Химиялық элементтердің құрылымы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химиялық элементтердің құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
матер тур айту
Материалдың қысқаша нұсқасы









Сабақтың тақырыбы


8.3А Химиялық элементтерді құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 – топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:

Атомның нөмірін, период және топ нөмірінің физикалық мәнін біледі;

Оқушылардың көпшілігі: Элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодтық жүйеде өзгеру заңдылықтарын түсінеді;

Кейбір оқушылар:Элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодтық жүйеде өзгеру заңдылықтарына нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Бағалаукритерийі

  • Топтың, периодтың, атом нөмірлерінің физикалық мәнін біледі.

  • Элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодтық жүйеде өзгеру заңдылықтарына нақты мысалдар келтіреді.







Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады

  • Элементтердің топ және период бойынша орналасуын, олардың қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын айтады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • Топ, период, атом радиусы, металдық/бейметалдық қасиет, негіздік/қышқылдық қасиет, валенттік электрон т.б

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • Атомдардың электрондық қабат саны .... сай келеді

  • Элементтердің атомдық массаларының артуына қарай орналасқан көлденең қатар...

  • Қасиеттері ұқсас элементтердің тік бағанада орналасуы...

  • Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай ядро заряды, атом радиусы .....

Құндылықтарға баулу

Ғылымға құштарлық дағдысын, сыни тұрғысынан ойлау дағдысын, қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту;

Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғыбілім

7.2.1.2 периодтық жүйеде элементтер атомдық нөмірлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну;

7.2.1.3 қазіргі заманғы периодтық кестенің құрылысын білу және сипаттау;

7.2.1.4 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа орналасатындығын дәлелдеу;


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері

Ресурстар



Сабақтың басы



2 мин













2 мин





















2 мин






Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Түгелдеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?»

деген сұрақ қойылады.Оқушылар кері байланысқа «Бас бармақ» әдісі арқылы жауап береді.

«Геометриялық фигуралар» әдісі арқылы оқушылар 3 топқа бөлу.





  1. топ 2 – топ 3 – топ











Топ ережелерін сақтай отырып, оқушылырға

сабақта сәттілік тілеу.



ТЖОқушының алдыңғы білімін пысықтау барысында және зейінді шоғырландыру үшін ширату жаттығуын өткізу:

«Сұрақты қағып ал» тәсілі(доп лақтыру) бойынша слайдтан төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Ауа құрамынағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшері неше?

  2. Оттектің алу жолдары.

  3. сутектің алу жолдары.

  4. Жер бетіндегі озон қабатының маңызы?

  5. Оттектің аллотропиялық түр өзгерістері қандай?

Бағалау:Мадақтау (ауызша)




















Геометриялық фигуралар

















Слайдтар, доп















«Өте жақсы»,

«Жарайсың»,

«Жақсы»






Сабақтың ортасы



10 мин

































































3 мин





































4 мин



















10 мин























































































Сабақтың соңы



3 мин


































Жаңа сабақ

Қызығушылығын арттыру

«Баяндау әдісі»бойынша жаңа сабақты түсіндіру.

Д.И.Менделеев кестесінде элементтер

атомдық массасаларының өсу реті бойынша орналасады.

Сілтілік элементтерден басталып инертті газдармен аяқталатын көлденең орналасқан қатар период деп аталады. Периодтық жүйе 7 периодтан тұрады. Периодтың 2 түрі бар:кіші және үлкен период.

Период нөмірі сол периодта орналасқан элементтердің электрондық қабатының санын көрсетеді.

Периодтарда:

солдан оңға қарай атом радиусы кішірейеді, бейметалдық қасиеті артады.

Оңнан солға қарай металдық қасиет артады, атом радиусы артады.

Периодтық жүйеде тік қатарлардағы элементтердің және олардың қосылыстарының да, қасиеттері ұқсас болады. Оларды топ деп атайды Олардың саны сегіз Топ негізгі А топша және қосымша В топшалардан тұрады.

Топ нөмірі сол топта орналасқан элементтерің валенттік электрондарының санын көрсетеді және валенттігі ауыспалы элементтерде жоғарғы валенттілік мүмкіндігі қанша екендігін көрсетеді.

Топ бойынша:

Жоғарыдан төмен қарай металдық қасиет артады, атом радиусы да артады

Төменнен жоғарыға қарай металық қасиет кемиді, атом радиусыда кемиді

Элементтердің рет нөмірі арқылы біз атом құрылысын сипаттап бере аламыз.

Тапсырма №1.ТЖ «Графикалық диктант» әдісі

  1. Сілтілік элементтерден басталып инертті газдармен аяқталатын көлденең орналасқан қатартоп деп аталады (жоқ)

  2. Периодтық жүйеде тік орналасқан қатарды периоддейді (жоқ)

  3. Периодтың 2 түрі бар: кіші және үлкен период (ия)

  4. Топ нөмірі сол топта орналасқан элементтерің валенттік электрондарының санын көрсетеді(ия)

  5. Периодтарда солдан оңға қарай атом радиусы өседі (жоқ)

Дескриптор

Периодтық кестеде топтарды периодтарды ажыратады, олардың, Физикалық мәнін түсінеді.

Бағалау: «Геометриялық фигуралар»

бойыншабағалау



Тапсырма №2. Жеке жұмыс

«Кім жылдам» әдісі

Реттік нөмірі 5, 9, 14, 20 болатын элементтерді атап, периодтық кестеде орналасуы бойынша сипаттама бер;

  • Дескриптор;

Элементтердің атом нөмірін, периодтық кестеде орналасу ретін біледі;

БағалауСмайлик арқылы бағалау




Тапсырма №3ТЖ«Ойлан , жұптас, бөліс»



1.Мына элементтерді металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруі бойынша орналастырыңдар: Cl, Mg, S, F, I ,Na, Al, O

2.Осы элементтердің ұшқыш сутекті қосылыстарын жаз



3.а)Se б) Ge)Brг)As д)Zn осы элементтердің жоғары оттекті қосылыстарын жаз.



4.Мына элементтерді металдық қасиеттерінің әлсіреуіне қарай орналастырыңдар.

1) германий 2)мыс 3) калий 4)кальций 5) селен



5.V топ элементтерінің жоғарыдан төмен қарай қандай қасиеттері артады?

Оның қосылыстары жоғарыдан төмен қарай қандай қасиет көрсетеді?



6. 2, 3 период бойынша элементтердің металдық қасиеттерінің артуы бойынша элементтерді орналастыр.



  • Дескриптор;



  • Периодтық кестедегі элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінеді, мысалдар келтіре алады.



Бағалау «Бағдаршам әдісі»

























Кері байланыс Оқушылардан «Тазалық ойыны» әдісі арқылы «Бүгінгі сабақтың мақсаты жүзеге асырылды ма?» сұрақ қойылады. Оқушылар сәйкесінше жауап береді.



Чемодан еттартқыш қоқыс жәшігі



Оқушы сабақ барысында меңгерген білімді толық игергендігі жөнінде мәлімет алу арқылы мұғалім сабақты зерделейді.






Д.И. Менделеевтің

периодтық кестесі



































































































АКТ















Кеспе қағаздар



























































Қосымша ақпараттар


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Үлгерімі жоғары оқушылар үшін

Үшінші период элементінің сутекті қосылысының формуласы H2Э болса, ол қай элемент? Осы заттың молекулалық массасын табыңдар.

Үлгерімі орташа оқушылар үшін

Қай элементтің оксидінің (Э2О3 ) малекулалық массасы 70 ке тең. Элементтің периодтық жүйедегі орнын тап.

Үлгерімі төменоқушылар үшін

V топтың негізгі және қосымша топшаларының элементтерін атаңдар.


  • Мадақтап мотивацияны көтеру

  • Көңіл күй смайликтері арқылы

  • «Бес саусақ» әдісі

  • «Геометриялық фигуралар» әдісі

  • «Бағдаршам» әдісі

Кабинетте техника қауіпсіздігін сақтау.

АКТ ны пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін ұстану.


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
1028
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі