жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Хор және дирижер"
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Хор және дирижер. «Дороги» А.Г.Новиков.
Тобы: муз - 18
Мерзімі: 30.11.2019ж.
Уақыты: 13:30 – 14:15
Пәні: Дирижерлік ету
Орны: 4 - 4
Өткізген оқытушы: Тулбаева Ж.М. _______
ПЦК меңгерушісі: Алмабаева А.Қ. _______
Директордың ғылыми және оқу-әдістемелік
Жұмыстар жөніндегі орынбасары : _________ Б.К. Абжаппарова
Әдістемелік кабинет меңгерушісі: _________ Т.А.Утепбергенова
Тараз – 2019
IІ курс Муз-18 тобының білімгері: Асқарбекова Балнұр
Сабақтың тақырыбы: Хор және дирижер
«Дороги» Л.И.Ошанин, А.Г.Новиков
Сабақтың мақсаты: «Тақырыптың мазмұнын ашып көрсету»
Білімділік: Білімгерді шығарманы дұрыс дирижерлеуге үйрету, қолдың қойылымын қадағалау.
Тәрбиелік: Музыкалық шығармаларды орындай отырып, оның маңызын түсінуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білімгердің музыкалық ойлау қабілетін , орындау шеберлігін арттыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, музыкалық шығарманы талдау және орындау.
Көрнекілігі: Нота басылымдары, ноутбук, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:музыка теориясы, сольфеджио, гармония, әлемдік музыка тарихы, өзін-өзі тану – ақиқат, сүйіспеншілік.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақ
Бекіту
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Бағалау
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, білімгердің назарын сабаққа аудару, нота басылымдарын дайындау.
-Балнұр, сен осы мамандықты өзің қалап түстің бе?
-Музыкаға деген сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесің?
Жауабыңды Д.Шостаковичтің сөзімен толықтырып өтсем: «Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе – оны ыждахаттылықпен тыңдай біл! Кейін сен міндетті түрде ұнататын боласың, бірте –бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең тамаша талғам пайда болады»,-дейді.
2.Үй тапсырмасы:
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»
4/4, 3/4 өлшемдерінде жазылған лирикалық ән. Шығарманы дирижерлеп көрсету, 1,2 дауыста жеке-жеке орындау
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс» сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.
Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады
3. Сергіту сәті
«Әсем әуен» атты логикалық ойыны.
Қазақ эстрадасы әншілерінің әндерінен сурет жүзінде жұмбақ жасырылады.
Жауаптары:
Е.Хасанғалиев «Атамекен» (Жасыл жайлау,түкті кілем,көк кілем).
Д.Оразбеков «Көк аспаннана жаңбыр баяу төгілгенде»
Н.Тілендиев «Құстар қайтып барады»
Нұр-Мұқасан «Қос қарлығаш»(Қос қарлығаш көктемде)
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»
4.Жаңа сабақ:.
Хор жанры халық арасына кеңінен таралып, жыл сайын қанат жайып, дамып келеді. Хор – әртүрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып, ұйымдасқан коллектив. Оларды творчестволық бағыттарына қарай екі түрге бөлуге болады: академиялық хорлар немесе капеллалар және халық хорлары. Хорлардың бір-бірінен айырмашылығы орындаушылық шеберліктеріне, ән айту үлгісімен репертуар характеріне байланысты. Халық хоры халықтық стильге бейім, яғни шығарманы халықтық үлгіде орындайды. Ал, академиялық хор – көп дауыста қосылып ән айтудың техникасын меңгерген, ән салу теориясын жетік білетін, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттыққан коллектив. Хор коллективтерін құру, оның жұмысын бір жүйеге келтіру хор жетекшілеріне жүктеледі. Хордағы әртүрлі дауыстардың бір –бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикцияның анық шығуы хорды ұйымдастырудың негізгі принцптері болып саналады.
Үнінің қатқыл не жұмсақ, зор немесе бәсең, дауыс көлемінің кең не болмаса шағындығымен дараланады. Осы айтылған қасиеттеріне байланысты профессионал әнші даусының ән айтқанда еркін алатын белгілі дауыс көлемі (диопазоны) болады. Дауыстар жалпы диопазонына қарай төмендегідей болып бөлінеді.
Әйелдердің жоғары (жіңішке) даусы – сопрано.
Әйелдердің төменгі (жуан) даусы –альт.
Ерлердің жоғары (жіңішке) даусы –тенор.
Ерлердің төменгі (жуан) даусы –бас.
Балалардың жоғары (жіңішке) даусы-сопрано.
(балалардың даусы дискант деп те айтылады)
Балалардың төменгі (жуан ) даусы –альт.
Хор үшін сопрано партияларының ролі өте маңызды. Хорда көбіне негізгі әуенді осы партия орындайтын болғандықтан, оның дауыстық сапасы жоғары, бояуы қанық, үні қуатты жарқын, жеңіл және жүрдек болып келуі шарт.
Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер даусы) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармасының ыңғайына қарай бірнеше дара партияларға (1 және 2-сопрано) бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам (яғни 3 топты құрайтын 4 партиядан: сопрано, альт, тенор және бас даусынан), ал кәсіби хор құрамында 100 — 120 адамға дейін болады.
«Дирижер»
сөзі французшадан аударғанда "басқару,
бағыт беру" деген мағынаны береді.
Дирижердің бірнеше міндеті бар. Негізгі
міндеті – ритмді ұстап, өлшемін нұсқау.
Бұл оның оң қолындағы таяқшаның көмегімен
жүзеге асады. Кейде екі қолмен де орындай
береді. Орта ғасырларда сарай дирижерлері
аса үлкен құрметке ие болған. Басында
артымен тұруды мәдениетсіздік деп
есептеген дирижерлер көрерменге бетін
беріп тұрған. Бұл дәстүрді бірінші
рет Рихард Вагнер(Симфониялық музыка
мен опера жанрына көп еңбек сіңірген,
неміс композиторы және дирижер) бұзды.
Ол өзінің замандастары Мендельсон,
Лист, Берлиоздармен бірге қазіргі
түсініктегі дирижер келбетін
қалыптастырды.
Бүгінде
дирижерлердің көбі сахнаға таяқшасыз
шығатын болып жүр. Таяқша шын мәнінде
дирижердің символы іспеттес. Тарихтан
белгілі бұрынғы кезде патшалар қолына
таяқ ұстап жүрген. Бұл биліктің,
үстемдіктің белгісі саналған. Дирижер
қолындағы таяқша да солай. Дирижердің
қимылы сырт көзге оңай көрінгенімен,
шын мәнінде дирижер болу үшін іштен
дирижер болып туу керек. Дирижерлердің
қажырлы еңбегі мен төккен терінің
арқасында ғана көрермен әсем әуеннен
нәр алып, нағыз музыканың құдіретін
сезінбек.
Алғаш 1934 жылы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрін құрған А.Жұбанов, «Отырар сазы» оркестрін құрған Н.Тілендиев, Дінзухра Тілендиев, Ш.Қажығалиев, Е.Г.Брусиловский, А.Жайымов, Н.Жарасов, Ж.Бегендіков,
Б.Жаманбаев, Р.Салаватов, Ж.Бегендіков, А.Мырзабековтерді атауға болады. Осы тұлғалардың жолын басып келе жатқан А.Бөрібаев, Е.Нұрымбетов, Д.Ғылымов сынды жас дирижерлерді атауға болады.
Хор және дирижер туралы бейнематериал көрсетіледі.
Балнұр, сен Отан, туған жер, туған елге деген сүйіспеншілік деген ұғымды қалай түсінесің?
Отанды сүю - ең ибалы сезім. Отанды құрметтеу, ең алдымен, өзіңді құрметтеуден басталады. Өзіңді құрметтеу жақыныңды, өз үйіңді сыйлау екені шындық. Міне осыдан болар, Отан отбасынан басталатындығы. Патриотизм – адам бойындағы ең қасиетті сезім. Патриотизм – туған еліңді сүюмен қатар, оған қалтқысыз еңбек ету, сол елдің бір бөлщегі екеніңді сезіну. Неге мен бұл тақырыпқа ауыстым? Себебі, біз бүгін сонау сұрапыл соғыс жылдары жазылған патриоттық әнді өтеміз. Әнмен таныстырмас бұрын авторларымен танысып өтейік.
Новиков Анатолий Григорьевич - 1896 жылы 18 қазанда Рязан облысы Скопин жерінде дүниеге келген. Ол – кеңес композиторы, хор дирижері, педагог, қоғам қайраткері. 1970 жылы КСРО-ның халық әртісі, 1976 жылы Социалистік еңбек ері, 1946-1948 жылдары Сталин сыйлығынаң лауреаты атағын алған.
Ең алғаш музыкалық білімін 1912-1916 жылдар арлығында Мәскеу консерваториясында алған.
Ол 1917 жылдан бастап ән жаза бастайды. Ол көбінесе кеңес дәуірі ақындарының патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдеріне ән жазған. Оның 600-ге жуық әндері бар.
Шығармалары: «Смуглянка», «Хороши подруги наши», «Парад талантов», «В поход», «Партизаская думка», «Марш артиллерий», «Победный тост», «Победа», «Пять пуль», «Дружба юности», «Хороша ты, Москва», «Песня мира» және т.б.
Лев Иванович Ошанин – 1912 жылы 30 мамырда Ярослав облысы Рыбински жерінде дүниеге келген. Ол – кеңестік ақын және ән жазушы. Оның әкесі қалалық сотта қызмет еткен. Ал анасы - музыка пәнінің мұғалімі болған. Отбасында 7 бала болған 5 інісі және 1 әпкесі. 4 жасында әкесі өмірден өтеді. Әкесі өмірден өткен соң анасы балаларын асырау үшін 1917 жылы балаларын алып Ростов қаласына көшіп кетеді. 1922 жылдан бастап Ошаниндер отбасы Мәскеу қаласына көшіп келеді.
Ол ерте жастан өлең жаза бастаған. Ең алғаш жазған өлеңі – мектеп өміріне арналған «Этажи» өлеңі. 1937 жылы «Песня о Куэльноре» өлеңін жазды. Осы жылы «Над родным Симбирском» әні , 1938 жылы «Тайга», «Мне потерять тебя нельзя» әндері жазылды. 1939 жылы М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірді. Ол әскери тіркеуде болмасада соғысқа аттанып, сол жерде әскери газетте қызмет атқарады, әскерлердің алдында өнер көрсетіп, оларға арнап түрлі ән жазды.
1943-1945 жылдары «В белых просторах», «Это ничего», «Ехал я из Берлина», «Возврощение» және «Дороги» әндерін жазған. Соғыстан оралған соң оның шығармашылығы одан әрі дами бастады. Көптеген әндер жазды, коптеген атақтарды иеленді.Атап айтар болсақ 1987 жылы Ленин ордені, 1982 жылы Октябрь революиясының ордені, 1971 жылы «Құрмет» ордені, 1950 жылы бірінші дәрежелі Сталин ордендерімен марапатталған.
Ол 1996 жылы 31 желтоқсанда қайтыс болған. Мәскеу қаласында жерленген.
-Енді біз бүгін жоғарыда айтылған ақын мен композитордың бірлесіп жазған «Дороги» әнін өтеміз. Бірінші Интербелсенді тақтадан әнді тыңдап алайық.
- Міне, әнменде танысып алдық. Енді сөзін жалпылай бір талдап өтер болсақ, ән сонау соғыста болған ақиқатты яғни шынайы оқиғаларды бейнелейіді. Болашақ ұрпақ бізге осынау бейбітшілік,тыныштық заман қандай қиыншылықпен келгенін ұмытпасын дегендей сол шақта болған шынайы оқиғаларды әнмен жеткізген(Әннің сөзін талдау).
Шығармамен жұмыс, әнді дирижерлеп көрсету.
5. Бекіту :
1.Хор дегеніміз не?
2.Дирижер дегеніміз кім?
3.Хордағы дауыстарды ата
4. «Дороги» әнінің авторлары.
5.А.Новиковтың қандай шығармаларын білесің?
6.А.Новиков қандай марапаттарға ие болған?
7.Л.Ошаниннің қандай шығармаларын білесің?
8.Л.Ошанин қандай ордендермен марапатталған?
6.Қорытындылау:
Біз бүгін Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған керемет патриоттық әнмен таныстық. Бұл ән сол жылдары жазылған мыңдаған әндердәң бірі ғана. «Отан-оттанда ыстық»,- демекші, біздің ата-бабаларымыз Отанымызды қорғау үшін кеудесін оққа тосты және жеңіске жетті. Олардың жеңіске деген рухын мықты етіп ұстап тұрған сезім - Отанға деген сүйіспеншілік. Сол ата – бабаларымыздан қалған аманатты яғни осы кең – байтақ жерімізді қорғау, сүю, қастерлеу біздің және кейігі ұрпақтың міндеті.
7.Үйге тапсырма: «Дороги» әнінің сөзін түсініп, жаттап келу, авторлары жайлы қосымша мәлімет оқып келу. ¾ өлшемін айнаға қарап дайындалу.
8. Бағалау: Білімгерді бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген