400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

«Х.К. Андерсеннің дана ертегілері»

Материал туралы қысқаша түсінік
- оқушыларды Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: №1ОЖББМ Күні: № 4 сабақ

Тақырып: «Х.К. Андерсеннің дана ертегілері»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:шындықты айту, өзгеге көмек көрсету, жақсылық жасау.

Мұғалiм: Уразова Ж.У

Сынып: 2


Сабақ мақсаты:

- оқушыларды Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы

дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларды ертегілерден үлгі өнеге алуға үйрете отырып, шындықты айтуға үйрету.

- Оқушыларды өзіне және өзгелерге көмек көрсетуге баулу.

-оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т.

2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»


3. Үй тапсырмасын тексеру. «Ұсқынсыз үйрек» Х.К. Андерсен

Талдау сұрақтары:

- Балапан неліктен ұсқынсыз үйрек атанды?

- Балапан қиыншылықтарды қалайша жеңді?

- Балапанның аққулар арасында өзін бақытты сезінуінің себебі неде?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөзбен жұмыс.


«Ертегілер жақсылықтың ұясы».

Нақыл сөз

  • Ертегінің адам өміріндегі маңызы

  • Жақсылық жасай білетін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Оқулықтан

5. Әңгiмелеу

«Жақсылық пен жамандық» ертегісі.


Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенің байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.

Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен.

Жақсылық жаны ашып:

-Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, -десе,

Жамандық:

-Қой, жөніңе жүре бер, уақытымды алма, - дейді.


Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығың білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса,

Жамандық:

-Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.

Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте

Жақсылық:

-Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшынды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.

Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.


Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ , бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол –Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшынды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсін бе? – деп налыған екен.


Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.Сөйтіп Данышпан ата ұрпағын алдына шақырып алып:

-Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың.Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдасбол, -деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.


Сұрақтар:

  1. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  2. Жамандық жасаған адамның қасиетін дұрыс әрекетке жатқызуға бола ма?

  3. Дұрыс әрекет жасау адамның міндеті ме, әлде парызы ма?


Интернет желісінен

5. Шығармашылық іс - әрекет.


3 тапсырма. Суреттерге қарап, өздеріңе ұнайтын ертегі кейіпкерінің жақсы қасиеттері туралы әңгімелеп беріңдер.

4 тапсырма. Бүгін қандай жақсы істердің куәсі болдың ? Дәптерге жазыңдар.


6.Топпен ән айту.

«Ерден атайдың әні»

Сөзі:Ә.Асылбеков

Әні: Е.Хасанғалиев

Кел балалар тұрмаңдар,

Бізде қызық думан бар.

Атамыздың алуан

Ертегісін тыңдаңдар.


Қайырмасы:

Ерте ерте ерте екен

Ешкі жүні бөрте екен

Ертегі сөз қашанда

Тамашаның көркі екен.


Түрлі түрлі ертегі

Тұла бойды ертеді.

Ерте өткен ерлердің

Ерлік ісін шертеді

Қ/сы:

Қиялдаймыз, самғаймыз

Кең әлемді шарлаймыз.

Ертегісін атайдың

Тыңдайдан біз талмаймыз.

Қ/сы.

Сөзі:

Ә.Асылбеков

Әні: Е.Хасанғалиев


7.Үй тапсырмасы.

18 беттегі № 5 сабақ «Қазына» ел аузынан үзіндіні оқып келу.


8.Тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
41 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
3688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі