Материалдар / ХИМИЯНЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХИМИЯНЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада химияны оқыту жағдайында қолдануға болатын интерактивті әдістер қарастырылған. «Quizizz.com» платформасының барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білімгерлердің қызығушылығын арттыру, бірнеше жауапты тест құру, суреттерді және химиялық формулаларды өз қолымен салуына, видео сабақтарды оқушы назарына ұсынуға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2023
443
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 37.016

ХИМИЯНЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Дихан Диана Бауыржанқызы

dianadikhan01@gmail.com

Сарқырама жалпы орта мектебінің химия пән оқытушысы

Шымкент, Казақстан


Аннотация: Мақалада химияны оқыту жағдайында қолдануға болатын интерактивті әдістер қарастырылған. «Quizizz.com» платформасының барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білімгерлердің қызығушылығын арттыру, бірнеше жауапты тест құру, суреттерді және химиялық формулаларды өз қолымен салуына, видео сабақтарды оқушы назарына ұсынуға.

Кілтті сөздер: интерактивті әдіс, «Quizizz.com» платформасы, дидакти-калық құрал.


Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін  жаратылыстану ғылымы. Қиын тәрізді көрінетін химияны жеңіл әрі түсінікті жеткізу әр мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсіліне байланысты. Осы жерде математика ғылымына үлес қосқан ғалым Д.Пойяның: «Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе, сонша жақсы әдіс өмір сүреді» деген сөзін дәйекке алуға болады. Жақсы мұғалім оқушыны «дайын асқа тік қасық» болуын үйретпей, өзі ізденуге жағдай жасайды

Жалпы әдіс дегеніміз-оқыту кезінде мұғалім мен оқушының оқу жетістігіне бірге жетуіне көмектесетін негізгі құрал. Әдіс-тәсілдің дидак-тикалық материалдарды пайдалана отырып оқушыны қызықтыру, проблемалық жағдай тудыру нәтижесінде оқушы тақырып туралы өз санасына ендіре алуына мүмкіндік жасайды. Қазіргі дамыған заманда оқытушы оқушыларға интерактивті дидактикалық материалды пайдалана отырып түсіндіру тиімдірек. Себебі мұғалімнің негізгі міндеті өз заманынан ілгері ойлауға мүмкіндік тудыра отырып, тақырыпты өмір жолында пайдана алатындай естерінде қалдырып тәрбиелеп білім беру.

Интерактивті құралдарды пайдана отырып әдіс тәсілді құрастырудың тағы бір оң нәтижесіне кешегі күндерді санамағанда қазірдің өзінде еліміз ҚР-ы және бүкіл әлем зардап шегіп отырған эпидемиялық жағдай кезінде білім ізденушілерді құтқарып, білімге қызығушылықты тоқтатып қоймай қызықтыра түскен, оқытушы мен оқушы арасын қандай қашықтықтарға қарамастан жақындастырған тәсілдердің бірі.

Сондай бір интерактивті әдіс тәсілдің біріне «Quizizz.com» платформасы жатады. Бұл платформада сабақты қорытындылау мақсатында тапсырманың әр түрлі формасын жасауға мүмкіндік бар. Платформа көмегімен төмендегідей тапсырма түрлерін жасауға мүмкіндік бар:


1-сурет. Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест

-оқушы тақырып бойынша өз ойын қысқаша жеткізуге арналған ұяшық мүмкіндік бар

-тақырыпқа қатысты суреттер, видео сабақтарды оқушы назарына ұсынуға мүмкіндік бар

-суреттерді өз қолымен салуына

2-сурет: Жазып сызуға арналған сұрақ типі.

«Quizizz» - тестті әртүрлі форматта жасап, баланы жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін платформа. Мұнда оқушыларға тақырып бойынша тест, өтілген сабақ бойынша қысқаша ой білдіруіне және тақырыпқа сай (формула сурет бейне) кез келген сауалға жауап ретінде өзі тақтаға сызу арқылы жауап жазуына мүмкіндіктер бар.

Ал енді, платформамен қалай жұмыс жасауымыз туралы айта кетсек:

1«Quizizz.com» сайтына кіріп «Sign up» батырмасын басу арқылы тіркелеміз (аккаунт және электронды почта арқылы).

2.Тіркеліп болған соң «Создайте-викторина» бастырмасын басу арқылы

-бір немесе көп жауабы бар тест

-ашық ойын жазуға арналған ұяшық

-тақырып бойынша суреттеуге арналған жолақша

-анкета түрінде де жасауға мүмкіндіктер бар.

3.Сұрақты құрастырып болған соң, «Сохранить» бастырмасын басып викторинаны бастауға болады. Оқушыларға кез келген әлеуметтік желі арқылы не болмаса электронды почта арқылы «Поделиться» батырмасын басып жібере алады.

3- сурет: Ақпараттық бет. (1-«Quizizz.com»-ға қосылуға арналған құпия сөз, 2-қатысушылар саны»

«Quizizz.com» платформа көмегімен «Майлар» тақырыбына қорытындылауға арналған тапсырмалар нәтижесі викторина аяқталған соң, әр оқушы қай сұрақта ұзақ ойланғаны,қай сұрақ оларға қиын болғаны және барлық оқушы қай сұраққа дұрыс жауап бергені жайлы анализ жасап шығарып береді. Сондай ақ осы анализ тесттің жоғары бөлігінде «Скачать» батырмасын басу арқылы оқушының әрбір сұраққа қалай жауап бергенін «Excel» түрінде документ етіп дайын тұрады сол арқылы бақылап көруімізге болады.

Жалпы қорытындылай келе «Quizizz.com» платформасымен жұмыс жасау арқылы оқушы сабақты қалай меңгергенін жан-жақты бақылап бағалауымызға болады.


4-сурет: Қорытынды парақ.

Қарап отырсақ бұл платформамен жұмыс жасау өте оңай және оқушыларды бір сарынды оқыту түрінен алшақтатып сабаққа деген қызығушылықты арттыра түседі. Бұл платформаны сондай- ақ дәстүрлі оқыту кезінде де қашықтықтан оқыту кезінде де дидактикалық көмекші құрал есебінде қолдану әлдеқайда тиімді.

Пайдаланылған дереккөздер:

1 https://go.mail.ru/search?fr=ps&q=quizzizz.com&gp=843074

2 Химия жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған органикалық, электрондық оқулық.- Мансуров Б.А.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!