Материалдар / Химиялық өндірістегі экологиялық проблемалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химиялық өндірістегі экологиялық проблемалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиетіміз. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушылары бола аламыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2022
1518
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химиялық өндірістегі экологиялық проблемалар

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғатты күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды.

Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030-жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, экологиялық білім қалыптастыру, табиғатты қорғау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
Биосфера – айналамыздағы табиғаттың тіршілік етушілер мекендейтін бөлігі. Оны біздің айналамыздағы ауадан,судан және топырақтан бөліп қарауға келмейді.
Қазіргі кезде биосфераны табиғаттағы барлық ресурстардың жиынтығы есебінде түсінеді. Табиғат – бір-бірімен тығыз байланыста болып тұратын өте күрделі комплексті құбылыс. Ал, адамзат қоғамы сол табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана, тіршілік ете алады.

Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі – ауа. Мысалы, адам тамақсыз бес жетіге шыдаса, сусыз бес күнге, ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 килограммдай су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 килограммдай ауа жұтады. Тамақ ішу, жұмыс істеу қимылдары тоқтағанмен, адамда тыныс алу процесі еш уақытта тоқталмайды.
Бүгінде экологиялық жүйеге өң беріп, тіршіліктің тынысы болып келген жердің жасыл жамылғысы да азайып келеді.Талай өсімдіктер мен жануарлар жер үстінен өліп кетті, кейбіреулеріне жойылу қаупі төнуде, олар Қызыл Кітапқа тіркелді. Сондықтан болу керек, қазір табиғи байлықтарды толық пайдалану арқылы табиғатты қорғау мәселесі дүние жүзі халықтарын алаңдатып отырған ірі ортақ мәселеге айналды.
Экологиялық сауатсыздықтың нәтижесінде табиғат, оның қорлары, жалпы қоғам зор шығынға ұшырауда.
Химия пәнінен экологиялық білімнің негізгі міндеттердің бірі – табиғатты аялай білуге үйрену, химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтың ластануын болдырмау. Минералды тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу. Химия сабақтарында көптеген тақырыптардан оқығанда экологиялық мәселелерге назар аударуға болады.

Атап айтсақ, Оттегінің қолданылуы, оттегінің табиғаттағы айналымын қарастырғанда ескеретін жайт жылына 7млрд т.отын жағылады екен, оған 20млрд т. оттегі жұмсалады. Бір әуе кемесі 8 сағат ұшқанда 50- 70 т.оттегі жұтады, мұның орнын толтыру үшін 25-50 мыңға. орман соншама уақыт оттегін бөлуі керек. Егер ондағы оттекті 16 пайызға дейін кемітсе адамдар оны айтарлықтай сезіне бермейді. Ал, оның мөлшерін одан әрі төмендете бастағаннан-ақ оның жетіспейтіндігін ағза сезе бастайды да бас айналып, көз қарауытады. Мәселен, ауадағы оттек 10 -12 пайызға дейін төмендеген жағдайда ағзада әлсіздік басталады, адам ұмытшақ келеді, ойлау қабілеті төмендейді,ал, оттек мөлшері 8 пайыз және одан да төмендеген жағдайда адам есінен айрылып, өлім қаупі төнеді.

Тағы бір мысал,жеңіл машина бір жарым мың шақырым жүргенде бір адамның жыл бойы тыныс алатын оттегін тұтынады. Оттегін тұтынатын өндірістің және транспорттың көбеюі ауада оның азаю қаупін тудырады. Қазір оттегі биогендік түзілуінен гөрі 10-16% көп жұмсалады

Көміртек қосылыстарын айтатын болсақ, отынды жағу және өзге өндірістік әрекеттердің нәтижесінде соңғы 100 жыл ішінде ауаға 400млрд т. көміртегі (ІV) оксиді барып, оның ауадағы қанықпасы 18%-ке артқан. Жыл сайын ауаға 200 млн. т. көміртегі (ІІ) оксиді (иіс газы) 50 млн. т. азот оксидтері (улы газдар) барады. Өнеркәсібі дамыған елдерде әр адамға шағып есептегенде жыл сайын атмосфераға 150-200 кг тозаң, күл және өндірістің басқа қалдықтары түседі. Көмір қышқыл газының ауадағы мөлшері 0,02-0,04%.
Ауаға түсіп жатқан көмір қышқыл газы мөлшерінің артып кетуі қоршаған орта жағдайына келеңсіз жайттарға душар етеді. Айталық оның ауадағы үлесі екі есе артса, «Жылу эффектісі» деген құбылысты тудырып, жер бетіндегі температура орта есеппен 4ºС-қа артады екен. Бұдан мәңгі мұздар, мұзтаулар еріп, ауа райында елеулі өзгерістер болады.СО-көміртегі (ІІ) оксиді, иіс газы, жану өнімдерінің бірі.Тұрмыста, өнеркәсіпте және транспортта әр түрлі отындар шала жанғанда түзіледі. Ауада 1% иіс газы (СО) болса, адам қолма-қол, ал оның үлесі 0,1%болғанда 30-60 минутта өледі. Иіс газының физиологиялық әсері гемоглобиндегі оттегін қуып шығуына байланысты. Гемоглобин көміртегі (ІІ) оксидін оттегіне қарағанда 200-300 есе тез қосып алып, карбоксигемоглобин түзеді. Иіс газы жүрек қолқа тамырға, жүйке жүйесіне әсер етеді. Мамандардың есебі бойынша бір машина бір сағат уақыт ішінде ауаға 6-10 текше метрге дейін улы газ бөліп шығаратыны анықталып отыр. Зауыттар мен жылу электрстансаларында күкірті бар отынды жаққанда ауаға шығатын газдардың зияндысы - күкіртті газ.

Ол көп мөлшерде сульфид кенін өртейтін металлургиялық және химиялық зауыттардан түзіледі. Бұл улы газ қанықпасы 0,3мг/л. SO
2-де адам бір минутке ғана шыдайды. 0,05мг/л SO2 көздің сілемейлі қабықшасын тітіркендіреді және жөтелтеді. Оның өнеркәсіп ауасындағы мөлшері 0,01мг/л-ден аспауы тиіс.

Тозаң - жану реакциясының ең мол қалдығы – түтіннің құрамындағы майда ұлпасы. Өндірістен шығатын тозаңның құрамында улы заттар: қорғасын, сүрме, мыс, марганец, сынап, мышьяк, оксидтері және т.б. қосылыстар болады. Қалалардың үстіндегі түтін мен ұсақ тозаң жаз айында күн сәулесінен келетін жарықтың құнын 20 және 50 процентке дейін кемітеді.Сол сияқты ол тірі ағзаларға пайдалы ультракүлгін сәулені тұтып қалады.

Азот қышқылының өндірісі жайына келетін болсақ, азот қышқылын өндіретін зауыттың мұржасынан «түлкі құйрық» деп аталатын қызғылт сары түтін будақтап жатады. Бұл азоттың улы оксидтері. Бір зауыт тәулігіне 20 тоннаға жуық оксидтер шығарады. Құрамында 3-6мг/л азот (ІІ) оксиді бар ауамен 6-12 мин, 0,1мг/л азот (ІІ) оксиді бар ауамен 1 сағат тыныс алған адамның өміріне қауіп төнеді. Онымен уланған адамның басы айналады, әлсірейді, өңі қашып, қанның қысымы төмендейді. Бұл газдың өндіріс ауасындағы 0,005мг/л – ден аспауы керек.

Мұнай және оның өнімдерін қарасақ мұнай өндіретін өндіріс орындарының зияндылығына тоқталуға болады. Жердің төменгі терең қабаттарынан өндірілетін мұнайды және өнімдерін өндірісте адам баласы күнделікті тұрмыста пайдаланғанда күкірт (ІV) оксиді, азот (ІV) оксиді, ал толық жанбағанда көміртекті сутегі түзіледі. Олар газ түрінде ауаға өтеді де, жаңбырмен жуылып, жерге түседі. Қышқыл жаңбырдың жиілеуі экологиялық жүйелерді және құрылысты бүлдіреді. Қышқыл жаңбыр суы топырақты магний, кальцийді жуып, алюминий, марганец сияқты металдарды сіңіріп, олардың улы қанықпасын түзеді. Бұның өзі өсімдіктердің қалыпты өсуіне үлкен кесірін тигізіп, ауа ластануына жол береді. Мұндай табиғатта бөліп жатқан улы заттарды тазалағыш жүйелер мен сүзгілер түрлерін пайдаланып, тоқтатуға болады.

«Су – тіршілік нәрі» десек те, судың құрамында қайсыбір химиялық элемент шектен асып кетсе ол адамның денсаулығына зиянды екендігіне назар аудару керек.

Мәселен, кадмий қан айналысын бұзса, асбест ісік ауруларына алып келеді, хром бүйректі құртса, сынап ішек ауруын тудырады. Холестеринмен қосылып, қан тамырлары мен тамырша көздерін бітей бастайды. Нәтижесінде адам склероз, инсульт, инфаркт ауруларына шалдығады. Көптеген елдерде судың құрамындағы сульфат мөлшері 1 литрге шаққанда осының салдарынан елімізде бүйректің қалыпты қызмет етуі, бүйректе тас байлану секілді аурулар жиі кездеседі.

Қазіргі таңда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеулеріне қарағанда дерт түрлерінің 80 % тікелей судан болап отыр. Қазіргі кезде өзеннің, су бассейіндері пестицидтермен, ауыр металдармен ластануы айтарлықтай алаңдатушылық білдіруде.

Мыс ,қорғасын және мырыш сияқты ауыр металдар адам ағзасының тканьдері мен өмірлік маңызды органдарында созылмалы интоксикацияға ұшыратады, ал, ол өз кезегінде онкологиялық ауруларға, жүрек , қан тамырларының аномалиясына әкеліп соқтырады. Сондықтан да су құрамын ауыр металдар ионынан тазарту маңызды да, күрделі міндет болып табылады.

Судың экологиялық зардаптарының тигізер сырына қанық әрбір адам ауыз суға талап деңгейін жоғары ұстап, оны тазартып ішуге ынталы болуы керек.

Минералды тыңайтқыштар өндірісінде, жер бетіндегі алты миллиард адамды асырау үшін минералды тыңайтқышты пайдалану экономикалық жағынан өзін-өзі ақтайды, дегенменде...
Минералды тыңайтқыштардан өсімдіктер 40-50% азотты, 20-25% фосфорды, 70-80% калийді ғана пайдаланады. Ал, қалған бөлігі топырақта қалып, топырақ (эрозиясына) ластануына жол беріледі.
Азотты тыңайтқыштардан көп берілген жағдайда 300-400ц/га артық берілу адамдарды уландыру қаупін туғызады.
Экологиялық катастрофалар, күкірт қышқылы ауаға, топыраққа,суға түскенде болатын зиянды зардаптар. Транспортта, заводта, шойын жолдарда болатын апаттар.

Ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.

Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиетіміз. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушылары бола аламыз.








1. “Қaзaқcтaн - 2030” дейiнгi “Қaзaқcтaнның дaмy шapaлapын icке acыpy cтpaтегиялapы тypaлы” Пpезидент жapлығы 1998 г. – 367 с.

4.Экологиялық білім қалыптастырудың негіздері мен тәжірибелері / Ж.Шілдебаев // Қазақстан мектебі 2004 №7, 21-22с

5. “Қopшaғaн opтa тypaлы зaңдapды қoлдaнy” Aлмaты 2000 ж. – 7 б.

6. Қaзaқcтaн Pеcпyбликacындa үздiкciз кәciби педaгoгикaлық бiлiмдi дaмытy тұжыpымдaмacы. Acтaнa, 2004 ж. – 156 б.

8. Шiлдебaев Ж.Б. Экoлoгияны мектепте oқытy әдicтеpiн өзектi мәcелелеpi “Геoгpaфия және Тaбиғaт”, Aлмaты №1, 2004, 25-30 б.

9. Шыңғыcбaевa Ш. Экoлoгиялық бiлiм беpy жoлдapы. Қaзaқcтaн геoгpaфияcы және экoлoгия. 10-11 б.

10. Aймaғaмбетoвa Қ. Педaгoгикaлық үpдicтi экoлoгиялық бiлiм мен тәpбие беpy негiзiнде ұйымдacтыpy. “Бacтayыш мектеп” №10, 2003 ж, 16-17 б.

11. Мaткaликoвa Т. Экoлoгия және бiз. “биoлoгия және cayaттылық негiзi” №2, 2006 ж. 70-73 б.

13. Экoлoгиялық бiлiм бaғдapлaмacы. Aлмaты 1999 ж. 65 б.

14. Шiлдебaев Ж. Экoлoгиялық бiлiм беpyдiң негiзгi педaгoгикaлық пpинциптеpi “Үздiкciз бiлiм беpyдiң қaзipгi жaғдaй мәcелелеpi немеcе бoлaшaғы” Cбopник PИК, №3 2000 ж. 60-70 б.

15. Шiлдебaев Ж.Б. Экoлoгиялық бiлiм қaлыптacтыpyдың пәндiк жүйеci. Бacтayыш мектеп, Aлмaты, №4, 2004 ж. 15-24 б.

16. Көпшiлiкке экoлoгиялық бiлiм мен тәpбие жaқcapтy жoлдapы. Pеcпyбликaлық ғылыми-пpaктикaлық кoнфеpенция мaтеpиaлдapы. Aлмaты, 1992 ж. 87 б.

17. Opынбaевa Г. Caғымбaев Т. “Oқyшылapғa экoлoгиялық тәpбие беpy”. Экoлoгия негiздеpi, Алмaты, 1995 ж.

18. Жaнгельдинa Д.I. Oқyшылapғa экoлoгиялық тәpбие беpy.



















Қоладанылған әдебиеттер:

  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.

  2. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001

  3. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10

4.Экологиялық білім қалыптастырудың негіздері мен тәжірибелері / Ж.Шілдебаев // Қазақстан мектебі 2004 №7, 21-22с.

5.А.Өтеева Химия пәнін оқытуда экологиялық тәрбие беру / Атамекен. 2000ж.6

.Ф. Темереева Географиялық жаңа ерекшеліктер мен мәселелер // География. Биология. Химия 2001 — №2.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!