400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық реакция типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 81В Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп: №53 мектеп-лицей


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жұбаназарова Р.А.


Сынып: 8

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері

Types of chemical reactions


Оқу мақсаты

8.2.2.1 –химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу

- know the types of chemical reactions and differences between them

  • understand some reactions in daily life


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

-химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу;

Көптеген оқушылар білу керек:

-химиялық реакциялардың белгілі бір түрін анықтау;

Кейбір оқушылар білу керек:

-химиялық реакцияның барысын болжау.


Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктей алса;

қосылу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

айырылу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

орын басу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

алмасу реакциясын біледі және теңдеуін жазса;

химиялық реакцияның барысын болжаса.


Тілдік мақсаттар

Терминология: to occur,combination reaction,to cause,decomposition reaction,single displacement reaction термин сөздермен жұмыс

Тілдік дағды: берілген тексттегі бос орындарды толықтырып, оқылым және жазылым дағдысын қалыптастырады. Түсіндіріп беріп, айтылым дағдысын қалыптастырып, диалогқа түседі.Оқушылар зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін экспериментті ауызша сипаттай алады және эксперимент қорытындысын жазбаша рәсімдей алады.

Оқушылар химиялық реакциялардың типтерін ауызша сипаттайды. Химиялық реакция типтері, қосылу, айырылу, орын басу және алмасу реакцияарын әрекеттесуші және түзілген заттардын саны мен құрылысы бойынша жіктеуге болады. Егер реакцияға түссе ….., онда …..түзіледі.


Құндылықтар

Өмір бойы оқып білім алу.


Пәнаралық байланыс

Физика Математика


Алдыңғы білім

7.4А және 8.1А бөлімнен сутегі атомдарының құрылымын білу. Нөлдік қосынды әдісі және валенттілік арқылы заттың химиялық формуласын табу.


Пайдалы сілтемелер

http://www.nature.com/scitable/knowledge/library/the-conservation-of-mass-17395478

http://docbrown.info/page04/4_73calcs03com.htm












Cабақ барысы


Ұйымдастыру кезеңі


Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Тақырып химияны одан әрі оқу үшін өте күрделі және өте маңызды болғандықтан, біз оны ұйымдастырушылық сәттен кейін бірден бастаймыз. Сабақ дәріс-түсіндірме түрінде жасалады.

Teacher introduces himself, the school and lesson rules, answers the students’ questions.

Students are asked with the question “What is “Our world” for you?” Students write their answers on the whiteboard.



Жаңа тақырып:






Қосылу реакциясы жайлы өздері дәптерлеріне жазып алады


























Тақтада жеке жұмыс


























Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Ресурстар


Ойтолғау

ИАТ-дан бүгінгі күн, сабақтың тақырыбы және мақсаты көрсетіледі. Презентация арқылы түсіндіріледі.

What are the chemical reactions around us?

As we know,chemical are changes in which new substances are formed.Most chemical reactions can be classified as follows (4 main types) combination,decomposition,sihgle displacement and double displacement reactions.

Әрбір реакция типі бойынша біз мысалдар келтіреміз және тақтада талдаймыз. Бастапқы және түзілген заттардың құрамына қатысты химиялық реакциялардың 4 типі болатынына көңіл бөлініз.

to occur,combination reaction,to cause,decomposition reaction,single displacement reaction термин сөздерді айтып өту

Қосылу реакциясы бойынша екі немесе бірнеше заттардан бір күрделі зат түзіледі. Мысалы:

  1. а) фосфордың жануы 4Р+5О2→2Р2О5 егер фосфор оксидің суда ерітсе, онда фосфор қышқылы түзіледі: Р2О5 + 3Н2О → 2Н3РО4 (сондықтан фосфор оксиді қышқылдық боп саналады).

б) кальцийдің тотығуы 2Са + О2 →2СаО енді кальций оксидін суға салса, онда кальций гидроксиді түзіледі – негіз: СаО + Н2О →Са(ОН)2 (сондықтан кальций оксиді негіздік оксид болып саналады).

Қосылу реакциясына өздеріңіз анықтама беріңіз.

  1. Айырылу реакциясында, керсінше, бір күрделі заттан бірнеше заттар түзіледі, мысалы:

а) сынап оксидінің айырылуы: 2НgO →2Hg + O2

б) мыс, темір (III) гидроксидтерінің және т.б айырылуы.

Айырылу реакциясына анықтама беріңіздер.

  1. Орын басу реакциясында жай зат күрделі заттың құрам бөлігінін орнын басады, мысалы:

а) СuCl2 + Fe → FeCl2 + Cu

б) FeCl3 + Mg →

Теңдеу жазу және коэффициенттерін қою.

в) AgNO3 + Zn →

Орынбасу реакциясына анықтама беріңіздер

  1. Алмасу реакциялары кезінде екі күрделі зат бір-бірінің құрам бөліктерімен алмасады, мысалы:

а) CuO + 2HCl→ CuCl2 + H2O

б) Fe2O3 + H2SO4→

в) Al2(SO4)3 + BaCl2→

Теңдеу жазу және коэффициенттерін қою.

Алмасу реакциясына анықтама беріңіздер.

Almost all biological progresses such as respiration and photosynthesis are chemical reactions.

to occur,combination reaction,to cause,decomposition reaction,single displacement reaction термин сөздермен жұмыс

Термин сөздер жазылған парақтарды алып оқушылар сол термин сөздерге сәйкес реакция теңдеуін жазады.

Ал енді сіздер берген химиялық реакциялардың анықтамалары мен кітапта берілген анықтамаларды салыстырайық. Балаларды өздері жұмыс жасағаны үшін мақтау,мадақтау керек .

Өткен материалды біріктіру үшін біз шағын қалыптастырушы жұмысты орындаймыз.

химиялық реакция типтері бойынша презентация






Қышқыл мен негіздік оксидтерді қайталау (мұғалімнің қалауы бойынша қайталануы мүмкін).

Коэффициенттерді қоюға да көңіл бөліп, назар аудару керек. Зат массасынын сақталу заңын еске түсіре аламыз.




Бұл жерде коэффициенттерді қоюға назар аудару керек. Зат массасынын сақталу заңын еске түсіреміз.














Заттың нөлдік сомасы әдісімен заттың формуласын алу керектігін ерекше атап өту қажет.




ҚБ


Сабақтың соңы Рефлексия


Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері.

Ресурстар

to occur,combination reaction,to cause,decomposition reaction,single displacement reaction термин сөздермен жұмыс

Қалыптастырушы бағалау жазғанда қандай қиындықтар туындады? Қателерді қалай түзете аламын? Әлсіз оқушылар үшін сіз қосымша сабақ бересіз, себебі бұл тақырыпты барлық адамдар меңгеруі керек.


Сабақ жайлы пікірлер мен ұсыныстар жазылған стикерлер

Үй тапсырмасы


Химиялық реакциялардың әрбір түрі үшін 2 теңдеулер жазыңыз. Үй тапсырмаларын дифференциациялаумен бөлісу. Әр топқа айналамыздағы химиялық реакцияға демонстрация экспериментін дайындау.




химиялық теңдеулерімен берілген таратпа қағаздар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ барысында едәуір қабілетті оқушылар қиындық көріп тұрған оқушыларға көмек көрсете алады. Мұғалім жұмыстың орындалуын бақылайды, қажет болған жағдайда көмектеседі.

Тест нәтижелері бойынша оқушылар мини тақтайшаларға жазып жауап береді

ҚЕ сақтап жұмыс істеуді қамтамас ету. Қызығушылықтарын арттыру,шаршағандарын азайту және басу үшін тапсырмаларды орындау түрлерін өзгертіп отыру.





Сабақ бойынша рефлексия




Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?



Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?



Жеткізбесе, неліктен?



Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Жалпы баға




Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу











Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні сынып 8 күні

Раздел/Тема

8.1В Химиялық реакция типтері

Оқу мақсаты

8.2.2.1 –химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу

Ойлау қабілеттерінің деңгейі: Білу және түсіну,қолдану

 Бағалау критерийі: Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Қосылу реакциясынын теңдеуін біледі және жазады

  • Айырылу реакциясынын теңдеуін біледі және жазады

  • Орынбасу реакциясынын теңдеуін біледі және жазады

  • Алмасу реакциясынын теңдеуін біледі және жазады


Тапсырма 1

  1. Қосылу реакциясынын химиялық теңдеуін жазыңыз:

  1. Na2O + H2O→

  2. SO3 + H2O→

  1. Айрылу реакциясынын химиялық теңдеуін жазыңыз:

c) СаСО3 →

  1. Орынбасу реакциясынын химиялық теңдеуін жазыңыз:

  1. Hg(NO3)2 + Pb →

  1. Алмасу реакциясынын химиялық теңдеуін жазыңыз:

е) СаО + Н3РО4 →


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

- химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктейді


- қосылу реакциясынын теңдеуін жазды (2-ден 1)

- айырылу реакциясынын теңдеуін жазды

- орынбасу реакциясынын теңдеуін жазды

- алмасу реакциясынын теңдеуін жазды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі