Қазақстан
Республикасында химияны оқыту әдістемесі
қалай дамыды және қазір қандай?
Қазақстанда
химияны оқыту әдістемесі ғылымының
дамуы. 1940
жылдардан бастап Қазақстанда химияны
оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру
ісі қолға алынды. Бастапқыда озат
мұғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен
тарату және мұғалімдерге әдістемелік
көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер
жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың
“Химияны оқытудың социалистік құрылыс
практикасымен байланысы” деп аталатын
еңбегін атап өтуге болады.
Қазақстанда
химияны оқыту әдістемесі бойынша
жүргізілген зерттеу жұмыстарының
негізгі бағыты -
орта мектеп химиясының өзге пәндермен
және өндіріспен байланысын ғылыми
жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев Қазақстанның
оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл
шаруашылығы тәжірибелік жұмыстарындағы
химия, С.Мұсабеков химияны оқытудың
биология және ауыл шаруашылығы өндірісімен
байланысы, А.Г.Гатаулин ауыл мектептерінде
химияны оқытудың топырақтану негіздерімен
байланысы, Л.П.Калашникова химияны
оқытудың жер туралы ғылымдармен
байланысы, Л.З.Дюсюпова органикалық
химияны оқытудың физикамен байланысы,
К.А.Сарманова химияны оқытуда оқушылардың
IV-VI сыныптарда жаратылыстану-математикадан
алған білімдерін пайдалану мәселелерін
зерттеді. А.Мырзабаев химиядан кластан
тыс жұмыстар жүргізуменбайланысты
оқушылардың практикалық дағдылары
меникемділіктерін қалыптастыру,
М.Д.Жадрина химияны оқыту әрекетінде
оқушылардың оқуға икемділігін дамыту
мәселелерібойынша зерттеулер жүргізді.
Қазақстандағы
органикалық химияның дамуы белгілі
ғалымдар Д.В.Сокольский, Т.К.Чумбалов,
И.Н.Әзірбаев, А.Ф.Сейтжанов есімдерімен
тікелей байланысты. Бұл ғалымдар
өздерімен бірге органикалық химия
саласында іргелі және қолданбалы
зерттеулердің дамуына маңызды үлес
қосып, дарынды шәкірттер тәрбиеледі.
Қазақстандық
ғалым-әдіскерлер. Химияны
оқыту әдістемесінің қалыптасуы және
дамуымен оның алдында тұрған міндеттер
туралы бірнеше ғалым-әдіскерлермен
қатар, химия пәнінің, оның ішінде ауылдық
жерлердің мұғалімдері өз еңбектерінде,
мақалаларында, кандидаттық, докторлық
зерттеулерінде көптеген ғылыми-педагогикалық
әдістемелік мәселелер көтеруде. Көрнекті
әдіскер, ұсынылып отырған оқу құралының
тұңғыш авторы Иманмәлік Нұғманұлының
басшылығымен және одан әрі қарай
профессор Ж.Ә.Шоқыбаевтың жетекшілігімен
З.О.Өнербаева «Номенклатура мен
символиканың өзара байланысы арқылы
оқушылардың химиялық білімін жетілдіру»
бағытында зерттеу жұмысын жүргізді.
Сол сияқты професссор Шоқыбаевтың
жетекшілігімен Қазақстанның іргелі
аймақтарынан көптеген аспиранттар мен
ізденушілер химияны оқыту әдістемесі
ғылымының дамуына мол үлес қосатын
еңбектерін ұсынып, олар қазіргі оқыту
әдістемесінде оң нәтижелерін беруде.