жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Household things
Ағылылшын тілі пән мұғалімі: Алькенова М.С.
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ағылшын тілі
Мақсаты: Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Тұрмыстық заттардың түрлерімен таныстыру, атау.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер. Үнтаспа. Слайд
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Билингвистикалық компонент: Household things-тұрмыстық заттар-бытовые техники
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы Іздену, ұйымдастырушы Рефлексивті коррекциялаушы |
Good morning children! How are you? I’m fine, thanks sit down please! Let’s make а circle! Шаттық шеңберін ұйқастырма өлеңмен орындатамын. Терезеге қарашы Rain - жаңбыр жауады Autumn - күз келе жатыр Жұмысқа бәрі асығады Балаларға сурет салғанға Орын жоқ тіпті тас жолда Yellow - сары жапырақ Red - қызыл тағы жапырақ Қол бұлғаймыз жауға да Wind – жел соғады салқында Very good children! Now let’s begin our lesson! Children, do you know, what season is it now? What is the weather like today? Өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру. Слайд көрсетемін. Repeat after me! Month-ай-месяц, January-қаңтар, February-ақпан, March-наурыз, April-сәуір, May-мамыр, June-маусым, July-шілде, August-тамыз, September-қырқүйек, October-қазан, November-қараша, December-желтоқсан At first let’s do phonetically training! Тіл ертегі оқығанды да жақсы көреді, бірақ оның үйінің іші қараңғы. Сол себепті ол оқыған кезде шырақ жағуға тура келеді. Тіл ұйықтар алдында ол шырақты өшіреді, мінекей былай: һ-һ-һ Тіл өз үйінің таза болып тұрғанын ұнатады. Ол төбешікте отырып, кілемді қағады, былай: т-т-т. Ол үйдің ауасын тазартады, есікті ашады, есік желден тарс жабылады: w-w-w. Кенеттен жаңбыр жауып кетеді де, тіл үйіне тығылып қалады. Ол төбешікке шығып, төбеде жаңбырдың дауысын естиді: д-д-д. Күндердің бір күнінде тіл ауырып, жөтеліп қалады: к-к-к. Ол әрине тез жазылып кетті де, барлық достарын аралап шықты. Very well! Look at me and listen to me! - Балалар сендердің үйлеріңде үйге өте қажетті осындай заттар, яғни тұрмыстық бұйымдар бар ма? Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар? Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық. Экраннан тұрмыстық техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, зияны мен пайдасы жайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру. Мысалы: What is it? Ия бұл Үтік-Iron онымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды. Неге? Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады. Сол сияқты тұрмыстық үйге қажетті техникалардың барлығына жеке-жеке тоқталу. Балалар бұлардың барлығын қалай атаймыз. Ия тұрмыстық техникалар деп атаймыз. What you can see? New words: Repeat after me!
Microven-қысқа толқынды пеш Iron-үтік Lamp-лампа Fridge-тоңазытқыш Ал, енді балалар осы сөздердің орысша баламасын атайық! Let’s play game! Ойын: “Yes-No” Мұғалім тұрмыстық техникалар, ойыншық, жиһаздардың атауларын араластырып, баяу дауыстап айтады. Балалар тұрмыстық техникалардың атауын естігенде Yes-деп бастарын изейді. Ал басқа сөзді естігенде No-деп бастарын шайқайды. Very good children! Ұйқас өлең оқимын: Сыпайы сөздер Рахмет Таңғы асым керемет Йогурт, бөлке, тәтті бисквит Дәмді қылған аспазға Айту керек «Thank You!Рахмет!»
Кешіріңіз Көршінің басып аяғын, Біреудің бөліп жауабын Досыңмен қалсаң ұрсысып «Кешіріңіз», «sorry» деген сөзің амалың. Сергіту сәтін аудио арқылы орындатамын.
Балалар біз бүгін тұрмыстық техникаларымен танысып, оның пайдасы мен зиянын талдап білдік. Thank you for answering today! Your work was good! I wish you good day! Good bye! |
Good morning teacher! We are fine and you? Балалар шаттық шеңберін құрып, тақпақты қайталайды It is autumn! It is cold! Балалар өтілген сөздерді еске түсіреді. Балалар фонетикалық жаттығуды жасайды Балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды Сұрақтарға жауап беріп отырады Мұғаліммен әңгіме құрып отырады Балалар жаңа сөздерді қайталайды Балалар ойынды ойнайды. Балалар өлеңді қайталайды Балалар сергіту сәтін орындайды Good bye! |
Күтілетін нәтиже: Балалар тақырып бойынша жаңа сөздермен танысады. Сөздің қорлары жаңа сөздермен толығады. Тұрмыстық заттардың түрлерімен танысады.
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген