400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
химиялық реакция теңдеулері бойыншазаттың массасын, зат мөлшерін есептеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

8.2В Стехиометриялық есептеулер

Педагогтің аты-жөні:

Сатыбалдиева Ақбөбек Сатыбалдықызы

Күні:

14.11

Сыныбы: 8 б

Қатысушылар саны: 22 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

19-сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.3.5-химиялық реакция теңдеулері бойыншазаттың массасын, зат мөлшерін есептеу

Сабақтың мақсаты:

Кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің «қышқылдық» және «сабындылық» ортасын және индикаторларды біледі

Табиғи қышқылдар мен негіздердің ортасын анықтау үшін, индикаторларды қолдануды түсінеді

Табиғи қышқылдар мен сілтілердің ортасын, индикаторлардың көмегімен анықтап қорытынды жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

ә). Топ ережесін еске түсіру.

б). Топтастыру.


Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.

І-топ:

ІІ-топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.





Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

1.Заттардың негізгі сипаттамалары қандай?

2. Химиялық реакция теңдеулерінің мәні?

Дескриптор:


Сұрақтарға жауап береді-1 балл


Есеп шығару алгоритмін жаттайды-1 балл


Берілген есептің берілген, табу керегін жазып, реакция теңдеуін құрады-1 балл


Реакция теңдеуін теңестіреді-1 балл


Берілген және табу керек заттар үшін зат мөлшерін, молярлық массаларын жазады-1 балл

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор:

Пропорция құрып, белгісіз шаманы табады-1 балл

Видеоролик

Жеке жұмыс

5 мин

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.2Mg+O2 → 2MgO Мr(2Mg)=2×24=48

7г--------------xг Mr(2MgO)=2×(24+16)=80

48г------------80г

2) 2Mg+O2 → 2MgO Мr(2Mg)=2×24=48

7г--------------xмоль

48 г-----------2моль

3) 2Mg+O2 → 2MgO Мr(2MgО)=2(24+16)=80

5г------хг М(О2)=16*2=32

32г------80г


Дескриптор:

Химиялық реакция теңдеулерін аяқтайды-1 балл


Теңдеуді теңестіреді, масса, зат мөлшерін жазады-1 балл


Есептерді шығарады-1 балл


Қорытындылап жауабын жазады-1 балл

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Топтық жұмыс

10 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.Оқулықтағы 10 кестені толтырады.


Шама

Таңбалануы

Өлшем бірлігі

Зат мөлшері



Мольдік масса



Масса




Дескриптор:


Кестені толтырады-1 балл

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
204
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі