жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Хобби еріккеннің ермегі емес
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5-бөлім: Бос уақыт және хобби |
Мектебі: «№10 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні: Аманжол Айжан Махмуджанқызы |
|||||||
|
Күні: 21.12.2020ж |
Қатысқандар: 24 Қатыспағандар:3 |
||||||
|
Сынып: 5 |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Хобби еріккеннің ермегі емес |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. 5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. |
||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді Көптеген оқушылар: Көтерілген мәселе бойынша өз ойын ашық білдіреді Кейбір оқушылар: Эссе құрылымын сақтай отырып,оқиғаны сипаттап жазады |
||||||
|
Бағалау критерийі |
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді; Негізгі ақпаратты анықтайды. Эссе құрылымын сақтай отырып, оқиғаны сипаттайды |
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология: Хобби, құмарлық, бос уақыт,ермек,әрекет, сүйікті іс |
||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Жауапкершілік (топтық, жеке жұмыста жауапкершілік қасиет танытады) Құрмет (жұмыс барысында өзіне және өзгеге құрмет көрсетеді) |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану, психология |
||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Бос уақыт және хобби |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Сәлемдесу.
|
Стикерлер
|
|||||
|
Сабақтың ортасы 8 минут 5 минут 20 минут |
Күн ретін жазу. Қызығушылығын ояту кезеңі. 2-тапсырма, 85-бет. Жеке жұмыс. «Маңыздылық пирамидасы» әдісі бойынша оқушылар тыңдалған мәтін мазмұны желісінде негізгі ақпаратты анықтай отырып, оқушылар топ бойынша берілген сұрақтарға жауап іздейді, әрі тірек сөздерді табады.Әр оқушы әрекетіне қарай мадақталады. Мәтін: Хобби («hobby»-ағылшын тілінен алғанда –«сүйікті ісіңмен айналысу» дегенді білдіреді.Бұл – ләззат алу үшін орындалатын адам әрекетінің бір түрі, яғни адам өзінің бос уақытында қуана-қуана айналысатын ісі. Адамның сүйікті ісі оны күйзелістен, ашу-ызадан құтқарады. Оның үстіне, ол адамның жан-жақты болуына көмектеседі. Хоббидің негізгі мақсаты- өзін-өзі дамытуға көмектесу. Microsoft (Майкрософт) компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс теннис және бридж ойнауды жақсы көреді. Әсіресе оның кітап оқуға деген құмарлығы кішкентай күнінен басталған. Ол кітапханасын сирек кездесетін кітаптармен толықтыруға арнайы адам жалдаған. Телеграф, телефон, киноаппарат, фонограф тәрізді дүниелерді өмірге алып келген ХХ ғасырдың басындағы ұлы адам- Томас Эдисон түрлі диетаның адам ағзасына әсерін зерттеумен айналысқан. Facebook (Фейсбук) әлеуметтік желісін құрушы Марк Цукерберг жыл сайын өзінің хоббиін өзгертіп, әлем туралы түсінігін кеңейту үшін бос уақытын түрлі пәндерді оқуға арнаған. Хобби осылайша адамдардың негізгі кәсібіне кедергі жасамайды, керісінше оның жан-жақты болуына және өмірінің мағыналы өтуіне көмектеседі екен. Дескриптор:
2-тапсырма. «Синквейн» әдісі (бес жолды өлең) арқылы «хобби» сөзін сипаттап жаз. Әр оқушы жазған еңбегіне қарай мадақталады. Дескриптор:
3-тапсырма. Оқушылар тақырып желісі бойынша эссе құрылымын сақтай отырып, «Менің жаныма жақын ісім» атты тақырыпта эссе жазады.Әр оқушы жазған еңбегіне қарай мадақталады. Эссе негізгі 3 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Дескриптор: «Карусель» әдісі бойынша оқушылар жұбының жұмысын бағалау критерийлеріне сай тексереді. Бағалау критерийлері: |
аудио мәтін |
|||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Сабақ бойынша кері байланыс алынады. «3,2,1»
Оқушылар рефлекторлық экран бойынша 3-маңызды ақпарат 2-қиындық тудырған сәт 1-сабақта ұнаған аспекті Үй тапсырмасын беру. Хоббидің пайдасы туралы кластер жасау.Ойын дәлелдеп жазу. |
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||
|
Әр тапсырманы орындаған соң,кері байланыс жасап,қолдау көрсетіп, мадақтап отырамын. 1-тапсырма бойынша: Барынша қолдау: қосымша ақпаратты ажырата алуына ықпал етемін. Орташа деңгейдегі қолдау: сұрақтар қою арқылы ақпаратты іріктеуге жетелеймін. Төменгі деңгейдегі қолдау:негізгі және қосымша ақпаратқа дәлел келтіруін сұраймын. 2-тапсырма бойынша: Барынша қолдау:мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша мәлімет беремін. Орташа деңгейдегі қолдау:сұрақты нақты,жүйелі құрастыруға кеңес беремін. Төменгі деңгейдегі қолдау:бірнеше нақты сұрақтар құрастыруын талап етемін. 3-тапсырма бойынша: Барынша қолдау:мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөздерді беремін. Орташа деңгейдегі қолдау:мәтін бойынша сұрақтар қою арқылы жетелеп отырамын. Төменгі деңгейдегі қолдау: мәтінді жазу барысында сыни ойлауға бағыттаймын. |
1-тапсырма. Барыншақолдау көрсету: Бірінші тапсырма бойынша мәтінді тыңдауын қадағалаймын. Орташа қолдау көрсету: Берілген сұрақтар бойынша жауап аламын. Төменгі қолдау: Тақырып жайында өз ойларын айтқызамын. 2- тапсырма Барынша қолдау көрсету: Синквейн құрылымын тексеремін. Орташа қолдау көрсету: Мәтін ішіндегі сөз таптарын қадағалаймын. Төменгі қолдау көрсету: Хобби жайында сипатталғанын тексеремін. 3- тапсырма Барынша қолдау көрсету: Эссенің құрылымын тексеремін. Орташа қолдау көрсету: Тілдік нормаларын қадағалаймын. Төменгі қолдау: Эссенің жазылуын тексеремін. |
Шаттық шеңберін құру Психологиялық тұрғыда оқушылардың өз хоббилерін тыңдау. |
|||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
|
|||||||
|
Жалпы баға Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған 21 желтоқсан 692
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген