400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәнінен 7- сыныпта өткізген ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Алтайбаев негізгі орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері


Күні

Мұғалімнің аты-жөні:Тугельбаева Салтанат Маратқызы


Сынып 7

Қатысқандар саны 3

Қатыспағандар саны 0


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


7.2.1.4 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу

7.2.1.5сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтерді ұяластарына

мысалдар келтіру;

Сабақ мақсаттары:

Барлығы:химиялық элементтердің табиғи

ұяластарын біліп, сәйкес мысалдар келтіру

Көпшілігі:химиялық элементтердің табиғи топтарының

қасиеттерінің ерекшеліктерін салыстыру

Кейбіреуі: Табиғи ұяластардағы элементтердің физикалық және

химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелділігін

дәлелдеу

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

1.Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын біледі және

мысалдар келтіреді

2.Сілтілік металдар, галогендер және инертті газдардың қасиеттерінің ерекшеліктерін айқындайды

3.Табиғи ұяластардағы элементтердің физикалық және

химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелділігін дәлелдейді

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерімен танысырады.

Химиялық элементтердіің табиғи топтарының қасиеттерінің ерекшеліктерін айқындайды

Терминология галогендер, сілтілік металдар, ұялас, топ, топша

Сөз тіркестері:сілтілік металдар, инертті газдар, тұз түзушілер, типтік металдар, типтік бейметалдар

Құндылықтарды дарыту

Өндірістік білім мен ғылымды біріктіріп, инновациялық индустриялық

кластерді дамыту үшін сілтілік металдар туралы және олардың қасиеттерін

білуі қажет, топтық жұмыс барысында сыйластыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану6.3.1.3 –заттардың қасиеттерін сипаттау


АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба, презентация,

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

7.2.1.3 табиғи ұяластар ұғымын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

2 мин










5 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу: оқушылардың зейінін сабаққа аудару

«Жылулық шеңбері»

 Қане, бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Шеңберге тұрып, бір – бірімізді жақсы көре аламыз, бір – бірімізге жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білеміз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. 

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін жақсарту.

Өткен тақырыпқа шолу және жаңа сабаққа зейінін аудару;

«Сәлемдеме жіберіңіз»әдісі арқылы.

М

ақсаты: өткен сабақты еске түсіруге байланысты оқушылардың ойларын жинақтау.Уәж тудыру.

  1. Периодтық жүйеде неше период бар?

  2. Периодтық жүйедегі элементтер қалай жіктеледі?

  3. Периодтық жүйеде қанша топ бар?

  4. Топтар қандай топшаларға бөлінеді?

  5. Периодтық жүйені ашқан ғалым?

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.

ҚБ:Мадақтау арқылы бағалау

Топтастыру:Үш топқа біріктіру, түрлі-түсті фигуралар пайдаланылады; берілген сөздерді құрастыру арқылы сынып оқушылары үш топқа топтастырылады (Сілтілік металдар, галогендер, инертті газдар). Ендеше оқушылар:

- құрастырғанда қандай сөз пайда болды?

-бұл сөздер қандай мағынаны білдіреді? Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?

Олай болса бүгінгі сабақ тақырыбы «Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері». Сабақта жақсы нәтижеге жету үшін біз алдымызға мақсат қоюымыз керек. Ендеше бүгінгі сабақтың мақсатын айқындап алайық. Яғни қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек.Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін айқындайды.

Периодтық кесте

Ортасы

10 мин



















2 мин




















1 мин








2 мин














АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы табиғи ұяластарының топтары жайлы бейнежазба көрсетіледі. Осы бейнежазбаны көру арқылы химиялық элементтердің табиғи ұяластарын анықтаңыз.

Топтық жұмыс. Постер қорғау

1 деңгей: Ойлау дағдысы: білу, түсіну

«Өкіл» әдісі

Мақсаты:Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланыста болу.

Бағалау критерийі:Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын біледі және мысалдар келтіреді

1. Сілтілік металдарға сипаттама

2. Галогендерге сипаттама

3. Инертті газдарға сипаттама

Дескриптор:

  1. Тақырыптың мәнін ашады.

  2. Табиғи ұяластырды біледі және мысалдар келтіреді

ҚБ: Басбармақ арқылы бағалау

2 деңгей: Қолдану

Жұптық жұмыс«Төрт бөлікті күнделік әдісі». Оқулықты қолдана отырып берілген кестені толтырады

Мақсаты: оқушылар мәтінмен жұмыс істеу барысында оқылым-айтылым-тыңдалым-жазылым дағдыларын дамыту.


Химиялық элементтердің аты

Натрий

Калий

Йод

Хлор

Физикалық қасиеттері

- түсі

- қайнау температурасы





Салыстырмалы атомдық массасы





қаттылығы





БК2:

Дескриптор:

-химиялық элементтің физикалық қасиетін сипаттайды;

- берілген элементтердің салыстырмалы атомдық массасын анықтайды


Ширату жаттығуы: оқушылардың шаршағанын болдырмау және келесі тапсырмаларға зейінін аудару. «Еркін микрофон» әдісі арқылы бүгінгі сабақта кездескен терминдерді үш тілде атап шағады.

Сілтілік металл – щелочный металл –alkali metal

Галоген – галоген –halogen

Инертті газ - инертный газ –inert gas



3-деңгей Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын анықтап, сәйкестендіріңдер

Әрекеттесуші заттар

Реакция өнімдері

Галогендер

Na, Li, K, Rb

Сілтілік металл

F, Cl, Br, I

Инертті газ

Cu, Au, Ag

Ауыспалы металл

Ne, He, Ar, Kr


БК2:

Дескриптор:

  • Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын анықтап, дұрыс дұрыс сәйкестендіре алады

ҚБ: Бағдаршам әдісі арқылы бағалау. (қызыл түсінбедім, жасыл түсінікті, сары сұрағым бар)



Бейнежазба






Периодтық

кесте

Интернет

желісі және

оқулық






























Периодтық

кесте










Оқулықпен

жұмыс










Аяқталуы

7 мин





Сабақты қорытындылау

Тапсырма.

«Сандар кабинеті» әдісі арқылы тапсырма орындайды


3

17

10

19

9

11

18

35

Дескриптор:

  1. Химиялық элементтерді табады

  2. Химиялық элементтердің сілтілік металдарға, галогендерге, инертті газдарға, жататынын анықтайды

ҚБ: От шашу әдісі арқылы бағалау.

Мақсаты:Драматикалық пән бірігіп әсерленуді мадақтау үшін, «түсіну» мазмұнын түсіну,сұрақтар мен ұстанымдардың негізделуін зерттеуге мүмкіндік береді

Үйге тапсырма: тақырып соңындағы «біліміңді тексер» тест орындау



.


Рефлексия

«Өте жақсы, керемет, түсінбедім»




Саралау– Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?


Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындалады. Оқушыларды аралас топтарға топтастырылды. Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті әр түрлі.Қолдауды қажет ететін оқушылармен саралап жұмыс жүргізу үшін дайын алгоритм жоспарланған.

Саралау тәсілі арқылы әр оқушының қажеттілігі мен танымдық қасиеттерінің дамуына сәйкес, жас

ерекшеліктерін ескере отырып сараланған тапсырмалар құрылады.

Оқушылардың нәтижеге жетуі әр түрлі болуы мүмкін.

Осыған орай барлық оқушылар «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасай отырып, өз ойларын жеткізеді.«Өкіл» әдісі жаңа тақырыппен жұмыс жасауға арналған постер құру талдау тәсілдері табысты сабақты ұйымдастыру және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырады. Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі Оқушылардың барлығына бірдей тапсырма берілгенімен кейбір оқушылардың қарқындығы әр түрлі болады. Үлгермейтін оқушыға оқулық, үлестірмелі дайын алгоритмдер дереккөздерін мұғалім ұсынады.

Жұптық жұмыс «Төрт бөлікті күнделік әдісі»кезінде оқушылардың көпшілігіоқулықты қолдана отырып берілген кестені толтырады.

Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым сараланған тапсырмалармен жұмыс жасайды. «Ойлан,тап» әдісіарқылы оқулықты қолдана отырып берілген есептерді дұрыс шығарады.

Сабақты қорытындылау кезеңінде «Сандар кабинеті» әдісі арқылы оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін анықтау сондай-ақ білімді жүйелеу үшін тиімді болып табылады.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады.

Қолдауға мұқтаж оқушыларға сыныптасы немесе

мұғалімнің көмегі арқылы жүзеге асырылады.


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылардың білім деңгейі «Бағдаршам», «Басбармақ», «От шашу» әдісі арқылы үнемі сабақ үрдісінде бағаланып отырады. Ауызша мадақтау оқушылардың көңіл-күйін көтереді және пәнге деген қызығушылығын оятады.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Сілтілік металдар, галогендер және инертті газдардың қасиеттерінің ерекшеліктерін айқындайды

2

Химиялық элементтің физикалық қасиетін сипаттайды;


Берілген элементтердің салыстырмалы атомдық массасын анықтайды

Химиялық элементтердің химиялық қасиеттерін анықтайды


Әрбір тапсырмаға қойылған дескрипторлар оқушының тақырыпты қаншалықты дұрыс түсінгендігі, қолданыста пайдалана алатындығы және де нақты өзін-өзі бағалауына қол жеткізуге мүмкіндік берді.Топтар өзара бір-бірін топаралық бағалау арқылы бағалайды.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысындағы ширату жатығуы және оқушыларды топқа бөле отырып, топтық, жұптық жұмыстар жасау арқылы денсаулық сақтау технологиялары жүзеге асады.Сынып бөлмесін желдету, таза болуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқ


ушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



.

Шеңберге тұрып, бір – бірімізді жақсы көре аламыз, бір – бірімізге жақсылық пен жылулығымызды сыйлаймыз.





Периодтық жүйеде неше период бар?



Периодтық жүйеде элементтер нешеге жіктеледі?



Периодтық жүйеде қанша топ бар?




Топтар қандай топшаларға бөлінеді?



Периодтық жүйені ашқан ғалым?





Шеңберге тұрып, бір – бірімізді жақсы көре аламыз, бір – бірімізге жақсылық пен жылулығымызды сыйлаймыз.


Шеңберге тұрып, бір – бірімізді жақсы көре аламыз, бір – бірімізге жақсылық пен жылулығымызды сыйлаймыз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
3681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі