400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Химиялық элементтердің табиғи топтары мен олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық элементтердің табиғи топтары мен олардың қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Химия

Сабақ жоспары


Мұғалімнің аты-жөні: 

Кубенгалиева

Сабақтың тақырыбы:


Химиялық элементтердің табиғи топтары мен олардың қасиеттері


Сынып: 8

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.5-химиялық қасиеттері ұқсас элементтер бір топқа жататындығын білу

8.2.1.6 -химиялық элементтердің табиғи топтарын білу және сілтілік металдарға, галогендерге, инертті газдарға мысал келтіру

Сабақмақсаттары

-химиялық қасиеттері ұқсас элементтер бір топқа жататындығын білу

-химиялық элементтердің табиғи топтарын білу және сілтілік металдарға, галогендерге, инертті газдарға мысал келтіру

Жетістік

критерийлері

-химиялық қасиеттері ұқсас элементтер бір топқа жататындығын айта алады

-химиялық элементтердің табиғи топтарын атай алу және оларға (сілтілік металдарға, галогендерге, инертті газдарға) мысалдар келтіре алады

Тілдік

мақсаттар



Пәнге қатысты лексика және терминология:

тенденция,қасиеттер, топ, периодтық кесте, протон, атомдық нөмір, элемент,қатты заттар, сұйықтар, газдар (бей-) металдар

Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөйлемшелер жиынтығы:

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген.

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие.

Неге (элемент) осы топқа жатады?

Құндылықтарды дамыту

Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Олар өздерінің білгендерін өзге құрбыларымен де бөлісіп отырады.

Ынтымақтастық. Сабақ барысында топтық жұмысты орындағанда, берілген тапсырмаларды орындағанда олардың ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды.

Өмір бойы білім алу. Оқушылардан бүгінгі сабақтан алған білімдерін өмірде де қолдану мүмкіндігі айтылып өтіледі.

Пәнаралықбайланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға презентациялар көрсетіледі. Сабақты бекіту кезінде тапсырмалар беріледі.

Бастапқы білім

Атом құрылысы (6.4C, 7.1A)

7.4 В Периодтық жүйеге кіріспе



Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут


Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын қалыптастыру.

Оқушылар химиялық элемент таңбалары жазылған карточкалар бойынша «Металл» ж/е «Бейметалдар» болып екі топқа бөлінеді.

Na, K, S, I, Cs, Ba, Li, Sr, Rb, F, Ca, O, Br, Se, Te, CI, Bе, Ро, Mg, Ra ,At








Химиялық элемент таңбалары жазылған карточкалар

Ортасы

3-9 мин



















10- 25

мин

























































































26-31 мин







































































































32- 36 мин











37-38 мин




Мұғалім сыныпқы видеокөрсетілім көрсетеді.

«Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі»

Көрсетілім талданып, бір қасиеттері ұқсас элементтер орналасатындығы жөнінде қорытынды жасалып сабақ тақырыбы айқындалады.

Жетістік критерийлері:

  • Элементтердің табиғи топтарын және оларға жататын элементтерді атайды.

  • Элементтердің табиғи топтарын сипаттайтын химиялық қасиеттерді атай алады.

  • Элементтердің табиғи топтарын сипаттайтын химиялық қасиеттердің реакция теңдеулерін жаза алады.



Дәптермен жұмыс

Табиғатта қасиеттері ұқсас элементтер кездеседі, оларды элементтердің табиғи топтары деп атайды.

  • Элементтердің төмендегідей табиғи топтарын атап өтуге болады:

  • Сілтілік металдар – Na, K, Cs, Rb, Li.

  • Галогендер (тұз түзушілер) – F, CI, Br, I

  • Сілтілік-жер металдар – Ca, Sr, Ba

  • Халькогендер (кен түзушілер) - O, S, Se, Te

  • Инертті газдар – Не, Ne, Ar, Kr, Xe,Rn

Мұғалім сілтілік металдар жөнінде қысқаша мәліметтер береді.

Жұптық жұмыс

  1. Сілтілік металдар сумен реакцияға түскенде қандай өнімдер алынады? Реакция теңдеулерін жазыңыздар.

  2. Литий, натрий және калийдің сумен реакцияға түсу қабілетін салыстырыңыздар?

Дәптермен жұмыс.

Сілтілік металдардың сумен әрекеттесу нәтижесінде сілті (МеОН) және сутегі (Н2) түзіледі.

2Ме + 2Н2О → 2МеОН + Н2 + Q

  • Li → Na → K қатарында химиялық белсенділік артады.

Литий және натрийге қарағанда калий сумен реакцияға шабытты түседі.

Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған. Барлық сілтілер матаны, теріні, қағазды күйдіреді, сондықтан да олар күйдіргіш сілтілер деп аталады.

Сілтілік металдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау қажет.

Неліктен сілтілік металдарды керосин қабатының астында сақтайды?

Сілтілік металдар ауада бірден оксидтердің татымен қаптала бастайды

4Li + O2 → 2Li2O (литий оксиді)

2Na + O2 → Na2O2 (натрий пероксиді)

K + O2 → KO2 (калий супероксиді)

Сілтілік метелдердың физикалық және химиялық қасиеттері қорытындыланады.

Сілтілік металдардың металдық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады, себебі атом радиустары осы бағытта өседі.

  • Галогендер тобына – фтор, хлор, бром, йод жатады. Олардың молекулалары екі атомды, нағыз бейметалдар.

  • Олардың барлығы ұшқыш сутекті қосылыстар береді. Салыстырмалы атомдық массаларының мәндері артқан сайын элементтердің белсенділіктері кемиді.

Мұғалім түсіндірмесі.

Хлор бос күйінде едәуір белсенді зат, алайда оның белсенділігі фторға қарағанда төмен.

Хлор оттегі, фосфор және асыл газдардан басқа жай заттардың барлығымен дерлік әрекеттеседі, ол үшін жылу немесе жарықтандыру қажет.

Хлор қыздырылған металдармен әрекеттеседі.

Галогенсутектердің судағы ерітінділері қышқыл болып табылады.

Ең күшті галогенсутек қышқылы – иодсутек қышқылы, ал әлсізі – фторсутек қышқылы. Хлорсутек қышқылы немесе тұз қышқылы- техникалық маңызды қышқыл болып саналады.

Жеке тапсырма

Галогендердің сутекпен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңыздар

Өзіндік бағалау

  • А) Н2+F2=2НF (қараңғыда да жарылыс бере әрекеттеседі)

  • В) Н2+Cl2=2НCl (жарықта әрекеттеседі)

  • C) Н2+Br2=2НBr (қыздырғанда әрекеттеседі)

  • D) Н2+I2=2НI (қыздырғанда әрекеттеседі)

Жұптық тапсырма

Хлордың берілген заттармен реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңіздер.

  • А) натриймен

  • В) кальциймен

Өзара бағалау

А) 2Na+Cl2=2NaCl
В) Ca+Cl2=CaCl2

  • Галогендерді неге элементтер тобы ретінде қарастырады?

Галогендер тобы бойынша мәліметтер қайталанып, қорытындыланады.

Не себепті асыл газдар элементтер тобы ретінде қарастырылады?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, талқыланады.

Оқушыларға инертті газдар тобы жөнінде мәлімет таратылады.

Асыл газдар: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон және радон – ең соңғы анықталған элементтер тобы. Олардың қасиеттері XIX ғасырдың соңынан XX ғасырдың басына дейін зерттелмеген болатын. Содан кейін, Менделеев ең алғаш болып периодтық кестесін ұсынды. Олар – бір атомды, сондықтан инертті болады. Бастапқыда, асыл газдарды инертті газдар деп атаған. Бұл олардың басқа барлық элементтермен әрекетесе алмайтынын білдіреді. Олардың қайнау және балқу температуралары өте төмен. Жер бетінде олар аз ғана мөлшерде кездеседі. Тек аргон атмосфераның 1%-ын құрайды. Асыл газдар арқылы электр тогын өткізгенде, барлығы көрінетін жарық сәулесін шығарады. Олардың белсенділігінің төмен болуы электрондық конфигурациясына байланысты: олардың атомдары толған электрондық қабатқа ие. Осы толған қабаттарды бұзу үшін, яғни атомдардың әрекеттесуі үшін көп мөлшерде энергия қажет. Бірақ, 1962 жылы ксенонның қосылыстар құра алатыны белгілі болды. Сондықтан, оларды қазір инертті емес, асыл газдар деп атайды. Радон, ксенон және криптон сынды асыл газдар – фтормен немесе оттегімен қосылып, қосылыстар түзеді.

Элементтердің табиғи топтарының ашылуы және олардың қасиеттерін зерттеу, элементтерді белгілі бір жүйеге келтіруде үлкен маңызы болды.



Екі топ оқушылары қолдарындағы химиялық элемент таңбалары жазылған карточкалар арқылы қайта 4 топқа бөлінеді.

Жеке тапсырма. (қосымша № 1)




Видеоролик

Слайд, презентация






































































































































Сабақтың соңы

39-40 мин


Үй тапсырмасы.

  • «Металдар және бейметалдар» тақырыбына дайындалып келу



Үйге тапсырма






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар:

Көптеген оқушылар:

Кейбір оқушылар:

Сабақ кезінде сұрақ қоюларды кеңінен талқылау. Мұғалім өзі алатын жауаптар сапасымен оқушылар білімін бағалайтын болады


Сабақта денсаулық пен қауіпсіздік ережелері ескертіледі


Сабақ бойы оқушылар мен мұғалім арасында, оқушылардың өздері арасында талқылаулар жүреді, бұл тілдесу дағдысын дамыту және басқалардың пікіріне сыпайы болуы үшін кең мүмкіндіктер береді.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңы зтуралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Қосымша № 1 (Жеке тапсырма)

Бос торлы периодтық кестеде бағдаршалар мен сандар реті берілген.

(а) Бағдаршалар көрсетіп тұрған химиялық элементтердің табиғи топтарының атын жазыңыз.



Shape1





















(b) Осы табиғи ұяластарға бір элементтен мысал келтіріңіз.

1- 2- 3- 4-

(с) Қолыңдағы карточкадағы химиялық элемент ұялас тобына жататындыңын анықта.

_______________________________________



Бағалау критерийі

Дескриптор

-Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын ажыратады

-Химиялық элементтердің табиғи ұяластарына жататын элементтерге мысал келтіреді


-химиялық элементтерді периодтық кестеде орналасуына қарай табиғи ұяластарға жіктейді;

-химиялық элементтердің табиғи ұяластарына жататын элементтерге мысал келтіреді;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
8103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі