400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хобби

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ :

Мектеп: : Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы

Көктал ауылы


Күні:

Мұғалім:


Сынып:

Қатысқан оқушылар саны: 12

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы:

Хобби

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5.ӘТН2.Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Мәтіндегі тірек сөздерді тауып, атқарып тұрған рөлін анықтап, тақырыпты ашу,

айтылымда заңдылықты біршама сақтай алу.

Оқушылардың көпшілігі

Мәтіндегі сөздердің мағыналық қызметін ашып, тақырыпты баяндау мәтіні түрінде жазу, айтылымда негізгі заңдылықты сақтау.

Оқушылардың кейбірі

Жағдаяттық тапсырмаларды өздігінен орындап, тақырыпты сипаттау мәтіні түрінде аша алу, айтылымда заңдылықты толық сақтау.


Құндылықтарды игерту:

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау


Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану, әдебиет


АКТ-ны қолдану дағдылары:

Power Point таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған .


Тілдік мақсаттар:

Грамматика

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтары

Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері:

Хобби,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

деген ойдамын, ойымызды жинақтайтын болсақ, біріншіден, екіншіден, сондықтан, өйткені


Осыған дейін меңгерілген білім

Бос уақыт және хобби


Жоспар


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы

5 мин


Қызығушылықты ояту.

Ой шақыру «Хобби» ұғымын естігенде ойыңызға не келеді? Ойыңызды 2 минут тоқтамай, үздіксіз жазыңыз. Жұпта бір-біріңізге жазғандарыңызды айтыңыз


Оқушылар сабақтың мақсатымен танысады.






Сабақ ортасы

5мин
































5 минут
































20 минут














Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтары жайлы түсінік беріледі.

Дыбыс үндестігі
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Қоныспек Қонысбек
Тыныспек Тынысбек
тас пер тас бер

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ.
Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Дошшан Досжан
Жаңгожа Жанқожа


Мұғалім сабақ барысыңда оқушыларды осы заңдылықты ұстануға шақырады.

Ж

1. Оқушыларға мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. (Мәтін таратылады)


Қазақ қаламгерлерінің көпшілігінің өз сүйікті істері болған. Балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың хоббиі–сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару; жауынгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың хоббиі сурет, жақсы кітаптар жинау; Қадыр Мырза Әлінің хоббиі-кітап, қалам, бәкі, төсбелгі жинау болса, жазушы аудармашы Герольд Бельгер шахмат ойнауды жақсы көрген, классик жазушы Ғабит Мүсірепов неше алуан таяқ жинаған. Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Н.Ә.Назарбаевтың хоббиі-табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу екен. Мәселен, І Петр патшаның ұсталықпен айналысып, түрлі коллекция жинағаны жайлы дерек бар. Атақты химик Дмитрий Менделеев чемодан жиғанды жақсы көрген екен. Леонардо да Винчи атақты суретші ғана емес, керемет аспаз да болған. Лев Толстойдың жазушылығын ел білгенімен, етікшілігі жайлы ешкім білмейді. Ал ағылшын жазушысы Герберт Уэллс өмір бойы қалайы сарбаз жинапты. Оңаша қалған сәттерде ойыншық сарбаздарды тізіп қойып, бала сияқты “бұйрық” берген екен. Әдемі әуестігі бар жандар бізде де жоқ емес. Қазақ топырағындағы ең алғашқы коллекционер – Шоқан Уәлиханов. Шоқанның көптеген коллекциясы мен бай кiтапханасы болыпты. Ол сирек кездесетiн қымбат тастарды жинап, кейiннен оларды Германияның Дрезден қаласына сыйға тартыпты. Оның құстар коллекциясы мен ескi музыкалық аспаптарды жиғаны да белгілі.


Ж

Тапсырмалар:

1-тапсырма:

Мәтінді басшылыққа ала отырып, ойды ашуға негіз болып тұрған сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, «Кластер» сызбасы арқылы көрсетіңіз.

Группа 523






2-тапсырма:

Мәтіндегі асты сызылған сөздердің қайсысы сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес екендігін анықтап, «Кесте» сұлбасына түсіріңіз.


р/с

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтары

Мысал

Оқырманға әсері

1

Ілгерінді ықпал



2

Кейінді ықпал



2

Тоғыспалы ықпал




3-тапсырма:

Мәтінді жетекшілікке алып, ұлы тұлғалардың айналысқан ісі мен өзіңіздің айналысатын ісіңіз арасында байланыс орнатып көрсетіңіз. Ойыңызды «Эйлер» шеңбері түрінде ұсыныңыз.

DrawObject1






4-тапсырма:

«Адам хоббиді таңдамайды» деген пікірге өз көзқарасыңызды 3 түрлі дәлел арқылы білдіріңіз.


5-тапсырма:

«Мен сүйіп айналысатын іс» тақырыбында шағын мәтін құрап жазыңыз. Мәтін сипаттау үлгісінде болып, 50-60 сөзден құралуын ескеріңіз.

6-тапсырма:

Өз отбасыңыздағылардың сүйіп айналысатын ісі туралы не айтар едіңіз? Ол істің отбасыңыз үшін тиімді жағын пайымдап, ойыңызды ортада білдіріңіз.


Критерийлер

1

2

3

1

Мәтінді түсінуі

Мәтіндегі тірек сөздерді тауып, атқарып тұрған рөлін анықтайды.


Мәтіндегі сөздердің мағыналық қызметін ашады.


Мәтіндегі ақпаратты жағдаяттық тапсырмада қолданады.


2

Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын сақтауы

Айтылымда заңдылықты біршама сақтай алады.


Айтылымда негізгі заңдылықты сақтай алады.


Айтылымда заңдылықты толық сақтай алады


3

Жазылым мәтінімен жұмыс жасауы

Ақпаратты біршама қолданды, тақырыпты ашады.


Ақпаратты негізінен қолданды,

тақырыпты баяндау мәтіні түрінде ашады.


Ақпаратты толық қолданды,

тақырыпты сипаттау мәтіні түрінде ашады.




































Арман ПВ оқулық 86 бет





























Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия.


Сабақта ең қиын болған тапсырма


Қызықты тапсырма


Мен үшін маңызды ақпарат




Қосымша ақпарат


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?


Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1-деңгей. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтары жайлы түсіне беледі.


2-деңгей. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтары сөздік қорында пайдаланады.

3-деңгей. «Мен сүйіп айналысатын іс» тақырыбында шағын мәтінді өз өмірімен байланыстырып жазыңыз. Мәтін сипаттау үлгісінде болып, 50-60 сөзден құралуын ескеріледі.





Оқушылар дескрипторлар арқылы өздерін тексереді.

Сабақ өзін өзі пәні мен әдебиетке қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы қолданылады.


Ықшамсабақ бойынша рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

5.Уақытты қалай пайдаландым?

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?





Сәтті шықты:

Жоспарланған ықшам сабағым оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарымен тікелей байланыста құрылды.

Қиындық туғызды:

Жоспар құруға кірісерде белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін жүйелеу кезеңі мен деңгейлік тапсырмаларды оқу мақсатына сай тиімдісін қолдану кездері еді.

Әріптестерден кері байланыс: Сабақтың тақырыбын болжау әдісін өзгерту, сабақ мақсатын нақты қою;

Бақылаушының ескертулері бойынша, мақсатқа негізделген ширату жаттығуларын тақырыпқа сай өзгерттім. Бақылаушы саралау тапсырмаларына қолдау көрсетті.

Ықшам сабағымды жоспарланнан кейін түйіндеген ойым:

Болашақта сабақты жетілдіру үшін оқушының кері байланысын басшылыққа аламын, сонымен қатар өз сабағымды өткізіп болғаннан кейін қосымша ақпаратты толтырамын

1.Қолданылған барлық әдіс-тәсілдер сабақ мақсатын ашуға бағытталғанын білдім.

2.Келесі жоспарланған сабақтарда сабақ мақсатына сай саралаудың нақты, дәл құру керек екендігін білдім


Қорытынды баға
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1. Әдіс-тәсілдерді жүйелеу.

2. Бағалау.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Сабақ мақсатын жүйелеу.

  2. Саралау.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

Мақсатқа сәйкестік



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі