400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары "тақырыбын І курс студенттеріне колледжде оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары Білім алушыларға атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларымен таныстыру. Зат, жай, күрделі зат, таза зат , қоспа, аллотропия. құбылыстар. химиялық элемент, атом, молекула, моль, мольдік масса, валенттілік, эквивалент, эквивалент заңымен есеп шығара білу. Химияның негізгі ұғымдары мен стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасы, оларды қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлемдік қатынастар еселік қатынастар заңы, Авогадро заңы, газ заңдары, Менделеее -Клайперон заңы туралы түсінік беру және оларға есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; Оқушыларға химияның негізгі ұғымдары мен заңдары мен оның қолданылуы туралы білімдерін қалыптастыру; Оқылатылған заңдар «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы негізгі табиғат заңдары екендігін дәлелдеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭКОЖҮЙЕЛЕРГЕ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ

б.ғ.к. Р.М. Мустафаева

Қазақстан.

Резюме

В результате проведенных исследований было установлено, что наибо­лее загрязнёнными территориями являются придорожные (5-50 м). Наи­большая степень аккумуляции ТМ определена в подземной части растений на прилегающих территориях к автодороге (5-20 м).

Summary

Research has found that most contaminated territories constituts roadside (5-50 m), that reviewing the content of your metals in soil, forest litter and plants. The highest degree of accumulation of heavy metals is defined in the underground part of the plant directly adjacent to the road (5-20 m).

Зерттеу обьектісі: Қызылорда қаласы және қала маңындағы экожүйелерге (автокөлік жолдары бойында) ауыр металдардың таралуын анықтау.

Зерттеу нүктесі Қызылорда қаласындағы автокөлік көп жүретін №1 нүкте Жібек жолы даңғылы, №2 нүкте Шиелі трассасына шығатын Май бекетінен Белкөл қыстағына дейінгі аралық, №3 нүкте Эдельвейс саяжайы.

Зерттеу жұмысының мақсаты:Автокөлік жолдарына жақын экожүйелерде (автокөлік көп жүретін қала көшелері мен автокөлік аз жүретін саяжайларлар топырағындағы) ауыр металдардың таралуын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Қызылорда облысының экожүйесінің топырағындағы ауыр металдардың (Pb, Cd, Zn, Fe) жылжымалы түрлерін анықтау;

Автокөлік жолдарынан әртүрлі қашықтықта орналасқан экожүйелер топырағындағы ауыр металдардың мөлшерін салыстыру;

Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы мен практикалық мәні.  Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері экожүйенің топырақ құрамына мониторингтік жағдайы болып табылады. Аймақтың табиғи-ресурстық қорын бағалап, оларды тиімді пайдалану жолдарын ұйымдастыруға көмектеседі. Алынған нәтижелер антропогендік факторлардың әсерінен болатын өзгерістерге бақылау жасай отырып, экожүйенің тұрақтылығын бағалауға көмектеседі.

Ғылыми жаңалығы: Қызылорда облысыдағы автокөлік жолдарына жақын экожүйелерде (автокөлік көп жүретін қала көшелері мен автокөлік аз жүретін саяжайларлар топырағындағы) ауыр металдардың ауыр металдардың деңгейі алғаш рет анықталынды;

Қорғауға ұсынылатын мәселелер: 1.Автокөлік жолдары аумағындағы топырақта ауыр металдардың жылжымалы деңгейі жоғары болуы.

2.Оның экожүйелерге әсер етуі.

ХХ ғасырдың басында, ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел өсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы  және олардың тірі организмдерге зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].

Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі организмдерге әсерін әлсірету болып есептеледі. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де таралады.Олардың қатарына өндіріс қалдықтары,тау-кен өндірісі,

өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

Ауыр металдар салыстырмалы атомдық салмағы 40-тан, тығыздығы 5 г/ см2-ден жоғары химиялық элементтер [2].

Ауыр металдарды улы элементтермен қоса есептегенде Менделеев таблицасының 2/3-дей бөлігі кіреді. Олардың ішінде кадмий, қорғасын және сынап элементтері ең улы ауыр металл болып саналады.

Ауыр металдар мен улы амфотерлі элементтер тобы

Кесте -1

ең улы ауыр металл

Cd, РЬ, Hg

1980 жылғы UNESCO-нің шешімі бойынша енгізілген сегіз элемент

V, Co, Mn, Cu, Mo, Nі, Zn, Cr

Улы амфотерлі элементтер

As, Se, Sb

Соңғы қосылған металдар

Tі, Sr

Зерттеу үшін автокөлік жолынан 5, 10, 15, 20, 50, 100, 200 және 1000 м қашықтықтардан үш нүктеден конверт әдісімен 500-1000г сынамалар алынып, ауада кептіріп, фарфор табақшасында салып, диаметрі 1 мм болатын електен өткізіп, зертханалық жағдайда этикеткасы бар қағаз пакетте сақталынады.Топырақтағы ауыр металдарға талдау жасау (Pb, Cd, Fe, Zn) атомдық-абсорбциялық спектрофотометриялық әдіспен жүргізілді [3].

Қорғасын. Әр түрлі экожүйедегі өсімдік өскен аймақтағы РЬ жылжымалы

Топырақтан сынамалар алынып талдау жасалынды (2-кесте).Талдау барысында байқалғаны ауыр металдың жылжымалы түрінің көп кездескен аймағы автожол жиегінен 5 және 20 м қашықтықтан алынған топырақта жоғары болды. Қорғасынның мөлшері жыл маусымдарына қарай алынған сынамалардың нәтижелері бірдей болған жоқ. Нақты тоқалар болсақ 5 м қашықтықта қорғасынның мөлшері 2,14±0,045 болса, 10 м қашықтықта 1.92±0.02 яғни, аздап төмендеген, ал 1000 м қашықтықта қорғасынның мөлшері 1,85 ± 0.01 шамасында. Қорғасын мөлшерінің жоғары болуы 5-20 м, ал төмендеу болуы 50 м және 1000 м (1,44±0.075 мг/кг) болды.

Темір. Fe жылжымалы формасының концентрациясы анықтауүшін, топырақтан сынама алу мамырдың бірінші декадасында және маусымның бірінші декадасында алынды, Fe концентрациясының жоғары болуы автожолдан қашықтығы 10 м жерден алған сынама (405.60±3.42 мг/кг) , ал аз болуы 100-200 м қашықтықтан алынған сынамада болды (390.23±5.83 мг/кг) өте аз 1000м қашықтықта (374.90±2.39 мг/кг) (2кесте ) .

Кесте 2

РЬ

Fe

Zn

Cd

5 м

2,14±0,045

399.60±2.18

1.62±0.006

0.12±0.001

10 м

1,82±0.015

405.60±3.42

1.50±0.038

0.13±0.001

20 м

1,95±0.24

396,20 ±1.99

0.61±0.004

0.15±0.007

50 м

1.44±0.075

390.23±5.83

0.59±0.031

0.155±0.007

100м

1.52±0.09

385.80±3.21

0.26±0.020

0.16±0.009

200 м

1.790±0.08

381.20±3.22

0.22±0.017

0.13±0.013

1000 м

1,85 ± 0.01

374.90±2.39

0.20±0.015

0.21±0.014

Мырыш. Топырақтан алынған сынамаларда мырыштың жылжымалы фомасы табиғи ортадан алынған мамырдың бірінші декадасында алынған автожолдан 5 м (1.62±0.006мг/кг) қашықтықтағы сынамада болды, сонымен қатар маусымның бірінші декадасында алынған сынаманың нәтижесі жол жиегіне 10 м қашықтықтағы сынамада (1.50±0.038 мг/кг) болды, ең аз 1000м қашықтықта 0.20±0.015 (2-кесте).

Кадмий. Топырақтағы кадмийдің мөлшеріне талдау жасау барысында, кадмийдің жылжымалы формасының максимальді мөлшері топырақ сынамаларында мамырдың бірінші декадасында жоғары болды автожолдан қашықтығы 20-50 м (0.17±0.003, 0.18±0.006) аралығында болды (1-кесте), ал шілденің бірінші декадасында - 1000 м (0.11±0.012 мг/кг) аралығында болды.

Кадмийдің максимальді концентрациясы мамырдың бірінші декадасында 100 және 1000 м қашықтықта болды, ал маусымның

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі