400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хор өнері - музыка əлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мугалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы
Сабақтың тақырыбы: «Хор өнері»Музыка 2 сыныпМақсаты: хор өнерімен таныстыру, хор туралы білімдерін кеңейту.Міндеттері:1. Білімділік – хор өнерімен таныстыру, ән үйрету.2. Дамытушылық – музыка сауаты мен ән айту шеберлігін дамыту.3. Тәрбиелік – әсемділікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тыңдату.Көрнекілігі: слайд, хор ұжымдардың суреттері, үнтаспа, баян аспабы, интербелсенді тақта.Күтетін нәтижесі:1. Хор, халықтық хор ұғымдарын біледі.2. Хордағы дауыстарды ажыраты алады.3. Әнді дұрыс орындайды.Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезені.Ал, канекей, балалар,Сәлемдесіп алайық.Сабағымызға керекті,Кітап, дәптер алайық.Дауысымызды жаттықтырып,Ән сабағын бастайық.Оқушылармен сәлемдесу, тугелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.2. Өткен материалды пысықтау.«Халық музыкасының концерті» тақырыбын тексеру, ұғымдарды жатқа сұрау.Дауыс жаттығуларын жасап, «Апа, туған күніңмен» әнін орындау.3. Үй тапсырмасын бекіту. Концерт залына саяхат – әңгімелесу.4. Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғайтың сұрақтар қойылады.- Әнді кімдер орындайды? (жеке орындаушы, әнші, хор)ОХР НРӨІЕ – Қандай сөз шығады? Сабақтың тақырыбын хабарлау.5. Жаңа материалды меңгеру.Музыка сауаты: хор – көп адамның қосылып ән орындауын атаймыз. Барлығымыз бірге ән айтқанда дауысымыз бір – бірімен үйлесіп, көңіл күйіміз де көтеріліп қалады. Ауылда апа - әжелеріміз барлығы бас қосып, жиын - тойларда ән шырқайтынын білеміз. Әсіресе ерте замандардан келе жатқан халық әндерін шырқап, тойдың сәнін келтіреді. Қазіргі кезде де үйлену, қыз ұзату тойларында барлығы бірге қосылып, жар - жар әнін орындайды. Халық әндерін орындайтын топты халықтық хор деп атайды.Халықтық хорлар көп халықта бар. Олар орыс, украин, грузин ұлттарында халықтық хорлар ел ішінде кеңінен танымал. Ең қызығы олар әндерді бірнеше дауысқа бөлініп орындайды.Интербелсенді тақтада халықтық хор ұжымдарының суреттері көрсетіледі және бейнематериалдар.Музыка тыңдау. «Ақ әжелер» ансамблінің орындауында қазақтың халық әні «Жар - жар».Опера театры мен филармониядан кәсіби хор ұжымдарын көруге болады. Кәсіби хорлар музыкалық шығармаларды төрт дауысқа бөліп орындайды. Олар: сопрано және альт – әйел дауыстары, тенор және бас – ерлер дауыстары.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі