Хош келіпсің Алтын
күз!
Балалар музыка сүйемелдеуімен
безендірілген залға жүреді.
Би
Жапырактармен
Орындықтарына
отырады.
Жүргізуші: Бар бояуы мезгілдің
қаныққанда,
Табиғатты өзіңдей жан
ұққанба?
Дір дір етіп қалтырап,
жапырақта,
Қамыққанда, әр күні жарық
таңда.
Сәлеметсіздерме құрметті
қонақтар! Балалар бүгін «Хош келіпсің Алтын күз» атты күзгі
мерекелік ойын-сауығымызға хош
келіпсіңдер!
Такпактар
1
бала: Қарашы күз келді, күз
келді,
Жапырақ жауыпты
іздерді.
Құс біткен керуен
тізеді,
Қара бұлт қабағын
түйеді.
2
бала: Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
3
бала: Бәрекелді күз келді, мерекелі
күз келді,
Кел жемісті алтын күз,
кемелденсін халқымыз!
Ән «Алтын
куз»
(Ортаға музыка
сүйемелдеуімен Күз билеп кіреді.)
Күз: Ерінбестен еңбек етіп
келетін,
Еңбекшіге бар жемісін
беретін
Мен, Күз ханымы, ынтымақты
еліңе
Берекелі ырыс болып
енетін!
Сәлеместіздерме балалар!
Мерекелерің құтты болсын! Сен бүгін сондай әдемі
екенсіңдер!
Ал мен Алтын күзбін, мерекеге
келдім
Күзгі жапырақтарды
әкелдім,
Жапырақтарды
алыңдар,
Би билеңдер
барыңдар!
Би
«Вальс»
Күз: Сендердіңбилерің сондай
тамаша! Мен балалардың кереметтей әндерін, билерін, тақпақтарын
естіп келген едім, сендер сондай өнерлі
балаларсыңдар!
(Ортаға Кірпі кіріп
келеді)
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кірпі! Біздің
күз мерекесіне хош келіпсің! Төрлет! Орманнан келе жатқан
көрінесің, ол арада не болып жатыр екен?
Кірпі: Сәлеметсіздерме балалар!
Мерекелерің құтты болсын! Мен расында да орманнан келе жатырмын, ол
жақта бәрі өзгерген, жануарлардың бәрі жүгіріп жүр. Қоян қырыққабат
пен сәбізді толтырып алыпты, аю үйшігіне кіріп дайындалып отыр, тек
саңырауқұлақтар ғана көрінбейді.
Жүргізуші: Әрине, орманда көрінбейді,
өйткені ол саңырауқұлақтар осы мерекеде отыр, ол жай
саңырауқұлақтар емес, өнерлі. Олай болса
тамашалайық!
4
бала: Қахарлы күз түскенде, қайтып
келіп көктемде.
Күнде думан құрармыз, күн
шуағын төккенде.
5
бала: Қызды қырдан ел ісі, қызыл
қырман жер үсті,
Елде бүгін той болған,
еңбегінің жемісі.
6
бала: Айуандар үйірде, төрт түлік
мал күйінде,
Жан жануар шаттанып, басты
күздің биіне.
Би «Көкөністер биі»
полька
Кірпі: Қандай тамаша өнерлі балалар!
Сендердің өнерлеріңе қарап, қандай шаруамен келгенімді ұмытып
кетіппін. Жанжануарлар балаларға мына себеттерді берсін деп
жіберді. Бірақ бұл себеттегі сыйлықтарды ең мықтыларға және
тапқырларға тапсырсын деп бұйырды.
Жүргізуші: Енді қиналып іздемесеңіз де
болады. Міне бұл балалар. Қане балалар Кірпіге өз өнерімізді
көрсетейікші.
Ән «Кап кап жанбыр
жауды»
Кірпі: Жарайсындар
балалар!
Жүргізуші: Ал енді қыздарымыздын биән
тамашаланыздар!
Би:
Қолшатыр»
Кірпі: Тамаша әнді керемет
айтасыңдар, бірақ мен сендердіойында да тексергім
келеді.
Ойын
»
Кірпі: Шынында да сендер мықты
екенсіңдер, ал енді сендерге жұмбақ жасырғым
келеді.
Жұмбақтар:
Іші жұмсақ, сырты қатты
Үстінде тігіп көк шатыр,
Еті қызыл сүті тәтті (Қарбыз)
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Қалың иімді ұнатады, Жер
бетінде шашы бар,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
жер астында басы бар. (Сәбіз)
Түйін байлап
көктемде,
Қызарар жаз кезінде
(Алма)
Кірпі: Тамаша балалар, сендер сондай
тапқыр, ақылды балалар екенсіңдер. Мен ойланып бір шеімге келдім,
осы сыйлықтарға сендер лайықсыңдар!
(Себетті жүргізушіге береді
) Ал мен болсам орманға оралуым
керек. Хош сау болыңдар! (Кірпі залдан шығып
кетеді)
Жүргізуші: Міне қонағымыз да кетіп қалды.
Ал біз болсақ мерекемізді әрі қарай
жалғастырайық.
Такпактар
Ән «Сары кузім
»
Алтын
күз: Керемет!Қандай
әдемі! Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. әдемі тақпақ
,би билейсіңдер және ән айтасыңдар! Менің де сендерге арнап әкелген
сыйлықтарым бар.(сыйлықтарын тәрбиешіге береді) Қоштаспас
бүрын бәріміз фотоға түсейік
Тәрбиеші: Балалар осымен бүгінгі
Алтын күз мерекесі аяқталды, келесі
кездескенше
сау
болындар
Жүргізуші: Тапжылмай төңірекке қарадым
мен,
Селдір бақ сылдырлайды баяу
үнмен.
Сары ала қазыдай боп жатқан
күзді,
Басуға батпай тұрмын
аяғыммен.
Құрметті қонақтар және
балалар, сіздерді Алтын
күз мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз! Осымен күз мерекесіне арналған ойын-сауығымыз
аяқталды хош сау болыңыздар!