400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Катализатор

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Катализ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»

«Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Zhansugurov College»






Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 6 сәуірдегі

130 бұйрығына

8-қосымша

Оқу сабақтарының жоспары №

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Катализ

Модуль /пән атауы:

Химия

Педагог:

Бигалымова Дана Канатовна

Күні:





Курс, топ





Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақ мақсаты:

- химиялық реакцияның жылдамдығына анықтама беру;

- химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды білу;

- химиялық реакцияның жылдамдығын есептеу

Міндеттері:

- химиялық реакцияның жылдамдығына анықтама береді;

- химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды біледі;

- химиялық реакцияның жылдамдығын есептейді

Құндылықтарды дамыту:

Тақырыпты әртүрлі әдіс-тәсілдері қолдана отырып оқыту арқылы студенттердің танымдық белсенділіктері мен ой-өрістерін дамыту. Өз беттерімен тапсырма орындауға, ізденімпаздыққа, пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер:

- химиялық реакцияның жылдамдығына анықтама бере алды;

- химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды біледі;

- химиялық реакцияның жылдамдығын есептей алады

Қажетті ресурстар:

Тақта, периодтық кесте, ғаламтор желісі


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдер

Оқытушының әрекеті

Студент

әрекеті

Бағалау

Сабақтың басы

Білу


Ұйымдастыру кезеңі

Оқытушының әрекеті:
– Сәлемдесу
– Студенттерді түгендеу
– Сабақ мақсатын хабарлау


сабаққа дайындалады
– назар аударады

өз пікірлерін білдіреді

Ауызша мадақтау



Сабақ ортасы

Түсіну

Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар:

- температура;

- концентрация;

- қысым;

- жанасу бетінің аумағы.

Катализ – реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ өздері химиялық өзгермей қалатын заттар. Әрбір реакцияның өзіне лайықты католизаторлары болады, ол катализатор басқа реакцияға әсер етпеуі мүмкін.

Жеке жұмыс дәптері

Презентация

Қолдану



1-тапсырма. Мына заттарды жай және күрделі заттарға бөліп жаз:

а) су, ә) сынап, б) оттек, в) қант, г) темір, д) ас тұзы, е) көмір қышқыл газы

2-тапсырма. Мына құбылыстарға қатысатын заттарды атап, оның молекула немесе атом түрінде болатындығын түсіндіріңіздер:

а) жаңбыр жауды, ә) жел соқты, б) сынап буланады, в) көмір тұтанады, г) темір таттанады.

Дұрыс жауапты анықтайды

Жеке жұмыс дәптері

Талдау



Есептеңіз:

1-есеп. 2SO2+O2=2SO3 реакциясындағы күкірт (VI) оксидінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы неше есе артады?

2-есеп. Температураны 300C көтергенде реакция жылдамдығы 27 есе артты, егер температураны 500C көтерсек, реакция жылдамдығы неше есе артады?

Есептерді алгоритм бойынша есептейді

Жұмыс дәптерлері

Жинақтау

«WordWall» платформасын пайдалану

Сұрақтарға жауап береді


Сабақтың соңы

Бағалау


Үйге тапсырма

Есептерді шығарыңыз:

1. құрамында 49г күкірт қышқылы бар ерітіндіге 6,5г мрыш салғанда бөлінген сутектің көлемі қандай?

2. құрамында 49г күкірт қышқылы бар ерітіндімен 4г магний оксидін өңдегенде алынған тұздың массасын табыңдар.

«Бір минуттық рефлексия» әдісі

1. Осы сабақтағы мен үшін ең маңызды ақпарат __________

2. Әлі де маған мына жайттар түсініксіз __________

3. Бүгінгі сабақтан түйгенім __________


Есептерді шығарады

Жұмыс дәптері





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.06.2026
16
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі