жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3АХимиялық элементтердің периодтық жүйесі
|
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.2.1.1- Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар; Периодтық жүйенің заманауи құрылу принципін сипаттайды, топтар мен периодтар туралы баяндайды. Оқушылардың көпшілігі; Периодтық жүйедегі негізгі және қосымша топшаларды талқылайды Кейбір оқушылар; Периодтық кестедегі кейбір элементтердің орны бойынша анықтай алады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Химиялық элементті периодтық жүйедегі орны бойынша анықтайды. Атомдық нөмірін, топ және период нөмірінің физикалық мәнін біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты терминалогия Периодтық кесте, үлкен және кіші периодтар, атомдық нөмір, элемент, протон,электрон, топ,негізгі және қосымша топша
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі- білім беру мен тәрбиенің бірлігі. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру, өзара көмектесу, жұптық, топтық жұмыста қабілетті, жауапкершілігі мол, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Физика: атом, протон, электрон, нейтрон, атомдық нөмірі, атомдық массасы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
7-сынып.Химия 7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі 8-сынып.Химия 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут |
І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Серпілген сауал» жалпылама сұрақ қою арқылы тексеру Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Оқушыларды топтастыру «Атомдар мен молекулалар» әдісі бойынша жүргізіледі. 1-топ «Электрон» тобына, 2-топ «Протон» тобына, 3-топ «Нейтрон» деп аталады. «Кластер» әдісі арқылы тақырыпты ашамын. Оқушыларға «ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ» сөзі беріледі. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, студенттер оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді. Жаңа сабақ: Мұғалім түсіндірмесі Білім алушыларда тыңдалым дағдысы қалыптасады. Барлық химиялық элементтер Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінде жүйеленген, оның салыстырмалы атомдық массасын, ал реттік нөмірі арқылы атом ядросының зарядын және сол шамаға тең протон мен электрон санын анықтауға болады. Салыстырмалы атомдық массасынан рет нөмірін алып тастап, нейтрон санын табуға болады. Атомның электрондық қабаты бірнеше қабаттардан тұрады. Электрондық қабаттар бірдей мөлшердегі электрондық бұлттың есебінен пайда болған. Бір қабаттағы орбитальдар электрондық(«энергетикалық деңгей»)түзеді, оның энергиясы сутек атомында бірдей, дегенмен басқа атомдарда әртүрлі. Біз электрондардың энергетикалық деңгейдрде қалай орналасатынын қарастырған болатынбыз.
№1 тапсырма «Домино» әдісі бойынша. Оқушыларға қағаз қиындылары беріледі. Қағаздың ортасын қаламмен сызып, топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазады, оң жағына өз сұрағын жазады. Барлық топтар өз доминоларын жасап болғаннан кейін араластырып келесі топқа құрастыруға береді. Оқушыларға қосымша мәтін беріледі. Әр топқа әр түрлі мәтін беріледі.
Дескриптор: мәтіннің ішінен сұрақ құрастырады мәтіннен сұрақтың жауабын табады
ҚБ: топтар бірін бірі бағалайды.
№2 тапсырма "Ойлан – жұптас - бөліс" әдісі Оқушылардың алдына жұмбақ элементтер беріледі. Тапқан элементке кесте бойынша сипатама беру Білім алушылар топпен жұмыс жасайды. Білім алушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады: «Балалар, сонымен периодтық жүйенің құрылысы қандай болады екен?». Жылдам жауап беру керек. Білім алушыларда жазылым дағдысы қалыптасады. Оқулықпен, Д.И. Менделеевтің периодтық кестесімен іздене отырып жұмыс жасайды.
Дескриптор (пайызбен көрсету) -толық
сипатама береді. (100%) -жартысын
орындаса 50%) -
кестенің 1-3 бөлімін орындаса (30%)
ҚБ: жапсырмалы жұлдызшалар Мұғалім элементтің кестедегі сипаттамасының жауабын интербеленді тақтада көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын тексереді. Соған сәйкес жұлдызды мұғалім ұсынады.
№3 тапсырма «Сәйкестендіру кестесі» әдісі арқылы кестемен жұмыс жасайды. Элементтердің келесі қатары берілген. Сәйкестікті табыңдар. I-топ
II-топ
III-топ
Дескриптор: 1.Элементтің электрон санын анықтайды. 2.Элементтің энергетикалық деңгей санын анықтайды. 3.Элементтің соңғы электрондық қабатында неше электрон бар екенін түсінеді. 4.Элементте неше нейтрон бар екенін біледі.
№4 тапсырма Жеке жұмыс «Химиялық диктант» 1.Химиялық элементтерді салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша нөмірленген. Химиялық элементтердің реттік нөмірі атомының ядро зарядының сандық шамасына тең 2. Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер (көлденең) қатары - период деп аталады. 3. Периодтық жүйеде тік (вертикаль) бағанда қасиеттері ұқсас элементтер бір-бірінің астына орналастырылып, туыстас (туыс) элементтер тобы шықты (галогендер, сілтілік, сілтілік-жер металдар). Бұлар периодтық жүйеде топ деп аталады. 4. Сонымен қатар, атомның реттік номері ядро құрамындағы протон санына тең болады. Ал нейтрон санын табу үшін атомның массалық санынан протон санын азайту арқылы табуға болады. Мысалы, натрий атомының периодтық жүйедегі реттік номерінің мәні 11, демек ондағы протон саны 11, нейтрон саны 12. .
|
А4 парақ
Интер белсенді тақта
Интер белсенді тақта
Интер белсенді тақта
Кестелер Интер белсенді тақта, оқулық
Кестелер таратылады, периодтық кесте
Интер белсенді тақта, оқулық
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген