400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Хромосоманың құрлысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Хромосоманың құрлысы тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Білім беру ұйымының атауы

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

Педагогтің аты-жөні:

Тенькебаева Ж.К.

Күні:

21.01.2025ж

Сыныбы: 11Ж

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Хромосоманың құрлысы

Сабақтың мақсаты:

Хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттайды;

Құндылықтар

  • тәртіп, мақсатқа талпынушылық, өзін-өзі бақылау

басқаларды құрметтеу,өзгенің пікірін құрметтеу

Пәнаралық

байланыс


химия

Алдыңғы білім

Гендердің тіркес тұқым қуалауы

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

2 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Жүректен Жүрекке» әдісін қолдану.

Топқа бөлу:

«Конфет әдісі» арқылы 2 топқа бөлінеді


Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру


Жарайсыңдар!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Презентация


Жаңа сабаққа кіріспе

3 мин

«Суреттер сөйлейді әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

жаңа сабақты тақырыбы мен мақсатын ашады

Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады; Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Презентация


Сабақтың ортасы

5 мин.

Жаңа сабақ бойынша видеоролик көру. Әр топқа тақырып бойынша берілген кестені толтырады

1 топ Мұғалімдер

2топ Дәрігерлер

Кестені толтырып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Хромосома

Пішіні


Кұрамы


Құрлысы


Қызметі


Маңызы






Мұғалім мадақтау арқылы бағалайды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру

Мағынаны ашу.

5 мин











10 мин











3 мин











10 мин

«Алтын сандық» әдісі арқылы оқушылар қима қағаздағы сұрақтарға жауап береді.

  1. Хромосоманың негізгі қызметі қандай?

  2. Ген дегеніміз не және оның хромосомадағы орны қандай?

  3. Адамның хромосома саны қанша?

  4. ДНҚ хромосомада қалай жинақталады?

  5. Туыс адамдар некелесу дұрыс емес неге?

  6. Хромосоманың пішіні қай уақытта анық көрінеді?







































Сергіту сәті «Нейро жаттығу»

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



1-Тапсырма











1-топ

Есеп шығару

Қоянда дене жасушаларында 44 хромосома бар. Жыныс жасушаларындағы хромосома саны қанша?







2-топ

Бидай жасушасында 42 хромосома бар. Егер мейоз кезінде бір жасушадағы хромосомалардың ажырауы дұрыс жүрмесе және бір жыныс жасушасында артық хромосома пайда болса, онда мұндай жасушадағы хромосома саны қанша болады?





2-Тапсырма.

Хромосома аурулар тауралы әр топ слайд қорғайды.

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру












Шешімі:

Жыныс жасушалары мейоз арқылы түзілетіндіктен, хромосома саны екі есе азаяды.

44 ÷ 2 = 22.

Жауабы: Жыныс жасушаларында 22 хромосома болады.

Шешімі:

Мейоз кезінде дұрыс ажырамаса, бір жасушада артық хромосома болады:

Жыныс жасушасында қалыпты хромосома саны: 42 ÷ 2 = 21.

Артық хромосомасы бар жасушада: 21 + 1 = 22.


Жауабы: 22 хромосома.

.































Әр топқа нотбук беріледі. Сол нотбук арқылы слайд жасайды.

5 мин

https://wordwall.net/ru/resource/54782789/%D1%85%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%BC%D0%B0

1. Сәйкестендіру тапсырмасы



Төмендегі терминдерді олардың анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.



Терминдер Анықтамалар

Центромера A) Хромосоманың генетикалық ақпарат тасымалдауға арналған бөлімі

Хроматида B) Хромосоманың екі иығын байланыстыратын тарылған бөлік

Теломер C) Хромосоманың ұштарындағы ДНҚ тізбегі, генетикалық материалды қорғаушы

Гистон ақуыздары D) ДНҚ молекуласын тығыз жинақтап, хроматин түзеді



2. Толықтыру тапсырмасы



Төмендегі сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңыз.

1. Хромосоманың екі тармағы ____ деп аталады.

2. Хромосоманың ұштарындағы арнайы құрылымдар ____ деп аталады.

3. Хромосомадағы ДНҚ молекуласы ____ ақуыздарының айналасына оралады.

4. Адамның дене жасушаларында ____ хромосома болады.



Өткен тақырып бойынша тест шешеді





Жауабы:

Центромера – B

Хроматида – AТеломер – C

Гистон ақуыздары – D



























Жауабы:

1.Хроматида

2Теломер

3.Гистон

4.46




Презентация



Сабақтың соңы

Рефлексия

2 мин.


«Активатор 3-2-1»- әдісі арқылы оқушылар бүгінгі өткен сабаққа кері байланыс жасайды.Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың 3 нәрсені білдім, 2 нәрсені түсіндім, 1 нәрсені қолдандымдеп өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Топ басшылары топ мүшелерін «бағалайды



Үйге тапсырма

Хромосоманың маңызы туралы реферат жазу





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30.03.2025
210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12