400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула

Педагогтің аты-жөні:

Сатыбалдиева Ақбөбек Сатыбалдықызы

Күні:

26.02

Сыныбы: 7 б

Қатысушылар саны 24 Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.8 -Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну

7.1.2.9 -табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну

7.1.2.10 -салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу

Сабақтың мақсаты:

-Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсінеді.

-табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсінеді.

-салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин.

  1. Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Мұғалім алдын өтілген материалдарды 7.1.2.5 атом құрылысын сипаттау, 7.1.2.8 элементті атауы бойынша және оны атомы құрамындағы бөлшектер саны бойынша сипаттау оқу мақсаттары бойынша сұрауды топтарда ұйымдастырады

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді

  • Атом неден тұрады?

  • суретте берілген моделі бойынша химиялық элементті анықтаңыз.

  • жұмыс парағындағы кестені толтыру

Топтар бірін-бірі бағалайды

Мұғалім оқушылардың қиналатын тұстарын анықтау үшін бақылау парағын толдырады

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


http://www.youtube.com/user/EducatorVids?v=e-57OMS51tI&feature=pyv&ad=8624610908&kw=isotopes


Жаңа сабаққа кіріспе



Изотоптар дегеніміз не?

Топтықта талқылаңыздар

Протон тобы: Сутектің изотптары

Нейтрон тобы: Көміртектің изотоптары

Электрон тобы: Хлордың изотоптары


Оқушылар:

Берілген суретттер бойынша топтар өз тұжырымдарын стикерге жазып, топпен стикерлерін ауыстырады. Жауаптарды талқылап, соңында дұрыс жауаппен салыстырады.

Дескриптор:


Сұрақтарға жауап береді-1 балл


Берілген элементтердің атомдық массасын, анықтайды-1 балл


Элементтердің протон, нейтрон санын анықтайды-1 балл




Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.


Оқушыларға:

«Салыстырмалы атомдық массадағы изотоптардың арақатынасын есептеу» видео көрсетілімді көру арқылы текстегі бос орынды мағынасына сай толтыру


Дескриптор:


Элементеррдің изотоптары арқылы орташа мәнді атомдық массаларын табады-1 балл


Текстегі бос орынды мағынасына сай толтырады-1 балл


Элементтердің атомдық салмағын жуықтап жазады-1 балл



Топтық жұмыс

5 мин



Сұрақты топта талқылау

Неге салыстырмалы атомдық масса бөлшек сандар түрінде жазылады?



Топтардың жауаптарын тыңдап болған соң әр топқа салыстырмалы атомдық массаға қатысты мәтін беріледі


Дескриптор:


Сұрақтарға жауап береді-1 балл


Салытырмалы атомдық масса жайлы өз пікірін айтады- 1 балл





http://learningapps.org/display?v=pyi3t53sj17

Жеке жұмыс

5 мин


Д.И. Менделеев периодтық жүйесін қолдана отырып, келтірілген элементтердің салыстырмалы атомдық массасын тауып жазыңыздар


S Mg Ag P O Cu

Дескриптор:


Берілген химиялық элементтердің периодтық кестедегі орнын айтады-1 балл


Химиялық элементтердің атомдық массасын дұрыс көрсетеді-1 балл



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26.01.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі