I - кіші топ балаларының дене тәрбиесінен сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

I - кіші топ балаларының дене тәрбиесінен сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақаша дене тәрбие нұсқаушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы


04.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Бағдар бойынша жүру. Аяқтың ұшымен жүру.


Мақсаты: Балаларды аяқ ұшымен,өкшемен дұрыс жүре білуге жаттықтыру.1,5 минутқа дейн жүгуруді орындауға , секіру ептіліктерінің қалыптасуын дамыту


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.

Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Аяқтың ұшымен, өкшесімен жүру, 1,5 минутқа дейін жүгіру жаттығулары.

Доппен ойналатын жаттығулар. Жүгіру және секіру ойын жаттығулары

Қозғалмалы ойын.

«Кішкене өзен арқылы.»
Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия сызылады. Бұл – өзен.
Ойнаушылар сызықтың жанында – өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары нұсқаушымен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді – орындыққа отырады. Ойын ары қарай келесі балалармен жалғасады

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.


Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүрудің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

Сапта жүріп келе жатып үш қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды


Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

-Балалар саптізбекте тұрып аяқ ұшымен, өкшесімен жүру жаттығуларын жасайды. 1,5 минут жүгіруді жалғастырады.

Ойынның шартымен танысады
Балалар қызықты ойын ойнап демалады

Балалар секіру жаттығулырын ойын арқылы орындайды.

Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу

Күтілетін нәтиже:

жаттығуларды дұрыс орындауға жаттығады













































06.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы:. Бағдар бойынша жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Шағын топқа бөлініп жүгіру. Заттарға шығу.Жатқан арқаннан секіру

Мақсаты: Қандайда бір биіктік үстінен секіруді үйрету. Төрттағандап еңбектеу жағдайында кедергілерге тимей өту жаттығуларын жасауға жаттықтыру.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.

Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Жаттығуларды ленталарды жасайды

Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Орындық үстінен тізені жартылай бүгіп секіріп түсу.

Допты асыра лақтыру, кедергілер үстінен төрттағандап еңбектеп өту жаттығулары.




Қозғалмалы ойын.

«Бақалар».
Бөлме ортасына үлкен құрсау қойылады. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары бөлменің екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге нұсқаушы мынадай өлең айтады:

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.


Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүрудің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

Сапта жүріп келе жатып ленталарды алып үш қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды


Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

-Балалар саптізбекте тұрып кезек-кезек гимнастикалық орындық үстімен жүріп келе жатып тізесін жартылай бүгіп секіру жаттығуын жасайды.

-балалар қойылған кедергілерден төрттағандап еңбектеу кезінде тимей өтеді.

Ойынның шартымен танысады
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
Жүгіреді талтаңдап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.
Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.

Балалар қызықты ойын ойнап демалады

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу

Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Орындық үстінен тізені жартылай бүгіп секіріп түсу жаттығуын біледі

Нені игеру керек: кедергілер үстінен төрттағандап еңбектеп өту жаттығуларын игереді































07.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Бағдар бойынша жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Жатқан арқаннан секіру.Доғаның астымен доптарды домалату


Мақсаты;Тепе-теңдік сақтап жүру мен балалардың дұрыс секіру жаттығуларын орындауды қадағалау.

Құралдар: арқан, құрсаулар, доптар


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін (1-2-3-ке саналып) үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс доппен жаттығуларды атайды.. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды доппен жасау

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Арқан бойымен жанымен қырындап жүру.

40 см арақашықтықта орналасқан құрсаудан құрсауға секіру.



Эстафеталық ойындар

Балалар 2-ге бөліп саптізбекке тұрғызу.

А) Доппен жүгіру

Б) Атпен жүгіру

В)Құралсыз жүгіру


Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Саптізбекке бір-бірден, саппен допты сол қолға ұстап,(шеңбердің сыртына,шеңбердің ішіне , допты жоғары көтеріп аяқтың үшімен , өкшемен, отырып ) жүреді.

Сапқа тұрып саналу бойынша үш қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды

- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

Арқанның үстінен тепе-теңдік ұстап жүреді.

Құрсаудан құрсауға денелерін тік ұстап секіреді.


Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Ойынның шартын тыңдып түсінеді.

Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:жүгірген кезде арақашықтықты сақтау;

Нені игеру керек:допты дұрыс лақтырып, дұрыс қабылдау;

Нені біледі :қозғалмалы ойындарды қызыға ойнайды;
















































11.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Жай жүру, жіптің бойымен жүру, әртүрлі қарқынмен жүгіру.10-15 см биіктіктен секіру

Мақсаты: Адымдау тактісіне қолдың жай қимылын үйлестіре, қысқа адыммен заттардың арасынан «жыланша» жүгіруге үйрету.

Жоғары тіреуіште тапсырма орындағанда нық тепе-теңдік сақтауға және басты дұрыс күйде ұстауға жаттықтыру. Допты алға-жоғары лақтыруға, оны саусақтарымен өзіне қыспай қағып ала білуді жетілдіру.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.


Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін екі қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды.. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Қатар қойылған заттарды айнала «жыланша» жүгіру

(заттардың арасында арақашықтық 1 м, қатар ұзындығы 6 м).

Қолдарын белдеріне қойып, гимнастикалық орындық бойымен жүру және қолдарын екі жаққа жайып орындық ортасында отыру (орындықтың биіктігі 35 см, көлемі 20 см).


Қозғалмалы ойын

«Күн мен жаңбыр»
Балалардың гимнастикалық орындықтардың артында тізерлеп отырады қарайды. Нұсқаушы: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. 




Ойынды аяқтау.

Балаларды бір қатарға тұруға нұсқау беру.


Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүруідің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

Сапта жүріп келе жатып екі қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды

- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

Заттарға тимей арасынан жыланша ирелеңдеп жүгіру жаттығуын жасайды.




-Балалар гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүреді.

Жүріп келе жатып қолын жанына жайып отырады

-Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Нұсқаушы: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.

- Балалар бір қатарға жиналып тұрады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қатар қойылған заттарды айнала «жыланша» жүгіруді біледі


Нені игеру керек:. Қолдарын белдеріне қойып, гимнастикалық орындық бойымен жүруді және қолдарын жайып ортасында отыру жаттығуын игереді

Нені біледі: Допты алдыға, жоғары лақтырып қағып алуды біледі






























13.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Жай жүру, жіптің бойымен жүру, әртүрлі қарқынмен жүгіру.10-15 см биіктіктен секіру.Орындықтың астымен еңбектеу.

Мақсаты: Заттардың арасынан бағытты өзгерте отырып және заттарға тиіп кетпей еңбектеуге үйрету. Допты секіргеннен кейін екі жағынан бірдей қолдарының қимылдарын еркін және бос ұстап қағып ала білуін бекіту.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы 1 м, қатардың арақашықтығы 6 м).


Допты еденге соғып қағып алу








Қозғалмалы ойын

«Біз көңілді балалармыз»

Дайындық. залда «қарама – қарсы бағытта 2 үй» белгіленеді. Үйлермен қоса ойын алаңында ойын басқарушы тұрады. Басқа балалар ойын алаңының бір жағында, «үйдің» артында болады.
Ереже. Тек «Бізді қуып жет» сөзінен кейін ғана басқа жаққа жүгіруге болады.

Ойынды аяқтау.







Балаларды бір қатарға тұруға нұсқау беру.


Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүруідің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

Сапта жүріп келе жатып екі қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды

- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

Заттарға тимей арасынан еңбектеу жаттығуын жасайды.




-Балалар секіру жаттығуымен допты еденге соғып қағып алу жаттығуларын үйлестіріп жасайды.

-Балалар нұсқаушының белгісімен саптізбекте бағыттарын ауыстырып жүреді.

-Балалар өздерінің шапшаңдықтарын көрсетеді.

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Допты еденге соғып қағып алу жаттығуын біледі

Нені игеру керек:. Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеуді игереді

Нені біледі: Ойындарды шартына сай ойнауға үйренеді









































14.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Жай жүру, жіптің бойымен жүру, әртүрлі қарқынмен жүгіру. Орындықтың астымен еңбектеу.Текшелерден аттау.

Жүру, жүгіру жаттығуларын 1,5 миут уақыт көлемінде жалықпай жасауға жаттықтыру.Секіруге, тепе-теңдікті сақтауға үйрету.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.


Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.






Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1,5 минутқа дейін баяу жүгіруге, нұсқаушының белгісі бойынша тоқтап жүруге жаттығу.


Доппен, тепе-теңдік сақтап, секіріп ойналатын ойын жаттығулары.

Жаттығуларды жарыс түрінде ұйымдастыру.



Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.


Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүрудің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

Сапта жүріп келе жатып үш қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды

- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

-Балалар саптізбекте тұрып шеңбер бойымен баяу жүгіру жаттығуларын жасайды


Балалар 2 қатарға бөлініп тұрады

Допты жерге соғып жүру

Қос аяқпен секіру

Кеглиларды құлату

Кольцаға доп салу

Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу


Күтілетін нәтиже:

Секіру жаттығуларын жасауды














































18.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру. Жатқан арқаннан секіру. Екі қолмен (1-1,5 м. арақашықтық) нысанға допты лактыру

Мақсаты: Допты алыстан отыру қалпында бастан асыра лақтыру, бүгілген қолдың жазылу екпінімен лақтыру күшін беруді үйрету.

Аяқты өкшеден аяқтың ұшына қою, қолдарының бір қалыпты қимылдарымен, босаңдау иықтарымен қимыл қарқынына төзе білуін бекіту. Басындағы қабымен гимнастикалық орындық бойымен, дене бітімін сақтай жүруге жаттығу.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

-саптық, жүру, жүгіру жаттығуларын орындау

-өткен сабақтағы жат.қайталау


Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін 3 қатарға бөлінуге нұсқау береді

Жаттығуды доппен орындайды

Таныс жаттығуларды атайды.. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

дұрыс жасауларын қадағалау.






Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1.Тұру қалпында допты қос қолмен бастан асыра лақтыру.

2.1 минут баяу қарқында жүгіру.

3.Гимнастикалық орындық бойымен қолдары белдерінде, басына қап қойып жүру (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см).

Еденге салған тақтай бойымен қос аяқпен секіру.


Қозғалмалы ойын

«Ормандағы аюдар». Аулай және жалтара жүгіру.

Дайындық. залда «қарама – қарсы бағытта 2 үй» белгіленеді.

Уйдің ішінде 4 аңшы отырады. Орманда жүрген аюлар аң аулауға шығады. Сол кезде аңшылар үйіне тап болады. Аңшылар аюларды қуалайды. Ұсталынған аю орындыққа отырады.

Ойынды аяқтау

Тыныс алу жаттығуларын орындау. Сапқа тұру белгісін береді.


Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүруідің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

Сапта жүріп келе жатып екі қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды

- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

1.допты неғұрлым аласқа лақтырады

2.шеңберді айнала жүгіреді

3.тепе-теңдік сақтау жаттығуларын орындайды






Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.









- Балалар бір қатарға жиналып тұрады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ойын кезінде ептілік,икемділікті пайдаланып ойнауды

Нені игеру керек: негізгі қимыл жасаған кезде өздерінің кезектерін біліп отырулары қажет

Нені біледі: шеңбер бойымен ұзақ уакыт арасында жүгіріп шығуды біледі





























20.11.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру. Жатқан арқаннан секіру. Екі қолмен (1-1,5 м. арақашықтық) нысанға допты лактыру. Кедергілі жазықтың бетімен еңбектеу.


Кедергілердің үстінен төрттағандап еңбектеп өту. Гимнастикалық орындық үстінде жүріп келе жатып, ортасында кері бұрылу.

Кедергілерден секіру (биіктігі 20 см).


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Жаттығуды жалаушалармен жасау

Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау

үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді

Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.







Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Кедергілердің үстінен төрттағандап еңбектеп өту.






Гимнастикалық орындық үстінде жүріп келе жатып, ортасында кері бұрылу.



Кедергілерден секіру (биіктігі 20 см).

Қозғалмалы ойын:

Тышқан мен мысық

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету. Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға санамақ арқылы тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып жіберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.

Ойынды аяқтау.

Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.


Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүрудің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

Сапта жүріп келе жатып жалаушаларды алып үш қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды


Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

-Балалар саптізбекте тұрып кедергілерден төрттағандап еңбектеп өту жаттығуларын жасайды.

-Тепе-теңдікті сақтап гимнастикалық орындық үстімен жүріп келе жатып ортасында кері бұрылу жаттығуын жасайды.

-Кезек-кезек кедергілерден секіріп өтеді








Балалар қызықты ойын ойнап қуанады


Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу






























21.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру. Кедергілі жазықтың бетімен еңбектеу.Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секітрпемен секіру.


Мақсаты: Саптізбекте саптан шықпай, бағытты өзгерте отырып жүгіруді үйрету. Орындықтан секіргеннен кейін тепе-теңдікті сақтау, бас пен денені түзу ұстау, алдыға қарау білуді бекіту. Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеуге жаттығу, координация мен батылдықты дамыту.

Құралдар:гимнастикалық орындық, көлбеу қойылған саты


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

1.Бағытты өзгерте отырып жүгіру.

2.20 см биіктіктіктен тереңдікке секіру.

3.Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеу.

Қимылды ойын

«Ойыншық әкел»



Балаларға ойынды аяқтап саптізбекке тұруға нұсқау береді.






Жүру және жүгіру жатығуларын жасайды.Шар үрлейді.

Жаттығу жасау үшін балалар орындарына тұра қалады.

Аяқтарының арасын ашып мойындарын айналдырады.Қолды алдыға созады. Жоғары көтереді, жанына түсіріп түзу ұстайды. Сол қолды жоғары көтеріп оңға және солға шалқаяды. Өкшелерін көтермеуге тырысады. Орында биікке секіреді. Тыныс алуды қалпына келтіріп шай үрлейді.

1.Мұғалімнің артынан түрлі бағыт ауыстырып жүгіреді.

2.Гимн.орындықтан секіреді.

3.Сатымен жүреді.

Балалар ойын шартын түсініп, жақсы көңіл күймен орындайды.



Сап түзеді.Тыныс алуды қалпына келтіреді.

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: 20 см биіктіктіктен тереңдікке секіру

Нені игеру керек: Бағытты өзгерте отырып жүгіруді дамыту

Нені біледі: Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеуді























25.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы:. Жүру, Кедергілерден аттап жүру. Бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру. Доптарды бір-біріне домалату (0,5-1,5 м).

Мақсаты: Кедергілерден аттап жүруді үйрету: тізені жоғары көтеру және екпінді қимылмен аяқтың ұшына тұру, денені тік ұстау, тепе-теңдікті сақтау. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсе білуге үйрету, қимыл координациясын, батылдықты дамыту



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

-Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.


-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.Жаттығуларды атайды.


Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Жаттығулар 3-4 рет жасалады


Негізгі қимыл түрлері

1.Тізені жоғары көтеріп жүру


2.Ирелеңдеген жол бойынша жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)


3. .Қақпа арқылы доп домалату (көлемі 50 см, 1,5 м).


Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

Қозғалмалы жарыс ойыны:

1.«Қақпаға тигіз»

-Балаларға ойынды аяқтап саптізбекке тұруға нұсқау береді

-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру

-Жаттығуларды доптармен жасайды.

-Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларды жасайды

Негізгі қимылдарды біледі.


-Балалар шеңбер бойымен қол мен аяқтың қимылын үйлестіре, тізені жоғары көтеріп жүреді.

Балалар саптізбекте тұрып ирелеңдеген жолмен жүреді.Жаттығуды 3-4 рет қайталап жасайды

-Алдыңғы жасаған жаттығуларды бекітіп, доғаның астынан жүру жаттығуларын жалғастырады.

-Балалар қақпаға доп домалату жаттығуларын орындайды.





-Балалар екі топқа бөлініп ойнайды. Екі топтан кезек-кезек қақпаға доп соғып жарысады.

Қай топ қақпаға допты көп тигізеді сол жеңіске жетеді.




Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Тізені жоғары көтеріп жүруді біледі

Нені игеру керек: Ирелеңдеген жол бойынша жүруді игереді

Нені біледі: Тұрақты теп-теңдікті сақтауды біледі

























27.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Жүру, Кедергілерден аттап жүру. Бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру. Доптарды бір-біріне домалату (0,5-1,5 м).Обручаттан обручка аттау.

Мақсаты: Еденнен қос аяқпен екпінмен итеріліп, заттың үстінен қарғып түсуді үйрету. Жануарлардың бейнелік қимылдарын жеткізе білуін бекіту. Доптың қозғалыс бағытын сақтап, бір-біріне допты домалатуға жаттықтыру.

Құралдар:Құрсаулар, магнитафон, балалр санына қарай доптар

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.


Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

1.Бағытты өзгерте отырып жүгіру.

2.20 см биіктіктіктен тереңдікке секіру.

3.Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеу.

Қимылды ойын

«Ойыншық әкел»


Балаларға ойынды аяқтап саптізбекке тұруға нұсқау береді.





Жүру және жүгіру жатығуларын жасайды.Шар үрлейді.

Жаттығу жасау үшін балалар орындарына тұра қалады.


Аяқтарының арасын ашып мойындарын айналдырады.Қолды алдыға созады. Жоғары көтереді, жанына түсіріп түзу ұстайды. Сол қолды жоғары көтеріп оңға және солға шалқаяды. Өкшелерін көтермеуге тырысады. Орында биікке секіреді. Тыныс алуды қалпына келтіріп шай үрлейді.

1.Мұғалімнің артынан түрлі бағыт ауыстырып жүгіреді.

2.Гимн.орындықтан секіреді.

3.Сатымен жүреді.


Балалар ойын шартын түсініп, жақсы көңіл күймен орындайды.


Сап түзеді.Тыныс алуды қалпына келтіреді.

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: саппен жүгірген кезде бағытты ақырын өзгерту керек;

Нені игеру керек: секірген кезде қолды белге қойып, өкшемен қону қажет;

Нені біледі: өрмелеуді, еңбектеуді бұлжытпай орындай алады;



28.12.2017ж

Білім облысы: Денсаулық

Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Жүру, Кедергілерден аттап жүру.

Мақсаты: Кедергілерден аттап жүруді үйрету: тізені жоғары көтеру және екпінді қимылмен аяқтың ұшына тұру, денені тік ұстау, тепе-теңдікті сақтау. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсе білуге үйрету, қимыл координациясын, батылдықты дамыту.

Құралдар: Құрсаулар


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.

Жаттығу жасауға кіріседі



Ұйымдастырушы

ізденуші

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.Гимнастикалық таяқшаларды алуға нұсқау беріледі.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.



Жаттығуларды атайды.

-Жаттығулар ереже бойынша бастан басталып аяқ ұшымен аяқталады.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.


Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:




1. Кедергілерден аттап жүру биіктігі 20 см

2.Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу.

Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

Қозғалмалы ойын: 
1. «Қарлығаш»

балалар бөлменің ортасында саптізбекте тұрады.Нұсқаушы ысқыруықпен белгі бергенде олар жан-жаққа жүгіріп ұшады.

2.Аз қозғалмалы ойын: «Кішкентай және үлкен аяқтар»
Балалар гимнастикалық орындықта отырады. Нұсқаушы оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды. Балалар аяқтарын алға созып, көтереді. Нұсқаушы көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «топ,топ,топ!» - дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін нұсқаушы қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда топ-топ жүріп бара жатыр».

Нұсқаушы алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.

Балаларды қолдау және мадақтайды.

Ойын барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру

-Жаттығуларды гимнастикалық таяқшалармен жасау.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларды жасайды


-Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.

- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

1.Жерде жатқан құрсаудан құрсауға секріп, гимн-қ сатыға жүгіріп барып шығады.


-Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.




Балалар аз қозғалмалы ойын ойнап дене қызуын басып, демалады.



Рефлексивті

коррекциялаушы

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу


Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді:

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Сапта жүрген кезде бір-бірін итермей жүруді.

Нені игеру керек: Алдында тұрған кедергілерден ептіліктерін қолданып өтуді үйрету

Нені біледі: Гимнаст-қ қабырғаға өрмелеп шығып , түсуді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
36117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі