жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары»
ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні: |
Карабалаева Кулмира |
||||||||
Пән/Сынып: |
Химия, 9 сынып |
||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы |
15- сабақ |
||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: |
IV тарау. Қайтымды реакциялар. |
||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары» №7 зертханалық тәжірибе «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы» |
||||||||
Оқу мақсаты: |
9.3.3.3 -химиялық тепе – теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату; 9.3.3.4 -химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру;
|
||||||||
Бағалау критериі: |
|
||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары |
|||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау.
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету. |
Жеке жұмыс Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды. |
|||||||
Уақыты |
Кезеңдері |
Тапсырма |
Тапсырманың мақсаты |
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
3 минут 00:00 – 03:00 |
Ұйымдастыру |
Сәлеметсіздер ме? Біз сіздермен қашықтықтан оқытуды ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік» Бүгінгі сабақта: Бүгінгі сабақтың тірек сөздері: химиялық тепе-теңдік; концентрация өзгеруінің әсері; қысым өзгеруінің әсері; температура өзгеруінің әсері; өршіткінің әсері;
Сенің білетінің:
Сенің меңгеретінің:
|
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру |
|
|
Презентация Слайд 1, 2
Слайд 3
|
|||
16 минут
03:00 – 19:00
|
Жаңа сабақ |
Көптеген химиялық өнімдер қайтымды химиялық реакциялардың нәтижесінде алынады. Сондықтан химиялық тепе-теңдік кезінде өнімнің шығымы қандай жағдайда артатының білудің маңызы зор. Химиялық тепе-теңдік күйдегі реакцияның жүру жағдайларын өзгерткенде өнімнің шығымы артса, онда тепе-теңдік оңға қарай, ал кемісі солға қарай ығысты деп есептеледі. Көптеген зерттеулер химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле Шателье- Браун принципі деп аталатын ережеге бағынатының дәлелдеді. Химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйе жағдайының (концентрация, температура, қысым) біреуін өзгерту болса, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады. Ле Шателье-Браун принципін әртүрлі әсерлерге қолдануға болады. 1884 жылы француз химигі Анри Луи Ле Шателье кез келген химиялық тепе-теңдіктің ығысуының жалпы принципін анықтады.
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер етуші факторлар: температура, концентрация, қысым. Ле Шателье – Браун принципіне сәйкес бастапқы заттардың біреуінің концентрациясын арттырғанда тепе-теңдік өнім түзілу жағына қарай, яғни оң жаққа ығысады. Өйткені реагенттердің біреуінің концентрациясының өсуі тура реакцияның жылдамдығын арттырады. Мысалы, N2 + O2 2NO реакциясында азоттың концентрациясын көбейтетін болсақ, онда тепе-теңдік оңға қарай, яғни NO түзілу бағытына қарай ығысады. Қысымды жоғарлатқанда тепе-теңдік газдардың зат мөлшері азаятын жағына, ал қысым төмендегенде газдардың зат мөлшері көбейетін жағына қарай ығысады. Мысалы, 2CO (г) + O2 (г) 2CO2 (г) Реакцияның нәтижесінде көміртек (IV) оксидінің зат мөлшері азаяды. Демек, қысымды жоғарлатқанда тепе-теңдік көміртек (IV) түзілу бағытына ығысады. Ал қысымның төмендеуі тепе-теңдікті реагенттер түзілу жағына, яғни солға ығыстырады. Температураның тепе-теңдікке әсерін көміртек (ІІ) оксидінің жану реакциясының мысалында қарастырайық: 2CO (г) + O2 (г) 2CO2 (г) + 577кДЖ Реакция теңдеуінен байқағанымыздай көмірқышқыл газының түзілуі экзотермиялық реакция, температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік солға, бастапқы заттар түзілу жағына ығысады. Керісіенше температураны төмендету кезіңде тепе-теңдік оңға қарай ығысады.
1)Температураны арттыру химиялық тепе-теңдікті қай жаққа ығыстыратынын анықта. 2NO2 (г) ⇌ 2NO (г) + O2 (г) C2H4 (г) + H2 (г) ⇌ C2H6 (г) 2HI (г) ⇌ H2 (г) + I2 (г) 2)Қысымның артуы химиялық тепе-теңдікке қалай әсер ететінін анықта. 2HI (г) ⇌ H2 (г) + I2 (г); ΔH° = +11 кДж/моль 2NO (г) + O2 (г) ⇌ 2NO2 (г); ΔH° = –114 кДж/моль
|
Жаңа тақырыпты меңгеру |
|
Дескриптор: -температура артқанда химиялық тепе-теңдік қай жаққа ығысқаның анықтай алады; - қысым артқанда химиялық тепе-теңдік қай жаққа ығысқаның анықтай алады
|
Презентация Слайд 4 Бейне ролик “Химиялық тепе-теңдік күйі»
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7 Бейне ролик «Әрекеттесуші заттар концентрациясының артуы»
Слайд 8 Бейне ролик “Қысым өзгерісінің тепе-теңдікке әсері»
Слайд 9 Бейне ролик “Температура өзгерісінің химиялық тепе-теңдікке әсері»
Слайд 10, 11 |
|||
4 мин 19:00-23:00 |
Тәжірибе |
№7 зертханалық тәжірибе «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы» Реактивтер: натрий ацетатының 1М ерітіндісі, аммоний гидроксидінің 0,1М ерітіндісі, фенолфталеин ерітіндісі, 1г аммоний хлориді. Құрал-жабдықтар: сынауықтар, спиртшам, микроқалақша. Жұмыс барысы: 1 тапсырма. Температураның әсері. Сынауыққа 3 мл натрий ацетатының ерітіндісін құйыңдар. Оған 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, ерітіндіде түс пайда болғанға дейін сынауықты қыздырңдар. Түсті ерітіндісі бар сынауықты суық судың ағынында суытыңдар. Ерітінді түсінің әлсірегеніне немесе жойылғанына көңіл аударыңдар. 2 тапсырма. Концентрацияның әсері. Екі сынауыққа 2мл-ден аммоний гидроксидінің ерітіндісін құйып, әр сынауыққа фенолфталеиннің бір тамшысын қосыңдар. Бір сынауыққа микроқалқашамен аммоний хлоридінің кристалдарын салыңдар. Екі сынауықтағы ерітінділердің түсіне көңіл аударыңдар. Тәжірбиенің нәтижелері бойынша тепе-теңдіктің ығысуы жөнінде қорытынды жасаңдар.
|
Тақырыпты тәжірибе арқылы бекіту |
|
|
Слайд 12
Слайд 13 |
|||
2 минут
23:00-25:00
|
Бекіту |
Сабағымызды қорытындылайық. Оқу тапсырмасы:
Бүгінгі сабақта
ететін факторларды білемін;
тұрғысынан білемін;
үшін маңызын білемін;
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау |
|
|
Презентация Слайд 14
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген