зарядты,бөлшек ) 8.Нейтрон дегеніміз не? (зарядсыз бөлшек) 9.Электрон дегеніміз не? (-1 зарядты, бөлшек) 10.Деңгейлер дегенді қалай түсінеміз?(Атомдағы энергиясының мәні жақын электрондар энергетикалық деңгейлер түзеді) |
Оқушының әрекеті Түстер арқылы 3топқа бөлінеді. І топ « Период» ІІ топ «Қатар» ІІІ топ «Топ» Топ ережесін ұстану. Проблемалық сұрақтарды талдауға қатысады. Жаңа сабақты өздері меңгереді Оқулықтағы мәтінмен танысып, ұялы телефон арқылы ғаламторға қосылып қажет материалды алады. Жұпта, топта жұмысты талқылап постер арқылы апсырманы қорғайды |
Бағалау Үш шапалақ Бағалау өлшемдері: І) 1.Сұрақтарға нақты жауап берілсе 5 2. Жартылай болса 3 3.Мүлдем болмаса 0 |
|
Мағынаны тану Ой толғаныс |
Байқамаппын, ол кездерде аңғалмын, Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым. Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне, Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме. Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шерінді, Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді - деп жазған ақын Қ.Мырзалиев ІІ кезең « Бәрін білгім келеді...» Топтық тапсырмалар: І топ: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және оның құрылымы ІІ топ : Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтер мен қосылыстарының сипаттамасы ІІІ топ: Д.И.Менделеевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы. ІІІ кезең «Химия ғажайып әлем» «Менің мекен жайым қандай?» ( топтық жұмыс). 1 Реттік нөмерлері : 7,12,17,23, 30,35, 41 – элементтер қай периодта, қай топта, қай қатарда орналасқан? Оқулықтан 158 бет №6 жаттығу « Кім тез ? » 1.Периодтық заңды ашқанда Д .И.Менделлев неше жаста болды ? ( 35 жас) 2. Атом ядросының заряды + 13 ке тең элементте неше электрон болады а) 3 ә) 13 б) 16 в) 15 3.Атом ядросының заряды + 21 ге тең болатын элемент атомының құрылысына төмендегі конфигурациялардың қайсысы сәйкес? а) 2,8,8,1 ә) 2,8,18,2 б) 2,8,9,2 в) 2,8,10,2 4.Д:И.Менделлеевэлементтердің периодтық жүйесін құруда атомның қандай физикалық шамасын негіз ге алды ? ( Атом массасы) 5. Ұзындығы 1500 км болатын су асты жотасы Д.И.Менделеевтің атымен аталған.Бұл жота қай мұхитта орналасқан ? (Солтүстік мұзды Мұхит) 6.1869 жылы периодтық заң ашылғанда ғылымда неше химиялық элемент белгілі болды ? (63) 7. Сыртқы жарнама жасауда қолданылатын элемент. (Неон) Химиялық жұмбақтар: 1. Күн құрметіне аталатын элемент. (гелий) 2. Күлгін түсті кристалды денемін, Көпжылдардан пайдаға асып келемін. Соғыста жарақатталған адамның, Қансыратпай өмірін сақтап қаламын. (иод ) 3. Қандағы гемоглобин молекуласының құрамына кіріп, қанға түс беретін элементпін (темір) 4.Осы затпен ескі үйді, бесікті аластайды, Түріне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт) 5.Өмір және ақыл - ой элементі.(фосфор) В. «Мен кіммін?» Біріміз металл, ал екіншіміз бейметалмыз. Біз бірігіп отау тіккенбіз. Біз екеумізсіз ас іше алмайсыздар, себебі,бізді қолдаңбасаңыз, асыңыз дәмсіз болады.Химияда «тұз» деген күрделі затпын. Халықтың, қоғамның сұранысына ие болған біздің жанұямызды сенің білмеуің мүмкін емес . ( Ас тұзы) Г. «Тарихта қалған іздер...» логикалық сұрақ 1. Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш аурумен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары әртүрлі металдан жасалған, ол қандай металдан жасалған? ( Күміс. Күмістің бактерецидтік қасиеті бар.) 2. Улы элемент, бейметалл. Оның оксиді орта ғасырларда патша, хан сарайында таққа таласып, қатысқан адамдарды өлтіруге пайдаланған. Бұл қай бейметалл (Мышьяк) |
І топ – № 7, 12 элемент ІІ топ – № 17, 23 элемент ІІІ топ – № 30,35, Әр топ өздеріне берілген элемент бойынша қорытынды жасайды, Постерлерін қорғайды Үрдістерді терең ұғынып, өз ойын білдіру дағдысы дамиды Оқушылардың жеке шығармашы-лық қабілеттері , функционал-дық сауаттылығы тексеріледі |
2) Постер жұмысының мазмұнға сай болуы Толық жасалса - 5 Жартылай жасалса - 3 Мүлдем болмаса - 0 3) Тапсырма- ларға: 1.Нақты жауап берілсе - 5 2. Жартылай болса - 3 3.Мүлдем болмаса - 0 4) Сабақ кезеңдеріне белсене араласса Толық - 5 Жартылай - 3 Мүлдем болмаса - 0 |
|
Рефлексия |
«Сабақтан алған әсерім» |
Оқушылар стикерлерге өз ойларын толтырады |
|
|
Үйге тапсырма |
Оқулықтан: § 60 – 62 «Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер» |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген