400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық формулалар бойынша есеп шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Педагогтің аты-жөні:

Сатыбалдиева Ақбөбек Сатыбалдықызы

Күні:

17.09

Сыныбы: 8 а

Қатысушылар саны 20

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық формулалар бойынша есеп шығару

(5-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару

Сабақтың мақсаты:;


8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығарады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Сабақтың басталуы

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Өткен сабақ бойынша қайталау «Сөзді ұста»ойыны. Сыныпты үш топқа бөлу.

Атомдағы электрондардың қозғалысы тарауын қайталау үшін тарау бойынша кілттік сөздер салынған конверт топтарға таратылады. Кілт сөздер: атом, ядро, электрон қабаты, энергетикалық деңгей, энергетикалық деңгейше, s- орбиталь, p-орбиталь, сыртқы энергетикалық деңгей т.б. Мұғалім осы сөздердің анықтамасын айтады, сол кезде оқушылар тиісті сөзді бірінші болып қолымен жауып, өзіне жинайды. Бұл ойын оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлануға жетелейді.

Бағалау: Көп сөз жинаған оқушыларға смайликтер таратылады.


Презентация,

оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.


Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Жаңа сабақ тақырыбын ашу

  1. Жай және күрделі заттар дегеніміз не? Мысалдар келтіру

  2. Судың құрамы (Н2О) қанша пайыз сутектен және қанша пайыз оттектен тұрады?

Оқушылар жауаптары тыңдалады. Содан соң көмек ретінде бұл есепті шығарудың алгоритмі ұсыналады. Оқушылар алгоритммен танысып болған соң жұпта талқылай отырып, бұл есептің жауабын өз беттерінше есептеп шығару керек.

Күрделі заттардың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табу

Дескриптор:


Сұрақтарға жауап береді-1 балл


Күрделі заттардың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табады-1 балл

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Сабақтың басында мына есептерді шығарып беріңіз

  1. Құрамында элементтердің массалық үлестері мынадай: магний 41.4% , оттек 55.2%, сутек 3.4% болатын қосылыстың химиялық формуласын табыңыз

  2. Сутек, күкірт, және оттек атомдары массаларының қатынастары 1:16:32 ге тең болатын құрамында күкірті бар қышқылдың қарапайым формуласын табыңыз

  3. Бір элементтің оксидінің формуласы ЭО2. Ондағы оттектің массалық үлесі 53.3%. Элементтің табыңыз.


Дескриптор:


Элементтердің массалық үлестері арқылы

қосылыстың химиялық формуласын табады-1 балл


Элемент атомдары массаларының қатынастары арқылы қышқылдың формуласын табады-1 балл

Тақырыпбойынша интернет желісінпайдаланып видеоролик көру.

Топтық тапсырма











Жеке тапсырма

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатыңыз

1-тапсырма:

А) H2S В) H3PO4

2-тапсырма:

Мына қосылыстардың қайсысында: NaCl, NaClO, NaClO3 хлордың массалық үлесі көп?

3-тапсырма:

Темір купорасындағы FeSO4 * 7Н2О судың массалық үлесін есептеңіздер


1-тапсырма:

А) CH4 B) H2SO4

2-тапсырма:

Мына қосылыстардың қайсысында: СаСО3, С6Н12О6, Ba(NO3)2 оттектің массалық үлесі көп?

3-тапсырма:

Тотияйынның CuSO4*5H2O құрамындағы мыстың массалық үлесін есептеңіздер

Дескриптор:

Хлордың массалық үлесі көп қосылысты табады-1 балл


Темір купорасындағы судың массалық үлесін есептейді-1 балл


Оттектің массалық үлесі көп қосылысты табады-1 балл


Тотияйынның құрамындағы мыстың массалық үлесін есептейді-1 балл

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Инклюзивті тапсырмалар

Инклюзивті тапсырмаларды оқушыға беріңіз

(Тапсырмалар қарапайым болу керек және оқушыға көмек беріңіз)

Оқушыға тұжырымдар жазылған кесте таратылады. Әр оқушы тыныштықта жеке отырып орындайды.

Тұжырымдар

Шын /

Жалған

Ас содасының құрамына натрийдің дің 2, сутектің 1, көміртектің 1, оттектің 3 атомы кіреді


Массалық үлес – қосылыстағы атом массасының бүкіл молекулаға қатынасы


Қосылыстың сандық құрамы коэфициент аркылы белгіленеді


Сапалық құрам қосылысқа әр атом түрінің қаншасы кіретінін көрсетеді


Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі арқылы қосылыстың формуласын шығаруға болады.



Дескриптор:


Кестені сызады-1 балл


Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды-1 балл

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмысдәптерлері.

Сабақтыңсоңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Соныме нқатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
93
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі