Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Нургалиева Токжан Толеугазиновна

Сынып 8

Барлығы –25

Қатысқандар –

Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы.

Осы сабаққа қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.1.1- Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Периодтық жүйедегі негізгі және қосымша топшаларды талқылайды.

Кейбір оқушылар:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтерді орны бойынша анықтай алады.

Бағалау критерийі

Топтың, периодтың, атом нөмірлерінің физикалық мәнін біледі.

Элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодтық жүйеде өзгеру заңдылықтарына нақты мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

Элементтердің топ және период бойынша орналасуын, олардың қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын айтады

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

Периодтық кесте, үлкен және кіші периодтар, атомдық нөмір, элемент, протон,электрон, топ,негізгі және қосымша топша.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Бір қабаттағы орбитальдар .............. түзеді.

Элементтердің атомдық массаларының артуына қарай орналасқан көлденең қатар...

Қасиеттері ұқсас элементтердің тік бағанада орналасуы...

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау дағдысын, қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту;

Пәнаралық байланыс

Биология, физика.

Алдыңғы білім

7.2.1.2 периодтық жүйеде элементтер атомдық нөмірлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну;

7.2.1.3 қазіргі заманғы периодтық кестенің құрылысын білу және сипаттау;

7.2.1.4 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа орналасатындығын дәлелдеу;

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

-амандасу

1 қадам: оқу мақсаттарымен таныстыру

-оқушылардың назарын шоғырландыру (миға шабуыл)

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма № 1. «Ой қозғау»

Алдыңғы алған білімге шолу, сабаққа ынталандыру  

Түрлі түсті қағаздар

Сабақтың ортасы

20-25 минут

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.

Тақырыптан түсінгендерін қолдана білуге үйрету мақсатында берілген тапсырмалар:

Тапсырма №2.

«Бинго» ойыны. Кетеде берілген мәліметтерді толтырыңыз.

Күкірттің таңбасы

Ar=19 тең элемент

19 элемент

Мыстың протон,электрон, нейтрон саны

І А тобы элементтері






Ұйымдастыру формасы: Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау: Жұптық бағалау, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау.

Тапсырма №3.

Тапсырма: берілген элементтердің томдық қатынасы бойынша биэлементті химиялық қосылыстардың формуласын жазып, «Бүгін үйренген нәрсе» әдісі арқылы атын жазыңдар


Берілгені

Формула

Атауы

Кальций : хлор (1:2)



Алюминий ; оттегі (2:3)



Сутек :бром (1:1)



Натрий: азот (3:1)




Дискриптор:

  • Элементтердің атомдық қатынасы бойынша зат формуласын жаза алады

  • Формуласы берілген бинарлы химиялық қосылыстарды атай алады

Тапсырма №4.

Жеке жұмыс «Химиялық диктант»

1.Химиялық элементтерді салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша нөмірленген. Химиялық элементтердің реттік нөмірі атомының ядро зарядының сандық шамасына тең

2. Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер (көлденең) қатары - период деп аталады.

 3. Периодтық жүйеде тік (вертикаль) бағанда қасиеттері ұқсас элементтер бір-бірінің астына орналастырылып, туыстас (туыс) элементтер тобы шықты (галогендер, сілтілік, сілтілік-жер металдар). Бұлар периодтық жүйеде топ деп аталады.

4. Сонымен қатар, атомның реттік номері ядро құрамындағы протон санына тең болады. Ал нейтрон санын табу үшін атомның массалық санынан протон санын азайту арқылы табуға болады. Мысалы, натрий атомының периодтық жүйедегі реттік номерінің мәні 11, демек ондағы протон саны 11, нейтрон саны 12. .


Тапсырма №5.

Есеп; №1.

Көлемі 8,96 литр оттек газының зат мөлшерін, массасын және молекула санын анықтаңдар?

Есеп; №2.

36 литр сутек газы, хлормен әрекеттескенде түзілген хлорсутектің көлемін есептеңдер?

Дискриптор:

Есептің шартын жазады.

Элементтердің молярлық массасын табады.

Элементтердің көлемін табады.

Элементтердің зат мөлшерін есептейді.

Қорытындысын жаза алады.










Парақ, маркер,


































Сабақтың соңы

6-8 минут

Білімдерін жинақтау үшін тапсырмалар берілді.

Бекіту сұрақтары.

1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрған ғалым.

2.  Период дегеніміз не?

3. Топ дегеніміз не?

4. Период пен топ бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді?

5. Элементтің ядросындағы оң зарядтты бөлшек.

6.  Атомның ядросын айналып жүретін теріс зарядталған бөлшек.

7.  Қанша энергетикалық деңгей бар?

Оқушыларға электрондық құрылысы берілген белгісіз элементті анықтап, элементке толық сипаттама беру ұсынылады.   

Дескриптор. Белгісіз элементті анықтайды Периодтық кестедегі орны бойынша элементке толық сипаттама береді.

Үйге тапсырма

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы.

Кері байланыс:

Екі жұлдыз, бір тілек.

Бағалау

Бағалау парағы арқылы мұғалімнің бағалауы



Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

- оқу мақсатына сай сабақ мақсатында саралаудың қарқын, жіктеу, қорытынды, диалог және қолдау көрсету тәсілдері көрініс тапты.;


- жіктеу тәсілі: оқушыларды құрылымдалған шағын топтарға топтастырғанда;


- диалог және қолдау көрсету: қабілеті төмен оқушыларға тапсырманы орындату барысында;


Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

- «Бағдаршам» әдісі

- «Синквейн» бес тармақ

- «Бірін- бірі» бағалау

- «Білемін, үйрендім» кестесі


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

- топ ережесін сақтау

- интерактивті тақтаны қажет уақытында қосып отыру;

- сергіту сәттері мен партада отыру ережелері;


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2020
861
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12