I- кіші топқа арналған сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

I- кіші топқа арналған сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

04.12.2017ж

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Үйдің терезесіндегі жарықтар

Мақсаты:құстар және оларды тамақтандыру жайында түсініктерді игеру.

Міндеттері:

Білімділік: қылқаламмен үзік сызықтарды кеңістікте дұрыс орналастыра сызуды үйрету;

Дамытушылық: бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: сурет салуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, үлгі, фонарик.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден терезенің жарық жанып тұрған суреті, сары бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су.

Алдын ала орындалатын жұмыс: кеш кезінде жағылған жарықты бақылату.

Сөздік жұмыс: жарық.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

- Балалар бізге бір қонақ келді. Ол туралы мен сіздерге бір жұмбақ айтайын.

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан (Аю)

Аю көңілсіз. Оның фанариктің шамы істемей қалды. Ол сіздерден көмек сұрап тұр.

-Көмектесеміз бе?

Балалар дөңгелене тұрып, педагоггің көмегімен жұмбақ шешеді.



Қонжықпен амандасады.



-Иә!!!

Ұйымдастырушы

ізденуші

Педагог балаларға бағыт-бағдар беріп отырады.

Қылқаламды дұрыс ұстау керек, бояуды ауызына салмайиыз, саусақтарды кірлесек, қол сүрткішпен суртеміз. Сурет аяқталған соң, қылқаламды жуып орнымызға саламыз.

Сөздік жұмыс: жарық.

-Біз бүгін терезеден түскен жарықтың суретін саламыз.

Педагог жарықты салу жолдарын өзі көрсете отырып түсіндіреді.

- Сендердің алдарыңда терезенің жарық жанып тұрған суреті бар, сол терезеден жарық сәулелерінің шашырап тұрғанын қылқаламды сары бояуға батырып, қатты бастырмай сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар арқылы саласыңдар.

Біріншіден қылқаламды алып, ауада сурет саламыз. Сосын бояуға батырып қағазға сурет саламыз.



Сергіту сәті:

Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Біз тынығып алайық. (Ф.Н.)

Балалар орындарына отырып жұмыстарды жалғастырып отырады.

Мұқият тындайды.







Қайталайды: жарық.















Балалар педагогтің көрсетуімен жарық сәулелерін салады.







Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.











Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Педагог балаларға қонжықтан ризашылығын білдіреді, бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.

Өздерінің жұмыстарына баға береді. Қонжықпен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: қағаз бетіне нүктелерді түсіруді, ойын тәсілдері арқылы ой-қияларын дамытуды.

Түсінеді: жарық көздері туралы түсініктерін кеңейтеді.

Қолданады: үзік сызықтарды шашырата сызу арқылы жарық сәулесін салуды.





































05.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Тұңғыш президент

Мақсаты:Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, суреттер.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сәлеметсіңдерме балалар!!! Бүгінгі күнге деген көңіл-күйлерің қалай?

Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.


Сәлеметсізбе



Жақсы


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар мына экранға назар аударып қараңдаршы. Кімді көріп тұрсыңдар?


Дұрыс айтасыңдар балалар. Біздің елбасымыз.

1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Біздің президентіміз қай қалада тұрады?

Дұрыс айтасыңдар Астана-бас қалада тұрады.

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз

Көзді салып қараңыз

Былай қанат қағамыз.

Жақсы балалар ендігі кезекте сендердің жаттаған тақпақтарыңа берейік.


Өте жақсы балалар-тақпақты жақсы жаттап алыпсыңдар.

Қане бәріміз орнымыздан тұрып әнімізді орындайық.


ӘН: «Көк тудың желбірегені»

Көк тудың желбірегені

Қазақстың асқақ беделі

Махабат қайрат екеуден

Шымырлатқаны денені


Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені



Астанада











Балалар орындарынан тұрып, іс-әрекетпен көрсетеді.



Рефлексивті

коррекциялаушы

Біздің елбасымыз кім?

Біздің Республикамыз?

Астанамыз қай қала?


Н.Назарбаев

Қазақстан

Астана



Күтілетін нәтиже

Біледі: Астанамыз қай қала екенін

Түсінеді: Қандай мереке келгенін

Меңгереді: Әнді жаттап алады























































06.12.2017ж

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Тұңғыш президент

Мақсаты: Еліміздің туып-өскен жері,өмір жолы,қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.Гимн орындалуы.Балаларды Отан,халқын,жерін сүйюге,батылдыққа,патриоттыққа тәрбиелеу,тіл белсенділігін,сөйлеу қабілетін, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар,орнымыздан тұрып амандасайық.
-Бүгінгі 1желтоқсан күніне арналған «Тұңғыш Президент» о

атты оқу қызметімізді бастайық

Балалар орындарынан тұрып амандасады.

Гимн орындалады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар,айтыңдаршы біздің республикамыз қалай аталады?
(слайд-Қазақстан картасы)
-Дұрыс айтасындар,балалар,біздің Республикамыз Қазақстан.
-Қазақстан республикамыздың жері дүниежүзінде көлемі бойынша тоғызыншы орында.
-Осы кең байтық жерімізді,елімізді, республикамызды басқарып отырған адам бар,оны біз елбасымыз, прези -дентіміз дейміз.
-Айтыңдаршы,балалар, біздің Қазақстан Республикамыздың президенті кім екен?


-Дұрыс айтасыңдар балалар, біздің президентіміз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев.
(Слайд,Президенттің суреті)
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940жылы,6 шілдеде Алматы обылысы, Қасқелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген Балалық шағы таршылық жағдайда өткен.Үлкендерге мал бағуға, бау-бақша өсіруге,отын жаруға көмектес- кен.Мектепті  жақсы оқып,озат оқушы лардың қатарында болған.
Ата-анасын қатты құрметтеген,өсе келе жоғары оқуға түсіп,еңбек етіп, 1991 жылдың 1желтоқсанында Қазақстан республикасының прези- денті болып сайланған.
-Ал,жақыннан бері 1 желтоқсан Президент күні аталып тойланатын  болды.Осы мерекеге байланысты, біздің тұңғыш президентімізге арналған кімнің дайындап келген тақпақтары бар?





 -Жарайсындар,балалар!
-Енді елбасымыздың отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға,Динара,Әлия.
-Балалар, мемлекет,республика болған соң оның мемлекеттік рәміздері болу керек.
-Ал біздің Қазақстан республикамыз- дың мемлекеттік рәміздері қандай?

 -Дұрыс айтасыңдар,балалар!
-Рәміздерімізге байланысты тақпақтарымызды айтайық.




-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады.






-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Балалар слайдқа назар аударады.












Әсемай
Қазақ елі желбіреп көк байрағың  
Гүлге оранды ауылыңмен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағың.
Қарлығаш
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй,айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп.

Нұрбек
Әнге толсын барлық қала,ауыл бар.
Қағылсын бір барабандар, дабылдар.
Елбасының туған күнін ардақтау.
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.


-Қазақстанның мемлекеттік рәміздері: ту,елтаңба,гимн.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Бүгінгі оқу қызметімізді мақал-мәтелмен қорытындылайық.


Отан үшін отқа түс, күйме
Туған жердей жер болмас,туған елдей,ел болмас
Бірлік қайда болса,ерлік сонда.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Қ.Р.Еліміздің елбасын,рәміздерін. 
Болу керек: Қызығушылығы,патриоттық сезімі.
Үйрену керек: Тақпақтарды,гимнді жатқа айтып үйренеді.







































07.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Мұнара

Мақсаты: балаларды сюжеттік сурет, жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін атау бойынша әңгіме құрастыру, сөз тіркестерін құрастыра білуге, жекеше және көпше түрде қолдана білуге үйрету.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы


Қуан шаттан,алақай,

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!



Тәрбиешінінің көмегімен қайталайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдау сұралады.

-Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр?

-Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр?

-Балаларға текшелер не үшін қажет?

-Қараңдаршы, балалар шынындада өте әдемі қақпа құрастырды.

Қостілділік компонент: қақпа-ворота,қоршау-забор, мұнара-башня

-Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайықшы.

Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу;

Тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу;

Қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан дыбыстардың айтылуын қайталату.

Сергіту сәті

Санайықшы жаңаша,

Бір,екі,үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш!

Ойын: «Түсі бойынша қос»

Суреттегі заттарды түсі бойынша қосу

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.




-Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр.

- Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр.


-Мұнара,қақпа,қоршау құрастырып жатыр


қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня

Балалар қайталайды.

Қимылын келтіріп,жаттығуларды орындайды.







Суреттегі заттарды түсімен ажыратып,бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қортындылау.

-Балалар,сендер текшелермен мұнара,қақпа,қоршау құрастыра аласыңдар ма?

Дид.ойын.

«Не құрастырдың?»

Балаларды мадақтау.


Балалардың жауабы.


-құрастырамыз.

Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.


Күтілетін нәтеже:

Нені біледі: тапсырмаларын орындауды;

Қандай түсініктерді игерді: артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды қалай айту керектігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін.


11.12.2017ж

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Жапалақтап қар жауды

Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуіне ықпал ету, қоршаған ортаға-үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету.

Керекті құралдар: қыс мезгілінің, қардың суреті, сүлгі,сурет дәптері, бояулар, қылқалам.

Сөздік жұмыс: суық түс, мұз.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтайды. (жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр жылтырайды, ақ, ақ сұр, ақша қар, аппақ)

Қардың қандай екенін сұрайды.


Қарды ұстап көреді.

Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынынанықтайды.

-Ақша қар.

Ол қар, мұз түстес болып келеді.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Жұмбақ жасыру:

Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар көлбеңдеп

Ақ жұлдызша себелеп,

Ұстатпайды, не керек?


Тәрбиеші балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады.


Сергіту сәті:

Әппақ, әппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр далада

Әппақ дала, барлық бала,

Қуанып жүр далада.

-Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз. Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, солдан оңға қарай сызық, түзу сызық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз.




-Қар







Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.





Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады.



Қылқаламды әртүрлі күш сала қатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді.



Рефлексивті

коррекциялаушы

Тәрбиеші балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды.

-Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар, Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз.

Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:


Білу: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді;


Игеру: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді;


Меңгеру: қардың суретін салуды.


12.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Егеменді елім бар

Мақсаты:Балалардың өз Отандары туралы, мемлекеттік рәміздері, елбасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: рәміздердің суреті, елбасының суреті, аудио және видео материалдар.

Үштілділік компоненті: Отан – Родина – motherland.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, Біздің Отанымыз – Қазақстан!

Балалар, сендер біздің елорламыз қай қала екенін білесіңдер ме?

Дұрыс айтасыңдар, ал біз қай қалада тұрамыз?

Сендер қай балабақшаға келесіңдер?

Ал, балалар сендер біздің мемлекетіміздің президенті кім екенін білесіңдер ме?

Бұл кісі балалар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Назарбаев Біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Қазақстан мемлекетінің құрылуына зор үлесін қосқан жандардың бірі.

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық, 
Керегені құрайық. 
Уықтарша иіліп, 
Қазақ үйді құрайық.

Топқа батыр кіреді, балалармен амандасады:

Батыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе, төрлетіңіз!

Батыр: Рахмет, балалар, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?

Батыр: Дұрыс таптыңдар, балалар. Біз батырлар осынау ұлан байтақ жерді сендерге аманат етіп қалдырдық. Балалар, қане айтыңдаршы, сендер қай мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар?

Батыр:Тамаша, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер.

Батыр: Балалар, сендердің маған көмектерің керек. Мен мынандай бір зат тауып алдым оның ішінен дауыстар естіледі, ол не дауыстар екенін білгім келіп тұр.

Қане бұны біздің ноутбугымызға салып көрейікші?

(мемлекеттік рәміздер туралы видео).

(Мультфильмде ту туралы өлең оқылады)

Балалар, қане бізде өлеңді жаттап алайықшы.

Желбірейді жалындап,

Қазақстан байрағы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Батыр: Керемет, қандай қызықты мультфильм!

Балалар, мультфильм не туралы?

Қандай мемлекеттік рәміздер бар екен?

Тудың түсі қандай?

Батыр: Балалар, сендер қандай ақылды, зерексіңдер! Мүмкін сендер Отан туралы тақпақтарды да білетін шығарсыңдар?

Отан туралы тақпақтар.

Мақал – мәтел:

Отан- оттан да ыстық.

Отан- отбасынан басталады.

Батыр: Балалар, сендерге үлкен рахмет! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! Енді сендермен қоштасатын уақыт жетті. Сау болыңдар, балалар!

Сұрақтарға жауап береді





Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.















Сәлеметсіз бе!



Ия, сіз батырсыз.











Біздің Отанымыз – Қазақстан!





















Видеоны мұқият тамашалайды.





Мемелекеттік рәміздер туралы.

Ту, елтаңба, Әнұран.

Тудың түсі көк.




Рефлексивті

коррекциялаушы

Ойын «Кім жылдам?» Ойын Шарты: Балаларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші жауап береді сол балаға смайл беріледі. Кім көп смайл жинаса сол бала жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

Біз қай мемелекетте өмір сүріп жатырмыз?

Елбасымыз кім?

Еліміздің астанасы қай қала?

Біз қай қалада тұрамыз?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

Тудың түсі қандай?

Онда нелер бейнеленген?


Қорытынды сұрақтар.

Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Бізге қонаққа кім келді?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады екен?

«Отаным» әні

Балаларды мадақтау.

Ойын шартын бұзбай орындайды.

















Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мемлекеттік рәміздер, елбасы, Қазақстан Республикасы туралы біледі;

Игереді: тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін;

Меңгереді: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуді.





12.12.2017ж

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: мүсіндеу

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Шыршаны безендіреміз

Мақсаты: балаларды мүсіндеудің жаңа амалдарымен таныстыру; қиюды –барельефті,сән ойыншықтары мен ермексазды қолдану тәсілдерін үйрету; жаңажылдық шыршаны әдемі және сәнді етіп безендіруге үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; өздігінен жұмысты жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу,мерекелік көңіл күйлерінің көтеріңкі болуына ықпал жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: тақтайша,тұзды қамырды кесуге арналған құрал,үлестірмелі материалдар, қағаз және шүберек майлықтар,дастарқандар

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:шырша ойыншықтарынан көрме ұйымдастыру, суретті кітапшаларды қарау. Жаңа жыл мерекесі туралы әңгіме өткізу

Сөздік жұмыс:әсем жұлдыз.

Билингвальды компонент:шырша-елка

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбер

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса!

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса!

Сөздік жұмыс әсем жұлдыз

Бингвальды компонент: шырша – елка

Тәрбиеші балаларға мерекелік әсем безендірілген шыршаның суретін көрсетеді.

-Сендерге мына шырша ұнай ма?

-Ал енді үлестірмеліматериалдағы шыршаға қараңдаршы, не жетіспей тұр?

Балалар өлеңді тыңдайды және тәрбиеші ұсынған үлгілерді қарайды

-Шарлар,сүңгі және т.б.



«әсем жұлдыз» сөзін қайталайды



-Ұнайды,өте әдемі екен

-Шырша ойыншықтары жоқ екен.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Дидактикалық ойын:

«Сыңарыңды тап»

Тәрбиеші бірнеше жанажылдық ойыншықтарды балаларға көрсетіп, бірдей ойыншықтарды табуды ұсынады

Тапқан ойыншықтардың пішінін, түсін сұрайды. Енді суреттегі шыршаны мерекелік шыршаға айландыруымыз керек, сендер соған келісесіңдер ме?

Кәне онда шыршаны безендіретін ойыншықтар жасайық.

Тәрбиеші мүсіндеудің үлгісін көрсетеді

-Ол үшін тұзды қамырдың әр түсінен түйіртпектер дайындап, шыршаның сұлбасын безендіреміз. Алдымен саусақпен аздап үзіп аламыз да, оны домалақтаймыз. Міне, осылай оны саусақпен қағаздың бетіндегі шыршаға жапсырамыз.

-Енді өздерің қарап көріңдерші. Шырша әдемі болу үшін көп түйіртпектер жасау керек.

Балалар мен жеке жұмыс жүргізеді



Балалар біртіндеп тәрбиешінің үстеліне жақындап келіп, бірдей ойыншықтарды табады. Балалар ойыншықтардың пішінін және түсін айтады. Балалар шыршаға арнап ойыншықтар жасайтындарына қуанады.











Балалар жұмыс жасау ретімен танысады. Тәрбиеші мұқият тыңдайды.



Балалар жапсыруға кіріседі.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Жарайсыңдар балалар! Жаңажылдық шыршалар өте әдемі болып шықты. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап шырша туралы ән салайық. Тәрбиеші Жаңа жылға арналған мерекелік мүсіндерді ата-арналған көрмеге қояды

-балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шыршаны айналып жүреді. Тоқтаған сәтте қолдарын жоғары көтереді


Күтілетін нәтиже:

  • Шыршаның пішінін,оны қажетті түстермен сәндеп безендіру біледі;

  • Жаңа жыл мейрамын және шыршаны қалай безендіру керектігін түсінеді;

  • Тұзды қамырды алақанымен айландыра жаюды, саусақпен сәл баса отырып,үлестірмелі материалға бекітуді игереді.









































13.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Түрлі – түсті шалғын

Мақсаты: әртүрлі заттарды көлемі бойынша салыстыруды және оларды үлгідегідей орналастырудыүйрету,ойлау қабілеттерін дамыту, саусақ ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Жап – жасыл алаңға,

Барамыз біз ойнауға

Көңілді ойнайық

Жинап алып сақина

Үлестірмелі материялдармен жұмыс

Балалар тақпақты тыңдайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар қараңдаршы менің пирамидам қандай әдемі,өздеріңе ұнаған пирамиданы таңдап алуларыңа болады.

пирамиданың түстері қандай?

  • Ал енді пирамиданың сақиналарын шешіп, мен сияқты өз алдарыңа пирамиданы қайтадан тұрғызыңдар. Педагог жасыл түстен қатты қағазды қояды:

  • - Бұл- жасыл шөптер өсіп тұрған шалғын. Мұнда сақиналалар ойынын ойнауға келеді.

  • Сөздік жұмыс: шалғын

  • Блингвальды компонент: шалғын – лужок, шөп- трава

  • Педагог пирамиданың ең кішкентай сақинасын шалғынның дәл ортасына қояды: Шалғынға келіңдер,

  • Тұра қалып шеңберге

педагог сақинаның бірін алып, сақина үлгіге салады:

  • Қараңдаршы, олар өлшемі бойынша бірдей ме екен, бізге келген сақиналар ма екен, тексеріңдерші.

  • Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар өз қалаулары бойынша пирамиданы таңдайды.

түстерін айтады

балалар пирамиданы бұзып, педагог қойғандай етіп қайтадан тұрғызады


«Шалғын сөзін қайталайды»


балалар педагогтың шеңберінің шетіне өз сақиналарын қояды

балалар үлгі сақинаны жасыл шеңбердің ортасына қойып және осындай өлшемдегі сақиналарды шеңберге жиналуға шақырады

Рефлексивті

коррекциялаушы

«Тапқыштар» дидактикалық ойынын ойнауды ұсынады

Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен жүріп, қимылдар жасайды



Күтілетін нәтижелер

Жасайды: заттарды үлгіге сәйкес орналастырады

Түсінеді: Өлшемі бойынша салыстыруды

Қолданады: Бірдей, бірдей емес, әртүрлі сөздерін.















































14.12.2017ж

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Туған өлкем

Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан

Мақсаты:

а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелесу;

ә) Балалардың ой-өрісін дамыту

б) Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Билингвальный компонент: Гимн - Әнұран, Герб – Ту, Моя Родина – Менің жерім

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әнгімелеу.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды бір қатарға тұрғызып, қолдарын жүрек тұсына қойғызып, Қазақстан Республикасының Әнұранын Туға қарап тұрып орындату.

Балалар үлкен сезіммен орындайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар біз қайда тұрамыз?

-Біздің ту түсі қандай?

-рәміздерге не жатады?

-Бас қаламыз қай қала?

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы:

«Қазақстан - Республикам менің»


Қазақстанда тұрамыз.

Көк түсті.

Ту, Елтаңба, Гимн.

Астана.

Рефлексивті

коррекциялаушы

- Отан деген не?

Отан деген – біздің еліміз, жеріміз,

әке-шеше, бауырымыз, туған жеріміз.

-Балалар мен сендерге Бүркіт Ысқақовтың Отан туралы өлең оқып беремін.

Отан

Отан сенің - ата-анаң,

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың

. Қазақстанның кең-байтақ жерімен, слайд арқылы танысты. Балалар өте қатты қуанды.

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар,

Керегелері керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болып керілер.

Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша әңгіме құрау

«Күншуақ» ойыны арқылы қорыту.

Ойын шарты: Ортада шуақсыз

күн тұрады. Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.

Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.

Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп, мақтау, мадақтау.


Балалардың жауабы:






Өлең жолдарын қайталап айтты



Қимылдар жасап, бойларын сергітеді.





Дәптермен жұмыс жасалады.














Жауап бере отырып, күнді күлімдетеді.




Күтілетін нәтиже


Біледі: Балалардың ой-өрісін дамиды

Түсінеді: Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктері артады

Меңгереді: Өлең жолдарын жаттап алады
























































18.12.2017ж

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Түрлі – түсті моншақтар

Мақсаты:

А) саусақ немесе бастырма арқылы моншақтың суретін салуға үйрету;

Ә)бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Б)әсемдікті, әдемілікті сезіне біліуге тәрбилеу.

Қажетті құрал-жабдықтар; қуыршақ Айсұлу, түрлі-түсті моншақтар,

әр балаға сары түспен боялған қағаздар,қызыл,сары бояулар,қол сүрткіштер, су қылқаламдар.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: қуыршақ Айсұлудың әшекейлерін қарау.

Сөздік жұмыс: моншақ

Билингвальды компонент: моншақ - бусы


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберін құрайық.

-Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Амандасып аламыз.


Балаларға түрлі-түсті моншақтар көрсетіп, олардың не үшін

пайдаланылатыны туралы айтып осындай әшекейді үйлерінде кім тағады деп әңгмелесіп отырғанда қуыршақ,

Айсұлыу ренжіп келеді.

-Айсұлыу моншақтарын бізге келе жатқанда үзіп алып,сендер

сол әдемі моншақтарын тізіп беруге көмектесе ме екен деп

үміттеніп келіпті.








Әжелеріміз,

әпкелеріміз,

тағады.


Балалар

көмектесетін

жайлы

айтады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Онда біз Айсұлуға әдемі моншақтың суретін салып берейік.

Ол үшін алдарыңдағы қағазға салынған моншақтың жібіне

саусақтарыңды қызыл бояуға малып, қызыл түсті моншақты

батырып саласындар,сонан кейін саусақты сулы шүберекпен сүртіп, сары бояуға батырып, қызыл моншақтың жанынан сары түсті моншақты бастырып саласыңдар. Сурет салу барысында жіптің ұшына екі қызыл моншақ салынатынын әрі қарай екі сары моншақ, екі жасыл және екі көк, т.б. түспен салуға болатынын айтады.

Сергітіу сәті:

Моншақтарды алайық,

Мойнымызға тағайық.

Дөңгелен би билеп,

Көңілденіп алайық.(Ф.Н)

Сурет салыу жолдарын көрсете отырып, жұмысты аяқтайды.

Балалардың өз бетінше жүмыс жасағандарына мұқият

қарап бақылайды.

-Міне әдемі моншақтар тізбегі дайын болды.

Балаларға моншақ тізбегін Айсұлуға сыйлауды ұсынады.

Айсұлу қуанышты екенін білдіреді.Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасаулары қадағаланады.


Өлең жолдарына

сәйкес қимылдар жасайды. Балалар педагогтің

көрсетуімен

моншақтар

тізбегін салады.

Әр түспен екі

моншақ болған соң

ғана саусақтарын

сүртіп отырады.

Балалар моншақ

тізбектерін

Айсұлуға сыйлайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Педагог Айсұлудың атынан балаларға ризашылығын білдіреді, бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.


Өздерінің

Жұмыстарына

баға бере

қарайды.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:моншақтардың әшекей зат екенін.

Игереді:моншақтар туралы қарапайым түсініктерді.

Меңгереді:саусақ арқылы түстерді ауыстыра отырып дөңгелек салуды.













































19.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Астанам бас қалам

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері.Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: Әңгімелесу, ойын жаттығулар.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық



Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар.
Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз білдірейік:
Деніміз сау болсын,
Күніміз күлімдесін,
Еліміз аман болсын,
Ата - анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз бақытты болайық,
Аспанымыз ашық болсын.





Балалар жылу шеңберіне тұрады.

Ұйымдастыру-іздестіру


Ән: Әнұран.
-Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер.


-Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
-Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесің?
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Ту, Елтаңба, Әнұранды бір сөзбен қалай айтамыз?

-Ел ордасы қай қала? Біздің еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат айту. Түсіндіру.
Астана туралы тақпақтар:

Балалар, енді отан туралы мақал - мәтелдер айтайықшы.


Ойын:«Рәміздерді құрастыру»:

Шарты: Берілген қиынды суреттерден рәміздерді құрастырады.

Балалардың тақпақтары:

-Туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.

-Қазақстан Республикасы.

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақ тілі.

-Орыс, өзбек, түрік, қытай.

-Ту. Елтаңба. Әнұран.
-Рәміздер.

Балалар ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін айтады:


Рефлексивті - коррекциялаушы


Ойын: «Доп»:

Шарты: Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады.
- Ал, қане бастайық:
- Қазақстанның астанасы, қай қала?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Біз қай елде тұрамыз?

Балаларды мадақтау. 
- Сау болыңыздар.







- Астана.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Қазақстан Республикасында.


Күтілетін нәтиже:Балалар еліміздің бас қаласы - Астана туралы білу.

Нені білуі керек:Астана қаласының көрікті жерлерін, ғимараттарын білуі керек.

Нені игереді:Суретке қарап сөйлеуді игереді.

Нені біледі:Сурет қиындыларын құрастыра біледі.


































20.12.2017ж

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Ел ордасы - Астана

Білімділік: Балаларды елордамыз Астана қаласымен таныстыра отырып, қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балаларға Астана туралы тақпақтар мен Отан туралы мақалдар айтқызу арқылы ой – өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды өз туған еліне, жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Астана, бәйтерек,

Керекті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласының суреттері


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар, айналамызға назар аударайықшы, бүгін біздің тобымыз күндегіден ерекше безендірілген, Ендеше шаттық шеңберін құрып, амандасайық.


-Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық.

Балалар топтың әсем безендірілгенін көріп, шаттық шеңберін құрады, келген қонақтармен амандасады.

Арайлап таң атты.

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз

Сәлеметсіз бе, апайлар!

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тәрбиеші:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінің ай аттарын кім атап береді?

Қыс мезгілінде ауа–райы қандай болады?

Өте жақсы, сендер қыс мезгілі туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап отырып, өлең жолдары не туралы екенін айтыңдар.

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам – бас қалам!

Балалар өлең жолдарында қай қала туралы айтылған?

Дұрыс Астана қаласы туралы айтылған екен, олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: «Астана – бас қала» деп аталады.

Балалар біздің ұлтымыз қазақ, ал Отанымыз Қазақстан деп аталады.

Қане балалар, «Қазақстан» деп айтайықшы.

Біздің еліміз ешкімге тәуелсіз ел, еліміздіғ елтаңбасы, әнұраны және туы бар.

Балалар қараңдаршы, міне мынау біздің еліміздің туы. Қане балалар «ту» деп айтайықшы.

Тудың түсі көгілдір, ортасында күн мен қыранның бейнесі бейнеленген, бір шетінде халқымыздың ою – өрнегі бар екен.

Балалар ал мынау біздің еліміздің елтаңбасы.

Ал мынау балалар, біздің әнұранымыз. Әнұран орындалған кезде барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымызды кеудемізге қоюымыз керек.

Балалар біздің елімізді басқарып отырған елбасымыз бар. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Міне балалар – біздің елбасымыздың суреті. Ол елімізді бірлікте, ауызбіршілікте басқарып отыр.

Қане балалар, бұл кім екен?


Балалар біздің еліміз тәуелсіз мемлекет болғандықтан біздің елордамыз, бас қаламыз бар. Ол Астана қаласы. Қане балалар, «Астана» деп айтайықшы. Астана қаласы өте әдемі, жас қала. Астана қаласында әсем ғимараттар бар. Солардың бірі «Астана – Бәйтерек» монументі. Міне мынау біздің бәйтерегіміз. Қане балалар, «бәйтерек» деп айтайықшы.

Өте жақсы балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Балалар:

Қыс мезгілі,

Қыс мезгілінде 3 ай бар,

Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары

Қыста күн суық, адамдар қалың киінеді


Балалар өлең жолдарын тыңдады:

Астана қаласы, – туралы деп жауап береді.



Балалар жаңа тақырыппен танысты.



Қазақстан, – деп айтады.


Балалар еліміздің елтаңбасын, туын, әнұранын көрді.

Ту,– деп айтады.

Балалар туды көреді, ту туралы түсінік алады.



Балалар еліміздің елтаңбасы мен әнұранын көрді, түсінік алды.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, – деп жауап береді.

Астана қаласы, – деп айтады.

Балалар Астана қаласының әсем ғимараттарының суреттерін көреді,



Бәйтерек,–деп айтады.


Балалар сергіту жаттығуын жасайды.


.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Тәрбиеші балаларға:

Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?

Балалар біздің еліміз қалай аталады?

Балалар біздің елеміздің елордасы, бас қаласы қай қала?

Бүгінгі оқу қызметісендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер. Елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Балалар сендер туған елімізді, жерімізді, Астана қаласын сүйе білетін, адамгершілігі мол азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер. Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыз. Осымен балалар бүгінгі іс – әрекетіміз аяқталды, орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасайық.


Балалар:

Қазақстан Республикасы.


Астана қаласы.


Күтілетін нәтиже: балалардың Қазақстан Республикасы мен елордамыз Астана қаласы туралы түсінік алуа,

Білуі керек: балалар елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтар айта білуі.















21.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Шыршаның шамдарын жағамыз

Мақсаты: Әңгімелей білуін, қызығушылықтарын. Балалардың шырша ойыншықтарын қағаздан жасау дағдыларын қалыптастыру.Жаңа жылдық шыршаны безендіруге үйрету.Шырша бейнесін геометриялық фигуралардан құрастыру. Белсенділікті, еңбек тапсырмаларын орындауға деген ынта-жігерін, іскерліктерін қалыптастыру.  Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу. Іс - әрекетін тәрбиелеуді жалғастыру. 
Құрал жабдықтар: түрлі түсті пішіндегі үшбұрыштар, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім

Блингвальдық компонент: Шырша-елка, қоян-заяц


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Қуыр-қуыр қуырмаш, 
Балапанға бидай шаш. 
Ой,ой балапан, 
Жамандықтан қаш.

Сәлемдесу. 
Қонақ күту салтымыз,
 
Оқып біліп жатырмыз.
 
Келген қонақ сіздерге,
 
Сәлем бердік жалпымыз.



Балалардың барлығы бірге қайталайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар казір жылдың қай мезгілі? 
-Қыста далада қандай өзгерістер болады? 
-Қыста қандай мереке бар?
 
-- Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме?
 
- Ал жаңа жыл мерекесінде не міндетті түрде болу керек?
 
-Шыршаны қайдан алуға болады?
 
-Мерекеге шыршаны дайындау үшін не істейміз?
 
Жұмбақ шешу.
 
Тікен – тікен тік пісте,
 
Қысы – жазы бір түсте.
 
Ол не?(шырша)
 
Шырша ортаға әкелінеді.
 
Бұл шырша. Шыршаның түсі жасыл. Шырша қылқан жапырақты ағаш. Шырша таулы аймақтарда, орманды үлкен қалаларда өседі. Шыршалар биік, орташа, аласа болады. Жылдың төрт мезгілінде де өседі. Шыршаларды кесуге болмайды. Олар ауамызды тазартып, табиғатымызға көрік беріп тұрады.
 

Мултфильм көру «Маша мен аю»
 
-Балалар біз де Маша мен аю секілді шыршаны безендірейікші.
 
Д\о Геометриалық пішіндерден шырша құрастыру.
 
-Балалар, мынау қандай пішіндер?
 
- геометриялық фигуралар
 
- үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
 
- әр түрлі, үлкен, кіші, орташа
 
-түсі қандай?
 
Ендеше осы шыршаны сәндейікші.
 
Қайшымен жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
 
Сергіту сәті:
 
Бейнеролик арқылы балаларға сергіту.

Қыс мезгілі


Қар жауады, боран соғады,

Жаңа жыл, Тәуелсіздік күні

Иә


Шырша


Орманнан

Әсемдеміз



Шырша



Балалар мұқият тындайды

Жақында Жаңа жыл мерекесі болады.Ортада шырша тұрады, әсем етіп безендіріледі.Онда көптеген ойыншықтар болады,сол ойыншықтарды қағаздан киып та жасауға болады екен,балалар.

Жасыл үшбұрышты 
- Үлкенін, орташасын ең басына кішісін.



Ұжымдық жұмыс.


Экранға қарап қимыл жасайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытындылау: - Біз сендермен нені безендірдік? 
- Шыршаның түсі қандай? 

Шырша


Жасыл


Күтілетін нәтиже: 
Біледі: Шырша жаңа жыл мерекесінің символы, және оны қалай дұрыс безендіру керектігін, 
Игереді: Сұрақтарға толық, анық жауап беруі қалыптасқан. 

Меңгереді: Ұжыммен жұмыс істей алады. Өз қолдарымен шырша ойыншықтарын жасай алады. 













































25.12.2017ж

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Шыршаның шамдарын жағамыз


Мақсаты: Жаңа жыл мейрамына байланысты кешті еске түсіре отырып, берілген суретті жалғастырып саусақтарымен жұмыс жасауға үйрету.

Білімділік: Таяқшаға оралған мақтамен сурет салуға үйрету.

Дамытушылық: Саусақтарының икемділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Әсемдікті сезіне білуге, сурет салуға деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Түрлі түсті бояулар, әр балаға арналған таяқшаға оралған мақта, үлестірмелі материалдағы фон, қол сүрткіштер, су.

Қостілділік компонент: Шырша- елка, әр түрлі шамдар-разноцветные фанари.

Сөздік жұмыс: Жарқыраған, поролон.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық-қозғалушылық






-Балалар, сендерге Жаңа жыл мейрамындағы шырша ұндыма? Ал сол мейрамдағы ойыншықтар ұнады ма?

Міне, сол сендерге ұнаған ойыншықтар ойын бұрышында Жаңа жыл мерекесін өткіземіз деп шешіпті.

Аққала орманда жүріп, Жаңа жыл мерекесіне кешігіп қалыпты.

Жарқыраған шамдары мен ойыншықтары бар шыршаны тамашалай алмай қалыпты. Сол әдемі шыршаны көргісі келеді, сондықтан сендерден мына жасыл шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп беруді сұрайды.

Көмектесеміз ба балалар?

Балалар жаңа жыл мейрамында не көргендері, не ұнағандары жайлы әңгімелеп береді.













-Көмектесеміз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Сендер Жаңа жылдық қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер?

Аққала да өзінің шыршасын әдемі ойыншықтармен безендіргісі келеді. Алдарыңдағы қағаз да әдемі Жаңа жыл шыршасы бейнеленген. Саусақты, таяқшаға оралған мақтаны (бастырма, поролон) әртүрлі бояуларға батырып алып, осы шыршаға арналған ойыншықтарды бейнелейміз. Әркім өзіне ұнаған түстерін пайдалануына болады. Оқу қызметі барысында қиналған балаларға бағыт-бағдар беріп отыру, балалардан қандай ойыншық салып отырғанын сұрау қажет.

Жұмыс соңында суреттерін жинап алып, Аққалаға беріп жібереді.

Балалар суреттерін салып болған соң мынадай өлең жолдарымен аяқтайды:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Балалар өздері жақсы көретін ойыншықтары жайлы айтады. Педагогтің көрсетеуі бойынша саусақ, поролон, әр түрлі бастырма арқылы ойыншықтар бейнесін шыршаға салады.





Салған ойыншықтары жайлы әңгімелейді.















Балалар өлең жолдарын естеріне түсіріп бірге айтады.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог Аққаланың балалар салған суреттерге қатты қуанып, өзін Жаңа жыл кешінде жүргендей сезінетінін айтты.

Балалар жұмыстарының сәтті шыққанына қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс мезгілінде Жаңа жыл мейрамының болатынын.

Қандай түсініктерді игереді: Ойыншықтармен шыршаны безендіруге болатындығын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Саусақ және таяқшаға оралған мақтаны пайдаланып ойыншықтарды салуды.





































26.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Әңгіме құрастыруға үйрету.

Дамутышылық: Сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеутүсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс:

Билингвалды компонент

Көрнекіліктер: тудың,елтаңбаның ,Астананың көрікті жерлерінің суреттері,т.б.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

1.Шаттық шеңбері:

  Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,

  Бір-бірімізге жақындасып,

  Бақыт, күлкі сыйлайық.

  Жүректі біз ашайық,

  Бақыт нұрын шашайық.

  Барлық жақсы тілекті,

 Сіздерге біз арнайық.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.






Ұйымдастырушы

ізденуші

- Балалар, бүгін мен балабақшаға келе жатқанда, хат тасушыны көрдім, хат тасушы маған хат берді. Ол хатты бізге көрші мемлекет Ресейден жіберіпті, кәне қазір мен сендерге оқып берейін. Балалар Бұл хатты Ресейдің балалары орыс тілінде жазыпты, ал сендерге мен аударып беремін.

..........Балалар, мына хатта біздің  көрші мемлекеттік балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты, және біздің Қазақстан Республикасы жайында не білетініміз туралы айтып бергендерімізді сұрайды.

Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?

Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не?

Тақпақ айту.

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отанана, Отан- үлкен,

Қазақстан - туған ел.

- Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

- Балалар, енді барлықтарын назарларыңды мына Қазақстан Республикасының картасына аударыңдар.

 - Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Дұрыс.

Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім ?

Өте жақсы балалар.

Ал біздің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?


- Өте жақсы, дұрыс балалар.

Балалар, айтыңдаршы сендер қандай  Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер?

- Өте жақсы. Ал ендеше ән ұранымызды айтайық.

- Балалар өз тілек айтылған жүрекшелерін картаға жапсырады.

Мысалы:

Еліміз аман болсын!

  Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

  Көк туымыз биік болсын!

   Аспанымыз ашық болсын!









Балалар сұрақтарға жауап береді.








Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.


Балалар: Астана қаласы


Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.




Балалар: Ән ұран, ту, елтаңба.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Міне, балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған Қазақстан Республикасының картасын біз көрші  мемлекет Ресей балаларына сыйлыққа жібереміз. Осы картадан ақ түсінеді Қазақстан Республикасы қандай бай көрікті, тату мемлекет екенін. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.

Сабақты қорытындылау.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Қазақстан Республика елін танып білуі;

Игеру: Қазақстан Республика туралы білімді игерілуі;

Меңгеру: Өз елі туралы шағын әңгіме айтып меңгерілуі;























26.12.2017ж

Білім саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Шырша шамдарын жағамыз

Мақсаты:

Білімділік: Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту;

Дамытушылық: мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету; шыршаны безендіре білуді үйрету;

Тәрбиелік: тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа Жыл мерекесі жайлы әңгімелесу. Топтағы шыршаны безендіру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері,шыршаның фоны.

Сөздік жұмыс: Шырша, шам.

Билингвальді компонент: Жаңа Жыл –Новый Год, шырша-елка.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілін қайдан білеміз?

-Қыс мезгілінде қандай мереке бар?

-Жаңа Жыл мерекесінде біз нені безендіреміз?

-Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келе жатыр екен?

Арыстан

-Балалар сәлеметсіндер ме!

-Балалар маған сендердің көмектерін керек.

-Қолымдағы шыршаны қалай безендіретінімді білмей жатырмын.

Балалар арыстанға көмектесеміз бе?

Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі - түсті пішіндермен.

-Шыршаның түсі қандай болады?

Балалар бәрі шаттық шеңберін жасайды.


-Қыс



-Қар жауады,балалар қалың киінеді.

-Жаңа Жыл мерекесі

-Шыршаны


-Арыстан

-Сәлеметсіз бе!

-Иә




-Жасыл


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Жарайсыңдар балалар. Шыршамыз түрлі-түсті пішіндермен әдемі безендірдік, алайда не жетіспей тұр?

-Дұрыс айтасыңдар, жұлдызша.

Жұлдызымыздың түсі қандай?

-Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына ілеміз. Міне, Жаңа жылдық шыршамыз дайын болды.

Жаңа Жыл-Новый год, шырша –елка.

-Жарайсыңдар балалар.Шаршаған шығарсыңдар бір серігіп алайықшы.

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

-Жарайсыңдар балалар.Серігіп алдық

па?

-Енді балалар бәріміз ойын ойнайықшы .

«Не артық?» ойыны.

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның шарты:

Тәрбиеші балаларға төрт қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап, басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.

-Жарайсыңдар балалар.

Енді қазір алдарына мен шыршаның суреттін берем. Соны түрлі түсті дөңгелектермен безендіріп шығындар.

Балалар пішіндердің атауын атап шырша ны безендірді.

-Жұлдызша

-Қызыл

Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін жасады.











Балалар тәрбиешімен ойын ойнады.







Балалар қолдарына берген шышаны әдемі пішіндермен безендіріп шықты.

















Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?

-Шыршаның түсі қандай?

-Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?

-Шыршаны біз немен безендірдік?

Жарайсыңдар, балалар

-Шыршаны

-Жасыл

-Иә

-Әр түрлі пішіндермен



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;

Түсінеді: пішіндермен шыршаны безендіруге болатынын;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді;






























27.12.2017ж

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Дөңгелек күн

Мақсаты:шеңберден шықпауға ,одан қарапайым компазиция жасауға ,таныс пішіндерді бейнелеуге үйрету; ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; ұсақ қол моторикасын дамыту .Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер:фланеграф,әртүрлі түсті шеңберлер(қызыл, көк ,сары жасыл) әртүрлі түсті доптар (дәл шеңберлердің түсіндей.)

Сөздік жұмыс: шуақты күн

Билингвалды компанент: доп –мяч, дөңгелек –круг.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Ойындық жағдаят

Балаларға ойынға ит келеді.Ол өзімен әртүрлі түсті шеңберлер ала келедіжәне онымен ойнауды ұсынады

Балалар итпен амандасып оны сипалайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Педагог фланегафқа бұлт пен күннің суретін жапсырады да тақпақ оқиды.

Бұлт тығылып орманға ,

Шықты күнім аспанға .

Сондай таза ,сәулелі,

Жетсе егер қолымыз,
Даярмыз аялап ұстауға.

Педагог тақпақты тағы бір қайталап шығады.

Сөздік жұмыс :

Шуақты күн

-Кәне, балалар , күнімізге күліп және ауа арқылы сүйіп ,қол бұлғайық



-Балалар ,күннің түсі қандай?

-Міне,мынадай сары түсті.

-Ал мынадай түстен не болуы мүмкін ?

Фланеграфтағы жасыл дөңгелектерді көрсетеді.


Билингвальды компанент :

Доп-мяч, дөңгелек –круг

-Ал ,мынадай түстен (қызыл)гүлдер болады.Флонеграфқа қояды.

-Балалар ,бізде не сары түсті ?

-Ал,көк түсті ше?

-Ал,қызыл түсті ше?

Балалармен жұмыс жүргізіледі.

Балалар тақпақты тыңдайды.









Қайталайды;

Шуақты күн .

Педагогтың айтқанын жасайды.



-Ағаш жапырағы.










-Күн

-Аспан

-Шөп

-Гүлдер

Рефлексивті

коррекциялаушы

«Түрлі түсті доптар»

Педагог түрлі түсті доптармен ойнауды

ұсынады.

Педагог мына сөздерді айта отырып ,

Допты балаға қарай лақтырады.

«Қағып ал менің қызыл, (сары, жасыл,көк)

добымды, Маған лақтыр, жасырма оны!»

Педагог әрбір баламен жеке ойнайды .

«Секір добым асықпай,

Ойнасын барлық балақай!»

Балаларды мадақтайды.


Балалар допты кері қарай педагогке домалатады.

Балалар доптың екпінімен секіреді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:компазициядағы түсті ажырата білуді,белгілеуді ;

Түсінедіқимыл қозғалымтағы ептілік пен үйлесімділік дағдысын;

Қолданады:түрлі тұсті шеңберлерден компазиция жасауды.

























































28.12.2017ж

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Тақырыбы: Менің сүйікті аулым

Мақсаты:

а)Балаларға қала, ауыл және ел ордасы Астана туралы түсінік беру;

ә) Балалардың ой-өрісін дамыту;

б)Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ауыл, қала туралы

мазмұнды суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері.

Билингвальды компанент:Астанам -Астанам

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Отаным менің кең-байтақ,

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайңалған жомарт даласы.

Ел-Отан біздің кең-байтақ,

Отанның біздер баласы.

Шеңбер бойына тұрып қайталайды.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Кіріспе әңгіме

-Балалар, айтылған өлең шумағы не туралы?

-Бүгін қаламыз және ел ордасы Астана туралы әңгімелесеміз.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Елорда қай қала? Астана қаласы бейнеленген суреттер бойынша әңгімелеу. Тұманбай Молдағалиевтің «Астана» өлеңін оқу.

Астана - арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Мен үлкен болғанда да.

Сұрақ-жауап

-Өлең шумағында не туралы айтылған?

-Ал біз тұратын қала қалай аталады?

Сергіту сәті

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін?

Апорт деген тәтті алма,

Өседі ол бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

«Ауылға саяхат» ойыны.

-Балалар, біздің ата-анамыз ауылда туып-өскен.

-Сендердің ауылда қандай туыстарың бар?

-Ендеше біз қазір ата-әжелерімізге қонаққа барайық.

- Олай болса, жолымыз қысқарсын деп «Әже» туралы әнді айтайық.

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді,

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзіңді.

Сағындым, әже, сағындым,

-Міне, ауылға да келдік.

-Балалар, әжеміз бен атамыздың тұратын үйі қандай екен?

-Ауылда нелер бар?

Әженің тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша әңгімелеу.

-Бәйтеректің не өзің тұратын қаланың ең биік үйін сал.



Отан туралы





Қазақстан

Астана


Өлең

шумақтарын

тыңдайды.


Балалардың

жауабы.




Қимыл-қозғалыс арқылы қайталайды.





Әр бала ауылдағы туыстары жайлы айтады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытындылау.

- Енді бөріміз шеңберге түрып, атамыз бен әжемізге жақсы тілегімізді айтып, оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Әр бала өзінің

тілектерін

айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ауыл мен қаланың айырмашылығын ажырата білуі тиіс.

Игереді: суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін біледі.

Меңгереді: туған елін, жерін сүйе білуді















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
16442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі